Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Романовский - Гимза әдісімен қанның ірі тамшысындағы паразиттерді



бет9/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
treatise176209

1.6.4 Романовский - Гимза әдісімен қанның ірі тамшысындағы паразиттерді бояу.
Қан жағындыларын дайындаудың бірнеше әдісі бар. Әдісті таңдау - қойылған мәселелерге байланысты. Қан торшаларын жіктеп есептеу және дәл ажырату үшін ихтиопаталогияда Паппенгейм бойынша құрама бояу әдісін қолданады.
Ыдыстар мен құрал-жабдықтар: алдын-ала дайындалып, майсыздандырылған құрғақ заттық шынылар, Киев аппараты, қарапайым қарындаш.
Реактивтер: Май-Грюнвальд ерітіндісі, Романовский бойынша азур - эозиннің жұмыс ерітіндісі, рН-6,81—ге тең дистилденген су. Суды фосфатты буферлермен бейтараптайды.
Анықтау барысы. Сол қолдың бас бармағымен екінші саусақтың арасына майсыздандырылған заттық шыныны алады. Пастер тамызғысы мен оған қанның аз ғана тамшысын ағызады. Оң қолдың аталған саусақтарының арасына бүйірінен ұстап, шыныны алып, 45°-тық бұрышпен заттық шыныға қойып, сырт жағымен тамшыға жылытады да, тамшының жан-жаққа тарап аққанын бақылайды. Шыныны жылжыта қозғалтып, алға жүргізеді, қан жағынды болып, заттық шыныда бірқалыпты жағылуы қажет. Этикеткалайды. Жағындыларды бояғыш аппаратың штативтеріне қойып, ауада кептіреді. Құрғақ жағындыларды Май- Грюнвальд ерітіндісі бар аппараттың кюветіне батырады. 5 минут өткен соң жағындыларды алып, рН-6,81-ге тең дистильденген сумен 1-2 минут жуады.
1) Қан тамшысын жақсылап жуылған заттық шыны ұшына тамызып алып, басқа шынының қабырғасымен жағады да, кептіреді.
2) Кепкен жағындыны 2 өлшемді метилді не 96° этилді спиртте бекітеді, 1-ші өлшемінде 3-5 мин, 2-ші өлшемінде 10-15 мин.
3) Романовский-Гимза бояуымен 30-50 мин бояйды.
4) Аққан су мөлдір болғанша шаяды да кептіреді.
5) Кепкен кесіндіге ксилол тамшысын тамызып, ағартып, бальзамдайды.
6) Нәтиже: протоплазма - күлгін көгілдір, ядролар – қызыл түсті.


1.6.5 Материалдан кәдімгі бояулар арқылы препараттар жасау.
Қанның құрғақ жағындылары Гимза қоспасымен боялады. Жағындыны бояр алдында ерітіндіні дистилденген сумен суытып 10-30 (метилді спиртпен бекітілсе) мин., немесе 1-1,5 (басқа бекіткіштер қоданылса) сағаттай ұстайды. Ерітіндіден жинала беретін тұнбаларды ластанбау үшін заттық шынының жағынды жағына төмен қаратып қойған жөн. Осыдан кейін препаратты сумен жуып кептіреді.
Шырышты спорофиттердің және басқа дымқыл қарапайымдылардың жағындыларын Гейденгай бойынша дайындалған темірлі гемотаксилинмен бояу ең дұрыс нәтиже береді. Ол үшін, жағындыны алдымен темір-аммиакты ашудастың 2,5-3% -дық ерітіндісінде өңдеу қажет.
Препарат жасау төмендегідей жолмен жүргізіледі. Жағындыны дистилденген сумен 2,5%- ашудас ерітіндісіне 2-8 сағатқа салып, кейін 1-2 минуттай сумен қайталап шаяды. Содан кейін жағындыны гемотаксилин ерітіндісінде 6-24 сағ. ұстайды. Қара түске боялған жағындыны ағынды сумен шайып, 1% ашудас етітіндісімен өңдейді. Өңдеу кезінде бояудың толық еруін микроскоптың ортаңғы үлкейткішімен бақылайды. Бояудың сәтті шығуы цитоплазманың көгілдір көрінісінің негізінде ядро суретінің көгілдір құрышқа ұқсас көрінісінің негізінде ядро суретінің нақты бояуымен сипатталады. Өңдеу үдірісінің жағымды нәтижесі шыққан бетте жағындыны Петри табақшасына ауыстырып, ағындыны суда 30 мин. жақсылап жуады. Ағынды су құбыры болмаған жағдайда жағындыны суға салып, бірнеше рет ауыстыра отырып 2 сағ. ұстайды. Жуылған жағындыны күші жоғарылай түсетін спирттерде (70%і, екі рет 96%, 100%) сусыздандырып, ксилолмен ағартып, бір тамшы Канадалық балзамын жағып бекітеді.
Паразиттерді қарапайым ғана жүйелеп ажырату үшін жағындыларды 1% метиленді көктің ерітіндісінде 30 мин. бірнеше сағ. бойы бояса да жуып, сосын сусыздандырып, бальзам жағып бекітеді.
Шырышты спорофиттерді тамшы суда, не спиртте боямай-ақ анықтауға болады. Йодтың әлсіз ерітіндісінде Люголь ерітіндісінде өңдегенде, Мухbolidaeнің амеба тәрізді ұрығында Myxosomatidaege болмайтын йодты көпіргіші табылады.
Сорғыш құрттарды боямай, микроскоптың немесе үлкейткіш шынының көмегімен, жабынды шыныны міндетті түрде бастырыңқырап, глицерин-желатинге бекітеді.
Бекітілген сорғыш таспа және скребнилар ашудасты карминнің сулы ерітіндісінде бояу ыңғайлы. Бояр алдында құрттарды бірнеше сағ. (бір түнге тастап кеткен тіпті жақсы) суда тұрғаны дұрыс. Боялу мерзімі бояудың жетілуіне, фиксациялау уақытының ұзақтығына және алдын-ала сумен жуылып тазартуына байланысты. Жаңа дайындалған кармин ерітіндісінде ұсақ құрттар 1,5-2 мин. боялып үлгереді. Боялған құрттарды сумен жауып, қышқылдандырылған 70% -дық спирт пен (100 мл суға 10 тамшы буланып тұрған тұз қышқылын қосады), үлкейткіш шынының көмегімен, саралайды. Тұтас нысандарды бояуды және саралауды сағат шыныларында немесе солонкаларда жүргізген өте қолайлы. Төменгі жағынан күшті жарық түсіре отырып, ұлғайтқыш шынымен қараған кезде, нысандар бояу ішінде өте жақсы көрінеді.
Саралап боялған нысандарды 70%-ды спиртте 2 рет ауыстыра отырып, 20-40 мин. жуып-шайып, 5-10 мин. абсолютті спиртке салады. Содан соң спиртті төгіп, не пипеткамен (нысандар ұқсас болса) сорып алып, үстіне қалампыр немесе бергамот майын құяды. Көбірек боялып, кейін асықпай сараланған нысандар түссіздендіруші затқа инемен не жақсы ұшталған шырпымен алып салуға болады.
Ағартылған нысанды ортасына канадалық бальзамы тамызылған заттық
шыныға орнатып, үстіне жабынды шыны жабады. Скребниларды бояр алдында екі жеріне жіңішке инемен шаншып қойған жөн. Оларда, жұмыр құрттар сияқты, боялмай-ақ байытылған сүт қышқылы ерітіндісінің ішінде жақсы зерттеледі.
Жұмыр құрттардың қалың қабығынан бояу өтпейді. Оларды 70% спирттен немесе формалиннен алып глицеринге не сүт қышқылына салып толық ағартады. Құрттардың ұсақтары өте тез, ал ірілері 2-3 күн ішінде ағарады. Ағартылған құрттарды заттық шыныға салып, жабынды шынымен шетін вазелинмен немесе канифоль майымен майлап, құрт жатқан ортаны құрғап кетпеуден сақтайды. Зерттеулерден кейін нысандарды сүт қышқылының қалдықтарынан сумен жуып тазартып, қайтадан Барбагалли сұйықтығына салып қояды.
Паразиттік шаянтәрізділерді әдетте глицеринде немесе спиртте бояусыз зерттеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет