Байқағыштық. Мүғалімге тән жіті байқағыштық - педагогтық қабілеттің өзекті қасиеті. Бүл оқушыны ұғынуға, оның әр түрлі эмоциялық жағдайының, ұшыраған қиындықтарының басты себептерін байқауға жәрдемдеседі. Байқағыштық қасиет арқасында мұғалім шәкірт мінез-құлқындағы көзге түсе бермейтін өзгерістерді қалт жібермейді және оның болашағын болжай алады. Осындай педагогикалық байқағыштық оқушыларға білім беру және тәрбиелеуді білгірлікпен жүзеге асыру жолында мұғалімнің сүйеніші болатын жеткілікті материал береді.
Педагогикалық қиялдау. ¥стаздық қабілеттің жетекші қасиеті -педагогикалық қиялдау. Бұл мүғалімге шәкірттің дамуын жобалауға қажетті. Баланың өткен және қазіргі өмірін терең білуге сүйеніп, мұғалім оқушының келешекте қандай жағдайда, қандай болатынын топшылай алады. Логикалық оймен біте қайнасқан шығармашылық қиял педагогтық талантқа тән педагогтық тапқыштықты қамтамасыз етеді. Талантты мүғалім - жаңашыл.
Балалар ұжымымен істес болатын мүғалімдерге ұйымдастырғыштық қабілет қажет. Мұғалімнің мамандығына орай (тарихшы, математик, физик т.б.) басқа да арнаулы қабілеттер қажет болады. Мәселен, әдебиет пэнінің мұғалімі керкемдік талғаммен қоса әдеби шығармашылық қабілетке ие болса, нұр үстіне нұр.
Арнаулы қабілеттерінің өрісі кең ұстаздар оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен ойлауға машықтандырады.
Сөйтіп, педагогтық қабілетке міндетті түрде ие бола отырып, оның әр түрлі қабілеттер мен үйлесімін табу ғана жас жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу ісінде зор жетістіктерге жеткізе алады.
Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы
Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа касиеттерімен табиғи бірлікте болады.
Қабілет және наным. Көптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша, адамның іс-әрекетіне, әсіресе шығармасына оның нанымы із қалдырады.
Маңызды әлеуметтік талпыныстар - адамның белсенділігін арттырады. Егер адам халқына қызмет етуді, адамзатты, тым болмаса Ұжымын материалдық немесе рухани жағынан байыта түсуді мақсат түтса - онда осы мақсат алдағы міндетті орындауға қажетті қуат береді. Керісінше, идеялық талпынысы жоқ, күнделікті күйкі тіршілікпен немесе той-даңғазалықпен өмір сүретін адам қоғамдық іске күш жұмсағысы келмейді, қабілетті дамытуға қажетті қуат пен белсенділік көрсете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |