Микротыңайтқыш – құрамында микроэлементтер (бор, мыс, кобальт, мырыш, т.б.) болатын бейнорганикалық қосылыстар. Микротыңайтқыштар алғаш шет елдерде және Ресейде 19 ғасырдың 2-жартысында қолданыла бастаған. Микротыңайтқышдың бор, мыс және құрамында екі және одан да көп микроэлементтер болатын полимикротыңайтқыш, т.б. түрлері бар. Микротыңайтқыш ретінде микроэлементтердің тұзы немесе өндіріс қалдықтары жоқ(шлак), қоқыс (шлам), фриттер, хелаттар алынады. Топырақта өсімдікке қажетті микроэлементтер жеткіліксіз болса оның өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. Бұл микроэлементтер ферменттер құрамына кіреді, биохимиялық реакцияны және нуклеин, аминқышқылдары, қант, крахмал, хлорофилл биосинтезін күшейтіп, дақылдың өнімінің артуына, сапасының жақсаруына әсер етеді. Микротыңайтқыштың қажеттілігі ауыл шауашылығындағы дақылдарының биологиялық ерекшелігіне және топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшеріне байланысты анықталады. Микротыңайтқыштарды тұқым себер алдында, дәнмен бірге (0,5 – 5 кг/га), тамырдан тыс үстеме қоректендіру (0,1 – 0,05%-дық микроэлементтер ерітіндісімен бүрку), тұқымды себер алдында өңдеу (0,02 – 0,05%-дық ерітіндіде бөктіру) тәсілдері арқылы қолданады.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін әлемдік өндіріс жылына 125 млн. тонна минералдық тыңайтқыш түрлерін өндіреді. Минералдық тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер – азот, фосфор, калий элементтері. Минералдық тыңайтқыштардың сіңірілу тиімділігі қоректік элементтердің арақатынасымен және есімдіктер сортының биологиялық ерекшеліқтерімен анықталады. Азот тыңайтқыштарының нитраттары есімдіктерге тез әсер ететін азот кезі болып табылады. Осыған байланысты нитраттар түріндегі азот тыңайтқыштарын біркелкі пайдаланбаған жағдайда азық түлік құрамына нитраттардың артық мөлшері жинақталып, оның сапасын нашарлатады. Нитраттарды тиімді пайдалану үшін әрбір өсімдік түрінің азотқа қажеттілігінің, оның топырақтағы қорын, климаттық факторларын ескере отырып, ЭЕМ-да дәл есептеулер жасау арқылы жүргізу керек. Алюминий тыңайтқыштарынан нитраттың топырақтарға және өсімдіктерге түсуі топырақтағы микроорганизмдер белсенділігі мен ауа райы жағдайларына байланысты.Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген нитраттардың белгілі мөлшері өнім түзілуге жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір экологиялық факторлар әсері күшті жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі бұзылған, т.б.) өсімдіктер топырақтан алған азоттың барлығын сіңірмей, оның артық мөлшері адам мен жануарлар үшін зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар жемі рационындағы нитраттың артық мөлшері сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда, нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал жемі үшін ең қажетті қосылыстар, бірақ оның артық мөлшері адам мен жануарлар организмін улайды, организмдегі зат алмасу процестерін бұзып, оның иммунологиялық қасиеттерін төмендетеді, т.б. Адам организмі үшін әсіресе құрамында нитраттардың жоғарғы мөлшері жинақталған көкеніс, бақша дақылдары қауіпті болып саналады.