Экран жап-жарық боп жанады Жарықты потенциометрдің тұтқасын бұрап реттеуге тырысыңыз, әйтпесе СК дисплей бетіндегі мәтінді оқи алмайсыз.
Мүлде жұмыс істемейді Бағдарлама кодының дұрыс жазылуын, нақтырақ айтсақ, Liquid Crystal кітапханасының дұрыс қосылуын жақсылап тексеріңіз.
Экранның жыпылықтауы Сіздің платаңыз бен Arduino платасының, сонымен қатар қорек тізбектерінің дұрыс қосылуын жақсылап тексеріңіз
СК дисплей бүгінде барлық жерде бар! Сіздің қолсағатыңыз, қысқатолқынды пеш таблосы, тіптен заманауи теледидар да – Сұйық Кристаллды дисплейдің нағыз өзі!
Пьезо-элемент
Зуммер, Ащы дауысты сыбызғы (ағылш. Buzzer) Осы тәжірибеде біз тағы да сандық және аналогтік әлемдер арасындағы алшақтықты еңсеруге тырысамыз.
Түйіспе нүктелермен +5 вольт және «-» GND-ге қысқа уақытқа жанасса, аздаған «шырт» еткен дыбыс шығаратын BUZZER, ащы дауысты сыбызғы немесе зуммерді қолданамыз. Істеп көріңіз!
Жеке алғанда бұл сонша қызық емес, алайда егер Сіз оған кернеу берсеңіз және дәл сол мезетте сөндірсеңіз, және осылай секундына 100 рет жылдамдықпен қайталасаңыз, зуммер шиқылдай бастайды. Ал жүздеген тондарды бірге жинасаңыз, музыка пайда болады!
Ащы дауысты сыбызғыны әуен жасау үшін пайдалану Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, Пьезо-элемент, 4 сым.
Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз
Arduino платасына Пьезо-элементін қосу сызбасы
ARDUINO LABS/Lab10/Lab10.ino папкасын ашып, скетчті жүктеп алыңыз
Сіздің жинағыңызға кіретін пьезо-элемент (немесе зуммер) дыбыс шығарушы ретінде пайдалануға болатын электрмеханикалық компонент болып табылады. Зуммер ішінде катушка, сым және кішігірім магнит бар. Ток катушка арқылы жүрген кезде, ол магниттеліп, мембрананы магнитке тартады, сол кезде шырт еткен дыбыс пайда болады. Бұл секундына мыңдаған рет жасалғанда, дыбыстық тон пайда болады.
Arduino-да tone()деп аталатын, зуммерді әртүрлі жиіліктегі дыбыс шығаруға мәжбүрлейтін кіріктірілген пәрмен бар. Бұл бағдарлама белгілі бір ноталардың жиілігін біледі, бұл әуен шығаруға мүмкіндік береді. Алған біліміңіз пайдаңызға асады деп үміттенеміз!
Кеңес
Егер зуммер шығыстары платаға тығылмаса, түйіспе нүктелер ойыққа көлденеңінен кіруі үшін аздап бұрып көріңіз.