Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Жаңа жасалған препараттарды



бет15/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
1.8.2 Жаңа жасалған препараттарды байқау
Жаңа препаратты байқау үшін лабиринтті-торлы сүйектен, сүйектік қабаттан кесінді алады. Зерттеуді риген сұйықтығында, көп жағдайда тионин қосылған метилен көк немесе нейтральды қызыл индифференті сұйықтықта жүргізіледі. Осы тәсілмен сүйектің арналарын жақсы зерттеуге болады.
Зерттеуді басынан бастап жүргізу үшін сүйекті өте майда немесе жіңішке бөліктерге кесіп бөлшектейді де, дискіде айналып тұрған пышаққа үнемі физиологиялық ерітінді құйып отырады.

1.9 Гистологиялық препаратты жасау


1.9.1 Микротомдармен жұмыс жасау

Микротом-арнайы механикалық құрал, олардың маркалары көп, ең жиі қолданатын ол шаналы микротом (10-сурет). Ол гистологиялық кесінділерді белгілі жұқалықта кесіп дайындауға арналған. Біздің өндірісте микротомдардың 3 түрі шығарылады.


1. Парафинді және целлоидинді кесінділер алуға арналған шаналы немесе циркулярлы микротом МС-2.
2. Парафинді материалдардың тізбектік кесіндісін жасайтын роторлы микротом.
3. Алдыңғы микротомдарға ұқсас, дегенмен өзіне тән ерекшеліктері мен конструкциялары және ережелері бар, мұздатқыш микротом.







А

Ә

10-сурет. Микротомдар. А – шаналы МС-2, Ә – ТЕХНОМ МЗП -01.

Негізгі микротом бөліктері - станина (денесі), көтеру механизмі, блокты бекітіп ұстайтын механизм, пышақтар және пышақты бекітіп ұстайтын механизм (пышақ ұстағыш). Станина микротомның көлемді негізі, оған басқа бөлшектер жасалған. Оған пышақтың жүзін ауыстырып тұратын пышақ ұстағыш бекітілген. Көтеру механизмі - үш деңгейлі призмадан тұрады, арнайы түзеткішке қойылған. Ол призманы көтеретін бұрандамен оралған ұстатқыш - сыртқы және ішкі кесетін жақтаулардан тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет