Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Микротомдық препараттарды бояу



бет35/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
treatise176209

3.4 Микротомдық препараттарды бояу

Микротомдық препараттарды бояу процесі, бояу әдісіне қарамастан, үш кезеңнен тұрады:


1. Депарафинизациялау және препараттарды суға аралық орта арқылы жеткізу.
2. Бояу және дұрыс боялмаған препаратты қайта бояуға болады.
3. Дегидратациялау және канадалық бальзаммен немесе синтетикалық Biomaunt-пен жабу.
Барлық заттық шынылардағы препараттар сұйықтыққа батып тұру қажет, оған қақпағы бар шаныларды (биіктігі 8-10 см және диаметрі 4-6 см) пайдалануға болады. Сұйықтық деңгейі шыныда тұрған препараттағы кесінділер деңгейіне сәйкес келуі керек, оларды толығымен жауып.
Кесінділерді бояуға арналған шыныларды тәртіп бойынша, тиісті жазулармен белгілеп, қатаң түрде орналастырады. Препаратарды бір ортадан екінші ортаға ауыстыру оларды бір бөтелкеден екінші бөтелкеге ​​ауыстырған кезде өтеді.


Бұл жағдайда келесі шарттар орындалуы керек:



  1. Заттық шыныларды сұйықтығы бар ыдысқа жазылған жағымен ​​жоғары орналастыру керек.

  2. Дайындаған кесінділерді шыны қабырғасына қарайтын жағында орналастыры керек.

  3. Бір ортадан екінші ортаға ауыстыру кезінде алдыңғы ортаның қалдықтарын шыныдан барынша мұқият тазарту керек. Ол үшін заттық шынының артқы жағын фильтр қағазымен жақсылап сүртіңіз. Содан кейін шыны бетін бірнеше рет препарат ерітіндісі бар тамызғыштан шайып және кесінділер жоқ бетін ақырын сорғыш (фильтровальная) қағазбен құрғату керек.

  4. Барлық уақытта кесінділердің кеуіп кетпеуін қадағалау керек, бұл олардың бозаруы арқылы бірден байқалады, содан кейін оларды дереу тамшылатып ылғалдандыру керек.

  5. Заттық шыныны тек жазуы бар жерінен пинцетпен ғана ұстау қажет. Микротом кесінділері бар препараттар жақсылап кептірілгеннен кейін ғана боялуы керек. Депарафинизация, сондай-ақ қарама-қарсы процесс (онымен сіңіру) аралық орталарды қолдана отырып, біртіндеп жүреді. Еріткіш ретінде хлороформ, ксилол және бензол қолданылады. Хлороформды қолдану өте ыңғайлы. Аралық орта - әр түрлі концентрациядағы спирттер. Реагенттердің шамадан тыс ластануын болдырмау үшін алдын-ала препаратқа хлороформ тамызып парафинді ерітеміз. Ерітуді тездету үшін спиртшам жалынының үстінен препараттарды жұмсақ етіп қыздыру жиі қолданылады. Бірнеше минуттан кейін хлороформ ағып кетеді, препаратты тамызғыштан бірнеше рет жуып, заттық шыныны хлороформ 1-ге түсіреді, содан кейін ережелерді мұқият сақтай отырып, проводка келесі схема бойынша жүзеге асырылады:

Хлороформ I - түнге қалтырған дұрыс
Хлороформ II - 10 мин.
Спирт 96% I – 5-10 мин.
Спирт 96% II -5-10 мин.
Дистилденген су (екі рет ауыстыру) 5 мин.
Ботаникалық микротехнологияда кеңінен қолданылатын, әсіресе өсінділер мен тамырлардың меристемаларын зерттегенде жақсы нәтиже беретін, жан-жақты - Гейденгайн гематоксилинмен бояу әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет