Минералды тыңайтқыштар және оның түрлері Оқытушы: Милисова Н. Б


Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді



бет4/7
Дата11.11.2022
өлшемі11,79 Mb.
#49365
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
минералды тыңайтқыштар

Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.

Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.

Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары.

  • Натрий селитрасында 16% азот бар. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондайақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады әсіресе жеңіл топырақтарда.
  • Кальций селитрасында 17,5% азот бар.Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді.
  • Аммоний сульфатында 20% азот бар. Өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады.
  • Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады.

Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды.

Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды.

Аммиак суының бірінші сортында 20,5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот түрінде болады. Бірақ аммонийлық азоттан аммиакты азот көбірек болады.

Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат -- әр түрлі дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті -- өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы.

Мочевинада несеп нәрі 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл -- көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы мочевинаны қолданғанға дейінгі реакциясы қалпына келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет