Мазасыздану күмәнді (продромальды) кезенде организмнiн сезiмтал жасушалары, учаскелерi коздырғышпен колонизацияланады. Иесінің биотопында микроорганизмдердiн таралып орналасуы жүредi және бейспецификалық ауру симптомдары, яғни, жалпы ауру белгілері (тем пературасы көтерiледi, басы ауырады, терлейді, әлсiздiк пайда болады және т.б.) көрініс бере бастайды. Бұл кезенде де қоздырғыш, әдетте сыртқы ортаға бөлініп шықпайды.
Қоздырғыштың иесінін организмiнде әрі қарай үдемелі өсіп еніп көбеюіне байланысты аурудың қозу кезеңі басталады, аурудың спецификалык симптоматикалық көрініс береді (сүзек кезінде - теріде бертпе шығу, полиомиелитте аяктын салдануы, дифтерияда - мұрынның, көмейдің, кеңірдектің шырышты қабаттарында үлбір пайда болуы, т.б.). Бұл кезеңде науқас жұқпалы, өйткені, қоздырғыш сырткы ортаға бөлініп шығады. Сонында коздырғыш өсіп-өнуін тоқтатқаннан кейiн және оның организмнен шығарылуына карай аурудан айығу (реконвалесценттi) кезең басталады. Осы сәтке дейiн бұзылған функциялары калпына келе бастайды. Әдетте сыртқы ортаға микроорганизмдер бөлінуі тоқтайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, инфекциядан ауырып тұрғаннан кейін иесінің организмiнде қоздырғыш біраз уақыт сакталып, реконвалесценттік бактериятасымалдаушылық қалыптасуы мүмкін.
Инфекциялар сипаттамасында олардың берілу жолдары ерекше орын алады, ол эпидемиялық мақсат үшін өте маңызды. ҚоздырғыштыҢ адамдарға берiлу жолдарын негiзгi ш нұскасы бар: горизонталды, вертикальды және артифициальды (жасанды-искуственный).
Горизонталды нұсқаға қоздырғыштың науқастан сау адамға берілуінің ауалы-тамшылы (грипп, дифтерия); фекальды-оральды (тырысқақ, іш сүзегі), жанасу-контактілі (мерез, соз) және трансмиссивті (оба, кенелі энцефалит) жолдары кіреді.
Вертикальды нұсқаға коздыргыштын анасынан ұрыкка берiлуi (ме рез, кызамык) транспланцетарлы жол немесе анасы босанған кезде нәрестеге жұғу жолдары (бленнорея) жатады.
Артифициальды (қолдан жасалған, жасанды) нұсқа бойынша қоздырғыштың берілуі науқасты әр түрлі саймандармен тексерген де, егулер жасағанда, операциялық амалдар жүргізгенде (гепатиттер, ЖИТС) іске асады.
Инфекциялық үдерістің 4 деңгейін ажыратады: популяциялық, организмдік, жасушалық және молекулалық.
Популяциялык деңгей коздырғыштың популяциянын сезiмтал дарақтарының (индивидуумдарынын) өзара әрекеттесуін аныктайды. Организмдік деңгей үшін инфекция әсеріне кабылдаушы иенің реак циялар кешені (жүйесі) маңызды. Жасушалық немесе тіндік-органдық деңгей - ол микроорганизмнің тиiстi нысана-жасушасын қоздырғыш тын тандап алуы. Молекулалык деңгейде инфекциялық жағдайда патогеннің және иесінің биомолекулаларының өзара бәсекелестік әрекеттесуін карастырады.