Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет8/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
1.6.2 Ересек трематодалар мен олардың құрттарынан тотальді препараттар жасау.

Гельминт цистасын шырыштан тазалап, заттық шыныдағы тамшы суға салады. Заттық шыныны қарапайым препараттық және арнайы Судариков инелерімен МБС-қа қойып, сыртқы және цистаның ішкі қабаттарын ақырын кесіп, құртты бөліп алады. Трематодтардың ересек және личинкасын фиксациялау бірыңғай тәсілмен жүргізіледі. Алдымен заттық шыныны 60-70°С суда (буланғанша) қыздырып, қимылсыздандырады. Гельминттерді заттық шынылардың арасына салып, Петри табақшасына түсіреді. Оған 10-20 минутқа 70°-ты спирт құяды. Осылай бекітілген трематодтарды бекіткішке ұзақ сақтауға болады. Тотальді препарат дайындау үшін гельминттерді дистилденген сумен жуып, бекіткішті толық кептіреді (0,5-2 сағатта). Жуылған гельминттерді ашудасты карминмен бояйды. Бояу уақыты гельминттердің көлеміне және қабаттарының қалыңдығына қарай 10 мин. 30-60 мин. дейін. Жақсы боялған гельминттерді сумен жуып, тұз қышқылды спирт құяды, МБС арқылы жіктелу деңгейін байқайды.




1.6.3 Паразиттер денесінен тұрақты препараттар дайындау.
Дененің үстінен алынған паразиттер түсірілген шыныға 1 тамшы 1 % аммиак ерітіндісін қосып, суын сорғыш қағазбен сорып алып, МБС-ке жайғастырып, паразиттерді түзетеді. Глицерин-желатинді (скальпелдің ұшымен) қоспасы балқығанша спирт шамының жалынында қыздырып, паразит тұрған шыныға тамызады.
Тамшының шетіне таза жабынды шыныны ұстап, ақырын, препараттық ине көмегімен глицерин-желатин тамшысына салады, ауа қалып қоймауын қадағалайды. МБС арқылы препараттық иненің сырт жағымен жабынды шыныны аздап басады. Осы арқылы глицерин-желатиннің қабаты азайып, паразиттердің қысылмай жатуына жағдай жасалады да, құрттың хитинді құрылысының жақсы көрінуін қамтамасыз етеді.
Препаратты ұзақ мерзімге сақтау үшін, жабынды шынының шеттеріне жіңішке ағаш таяқшамен, құрғап кетуден сақтайтын балауыз бен канифолдың тұратын арнайы жұқа қабатын жағады. Заттық шынының бір шетіне паразиттің иесінің атын, алынған күні, мүше мен материалдың түрі және ауланған жері жазылған этикетка жапсырылады. Осы әдіспен желбезек пен қанаттардан, мұрын ойпатынан және ауыз қуысынан алынған паразиттерден тұрақты препараттар жасайды.
Дененің инфузория табылған жерлерінен жағындылар жасап, Петри табақшасына салып, ластанып қалмау үшін жауып қояды. Хиолдонелл мен триходин табылса құрғақ жағынды жасайды. Дайын жағындыларды бөлме температурасында құрғатады. Басқа Петри табақшасына (3/4 көлемді) дистилденген су құяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет