Сезім және қабілет. Іске деген сүйіспеншілдік, оған шын берілгендік - талант пен қабілеттің дамуы мен көініс беруінің басты шарты.
Іске беріле, құмарта қарау, әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын, оның нәтижелерін, табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының (адамның шығармашылық ісінің объектісі ретінде) жеке адамға қалайша әсер етуінің күш-қуатын түсіне білумен тығыз байланысып жатады. Эмоциялық әсерлену күші бір жағынан объектінің сипатымен, екінші жағынан адамның сезімталдығымен анықталады.
Ерік сапалары және қабілет. Шығармашылық істің қандайы болмасын адамның барлық күш-куатын жұмсауды қажет етеді. Шабыттану мен көңіл тасудың уақытша жылт етуі үздіксіз қажырлы еңбек етуді қамтамасыз ете алмайды: бұл үшін жүйелі және белгілі тәсілмен еңбек етуге қол жеткізетін, кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін жігер қажет.
Мақсаттан қайтпау, батылдық, ерлік және өзін-өзі ұстай білу, табандылық және дербестілік - бұлар аса дарынды, көрнекті қайраткерлер де бөлек емес болатын ерік сапалары.
Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адамның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты. Іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайтыны - табиғи нәрсе. Сондықтан көптеген дарынды адамдардың өз жетістіктеріне баға бергенде еңбекқорлық пен жұмысқа қабілеттілікті бірінші орынға қоятыны тегін емес. Эдисон ез жетістігіндегі еңбек пен дарын ролін бағалай келіп, мұнда тек бір пайыз қана даналық, ал оның есесіне 99 пайыз маңдай тері бар деген.
Жұмысқа деген зор қабілеттілік еңбек үрдісінің жэне мұрат тұтқан нәтижесінің салдары ретінде туады, сондай-ақ ол тұрақты еңбек эдетінің нәтижесі. Жұмысқа қабілеттілікте, әрине, табиғи ерекшеліктің де, мэселен, типологиялық қасиеттердің де (төзімділік) үлесі бар. Өнімділік - жұмысты тиімді үйымдастыруға, демек, жеке адамның жинақылығына тэуелді. Еңбек сүйгіштік - қабілеттің дамуына, тәжірибенің молаюына, білімнің, іскерлік пен дағдының калыптасуына тәуелді. Іс-әрекет үстінде қабілеттердің негізін құрайтын жүйке жүйесінің табиғи қасиеттері де дамып, машықтана түседі жэне әрекеттің құрамына енетін компенсаторлық және қосымша механизмдер жасалады. Соларға қарай қабілет туралы белгілі пікірге келуге болады.
Оқушыларды бақылай отырып, мұғалім біреулерін - қабілеті жақсы, екінші біреулерін - қабілеті шамалы деп негізсіз айта алмайды. Былай да болып шығады: оқушы математикаға қабілетті, бірақ өз ойын ауызша не жазбаша білдіруге нашар немесе тіл, әдебиет, жалпы гуманитарлық ғылымдарға деген қабілетін керсете алады, бірақ оған математика, физика, техниканы үйрену қиынға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |