Микроскопиялау кезеңдері


Болжамды агглютинация реакциясы (АР)



бет26/44
Дата18.11.2023
өлшемі236,66 Kb.
#124383
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Микроскопиялау кезеңдері-emirsaba.org 2

Болжамды агглютинация реакциясы (АР).



Қолданылу мақсаты. Реакция механизмі.

Реакция компоненттері. Реакцияның қойылу принципі жəне нəтижесінің интерпретациясы.

Агглютинация (.agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің (агглютининдер) əсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар)


бір-біріне жабысуы жəне тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл жəне ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп парагрипп вирустары)
əсерінен де жабысады. Бактерия жəне вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады.
  • Агглютинация немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда жəне адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда қолданады.


Аглютинация реакциясы:Реакцияны өткізу үшін қажетті заттар: қан сарысуы, антиген, физиологиялық ерітінді.Қолданылуы: Агглютинация реакциясының əр түрлі нұсқаларымен қолданады: жəйілім, беттеу жəне т.б.


Ауруларда антиденелер анықтау үшін жəйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сарысуына өлтірілген микробтардың суйықтығын
қосады. +37 градуста бірнеше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды. Агглютинацияның сипаттамасы жəне жылдамдығы антигеннің жəне антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- жəне Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О- диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар)
агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н- диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.
Жұмыс барысы:Аурудан адамнан бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін беттеу агглютинация реакциясын қояды. Осы реакцияда диагностикалық антиденелермен қолданады, басқаша айтқанда қоздырғыштың серотипін анықтайды.
Беттеу реакциясын шыны үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары судың 1:10 немесе 1:20 көлемі артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған қоздырғыштың таза дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны диагностикалы сарысудың көлемін тағы да арттырып, əрбір мөлшерге қоздырғыш бар дақылдың 2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді.
Жапалақты тұнба түскен реакцияның мөлшеріне қарап реакцияны бағалайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет