1.7.3.2 Целлоидинді-парафинге сіңдіру
Бұл әдістің бірнеше түрлері болады, жуу мен дегидратация жұмыстары стандартты болып келеді. Ал спирт- эфирден кейін материалдың сіңіруі 1-3 күн 2% целлоидинмен тең мөлшерлі майсана майы (касторовое) бар қоспада жүреді. Келесі кезеңде әрбір сағат сайын 3 рет хлороформды ауыстырып отырып, ағза кесінділерінен майсана майын жою. Одан кейін материал парафин сіңіру және құю стандартты әдіс бойынша жүргізіледі.
1.8 Декальцинация туралы мағлұмат
Материал сүйек пен тіс ұлпаларынан тұрса, оны әкті тұздардан айыру үшін, декальцинация жүргізіледі. Бұл үшін сүйек кесіндісін қышқылмен өңдейді. Негізінен азот қышқылын пайдаланылады. Нысанды 50 см3 жаңа жасалған 5% қышқылға байлап, 12-24 сағатқа салып қояды. Декальцинация тбіткен соң сумен шайып, дегидратациялауды бірнеше өлшемді спиртпен (96°) жүргізіп, парафинге сіңіртіп, қалыпқа құяды.
Декальцинацияның жеңіл өтуіне Буэн ерітіндісінің, ішінде сірке және пикрин қышқылының болуы ықпал етсе, әлсіздендіру үшін 7% азот қышқылы колданылады.
Жақсы декальцинация ерітінділеріне органикалық қышқылдар: 5, 10, 15% құмырсқа мен үшхлорлы сірке қышқылдары жатады. Сарыуызы, кератині және хитині бар материалды целлоидинді майсана майы және парафинмен құяды. Нысан бекітілген соң спиртте сусыздандырылады, содан соң тең көлемді 2% целлоидин мен майсана майы ерітінділерінде (1-2 күн) ұстайды. Келесіде оны 37°С температурада, 3-6 сағат 2 мөлшерлі хлороформда ұстайды. Нысанды 2-3 сағатқа хлороформ-парафин қосындысына салады. Парафиннің екі өлшемінде, үшінші парафин-воскта 1-2 сағат сіңіртіп, қалыпқа құяды.
1.8.1 Калций жою сұйықтықтары
Шаффер бойынша азот қышқылы кальцийді тез және жақсы кетіретін сұйықтық болып саналады. Көбіне оның 5-7% су ерітіндісін пайдаланған дұрыс. Сұйықтықты дайындау үшін 5-7,5 см3 химиялық таза байытылған азот қышқылына 100 см3-ге дейін дистилденген су қосады.
Ең тығыз сүйектің кальцийі де 10 сағаттың ішінде жойылып кетеді. Декальцинацияланған сүйектің ісінуін басу үшін 24 сағатқа 5% күкірт қышқыл натрий немесе литий сұйықтығына салады немесе іледі. Тек осыдан кейін оны 24-48 сағатқа ағынды суда шайып жуады. Қоюлығы бұдан жоғары немесе төмен сұйықтықты қолдану қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |