RFID
|
Радиожиіліктік сәйкестендіру (RFID) – бұл байланыстың радиожиілікті арнасы арқылы объектілерді автоматты түрде, түйістірмей сәйкестендіру технологиясы.
RFID логистика, сауда кәсіпорындары, персоналды аутентификациялау жүйелері секілді көптеген салаларда кеңінен қолданылады.
RFID кейбір физикалық объектіні (мысалы, қоймадағы тауар) жаңа сандық белгілермен (мысалы, тауар сипаттамасы, оның құны, қоймадан артылған күні мен тәртібі) байланыстырады.
|
Радиожиіліктік сәйкестендіргішті меңгеру
Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, 1 RFID оқығыш, 7 сым, радиожиіліктік белгі (карта немесе брелок)
Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз
Arduino платасына RFID оқығышын қосу сызбасы
ARDUINO LABS/Lab8/Lab8.ino папкасын ашып, скетчті жүктеп алыңыз
Порт мониторын ашыңыз (Сіз мұны №6-тәжірибелік сабақта жасаған болатынсыз).
Оқығышқа белгіні (карта немесе брелокты) жақындатамыз да, UID белгісінің деректерін және оның түрін тізбектік портқа шыққанын көреміз.
Бұл скетч ақпаратты картадан оқып, оны RFID-белгісінің (карта немесе брелоктың) тізбектік UID портына (бірегей сәйкестендіру нөмірі) шығарады. Скетчті жазу кезінде MFRC522 және SPI кітапханалары пайдаланылады.
SPI-ді (Serial Peripheral Interface немесе тізбектік перифериялық интерфейс) жүйе компоненттері – микроконтроллер мен перифериялық құрылғылар арасында дерек алмасуды жылдам әрі қарапайым жүзеге асыру үшін «Motorola» компаниясы әзірлеген болатын.
Шинада бір жетекші құрылғы (master) және бірнеше еруші (slave) құрылғы болуы мүмкін.
Интерфейс дерек алмасу үшін 4 бағытты пайдаланады:
SCLK — SerialClock: тактілік сигнал (жетекшіден)
Басқа таңбалары: SCK, CLK
Arduino: 13-пин
MOSI — Master Output, Slave Input: жетекшіден ерушіге берілетін деректер
Басқа таңбалары: SDI, DI, SI
Arduino: 11-пин
MISO — Master Input, Slave Output: ерушіден жетекшіге берілетін деректер
Басқа таңбалары: SDO, DO, SO
Arduino: 12-пин
SDA немесе SS — Slave Select: ерушіні таңдау; жетекші белгілейді
Басқа таңбалары: nCS, CS, CSB, CSN, nSS, STE
Arduino: әдетте 10-пин
Достарыңызбен бөлісу: |