1-
қосымша
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» КАБИНЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1.
Жалпы ережелер
1.1 Осы ереже ҚР «Білім туралы» Заңына, «Жалпы білім беретін
мекемелерде оқытуды ұйымдастыру, мазмұны және жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға», Қазақстан Республикасындағы
орта білімнің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген.
1.2
«Өзін-өзі тану» оқу кабинеті – бұл «Өзін-өзі тану» пәні бойынша
қолданыстағы Мемлекеттік білім стандарттарына, оқу жоспарлары және
бағдарламаларына толық сәйкестікте оқушылармен оқу және сыныптан тыс
қызметі жүргізілетін, көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһаздармен
және техникалық құралдармен жабдықталған мектептің оқу жайы.
1.3
Оқу кабинетінің жабдықтары СанЕмН-ға сәйкес келіп, өзін-өзі тану
мұғалімінің түрлі әдістемелік тәсілдерінің және педагогикалық міндеттерінің
алуан түрлілігінде, «Өзін-өзі тану» пәнін тиімді және жайлы оқыту үшін;
рухани таңдау негізінде жеке тұлға үшін мәнді мәселелерді шешу тәжірибесінің
қалыптасуына мүмкіндік беруі керек.
2.
«Өзін-өзі тану» оқу кабинетіндегі сабақтар әр оқушының өзінің ішкі
жан-дүниесін сезінуіне, өзінің даралығын санасынан өткізуіне және келесідей
түбегейлі, өмірлік-маңызды құзыреттіліктерді мақсатты дамыту арқылы жеке
тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуына ықпал етуі қажет:
•
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
•
түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларына сәйкес сындарлы түрде
шешу;
•
өзіне, өзге адамдарға және қоршаған ортаға қатысты ізгі қатынастарды
орнату;
•
қолынан келгенше адамдарға, қоршаған ортаға қол ұшын беру, туыстары
мен жақын адамдарына қамқор болу;
•
өз-өзімен үйлесімділікте өмір сүру: пейілі, сөзі және іс-әрекетінде
шынайы болу;
•
жасампаздық белсенділік, азаматтық және елжандылық таныту;
•
адамгершілікпен таңдау жасауға дайын болу және өз сөзіне, пейіліне
және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау;
•
қоғамға қызмет ету дағдысын іс жүзінде дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |