Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Химиялық заттар мен реактивтер



бет3/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
treatise176209

1.2 Химиялық заттар мен реактивтер

1. Формалин - формальдегиттің 40% су ерітіндісі. Кесінділерді фиксациялау мақсатында қолдану үшін сол 40% формалинге он есе көп су қосу керек.


2.96% спирт (этанол) - әртүрлі күшінде қолданылып, ағзаларды дегидратациялау үшін және гистологиялық препараттарды бояу кезінде пайдаланылады.
3. Ксилол - органикалық еріткіш, кесіндіні түссіздендіреді және гистологиялық препаратардың парафинін ерітеді. Кейде оны хлороформмен немесе бензолмен алмастыруға болады.
4. Парафиннің бірнеше түрлері болады: 45-54°С-та ерітілетін жұмсағы, 58-60°С-та ерітілетін қаттысы бар, көбінесе сатылатыны осы түрі. Парафинді бірнеше рет ерітіп және суытып алса, ол бір ыңғайланып пайдалануға сапалырақ болып тұрады.
5. Ара балауызы - парафинге (5-10%) ара балауызын қосса, жұмсақ және үгітілмейтін болады.
6. Бутилді, немесе изо-бутилді спирт-ағза кесінділерін дегидратациялау үшін 100° этанолдың орнына қолдануға болады.
7. Эфир - гистологиялық прапараттарды целлоидтағанда және Никифоров қоспасын этанол + эфир (1:1) әзірлегенде целлоидин-парафинді блок құйғанда пайдаланылады.
8. Канадалық бальзамы - гистологиялық препараттарды және тұтас нысандардан тұрақты препарат жасағанда қолданылады. Жасанды бальзамға пермаунт және полистирол жатады.
9. Пикрин қышқылы - бекіткіш дайындау кезінде керек болады: 40-50 гр. құрғақ қышқылды 1 л. ыстық (70° дейін) дистилденген суға ерітеді (Буэн сұйықтығы).
10. Сірке қышқылы (мұзды 100%) басқа реактивтермен ғана бекіткіштер дайындауға керек. Кейбір гистологиялық препараттарды бояғанда оның 1-2% сұйықтығы саралау үшін пайдаланылады.
Микротехника жұмысында әрқашанда керек болатындар: күкірт, тұз, азот қышқылдары, темір-амоний ашудасы, фосфорлы-молибден қышқылы, калий көктемірродисты, целлоидин, сүзгіш қағаз, таза дәке және майлық, тотияйын, вазелин, майсана (касторовое) майы. Мына бояулар: кармин, гематоксилин, суда еритін эозин, негізгі фуксин, альцианды көк, ашық жасыл, G - оранж, ұнтақ түрінде шығарылады да, мұқият жабылған ыдыста көп уақыт сақтауға жарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет