Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет6/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Абсолютті спирт дайындау. Микротехника жұмысында және фиксатор дайындау кезінде спирттердің әртүрлі күшін пайдалану керек. Әдетте ректификат спиртінің құрамына 96 % таза спирт, 4 % су болады. Абсолюттік спиртті (100 %) алу үшін, құрамындағы судың көлемін жоюымыз қажет. Көп қолданылатын әдістердің бірі күкірт қышқылының көмегімен дегидратациялау. Осы әдіс бойынша тотыяйын купоросының кристалдық су молекуласы шығарылады да, түсі өзгереді. 10 г әбден ұнтақталған купоросты 100 мл спиртке сеуіп, таза шыныға құйып, таза сүртілген қақпақ жабады да, соның үстіне 96°-тағы таза спиртті құяды. Содан соң шыныдағы спиртті ұнтақ ерігенше шайқаймыз. Бұл әдісті 1-2 күн аралығында қайталап тұру қажет. Суға араласқан ұнтақтың әсерінен, ол шөлмектегі спирт қою көк түске айналады. Спирттердің әртүрлі қоюлығын дайындау кестесі:


Судан Ажыратуға арналған спирттің күші, 100 мл
ажыраты
лған 95° 90° 85° 80° 75° 70° 65° 60° 55° 50°
спирттің
күштілігі
90° 6,41
85° 13,3 6,56
80° 20,9 13,8 6,8
75° 29,5 21,9 14,5 7,2
70° 39,1 31,0 23,1 15,3 7,6
65° 50,2 41,5 33,1 24,7 16,4 8,1
60° 63,0 53,6 44,5 35,4 26,5 17,6 8,7
55° 78,0 68,9 58,0 48,1 38,8 28,6 19,0 9,5
50° 95,8 84,7 73,9 63,0 52,4 41,7 331,2 20,5 10,3
45° 117,6 105,3 93,3 81,4 69,5 37,8 46,1 34,5 22,9 11,4
Бұл дұрыс дегидратациялауға жатпайды, сол себепті спиртті басқа ыдысқа құйып, бұл процесті, ашық көк түске боялғанша қайталай береді.
Сусыздандырылған спиртті сүзіп, басқа ыдысқа өзгертеді де, аузын жақсылап бекітеді.


1.5 Химиялық ыдыс пен шыныны тазалау және дайындау.

Препараттарды жасар алдында химиялық ыдыс пен шыныны жылы сабынды сумен жақсылап жуып, майын кетіру керек. Ыдысты және әйнекті суық ағынды сумен шайған соң, дистилденген сумен шайып кептіреді. Ыдыс пен әйнек қатты ластанған болса, хромпик ерітіндісінде тазалау қажет. Хромпик жасау үшін 100 мл биохроматқа 1000 мл ыстық су құяды. Ерітінді жылығаннан кейін оған ақырындап байытылған 100 мл күкірт қышқылын қосады. Ыдысты осы ерітіндіге 2-3 күн салып қояды. Осы процесті резеңке қолғаппен, термостатта істеу керек. Майдан тазаланған ыдысты ағынды суды жуып, дистильденген суға шайып кептіреді. Төсеніш және жабынды шыныларды бірдей көлемді спирт және эфирі (Никифоров қоспасы) бар банкаға немесе бюкске салады. Қолданар алдында шыныны таза зығыр шүберегімен сүртеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет