Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет13/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
1.7.3 Целлоидинге сіңдіру және құю. Целлоидин сұйықтығын дайындау

Нағыз целоидин дегеніміз коллоидты нитроклетчатканың жоғарғы сорты, ол қалайыдан жасалған ыдыста желатин тәрізді, жартылай мөлдір түсті түрінде сатылады. Бұл пластинкаларды қолданар алдында ұсақтап, сүзгіш қағаздар арасында t=+37°+40° құрғатып, абсолютті спиртке, спирт - эфир (1:1) қосып, сұйықтық жасау керек: бірінші өлшемі қоюлығы ара балындай, (8-10%), ал екінші глицерин қоюлығындай (4-5%) сұйықтық жасалады. Ол үшін қою целлоидин сұйықтығына (8-10%), абсолютті спирт және эфир қосу керек (1:1). Целлоидиннің еруі өте көп уақыт алады, сол үшін оны бірінші абсолютті спиртте бөрттіріп алып (24 сағат), содан кейін эфир қосса еруі тездетіледі.


Целлоидин дайындағанда абсолютті спиртпен бірдей 96°, және 2% карбол қышқылымен (96° спиртте дайындалған) қолдануға болады.


1.7.3.1 Кесінділерді целлоидиндеу
Бұл әдісті мезенхимды ағзалар мен кесу уақытында үгітіліп кететін ағзаларға (трахея, тері т.б.) қолдануға болады.
Ағза кесінділерін дегидратация күштілігі жоғарылай түсетін спирттерде өтеді, содан соң 96° спирт-эфир (1:1) қоспасына ұзақтығы 6-24 сағаттай салып қояды.
Сызба түрінде көрсету:
1 Ағза кесінділерін ағынды суда жуу 24сағ.
2 Күші өсе түсетін спирттерде дегидратация 12-24сағ.
3 2 өлшем абсолютті спирт 12-24сағ.
4 Спирт-эфирде(1:1) 4-20сағ.
5 2% целоидин сұйығында 2-6күн
6 4-6% целоидинде 2-6күн
7 Қою 8-10%- целоидинде 2-7күн

Целоидин сіңіп болған соң кесінділерді хлороформ арқылы тығыздандырып, келесі кезеңде 70° спирт құйып, сол спирттің ішінде сақтауға болады.


Целоидиндеу кестесі.




1. Фиксациялау 1.Формалин10-15% 24сағ.
2.Спирт формалин 24сағ.
3.Карнуа сұйықтығы 2-4сағ.
4.Спирт 96°-100° 12-24сағ.
5.Ценкер-формол 8-12-24сағ.
6.Ортасұйықтығы 24-48сағ.
7.Регосұйықтығы 24-48сағ.
8. Ағынды суда жуу 24-48сағ.
2.Дегидратация 2.1.Спирт 96° 24сағат
2.2. 96°, 100° карбольды спирт 24сағ.
3.Целоидин құю 3.1.Спирт-эфир қоспасы 6-24сағ.
3.2. 4-5% целлоидин 2-4күн
3.3. 10% целлоидин 1-2күн
3.4. Целлоидинде тығыздалған 2-3 күн
целлоидинды кесекшелерді қалыпқа жабыстырып 70° спиртте сақтау

Екі сызбадағы уақыттың әртүрлі болуы ағза кесінділерінің көлеміне және өлшеміне байланысты болғандықтан, уақытты тәжірибе жолымен таңдаған дұрыс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет