Қорытынды
Мектеп кабинеттерін минималды жарақтандыру Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын іске асыру үшін қажет жағдайлар туғызады
және келесі мәселелерді көздейді:
− оқу процесін кешенді жарақтандыру және оқу жайларын жабдықтау;
− оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
− оқу процесін материалдық-техникалық жарақтандыру;
− оқу процесін ақпараттық қамтамасыз ету.
Оқу жайлары оқу процесін кешенді жарақтандыру келесі мүмкіндіктерді
қамтамасыз ететін жағдайлар жасаудан тұрады: білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің қабілеттерін оқу процесін ұйымдастырудың, қоғамдық-
пайдалы қызметті ұйымдастырудың кез келген формасында анықтау және
дамыту; дарынды балалармен жұмыс, интеллектуалдық шығармашылық,
ғылыми-техникалық
шығармашылық
сайыстар
ұйымдастыру;
білім
алушылардың ерекшеліктеріне, жасына сәйкес жобалық зерттеушілік қызмет
түріндегі білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдары жүзеге асыруы;
денсаулығының мүмкіндігі шектеулі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
білім беру бағдарламаларын меңгеруі және т.б.
Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету оқу процесін
жарақтандыру кешенділігінің параметрлерін; оқу процесі сапасын қамтамасыз
ету параметрлерін; барлық оқу пәндері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік
әдебиет және материалдары болуын; оқу жоспарындағы барлық оқу пәндері
бойынша баспа және білім берудің электрондық ресурстармен және сондай-ақ
қосымша әдебиет қорымен кітапхананы толықтыруды білдіреді.
Оқу процесін материалдық-техникалық және ақпараттық жарақтандыру
ақпаратты жасау және қолдану; ақпаратты түрлі жолдармен алу; эксперимент
өткізу; жобалау және құрастыру және т.б. мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін
жағдай туғызудан тұрады.
Білім беру процесін жарақтандыру:
− білім алушылардың МЖМБС сәйкес білім беру бағдарламасын
меңгерудің жоспарланған нәтижесіне қол жеткізуін;
− оқу және оқудан тыс қызмет, әлеуметтік практика, қоғамдық-пайдалы
қызмет, үйірмелер, клубтар, студиялар және т.б. жүйесі арқылы білім
алушылардың, сондай-ақ дарынды және талантты балалар тұлғасын,
қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын, өзін-өзі іске асыруын
қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс.
38
|