Дыбыс жоқ Ащы дауысты сыбызғының көлемі мен пішінін есепке алса, платадағы қажетті ойыққа тимей қалу оңай.
Оның орналасуын тағы бір рет тексеріп көріңіз
Сонда да жұмыс істемейді, неге екенін түсіне алар емеспін Платадан ащы дауысты сыбызғыны суырып алып, қайта салып көріңіз және Arduino бағдарламасын қайта іске қосыңыз
Әуен жалықтырды Код сізге өз әуендеріңізді қосу оңай болатындай етіп жазылған
Көптеген мегафондар дыбысты күшейту үшін осы тәсілді қолданады, дегенмен дыбыс сапасы соншалықты жақсы емес
Мотор
Есіңізде ме, бұдан бұрын Сіз сервоқозғалтқышты зерттедіңіз. Енді біз айналу қозғалтқышымен танысамыз. Бұл үшін үлкен токты коммутациялай (қайта қоса) алатын транзистор қажет. Транзисторды пайдаланғанд оның параметрлері таңдалған құрылғының жұмысына сәйкес келетініне көз жеткізу қажет. Біз осы сызбада пайдаланатын транзистор – 2N222A, ол 40 Вольтқа дейінгі және 200 миллиамперге дейінгі кернеумен жұмыс істей алады, ол сіздің микро қозғалтқышыңызға өте жақсы келеді!
Б ұл сызбаны құрастырған кезде абай болыңыз, транзисторды температура датчигімен шатастырып алмаңыз, олар өте ұқсас!
Мотор, айнал! Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, 2N2222A транзисторы, 1N4148 диоды, Мотор, 6 сым, 330 Омдық 1 резистор
Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз
Arduino платасына Моторды қосу сызбасы
ARDUINO LABS/Lab11/Lab11.ino папкасын ашып, скетчті жүктеп алыңыз
Бұл тәжірибеде қозғалтқыштың минусы мен плюсі өте маңызды, егер оларды шатастырып алса, қозғалтқыш жай ғана кері бағытта айналатын болады. Егер бұл қозғалтқыш ойыншық машинада орнатылған болса, ол алға жүрудің орнына артқа жүреді.
Транзистор: Транзисторда үш шығыс бар. Егер оны өзіңізге қарай қиғаш жағымен бұратын болсаңыз (жазбалармен), ал шығыстарын төмен қарай бұратын болсаңыз, онда шығыстар мыналар үшін қолданылады (солдан оңға қарай): КОЛЛЕКТОР, БАЗА, ЭМИТЕР. Транзистор КОЛЛЕКТОРЫНА минустық мотор шығысын қосыңыз. БАЗАны 330 Ом резистор арқылы 9 сандық портына жалғаңыз. ЭМИТЕР-ді GND-ге жалғаңыз (минустық шина).
Жартылайөткізгіш диод: Жартылай өткізгіш диод электр тоғын тек бір бағытта өткізеді және оның басқа бағытта өтуін бұғаттайды. Қозғалтқыш айналып тұрған кезде және кенеттен сөнгенде, оның ішіндегі магниттік өрісі төмендеп, нәтижесінде кернеу ытқып шығады. Бұл транзисторды зақымдай алады. Бұны болдырмас үшін біз өзі арқылы ытқуды өткізбейтін диодты пайдаланамыз. Импорттық диодтарда әдетте КАТОД дәл осы шығыста орналасқан жолақша-шеңбермен белгіленген. Диодтың бір шығысын (КАТОД) +5 Вольтқа, ал келесі шығысын (АНОД) қозғалтқыштағы минустық түйіспеге қосу керек.
Егер сызба дұрыс құрастырылған болса барлық электронды компоненттер дұрыс болса, қозғалтқыш айналу керек.