Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелік жайлы мэселені дұрыс шеше білу зор педагогикалық мәнге ие



бет10/10
Дата19.06.2022
өлшемі121 Kb.
#37043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -adamnyn-basqa-qasietteri

Қабілеттілік деп - адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына көмектесетін психикалық қасиеттерді айтамыз.
Қабілеттілік тек іс-әрекетте ғана көрінеді. Қабылдауда, мысалы, бояу түстерінің болмашы айырмашылығын байқау, заттарды бірден "көре білу", пропорционалды қатынастарды түсіну (суретші жұмысында), абсолюттік есіту (музыкамен айналысқанда), байқағыштық (іс-әрекеттің өте көптеген түрлерінде) т.б. көрінеді. Кейбір қабілеттіліктер жадында жақсы қалдырумен байланысты (мысалы, оқу материалын тез де берік игеруге қабілеттілік, оны жеңіл және дәл қайта айтып беру). Адамның ойлау қызметінде (материалды түсінуі, қиын есептерді шығару, ойының тереңдігі, сыншылдығы, тапқырлығы) қабілеттілік айқын көрінеді. Қабілеттілік үшін, эсіресе жазушы, өнер тапқыш еңбегінде қажетті, шығармашылық қиялдың үлкен маңызы бар.
Қабілеттілік білім, ептілік, дағды негізінде көрініп, дамығанмен олармен ғана шектеліп қоймайды. Сондықтан баланың білімінің шамалылығын, оның қабілетінің жоқтығынан деп қалмас үшін оқушылардың қабілеттілігін анықтауда өте сақ және ұқыпты болу керек. Қандай да бір себептерден мектепте нашар оқыған, болашақта ірі ғалым болып шыққандар жөнінде кейде осындай қателіктер жіберілген. Осы себептен де қабілеттілік туралы қабілетінң нашарлығы емес, білімінің аздығын көрсететін кейбір қасиеттері негізінде ғана қорытынды шығару дұрыс болмас еді.
Қабілеттілік - жалпы және арнаулы қабілеттілік болып бөлінеді. Жалпы қабілеті күшті адам қызметтің эр түрімен де ойдағыдай айналыса береді. Жалпы қабілеті бар оқушыларға әдетте, барлық пән жеңіл түседі де жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік адамның қызметтің белгілі бір түрімен табысты түрде айналысуына мүмкіндік береді. Мысалы, математикаға, техникаға, әдебиетке, музыкаға, бейнелеу (көркем) өнеріне т.б. қабілеттілік.
Қорытынды
Қоғамдық өмірде, ғалымда, әдебиетте, өнерде т.б. принциптік тұрғыдан жаңа нәрсені ашқандар данышпан болып есептеледі.
Данышпан адам шығармашылығының өнімі іс-әрекеттің қандайының болса да дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Данышпан адамдар адамзат дамуындағы жол көрсеткіш жарық жұлдыз қызметін атқарады, тарихи тұлға болып табылады.
Адамның қаблеттілігі, жоғарыда айтылғандай, оның бейімділігімен тығыз байланысты. Сондықтан қандай да бір іске ынта қоюымен жиі айналысу - іс-әрекеттің осы түрдің қабілетінің барлығын көрсетеді.
Қабілеттілік таза ой еңбегі үстінде, мысалы, ғалым, жазушы, конструктор т.б. айналысатын еңбекте ғана көрініп қоймайды. Қабілеттілік дене еңбегінде де әсіресе қызметті "жоғары" және "төмен" деп бөлмейтін, қарапайым жұмысшыны немесе ауыл шаруашылық еңбеккерлерін техникалық озық шығармашылықпен айналысуға, жаңалық табуға, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуге бастап отырған біздің елімізде көрініп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет