Микроскопиялау кезеңдері


Жайылмалы агглютинация реакциясы (АР). Қолданылу мақсаты. Реакция механизмі



бет27/44
Дата18.11.2023
өлшемі236,66 Kb.
#124383
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
Микроскопиялау кезеңдері-emirsaba.org 2

Жайылмалы агглютинация реакциясы (АР). Қолданылу мақсаты. Реакция механизмі. Реакция компоненттері. Реакцияның қойылу принципі жəне нəтижесінің интерпретациясы.

Агглютинация реакциясының əр түрлі нұсқаларымен қолданады: жəйілім, беттеу жəне т.б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жəйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сарысуына өлтірілген микробтардың суйықтығын қосады. +37 градуста бірнеше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды.


Агглютинацияның сипаттамасы жəне
жылдамдығы антигеннің жəне антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- жəне Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О- диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н- диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.

    1. Оухтерлони бойынша гельдегі преципитация реакциясы. Қолданылу мақсаты. Реакция механизмі. Реакция компоненттері. Реакцияның қойылу принципі жəне нəтижесінің интерпретациясы.

Реакцияны қою үшін шыны пластинканың үстіне ерітілген қою агарды құямыз. Біраз уақыт қатқаннан кейін, оның бетін шамалы тесіп, бетіне антиген антидене құямыз. Белгілі уақыт өткен соң жанағы антиген мен антидене қою агарға сіңе бастайды, бір біріне жылжып ортасынан ақ түсті тілік пайда болады. Егер антиген антидене бір біріне сəйкес келсе олар бір біріне бірі жасғаса береді, сəйкес келмесе қайшыласып жатады.


    1. Асколи термопрецепитация реакциясы. Қолданылу мақсаты. Реакция механизмі . Реакция компоненттері. Реакцияның қойылу принципі жəне нəтижесінің интерпретациясы.

Сақиналы (Асколи реакциясы) преципитация реакциясы күйдіргі қоздырғышының антигенін табуға қолданылады. Күйдіргі бацилласы жұқты деген теріні немесе басқа затты майдалап бөлшектеп, физиологиялық ерітіндіде қайнатып, бактериологиялық сүзгіштен өткізіп, мөлдір сұйықтық алады. Сол сұйықтықты преципитациялық пробиркадағы преципитиннің бетіне араластырып жібермей, құяды. Егер реакция оң нəтижелі болса, яғни зерттелген заттың құрамында іздеген антиген бар болса, екі сұйықтық жанасқан жерде лайланған, ақ жолақты сақина пайда болады.


Антигеннің артық өлшемі реакцияның нəтижесіне ешқандай зиянды əсер етпейді. Егерде реакцияға қолданылатын антиген зерттелетін заттан қайнатылып сорынды түрінде алынса, бұл жағдайда термопреципитация реакциясы деп аталады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет