Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Парафинді гистологиялық кесіндіні целлоиттау



бет18/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
treatise176209

1.10.1 Парафинді гистологиялық кесіндіні целлоиттау
Кесіндіні сақтау үшін, оның парафинін жартылай ерітіп целлоидтау әдісін қолдану керек. Целлоидин мен заттық шынының бетін жұқа қабыршақ түрде жабады, сөйтіп кесінді шыныға мықтап жабысып тұрады.
Әдістің жүргізу жолы:
І Ксилол(бензол,толуол) - 2мин
ІІ Ксилол(бензол, толуол) - 2мин
І Абсолютті спирт - 2мин
ІІ Абсолютті спирт - 2мин
Спирт - 2мин
2% целлоидинде - 2 мин, одан кейін артық целлоидинды ағызып, шынының артқы жағын сүртіп алу керек
Этилді спиртке 80°-ты - 2 мин, целлоидин тығыздалу үшін
Дистилденген су - 10мин
Таңдамалы бояу жүргізу Әр бояудың өз әдісін қолдану керек.


Бальзаммен жабар кезде целлоидин қабыршағын ерітіп тастау керек. Ол үшін шыныны абсолютті спирттен кейін спирт-эфирде 3-5 мин. ұстау керек. Боялған кесінділерді бальзаммен қатырып, үстінен жабынды шынымен жабады (15-cурет). Осы екі шыны арасындағы боялған ағза кесіндісін гистологиялық кескін (препарат) деп атайды.

15-сурет. Боялған кесінділерді бальзаммен қатырып үстінен жабынды шынымен жабу.




1.10.2 Желатинді кесінділерді өңдеу және бояу ерекшеліктері
Желатиннен бөліп алып, сәл қышқылданған дистилденген суға салады да, 37°қа дейін қыздырады.
Қатырылған кесінділерді алдын-ала өңдемей, дистилденген суға жинайды. Алдын ала өңдеуді және бояуды заттық шыныға жабыстырылған немесе суда қалқып жүрген кесінділерге қолдануға болады. Бірінші жағдайда биологиялық стакандарды, арнайы кюветтерді, биік бюкстарды пайдаланады. Шыныға отырғызылған кесіндіні үшбұрыш қып отырғызады. Ал қалқып жүрген кесінділерге сағат шынылары қолданылады. Кесінді келесі өңдеулерден өткен кезде шыныдан түсіп қалатын болса, түзеуге болады. Бұл үшін кесіндіні судан алып 70° және 96° спиртке салады, кейін шыныны 0,5 - 1% целлоидин ерітіндісіне салып алып, аздап кептіріп, 70° спиртке салады.
Осыдан заттық шыны мен кесіндінің бетін жұқа целлоидинді қабыршақ жабады да, кесінді шыныға мықтап жабысып қалады. Бұл әдістерден соң кесіндіні дистилденген суда шәйіп, бояйды.
Кесіндіні сулы бояғыш заттармен бояғанда дистилденген суды пайдаланып, ал спирттік бояулармен жұмыс істегенде күшті спирттен бояғыш ерітіндіге салады. Кесінді керекті түске боялған соң, сумен шаяды. Егер бояуы артық болса, кесіндіні сумен керекті түс пайда боялғанша шаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет