Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет14/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90

 

ПОЭТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМА ТІЛІ

 

 

Ержанова С.Б.

 

ҚазМемҚызПУ филология ғылымдарының докторы 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Поэзия  материалы    образ  да,  эмоция  да  емес,  сөз  деп  тұжырымдаймыз.  Поэзия    сөз 



өнері,  поэзия  тарихы  сөз  өнерінің  тарихы.  “Сөзбен  жеткізушілік”  деген  мектептен  таныс 

термин бұл мағынаны толық ашып береді. 

Лингвистикада      соңғы  кезге  дейін  басымдық  танытқан      грамматиктердің  ілімі 

механикалық  әсер  ететін  дыбыс  заңдарының  көмегімен  тіл  тарихының  әралуан 

құбылыстарын түсіндіруге тырысты және  сондай балама принципін механикалық түсінумен, 

сол  арқылы  табиғи  тарихилық  құрылымды  құрды.  Егер  тарихи  фонетика    саласында  ондай 

механикалық  түсіндірме  елеулі  қиындықтарға  тап  болса,  ал  сөз  құраудың,  семантика  мен 

синтаксистің тілдік құбылыстарының механикасы мүлдем мүмкін болмай қалады. Және шын 

мәнінде  қазіргі  заманғы  лингвистикалық  теориялар  тілдің  дамуында    кейбір  ішкі 

телеологияны көреді. Бұл орайда  лингвистика баяғы бұрынғы тілдің неғұрлым сыртқы және 

жинақталғанынан  (тарихи  грамматика  деп  аталады)  қазіргі  заманғы  тілдік  сананың  

қолданыстағы  және  ағымдағы  құбылыстарын  бақылауға  көшеді,  ол  сөйлеу  қызметінің 

әралуандығы  ұғымын  ілгері  шығарады.    Өмірдің  әр  минутында  біз    ішкі  жан-дүниенің 

ерекшелгіне,  күн  мен  жылға,  жасқа,  сөйлеудің  бұрынғы  дағдысына  және  жаңадан 

иеленгендерге  байланысты  әртүрлі  тілді  қолданамыз…Тілдік  форманың  құрылымын 

“қызмет”  ретінде  (Гумбольдт  пен  Потебнянің  ежелгі  бейнелеулері  бойынша)  қарастыра 

отырып,  біз тілден әртүрлі телеологиялық ұмтылыстарды табамыз, сол арқылы сөздердің ең 

таңдаулысы  мен  сөз  құраудың  негізгі  принциптері  айқындалады.  Тапсырманың    ерекшелігі 

поэтикалық  тілдің  ерекшелігін  белгілеу  үшін  қолданылуы  мүмкін.  Сонымен  қатар  Потебня 

(бұл  орайда  Гердер  және  ісін  ілгері  апарушы  неміс  ғалымдарына  мән  бере  отырып)  сөйлеу 

қызметін  екі  типке  бөлді  –  поэтикалық  және  прозалық    (ғылыми)  тіл;  оның  біріншісінің 

негізгі  ерекшелігін  ол  образдылықта  деп  білді.  Л.П.Якубинский  бұл  мәселеге  жаңаша 

тәсілмен  келеді.  Тілдің  құбылысын  топтастыруды  “сөйлеуші  өзінің    тілдік  материалын 

қандай мақсатқа қолдану тұрғысынан” ұсына отырып,  ол “практикалық тіл” жүйесіне және 



 

93 


поэтикалық тіл жүйесіне бөліп қарайды, онда “практикалық мақсат  соңғы қатарға ығысады 

және  тілдік  үйлесім  өзін-өзі  бағалауға  ие  болады.”.  Өзін-өзі  бағалау-сөйлеу  қызметінің 

ұғымы  (поэтикалық  сөйлеуді    айқындау  үшін  тым  ауқымды  екендігі  күмәнсіз  және  ондай 

қызметтің  көптеген  мысалын,  Якубинский  өзі  келтіргендері,  арнайы  эстетикалық  сипат 

алмайды,  оған  қоса  Якубинский  поэтикалық,  барлық  басқа  эстетикалық  сөз  сөйлеудің 

ілестіруші белгілердің бірі ретінде атап көрсетті.  

Дәлірек  айтқанда,    поэтикалық  шығармада    оның  тақырыбы  жеке  түрде  болмайды, 

тілдік  бейнелеу  құралына  тәуелді  емес,  ал  сөзде  жүзеге  асырылады  және  поэтикалық  сөз 

тәрізді көркемдік құрылымның  сол заңына бағынады.  

Ырғақтық  және  синтаксистік  бірліктердің    композициясымен  тақырыптық  құрылу 

сәйкестігі  тақырыптың  көркемдік  өрістеуінің  белгісі  ретінде  тән  болады:  жекелеген  жеке 

тақырыптар  мағыналық  параллелизммен  өзара  байланысты,  оған    ырғақ  пен  синтаксистің  

саласындағы    тілдік  формалардың  параллелизмі  сәйкес  келеді.  Өлең  тілінің  суреттілігі  мен 

жандылығы  сөзбен    мүсінделген  әр  сипат-бейненің  мағынасын  жарқыратып  ашып  бере 

білуінде. Абайдың" Желсіз түнде жарық ай"  өлеңінің көркемдік  өрісіне (Желсіз-түн, жарық-

ай.  Су  бетінде  дірілдеген  ай  сәулесі,ауылдың  жанындағы  терең  сайда  күрілдеп  тасыған 

өзеннің  даусы)  сияқты  таза  композициялық  бірлікті,  ырғақ  пен    синтаксистік  тұтастықты, 

тақырыптық дәлдікті өзінен-өзі қажет етіп тұрған поэтикалық күшті байқаймыз. 

Поэтиканың  жалпы  немесе  теориялық  міндеттері    поэтикалық  тәсілдерді    жүйелі 

зерттеу,  оларды  салыстырмалы  сипаттау  және  топтастыру  болып  табылады:  теориялық 

поэтика  нақты  тарихи  материалға  сүйене  отырып,  поэтикалық    өнердің    тарихшысы    оның 

алдында  тұрған  индивидуальдық  міндеттерді  шешу  кезінде  қажет  ететін  ғылыми  ұғымдар 

жүйесін  құруы  тиіс.  Поэзия  материалы      -  сөз  болғандықтан,  поэтиканың  жүйелілік 

құрылымының  негізіне  тілдің  фактілерін  топтастыру  жатуы  тиіс,  оны  бізге  лингвистика 

береді. Көркемдік тапсырмаға бағынған осы фактілердің  әрқайсысы  сол арқылы поэтикалық 

тәсілге  айналады.       Мәселен,  Махамбет  ақынның   халықтық  дәстүрді  өз  жайын  суреттеген 

сөз өрнектерімен бере білген мына өлеңінде: 

" Боз ағаштан биік мен едім, 

   Бұлтқа жетпей шарт сынбан. 

  Ел құтқарара ер едім, 

  Жандаспай ақыры бір тынбан. 

  Томағалы сұңқар мен едім, 

   Толғамалы найзамен 

  Толықсып жауға шапқанда, 

   Бір озғанмын жұртымнан. 

Біз  ең  алдымен  ақын  үшін  тілдің  дыбыстары  маңызды  екендігін  көрдік.  Ой  өткірлігі,  

сезім  тереңдігі,  ақынның  өмірдегі  шынайы  жайларды  толғап  айта  білуі  сөз  нақыштарының 

нақтылық сипаты шындықтан алынған бояуды жасап отырғанын байқаймыз. Бұл көркемдік 

шығармадағы  бос  орын  емес,  поэтикалық  образдарды  білдіретін  ретсіз  шу  да  емес,  ол 

көркемдік  бейнелеудің  елеулі  құралы.  Поэтикалық  тілдің  дыбыстары  реттелген  және 

жинақы;  дыбыстардың  айрықша  таңдалуы  және  олардың  айырықша орналасуы  поэтикалық 

сөзді  прозалықтан  ерекшелендіріп  тұр.    Демек,  лингвистикалық  қызметі  жағынан  өлеңдегі 

дыбыстық  өзгешеліктерді  ескере  отырып  оның  бір  бөлімі  ретінде    поэтикалық  фонетика, 

немесе  поэтика  бөлімі  ретінде  эвфония  сәйкес  келетінін  байқаймыз  .  Поэтикалық  фонетика 

саласында,  және  лингвистиканың  тиісті  бөлімінде  мұндай  құбылыстарды  үш  топқа  бөлуге 

болады: 


А)  Бір  жағынан,  реттілік  өзінің  қуаты  жағынан  ерекшеленетін  буындардың 

орналасуына қатысты болады: біз өлеңнен күшті және әлсіз буындардың , яғни бір тілдерде 

ұзақ және қысқа, басқаларында екпінді және екпінсіз болып кезектесіп келетін заңдылықты 

байқаймыз.  Мұндай  сандық  кезектесу  метрика    саласын  құрайды.  Поэзия  үшін  метрика 

мәселелерінің  ерекше  маңыздылығына  орай  поэтикалық  фонетиканың  бұл  тарауы  кейде 

дербес  бөлімге  бөлінеді,  поэтиканың  басқа  негізгі  бөлімдеріне  орайласқан  –  стилистикаға, 



 

94 


композиция  мен  тақырыпқа;  бұл  орайда  “метрика”  термині  жалы  алғанда  поэтикалық 

фонетиканың неғұрлым кең мағынасында қолданылады. 

Б) Екінші жағынан, көркемдік әсердің қайнар көзі дыбыстардың сапалы жағы, дауысты 

және  дауыссыздардың  айырықша  таңдалуы  мен  орналасуы  –  сөзбен  жеткізу  құралдарының 

мәселелері екеніні айқындайды. 

В)  Қорытындысында,  дауыстың  интонациялық  көтерілуі  мен  төмендеуі,  әдеттегі  ауызекі 

тілге тән, поэтикалық тілде  сондай-ақ көркемдік реттілікке бағынатынын дәлеледеп тұр. 

Сөздің құралуы мен сөздің өзгеруі туралы мәселе поэтикада   лингвистикадағыдай  сол 

мағынаны иелене алмайды; сөздің әр формасы ақынға дайын және аяқталған түрде берілген, 

және тек айырықша жағдайларда ғана ақынмен грамматикалық құрылу фактілеріне “нұсқау” 

беріледі.  Ондай  құбылыстар  қатарына  әдеттен  тыс    практикалық  сөз  сөйлеуде    ерекше 

морфологиялық  категорияларды  қолдану  жатады:  мысалы,  құрамдас  сөздерді  кеңінен 

қолдану  “құрамдас эпитеттер”, немесе тиісті  сын есім  - эпитет орнына бөлінген зат есімді 

қолдану. 

Сөздің  мағынасын  зерттейтін  лингвистика  бөлімі  семантика  (немесе  семасиология) 

деген атауды алды. Поэтиканың айрықша бөлім ретінде семантика поэтикалық сөзде  сөздің 

мағынасы проблемасын қарастырады. 

Семантикаға  ең  алдымен  поэтикалық  тақырып  ретінде  сөзді  зерттеу  жатады.  Заттық 

мағынасы бар әрбір сөз суреткер үшін поэтикалық тақырып, көркемдік  ықпал етудің  өзіндік 

ерекшелігі  бар тәсілі болып табылады, сонымен бір мезгілде ғылымның тіліндегі сияқты ол 

жалпы  ұғымнан  бөлінген  белгілеу  ғана.  Мәселен,  лирикада  тұтас  поэтикалық  бағыт  өзінің 

сөзбен жеткізу тақырыптарының басымдығымен айқындалуы аз кездеспейді.; мысалы, ақын-

сентименталист  (Маралтай.Райымбекұлы  «Сентиментальды  құбылыс»)  үшін  “мұңды”, 

“шаршаған”,  “ымырт”,  “көз  жасы”,  “қайғы”,    және  т.  сөздер  тән.  Жақын  араға  дейін 

поэтиканың  осы  бөлімі  үшін  символика  атауы  ұсынылып  келді;  бірақ  сөзбен  жеткізу 

тақырыптарын символдар деп атайтын болсақ, онда біз  ерекше поэтикалық тропты “символ” 

сөзімен белгілейтін дәстүрлі терминологияға қарсы шығамыз. 

Мұндай  екі  жақтылық    стилистика  саласында,  яғни  поэтикалық  тіл  туралы  ілімде 

байқалады.  Поэзияның  негізгі  тақырыптық  элементі    -  сөзбен  жеткізілетін  тақырыптарда, 

яғни  поэтикалық  семантикада  (символикада).  Суреткердің    композициялық  тапсырмасы, 

дыбыстық  және  мағыналық,  сөз  материалында  метрикалық  және  синтаксистік  құрылымда 

бейнеленеді.  Бірақ  поэтикалық  шығарманың  сөздің  материалында  жүзеге  асырыла  отырып, 

сөзбен жеткізу-стилистикалық талдаумен бітпейтіні де болады.  Поэтикалық образға сөздегі 

образға  берілетін  атау  берілуі  мүмкін,  атап  айтқанда:  белгі,  символ,одан  ұғым,  ішкі  түр 

туындайды.  Сыртқы  түрі  поэтикалық  шығармаларды  қабылдаудың  және  басқа  өнерлерден 

ажыратудың  шартты  тәсілі.  Сөздегі  ұғымға  поэтикалық  шығармадағы  образ  (немесе 

образдардың белгілі тұтастығы) сәйкес келеді. 

Сонымен,  поэзия    көрнекілік  және  образдық  мағынада    суретпен  немесе  музыкамен 

бәсекелесе  алмайды.  Поэтикалық  образдар    суъбективті  және  ауызша  сөзбен  жеткізілетін 

ұғымдардың  қосымша  құбылысы  болып  келеді.  Бірақ  ол  образдық  өнерге  қарағанда  жұтаң, 

ұғымдардың көрнекілігіне қатысты  сөз бен поэзия, бір жағынан, өзінің саласын иеленеді, ол 

басқа  өнерлерге  қарағанда  мүмкіндігі  өте  жоғары.  Оған  ең  алдымен  формальдық 

байланыстар  мен  қатынастардың    кең  ауқымды  тобы  жатады,  олар  өзіне  сөзбен  бейнелеу 

табады, бірақ басқа өнерлер үшін ол мүмкін емес.  

Өлеңді  талдау  поэтиктердің  толықтай  құзыретіне  жатады,  және  оның  соңғысын 

лингвистиканың  поэтикалық функцияны  тілдің басқа функциялары мен оның қатынастарын 

қарастыратын  бөлігі ретінде айқындауға мүмкіндік береді.  

Поэтикалық  тәсілдердің  жекелеген  түрін  зерттеумен  поэтиканың  міндеттері  бітіп 

қойған  жоқ.  Ғылыми  абстракцияда  жекелеген  тәсілдерді  оқшаулап,  оларды  дербес  зерттеу 

керек. Көркем шығарманың нағыз тұтастығында  олар бір-бірімен тығыз байланысты, оның 

фонетикалық,  морфологиялық,  мағыналық  және  синтаксистік  қасиеттері    әрбір  сөзде  

байланысты болатынын ескеруіміз керек.  



 

95 


 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. А.А. Потебня. Эстетика и поэтика М,1976стр-72 

2. Гумбольдт. О различии человеческого языка и вляний этого на умственное развитие 

человеческого рода. СП,1985-38стр 

3. С.И. Сухих. Теоретическая поэтика, А.А.Потебний. Нижний Новгород, 2001-214стр 

4. З. Қабдолов. Сөз өнері, Мектеп,1975-178б 

 

Түйін

 

Бұл мақалада поэтикалық шығарма тілі жайында айтылған.  

                               ҚАЗІРГІ  ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАР ЖӘНЕ ИСЛАМ 

 

Есекешова  М.Д.



 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 

Астана қ., Қазақстан Mapal –astana@mail.ru 

   


Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ 

деген  сөздерді  жиі  еститін  болдық.  Әлбетте,  қай  халықтың  да  болмасын, мемлекеттік  даму 

стратегиясында  жастарға,  жас  буынға,  олардың  тәрбиеленіп,  ортаға  сай  озық  білім  игеріп 

шығуына  баса  назар  аударылады.  Бүгінгідей  ақпарат  пен  техникалық  жаңалықтар  кезек 

шарпыған  заманда,  оқуға,  ғылымға,  тәжірибеге  сүйеніп,  бұл  салалардағы  жетістіктерге  иек 

артқан  дұрыс-ақ.  Алайда  жастардың  саналы  азамат  болып  қалыптасуының  кілті  тек  құрғақ 

білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз. 

Адам  баласының  тура  жолдан  адаспай,  толық,  кемел,  ақыл-есі  түзу  азамат  қатарына 

жетуі  оның  жас  шағында  алатын  тәрбиесіне,  ата-анасының  мейірім  көрсете  алуына 

байланысты.  Жасыратыны  жоқ,  бүгінде  космополиттік  идея  кеуделерін  улап,  туған  ұлтына 

жандары  ашымайтын  «мәңгүрт»  типіндегі  жастардың  көбейіп  келе  жатуы  алаңдатарлық 

жайт. Бұған «жол беріп жатырсың» деп, жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден 

сүзіліп,  қорғаншақтық  күйге  ұшыраған  аға  ұрпақ  өкілдерін  кінәлау  қиянат  та  болар.  Әйтсе 

де,  кез  келген  нәрсеге  көзді  жұмып  қарау,  сүйекке  сіңген  салғырттық,  көзді  байлап,  көрер 

алдымызды  тұмшалап  тастаған.  «Құлдық  психологиядан»,  қараңғы  қорқыныштан,  ит 

түртпектен  арыла  алмай  отырғанымыз  шындық.  Мына  мәселеге  де  байыпты  көзқарас 

танытқанымыз  жөн. Тәуелсіздік  алған  кезден  былай  қарай  он  бес  жыл  уақыт  ішінде  өмірге 

келген  ұрпақ  бойында  ерекше  ұмтылыс,  ерекше  қуат  сезіледі.  Қоғам  мен  адамды  қатар 

шырмаған  қат-қабат  қиындықтардың,  дауасыз  даулардың  көп  уақыт  өтпей,  күні  бітеріне 

күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді 

жаһанданудың  жойқын  соққысына,  тілсіздік  дертіне  ұрындырып  алмай,  өз  ұлтының 

мәдениет  мәйегінен  алшақтамай  өсуіне  жол  ашуымыз  керек.  Ол  үшін  жүріп  өткен  ізімізге 

тағы  бір  бұрылып,  жеткен  жетістіктерімізді  салмақтап,  рухани  құндылықтарымызды  ұрпақ 

санасына  ендірген  абзал.  Бабаларымыздың  қастер  тұтып,  атадан  балаға  аманаттап, жүрекке 

дарытып  келген  асыл  қасиеттері  көп-ақ.  Халқымыз  сырт  көзбен  емес,  жүрекпен  ұғатын 

адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген.  

Имандылық, 

әділеттілік, 

ізгілік, 

мейірімділік  мұраттарын  терең  игеруге  күш  салған.  Мал  –  мүлкінен,  дәулетінен  иманын 

жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының 

тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді 

алдап,  біреуді  арбаған»  жандар  кездесіп  отырған  кезде  мұндай  сөздің  маңызы  да  жоғары. 

Жиған  –  терген  дәулетіне  жүрегін  байламай,  одан  да  биік  нәрсе  бар  деп  білген 

аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне  біраз толғаныс жасап,оны дәріптеу мен 

үшін маңызды. 



 

96 


  Иман  –  қазақ  халқының  рухани  дүниетанымындағы  парасат  пайымымен  сабақтасып 

жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты 

тірегі  –  осы.  Барлық  бет  –  болмысының,  мінез  –  құлқының  айнасы.  Яғни,  Шәкәрім  атамыз 

айтқандай, 

 Кімде болса шын мінез, 

                                                        Болмас онда екі сөз. 

                                                                 Өлтірсе де көзбе – көз 

       Иманын сатып алмас бөз, - 

дегендегі  иман.  Имандылық  деген  бір  ғана  сөздің  бойына  ұят,  ар,  ынсап,  қанағат 

сықылды  бүкіл  жақсы  қасиеттер  түгел  сыйып тұр.  Қазақтың  жүзі  жылы  жанды жолықтыра 

қалса,  «бетінен  иманы  төгіліп  тұрған  адам  екен»  немесе  «иманжүзді  кісі  екен»  деп  сөз 

етісетіні де сондықтан. Тіпті  адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де 

негізі  имандылықтан  басталады.  Оны  Абай  атамыз  «үш  сүюмен»  байланыстырып, 

«иманигүл» деп ат береді: 

Махаббатпен жаратқан адамзатты, 

 Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. 

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп 

                                                  Және хақ жол осы деп әділетті. 

Дәстүрлі  қазақ  руханиятынан  тамыр  тартып,  нәр  алған  данышпан  тұлғалардың  елді 

жақсылыққа  үндеудегі  көптеген  ой  –  пікірлерінің  имандылық  маңына  келіп  тоғысатыны 

шындық.  Кешегі  «біз  барлық  қайратымызды  ел  үшін  еселеп  жұмсайық.  Халық  түзеуді  жол 

қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие  беру үлгісін 

имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн 

деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының 

дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ.  

Имандылық  қасиеттің  сырына  тереңірек  үңілетін  болсақ,  қазақ  халқы  имандылықтың 

үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Өзін сол  ұлттың өкілімін деп санайтын 

адам сол ұлттың  дінін де жақсы білуі керек. Дін деген нәрсенің ұлттық рухқа тікелей қатысы 

бар. Қарап отырсаң, дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші, тәртіпке 

салушы күш бар. Мұның өзі – ерекшке күш. 

Ұлт  мәселесі  төңірегінде    әңгіме  айтқан  кезде  дін  сырттан  келген  нәрсе  екен,  бүкіл 

дүние  жүзіне  тарап кеткен идеологиялық  құрал екен деп қарау мүлдем дұрыс емес. Оның 

ұлттық  дүниетанымдық    психологияға,  санаға,  тәртіп  пен  тәрбиеге  үлкен  әсерін 

тигізетіндігін айтқан жөн. Дінсіз ұлт, халық болмайды. 

Қандай  халық  болмасын,  өзінің  тарихи  тағдырына  байланысты  дінді    белгілі  бір 

идеологиялық сананы тәрбиелеуші құрал ретінде  өзінің бойына қабылдап алған. Біздің қазақ 

халқының    тарихи  тағдыры  ислам  дінімен  байланысты.  Ислам  діні  –    біздің  ұлт    болып 

қалыптасуымызға,  халық  болып,  тәртіпті,  тәрбиелі  ел  болып,  өмір  сүруімізге  көп  қызмет 

еткен  дін.  Кейінірек  марксизм  ілімінің  билеп–төстеуіне,  идеологиямыз  болған  коммунистік 

тәрбиеге  байланысты  діннен  сырт  айналып,  оны  мүлдем  теріске  шығарғанымыз  бәрімізге 

белгілі.   

Бүгінгі таңда  тәуелсіздікке, халқымыздың азаттығына  байланысты ой, ойлау еркіндігі 

ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да бізге тәрбиелік құрал бола алатын нендей  нәрселер 

керек  деген    мәселеге  көңіл  бөліп  отырмыз.  Толық  өркениетті  ел  болу  үшін  дін  өте  қажет 

деуден аулақпын. Бірақ, ислам дініндегі екі нәрсе тәрбиемізге сәйкес келетін сияқты. Сол екі 

нәрсенің  бірі  –  иман.  Адам  баласының  иманжүзділігі,  өзінің  жеке  басының  тәрбиелілігі 

жүректен шығып жататын нәрсе екенін   сезіну– өте бір қажетті  дүние. Осыған байланысты 

үлкен бір психологиялық сезім бар, ол–сенім, бір нәрсеге сену. Жетпіс жыл бойына осыдан 

ажыратуға  көп  күш  жұмсалды.  Өйткені,    ақты  қара  деп,  қараны  ақ  деп  көрсетуге,  иә 

күнделікті  толып  жатқан  мәселелердің  оңын  теріс,    терісін  оң  деп  дәлелдеуге    тырысу  – 

адамды  сенім  деп  аталатын    сезімнен  бездіруге  алып  келді.    Бұған  байланысты  көп  нәрсе 

айтуға  болады.  Бірақ,  адам  баласының  миында  бір–ақ  сенім  бар.  Олай  дейтінім–миды  



 

97 


бөлшектеп тастауға болмайды. Бұл жердегі менің айтқым келгені– дінге байланысты, сенімге 

байланысты, яғни Аллаға сену. Жалпы, Алла–әрқайсысымыздың  жүрегімізде деген мәселе. 

Адамның  арына,  ұятына  сену  керек.    Осы  Аллаға  сену  ұлғайып  барады–дағы  жалпы  сенім 

деген  сезімді  тудырады.  Осыдан  барып  басқа  сенім  түрлері  шығады:  болашаққа  сенім, 

адамның  белгілі  бір  қасиеттеріне  сену,адамға  сену,  баланың  әкеге,  әкенің  балаға  сенуі. 

Адамаралық күнделікті тұрмыста сенім дегенің адамға қуат беретін күш.  Адам мен адамды 

жақындататын,  адамды  біріне–бірін  танытатын,  жақсыға  сеніп,    жаманға  сенбеуді  ажырату 

үшін  де  керек  нәрсе  бұл.  Сондықтан  иман  деген  нәрсе,  иманжүзділік  деген  сеніммен 

байланысты.  Діннің  қуатты,  күшті  жері  –  адамның  бойында  сенім  деген  сезімді  тәрбиелеу. 

Жалпы,    тәрбиелеу  тек      дін  арқылы  ғана  болады  деген  ой  тумауы  керек,  өзі  адамаралық 

қарым  –  қатынаста    жалпы  заңдылықтар  болу  керек  Менің  айтып  отырғаным  –  діннің 

прогрессивтік – тәрбиелік мәні. 

Дінмен  қатар  жүретін  мәселе  –  шариғат  деген  ұғымға  қатысты.  Мұның  дегенді 

білдіреді.  Шынында  да,  заң  жөнімен  өмір  сүру  –  керек  нәрсе,  өйткені,  қауымдасып, 

қоғамдасып өмір сүргеннен кейін белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа бағынбаса, онда адам мен 

адамның  арасындағы  қарым–қатынас  мүлдем  бұзылып  кеткен  болар  еді,  сөйтіп  бірін–бірі 

тану мүмкін болмас еді. Сондықтан шариғат та қажеттілік. Жалпы, бұзақылыққа тыйым салу, 

белгілі бір жағдайда кімге де болсын шара қолдану қажет қой. Осының бәрі діннің қажет те, 

қасиетті  шаруаларының  бірі  дегенді  аңғартпай  ма?  Дін  біздің  ұлтты  көп  нәрсеге  үйретті 

деуім  де  осыдан.  Діннің  арқасында  мынау  кең  далада  шашырап  жатқан  біздің  көшпенді 

халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған. 

Біздің дініміз ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына  кең тарап, 

жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – 

тіршілігімен  қабысып  кеткен  ақиқат  дін  –  Ислам  діні.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  жайған 

діннің  ең  тазасын  қаймағын  бұзбай,  сол  қалпында  елдің  санасына  жеткізген  әулие 

аталарымыз.  Халқымыз  имандылық  нұрының  бастауларын  сондай  жүрек  көзі  ашылған 

перзенттерінен  алды  деп  толық  сеніммен  айта  аламыз.  Ислам  -  тұнып  тұрған  рақым  діні. 

Сөздікте  сәлем  -  есендікке  жеткізу,  бейбітшілік,  адамдардың  бір-біріне  сенім  көрсету, 

бейбітшілік  орнату  деген  мағынаны  береді.  Алла  тағаланың  бір  есімі  де  -  сәлем.  Әлемді 

сүйіспеншілікпен  жаратқан  Жаппар  Иенің  ақырғы  пайғамбары  да  жер  бетіне  бейбітшілік 

орнату үшін жіберілген. Пайғамбарымыз (с.г.с): «Жақсы іс - таныс, бейтаныс кісілерге сәлем 

беру»,  -  деп  баяндайды.  Яғни,  адамзатқа  бейбітшілік  нұрын  шашу,  Алла  тағала  Құран 

Кәрімде Пайғамбарымыз (е.ғ.с) жайлы: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік», - 

дейді,  Ол  -  рақым  пайғамбары.  Шұғара  сүресінде  Алла  тағала  Пайғамбарына:  «Олар  иман 

етпеді  деп  катты  мұңайып,  өзіңді  өзің  жеп  бітіруге  шақ  қаласың»,  -  дейді.  Оның  халифасы 

Омар да бір християн дініндегі қарияны көріп, көзіне жас алады. Неге жылағанын сұрағанда, 

ол:  «  Мына  қария  осы  жасқа  келгенше  мұсылман  бола  алмапты»,  -  дейді.  Яғни,  ол  әлгі 

християнның  өмірін  ойлап,  жылаған.  Назар  салсақ,  үш  діннің  де  рухында  рақымшылдык, 

жылылық,  шапағат  бар.  Ендеше,  қазіргі  таңда  үш  дін  адамдарының  үш  жақ  болып,  бір-

бірлерімен  алауыз  болулары  ұстанған  діндерінің  негізгі  ұстанымдарына  қайшы  келеді. 

Ислам  барлық  пайғамбарлардың  жүріп  өткен  жолын  құрметтейді.  Өйткені  мұсылмандар 

адамзатқа  жіберілген  барлық  пайғамбарлардың  алып  келген  діндерінің  түп  негізі  бір 

екендігін және барлығы да бір жаратушыға бойұсынуды уағыздағандығын жақсы біледі.  

Құранда  Алла  тағала:  «Ей,  Мұхаммед,  сен  айт!  Біз  бір  кұдайға  иман  келтірдік,  біз 

өзімізге  түсірілген  (Құранға)  Ибраһимге,  Исмайылға,  Ысқаққа,  Жақыпқа  және  олардың 

ешқайсысын  алаламаймыз.  Біз  Аллаға  бойұсынғандармыз»  (Әли  Имран»  сүресі.  84-аят),  - 

дейді.  Дәлірек  айтар  болсақ,  Ислам  Мұса  (ғ.с).  Иса  (ғ.с.)  т.б.  пайғамбарлардың  баршасын 

құрметтейді.  Бұрынғы  християндар  мен  яһудилердің  біразы  Мұхаммедтің  (сл  .с.)  алып 

келген  шариғатын  мойындаған,  тіпті  олардың  кеибіреулері  ақиқатты  іздеу  жолында 

Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) жүздесу үшін Арабияға сапар да шеккен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет