«Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасы эссе



бет2/5
Дата06.11.2022
өлшемі94,2 Kb.
#47847
1   2   3   4   5
Байланысты:
Инфекциялық үрдістің сипаттамасы

Шығу тегі бойынша инфекцияларды экзогенділер және эндогенділер деп бөледі.
Экзогенді инфекция коздыргыш организмге сырттан түскенде пай да болады. Экзогенді инфекция үшін эпидемиялық үдерістің үш элементi мiндеттi түрде болуы тиісті: инфекция көзі, патогеннің берілу механизмі, қабылдаушы организм. Мысалы, мерез үшін: инфекция көзі ауру адам, берілу механизмі жыныстык катынас арқылы, кабылдаушы организм — адам. Эндогенді (оппортунистік) инфекцияны организмнің қорғаныс күштері әлсіреген кезде (иммундық тапшылық жағдайлары) қалыпты микрофлора өкілдері коздырады. Эндогенді инфекцияның қоздырғыштары шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Эндогенді инфекцияға мысал - мұрынның стафилококктыҢ этиологиялы сыздауығы (фурункул, Staphylococcus epidermidis). Ин фекция организм суыкка шалдыкканда және мұрынның шырышты кабатында жергілікті иммундық тапшылық дамығанда пайда болады. Эндогенді инфекция микроорганизмдi колмен, емдік саймандармен адамнын бір биотопынан баскасына жасанды жолмен апарганда немесе микроорганизмдердің табиғи жолмен таралуы - транслокация (мигра ция) аркылы ауысуының нәтижесiнде дамуы мүмкін. Мысалы, эшери хиозды цистит кезiнде коздырғыш E. coli несеп-жыныс жолдарының шырышты қабатына ішектен келіп түседі.
Патогеннің организмде орналасуына қарай инфекцияның жергілікті және жайылмалы түрлерін ажыратады. Жергілікті немесе ошақты ин фекция кезінде қоздырғыш тиiстi бiр ағзада немесе тінде шоғырланып орналасады және бүкіл организмге таралмайды. Мысалы, баспа (ан гина) кезінде коздырғыш (көбінесе Streptococcus pyogenes) бадамша бездің шырышты қабатында болады; фурункулез кезiнде коздырғыш Staphylococcus aureus шаштың фолликулында болады.
Жайылмалы инфекция кезінде патоген бүкіл организмге тарай ды, барлық қорғаныс тосқауылдарынан өтіп кетеді: лимфоидты тін, гематоэнцефалиялық тосқауыл, бұлшықет шандырлары, дәнекерлік тін дер және т.б. Патогеннің ең жиі таралуы кан аркылы болады - гематогенді жол. Егер де коздырғыш қан арқылы таралса, бірақ көбеймесе, мұндай кұбылысты бактериемия немесе вирусемия (яғни, патогенні кандай таксономиялык топқа жататынына байланысты) деп атайды. Бактериялар канда өсіп-өніп көбейсе, жайылмалы инфекциянын өте ауыр түрі - сепсис дамиды. Сепсис әрі карай аскынып, ішкі ағзаларда іріңді кабыну ошақтары пайда болып, септикопиемия дамуы мүмкін. Қандағы бактериялардың және олардың токсиндерiнiң концентрациясы жоғары болған кезде токсиндердiн мол көлемде түсуiнен токсикосептикалык шок дамуы ықтимал. Инфекциянын жайылуы нәтижесінде организмнiң әр түрлі ағзалары және тіндері закымданады (менингококкты менингит, омыртка туберкулезі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет