Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет5/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Буэн сұйықтығы. Бұл сұйықтық ең жақсы фиксаторға жатады, ұлпаға өте тез сіңетін болғандықтан, онымен эмбриондарды фиксациялауға да, препарат дайындауға да өте қолайлы. Буэн сұйықтығында фиксацияланған ұлпа өте жақсы боялады.
Буэн сұйықтығының құрамы:
1.Суға қаныққан пикрин қышқылы - 15 см3;
2. 40 % формалин - 5 см3;
З. Мұзды сірке қышқылы - 1см3;
Бұл сұйықтықтар қолдану кезінде ғана араластырылады. Фиксациялау уақыты нысанның көлеміне қарай 2 - 24 сағатқа дейін барады. Фиксациялау біткен соң нысанды 70° спиртте бірнеше рет ауыстырып, сары түс жойылғанша шайып барып сақтау керек.
Формалин - этил спирті. Бұл фиксатор, басқа фиксаторларда еріп кететіндіктен, зерттеулер кезінде сирек қолданылады. Ол гликогенді, муцинді, зәр қышқылын, темірді, кальцийді жақсы сақтайды. Фиксациялау уақыты 24-48 сағат.
Дюбоск-Бразиль фиксаторы. Қатты хитинді жабыны бар омыртқасыз жануарларға осы фиксаторды қолданған қолайлы. Бұл фиксатор Буэн сұйықтығына ұқсас. Оның құрамы:
1) 150 мл 80° этил спирті;
2) 1 грамм пикрин қышқылы;
3) 60 мл 40 % формалин;
4) 15 мл мұзды сірке қышқылы;
Көрсетілген сұйықтықтарды қолдану кезінде ғана араластырады. Фиксациялау уақыты нысанның көлеміне қарай 2-24 сағатқа дейін барады. Фиксациялау біткен соң нысанды 90° спиртте сақтау керек.
Карнуа қоспасы. Буынаяқтыларды және омыртқалы жануарлардың мүйізді жабындарын өте жақсы бекітеді. Құрамы:
1) Абсолютті спирт - 6 бөлім;
2) Хлороформ - 3 бөлім;
3) Мұзды сірке қышқылы - 1 бөлім.
Бұл сұйықтық ұлпаға өте тез сіңеді, сол себептен, ұсақ кесінділер үшін фиксациялау уақыты 0,5 - 1 сағаттан аспау керек, ал ірі кесінділер үшін 3 сағат жеткілікті болады. Бұл сұйықтықта материал көп уақыт жататын болса, ұлпалар тығыздалып және өзгеріп кетеді. Бұл жағдайда әсіресе коллагенді және дәнекерлі ұлпалар төзімсіздеу. Фиксациялау біткен соң нысанды 70% спиртте сақтау керек.
Шаудин фиксаторы. Бұл омыртқасыз жануарларды өте жақсы бекітеді.
Құрамы:
1) қаныққан сулема сұйықтығы - 50 мл;
2) абсолютті спирт - 25 мл;
3) мұздық сірке қышқылы 100 мл бекіткішке бір екі тамшы.
Термостаттың 60° - 70° С жылылығында фиксациялау уақыты 0,5 - 2 сағатқа дейін болу керек. Ал жағынды сол температурада 10-15 минутта бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет