1901 жылы Борде жəне Жангу ғалымдармен ашылған.Антиген жəне антидене қосылу белгісі тек қана комплемент болғанда белгіленетін реакция. Антиген- антидене-комплемент кешені жаратылу реакция көзге көрінбейтін реакция. Реакция бөлшектерінің қарым- қатынасуын анықтау үшін,
қосымша индикаторлық жүйемен қолданады. Осы жүйенің көмегімен алғашқы жүйеде өткен қарым- қатынасудың қортындысын көруге болады. Реакцияның негізінде комплементті антиген – антидене кешенімен
белсендетужатыр. Антиген жəне антидене бір біріне сəйкес келгенде олар иммундық кешен жаратады. Сол кезде антиденелербөлшектері арқылы иммундық кешенге комплемент қосылып антиген-антидене кешенімен комплемент байланыстырылады.
РЕАКЦИЯ КЕЗЕҢДЕРІ:
1 – құрамында антиген-антидене-комплемент қоспаның инкубациясы. Бактериолитикалық жүйені дайындағанда сынауықтарда 0,5 мл зерттелетін инактивирленген сары суды жане антигенді араластырады, бір белгіленген санда (титрде) комплемент қосады. Антиген-антидене (сары су)- 20-40 минутке орналастырады.
комплемент (бактериолитикалық жүйе) қоспасын су моншасына (немесе термостатқа) 37-38 градуске 2 – индикаторлық кезең – қоспаға гемолитикалық жүйе салып, сондағы бос комплементті табу. Гемолитикалық жүйенің құрамы – қойдың эритроциттері жəне антиденелері бар гемолитикалық сарысу. Сынауықтардың барлығына екінші гемолитикалық жүйенің
компоненттерін салып қайтадан су моншасына 15-20
минутке қояды.
Реакцияның бірінші кезеңінде антиген-антидене кешен жаратылғанда ол комплементті байланыстырады. Осы жағдайда реакцияны ң екінші кезеңінде антиденелермен сенсибилизденген эритроциттердің гемолизі болмайды (оң реакция). Антиген жəне антидене бір біріне сəйкес келмесе (зерттелген үлгіде антиген немесе антидене болмаса) комплемент бос қалып екінші кезеңде эритроцит – антиэритроцитарлық дене кешеңіне қосылып, гемолиз жаратады (теріс реакция) .КОМПЛЕМЕНТ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ:
Комплемент байланыстыру реакцияның көмегімен сифилис
(RV),
маңқа, бруцеллез ауруларын зерттейді. Комплемент байланыстыру реакцияның негізінде екі көрініс жатыр – бактериолизис ж əне гемолиз. Комплемент байланыстыру реакциясын қою үшін қажетті заттар:Зерттелетін сары су.Сараптауға жататын қоздырғыштан алынатын антиген (биофабрикада дайындалады).Комплемент. Осы компонентті теңіз шошқа қанының сары суынан зертханада дайындайды немесе дайын түрінде биофабрикадан алады.
Қойдың эритроциттері.Гемолитикалық сарысу (гемолизин). Компонент биофабрикада үй қояндарға қойдың эритроциттерімен əсер ету жұмыстары арқылы алынады.
Зерттелетін қоздырғышқа оң реакция беретін биофабрикаларда дайындалатын сарысу. Дені сау ағзалардан алынған сарысу. Негізгі компоненттердің көлемін арттыруға арналған физиологиялық ерітінді.
Реакция сынауықтарда өткізіледі. Су моншасымен жұмыс істегенде жұмыс температурасы 37-38° С болу керек.