Микроскопиялау кезеңдері


Антибиотиктер.Анықтама беріңіз.Антибиотиктердің жіктелуі.Мысалдар



бет21/44
Дата11.11.2022
өлшемі123,73 Kb.
#49326
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44

53 Антибиотиктер.Анықтама беріңіз.Антибиотиктердің жіктелуі.Мысалдар.


Антибиотик дегеніміз- микроорганизмдерді жəне ісіктерді таңдамалы түрде зақымдайтын немесе жоятын , табиғаты биологиялық болып табылатын химиятерапевтік препараттар.
Антибиотиктер химиялық құрылымы бойынша былай жіктеледі:

  1. бета-лактамдар(пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар)

  2. гликопептидтер 3)аминогликозидтер 4)тетрациклиндер 5)макролидтер 6)левомицетин(хлорамфеникол) 7)рифампициндер 8)полипептидтер

  1. полиендер

  2. əртүрлі антибиотиктер (фузидий қышқылы, фузафунжин жəне т.б.)
  1. Бактериялардың антимикробтық заттарға сезімталдылығы мен тұрақтылығын анықтау тəсілдері. Тəсілдердің маңызы жəне нəтижелерінің интерпретациясы.


Бактериялардың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтаудың бірнеше əдісі бар, көбінесе қолданылатын мына екеуі: Антибиотиктер бар стандартты дискілер агар ішіне қойып, диффузиялық əсер ету арқылы, Антибиотиктерді сериялы түрде араластыру əдісі.
Адам организмдегі антибиотиктердің концентрациясы. Олардың негізгі қасиеттерінің біріне жатады.
Антибиотиктердің фармакокинетикасы олардың ұлпалар мен сұйықтықтар сіңірілуі енуі таралуына жəне шығуына байланысты. Қандағы антибиотиктердің концентрациясын біліп салыстыру, олардың науқасты емдеу жоспарын, антибиотикотерапиясын схемасын белгілеу үшін жəне қажет.
Диффузияның классикалық əдісі. 20 минут бойы 37оС температурада кептірілген, жаңа дайындалған ортаға жаңадан өскен дақылдарды егеді. Олар ортаға сіңгеннен соң ойғыш көмегімен ойық шұңқыр (лунка) жасап, ішіне 0,1 мл зерттелетін антимикробтық препарат ерітіндісін құяды.
Табақшаларды төңкермеген куйде мұқият термостатқа қояды. 18 сағаттан кейін тест-микробтың өсу аймағының диаметрінің тежелуі бойынша антибиоиктердің белсенділігін анықтайды.
Дискілі-диффузиялық əдіс. Петри табақшасындағы агар бетіне белгілі бір тығыздықтағы бактериалды суспензияны (əдетте McFarland бойынша лайланудың эквивалентті стандарты бойынша 0,5) тегістеп жаяды.
Дайындалған суспензияның тығыздығы 1-2·108 КОЕ/мл Escherichia coli концентрациясына сəйкес болуы тиіс. Бұл концентрация МакФарленд бойынша 0,5 оптикалық
тығыздығына сəйкес келеді. Мұндай тығыздықты Л.А. Тарасевич атындағы ГИСК бойынша оптикалық тығыздығы стандартты 5 бірл. болатын бактериалды суспензияны 2 есе сұйылту арқылы алады. Суспензияны дайындап алғаннан кейін 15 минут ішінде газон алу үшін агар бетіне егеді. Осы мақсатта ұстағышта залалсыздандырылған мақта тампондарын қолданады. Тампондарды бір рет бактериалды суспензияға батырып алады да, пробирка ішіндегі сұйықтыққа ақырын қысып тамызады. Кейін тампонды агардың бетіне штрих əдісімен үш реттен жүргізіп егіп шығады, əр кез табақшаны 60оС бұрып отыру қажет.
Соңында сол тампонмен табақшаның қабырғасы бойымен жүргізе отырып, агардың бетіне айналыдра егу жүргізеді. Табақшаларды бөлме температурасында15-20 минут ұстағаннан кейін, залалсыздандырылған анатомиялық қысқышпен ортаның бетіне табақшаның шетінен 2,0-2,5 см қашықтықта 5-6 индикатор дисктерін орналастырады. Диск пен орта арасында ауа қалмас үшін, орнатылған диск қысқыштың басымен ақырын жаншылады. Табақшаларды 30 минуттай бқлме температурасында ұстайды, кейін төңкерілген күйде 18-24 сағатқа термостатқа қояды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет