Минералды тыңайтқыштар және оның түрлері Оқытушы: Милисова Н. Б


Ca5F(PO4)3 + 7 H3PO4 + 5H2O = 5 [Ca(HPO4)2 *H2O] + HF +Q



бет3/7
Дата11.11.2022
өлшемі11,79 Mb.
#49365
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
минералды тыңайтқыштар

Ca5F(PO4)3 + 7 H3PO4 + 5H2O = 5 [Ca(HPO4)2 *H2O] + HF +Q
Өндірілген суперфосфат құрамында 40-50% P2O5, яғни жоғары сапалы тыңайтқыш болады.
Еселі суперфосфатты өндіру

Термофосфат

Фосфатты сілтілік металдардың тұздарымен 1100-1200 С температурада қыздырса, құрамында CaNaPO4 не болмаса басқа сол сияқты тұз түзіледі. Осы түзілген заттар термофосфат деп аталады.

Термофосфат қасиеттері жəне өсімдікке сіңімділігі жағынан суперфосфаттан кем емес.

Термофосфатты алғаш академик А. Б. Бектұров бастаған бір топ ғалымдардың еңбегінің нəтижесінде алды:

2Ca3(PO4)2 + SiO2 + 2Na2SO3 = 4NaCaPO4 + Ca2SiO4 + 2 CO2 .

Термофосфат құрамында 20-35% P2O5 болады, оны көбінесе, қышқыл топыраққа қолданады.

Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады.

  • Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O.
  • Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі.Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі.
  • Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет