Микроконтроллер деген не?



бет21/23
Дата25.11.2023
өлшемі8,74 Mb.
#127486
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Болжамды қиындықтар:

Өмірде қолдану:

Жарық диодтары жанбайды
Жарықдиодтың дұрыс орнатылғанын екі рет тексеріңіз, ұзын шығыс плюс түйіспе болады.
Реле шертулері естілмейді
Реле мен транзистордың дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Арагідік істеп тұр
Реленің сенімді қосылғанын тексеріңіз, егер электронды модуль болмаса, реленің шығыстары өте қысқа, оны аздап басып, макет платасына тереңірек орнатып көріңіз.

Гараж қақпалары – бірінші бір жаққа, сосын екінші жаққа қозғалады. Егер тыңдап көрсе, Релеге тән шертісті естуге болады






Ығысу регистрі




Ығысу регистрі, Интегралды сызба
Сіз Интегралды сызбаға (ICs) жеттіңіз. Жинақтағы 74HC595 ығысу регистрі микросызбасының сегіз сандық шығысы бар. Бұл шығыстарды пайдалану үшін SPI (Serial Peripheral Interface) яғни Тізбектік Перифериялық Интерфейс деп аталатын жаңа интерфейсті қолданамыз. Бұл Arduino-ға дерек беру үшін қолданылатын интерфейс.
Бір ығысу регистрі тек үш портты ғана алып, Arduino платасына қосымша 8 шығыс қосады, мұндай микросызбаларды көптеп қосуға болады. Нәтижесінде Arduino-ның сол үш портын ғана алып, көптеген шығыстарды қосуға болады.
Бұл сабақтағы сызба Arduinoның тек 3 портын пайдаланып, сегіз жарықдиодты басқаруға мүмкіндік береді.

Ауыстырып қосушы реле
Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, ИС (интегралды сызба), 8 жарықдиод, 220 Омдық 8 резистор, 19 сым.

  1. Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз

Arduino платасына Интегралды сызбаны қосу сызбасы



С ызбаны құрастыру кезінде абай болыңыз, микросызбаның кілтін шатастырып алмаңыз (корпустағы арнайы ойық), ол шығыстардың саналымы қай жерден басталатынын көрсетеді. Сонымен қатар жарықдиодтардың және байланыстыратын ағытпалардың дұрыс орналасуына өте мұқият болыңыз!


  1. ARDUINO LABS/Lab13/Lab13.ino папкасын ашып, скетч жүктеп алыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет