Министерство образования и науки республики казахстан


РУНА ТАҢБАНЫҢ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет20/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90

РУНА ТАҢБАНЫҢ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ

 

 

Қарамендина Мағжан Өміртайқызы

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Түркі руна әліпбиі графикалық белгілерге өте бай, мұның өзі ұзақ даму кезеңін бастан 

өткізгенде ғана қалыптаса алады. А.С.  Аманжолов: «Бұлар, әрине, көне әліпбилерден жеке-

жеке  де  жиналып  алынбаған.  Белгілі  бір  әліпбиден  нақты  бастау  алды  деп  те  айту  қиын. 

Шамасы, әліпбилік жазудың өте көне ортақ бастауы болған шығар»-дейді [1.58].   

А.М. Щербак дерегі бойынша: алғашқы қолданыста болған кезеңінде руна  қарапайым 

емес  элиттік  жүйе  болғандықтан  және  белгілі  дәрежеде  құпия  жазу  ретінде  жүргендіктен 

әрбір  таңбаға  нақтылы  және  дәл  келетін  материалдық  прототип  табу  мүмкін  емес.  Руна 

әліпбиін жасаушы басқа жазулардың таңбаларын кеңінен пайдаланды, бірақ оларды көшіріп 

алған  жоқ;  ол  басқа  жазу  жүйелерінен  мүлдем  өзгеше  жазу  жасап  шығаруды  өзіне  мақсат 

етіп қойды. Сондықтан да руна белгілеріне прототип іздеудің жөні жоқ, дегенмен де олардың 

жеке  белгілері  арамейден  бастау  алатын  әліпбидің  таңбаларымен  жартылай  немесе 

толығынан  сәйкес  келетіндігінде  күмән  жоқ.  Тағы  да  айта  кететін  жәйт,  әліпбиді  жасаушы 

басқа  жазбалардың  таңбаларын  өзгертумен  шектеліп  қоймады,  рунаның  бір  бөлігі,  оның 

ішінде  ең  әуелі  түп  негізі  азды-көпті  пиктограммалар  қатарына  жататындары  қайтадан 

жаңартылып жасалды [2].  

Түрік  бітік  таңба-әріптерінің  бірнеше  түрде  таңбалануының  себебі  таңбалық  бірлі-

жарым өзгертулер мен толықтырулар болғандығын көрсетеді.  

Далалық  көшпелілердің  протожазуының  ілкі  үлгісі  (тұрпаты)  идеограмма-таңбалар 

формасында болды, ал одан арғы кезеңдерде түрік бітіктің ұйытқысы, оны қалыптастырушы 

тұлғасына айналды [3]. 

А.М.  Щербак  өзінің  мәліметтеріне  сүйеніп,  руна  әліпбиінің  мақсатты  түрде  белсенді 

қолдану  кезеңі  Шығыс  қағанат  түркілерінде  ҮШ  ғасырдың  басынан  ІХ  ғасырдың  басына 

дейін  созылғанын,  яғни  бір  ғасырға  жуық  уақытты  қамтығанын  айтады.  Мұның  өзі  ІХ 

ғасырдың  ортасында  немесе  Х  ғасырдың  басында  руна  әліпбиі  мүлде  қолданыстан  шықты 

деген  сөз  емес.  Негізінен  оның  атқаратын  қызметі  өзгерді,  бастапқы  міндеті  күшін  жойды. 

Себебі көне түркілердің жалғыз ғана жазу жүйесі болған жоқ. Руникамен қатар соғды әліпбиі 

және соның негізінде өзгертіліп, жаңартылған ұйғыр, сол сияқты манихей жазуы қолданыста 

болды [ 2]. 


 

132 


Манихей дінінің негізін салушы Мани, м.к. 216 ж. Бабилонияда дүниеге келген. Мани 

Бабилонияның  байырғы  нанымдары  және  Будда,  Зороастра,  пайғамбары  Иса  болған 

Христиан  сияқты  діндердің  негізгі  қағидаларын  араластырып  жаңа  бір  сенім  құрастырады. 

Ал  манихей  жазуының  өзі  несторлық-христиан  арқылы  сирияның  інжіл  жазуы 

«эстрангелодан» дамыған. Манихей әріптік жазумен жазылған көне түркі ескерткіштері «он 

тайпалық»  (он  оқ)  батыс  түркілердің  арасында,  басқаша  айтқанда,  «он  тайпалық  ұйғыр» 

немесе түргеш ішінде жасалған. Одан кейін «тоғыз тайпалық оғыз» немесе «тоғыз тайпалық 

ұйғыр»  арасына  жайылды.  «Ұйғыр  жазуы»  деп  аталып  жүрген  әріптік  жазу  ҮШ  ғасырда 

жаңа  соғды  әліпбиі  негізінде  пайда  болған.  Ұйғыр  жазуын  түркі  тілдес  найман  мен  керей 

тайпалары  пайдаланған.  Қазақ  хандарының  да  Абылайдың  тұсына  шейін  ұйғыр  жазуын 

қолданғаны  туралы  дерек  бар.  «Тәңіршілік»  болса  манихейшілік  ұғымның  ежелгі  аспан 

культімен  араласқан  формасы  екен  [4].  Мани  дінінде  зороастризмде  болғанындай  жарық 

беруші  Күн  мен  Айға  табыну  ғибадаттары  бар  еді.  Манидің  шешесі  224  ж.  құлаған  арсак 

ханаданының нәсілінен және отқақұл еді.  Аршак әулетінің төрт тармағы болған: парфяндық, 

армян, үнді және массагет аршакидтері. 

Аршактардың діні отқақұл (зороастра) болған. От - Күннің бір бөлшегі. Ерте замандағы 

түсінік  бойынша  от  тектес  заттардың  бейнесі  төрт  жақты,  осыдан  келіп  төрткүл  дүниені 

билеуші деген мағынадағы ақсүйек төрелердің тарақ таңбасының бірнеше нұсқасы шығады. 

Демек, патша таңбаларындағы бейнелер солярлық жануарлар бейнесімен байланысты болды, 

ол  «Тәңірдің  ұлы»  титулының  нақты  үлгісі  және  «Тәңір  сияқты»  дүниенің  төрт  жағының 

билеушісі  деген  формуланың  рәмізі  болды.  Ал  таңбалар  –  солярлық  инвеститураның 

идеясын білдіретін осы формуланың жазбасы болды [5]. Н.А. Константинов дерегі бойынша: 

Боспор  патшалығы  аймағынан  б.з.1-1Ү  ғғ-ның  мәдени  қабаттарынан  өте  көп  жұмбақ 

таңбалар табылды. Мұнда жұмбақ графика мемлекет тарапынан қолдау тауып, грек тілімен 

қатар ресми үкіметтің жазуы мәніне ие болды. Б.З.Ш-1Ү ғғ-да варварлық шапқыншылықтан 

кейін  Боспор  патшалығының  экономикалық  құлдырауы  салдарынан  жұмбақ  графика 

жойылды.  Б.з.  Ү  ғ-нан  бастап  бұл  графика  Херсонесте  шұғыл  дами  бастады.  Осы 

Херсонестегі,  Эски-Кермендегі  және  Мангуптағы  таңбалардың  100-ге  жуық  типі  нақты 

боспорлық  жұмбақ  таңбалар  жүйесіне  жататындығы  маңызды  факт  болып  табылады. 

Салыстырып  қарағанда,  Евангелияның  барлық  әріптері  дерлік  Қара  теңіз  маңы  жұмбақ 

графикасымен типі бойынша ұқсас келді [6].  

Славян  жазуына  сан  жағынан  да  сапа  жағынан  да  неғұрлым  ұқсас  келген  корсун 

(Херсонес)  таңбалары  болды.  Көне  албандардың  тілі  туралы  Страбонның  мәтіндері 

деректерінен басқа ештеңе жоқ. К.В. Тревердің дерегі бойынша: албан жазуы ҮП ғ-дан кейін 

қолданыстан  шығып  қалған.  Мұның  өзі  айтарлықтай  дәрежеде  Кавказ  сыртында 

монофизиттер мен диафизит-халкедониттер арасындағы талас-тартыспен байланысты болды. 

Монофизиттер – армян шіркеуінің жолын ұстанушылар, олар көне армян тілін қолданды, ал 

диафизит-халкедониттер  –  грузин  шіркеуінің  жолын  ұстанушылар,  олар  көне  грузин  тілін 

пайдаланды,  осы  екі  тіл  шіркеулердің  заңдастырылған тілі  болып  есептелді.  Албан  шіркеуі 

осы кезеңнен бастап армян шіркеуінің бір бөлімшесі ретінде қарастырылып, шоқынатын тілі 

де  көне  армян  тілі  болып  қалды.  Осыған  орай  албан  жазуы  туралы  еш  жерде  аталмай,  ізі 

жоғалады [7].  

А.М. Щербек дерегі бойынша: түркілер екі әліпбимен – руна және ұйғыр әліпбилерімен 

бір мезгілде пайдалана алды. Екі жазу жүйесінің қатар қолданыста жүруі олардың атқаратын 

қызметі  әр  түрлі  болғандығымен  түсіндіріледі.  Атқаратын  қызметі  әр  түрлі  болғандықтан, 

таңбаны  түсіретін  материалды  таңдауға  мүмкіндік  туғызылды.  Руна  жазуы  арнайы  тасқа 

түсіруге тағайындалады, кейінірек оны металға, ағашқа, тіпті қағазға да түсіруге пайдаланды. 

Сондықтан  да  онда  ойып  түсіруге  немесе  қағуға  ыңғайлы  болып  табылатын  геометриялық 

пішіндер  басым  келеді.  көбінесе  ол  стандартталған  эпитафияларды  жазуға,  мемориалдық 

сипаттағы  жазбаларды,  меншік  және  т.б.  таңбаларды  түсіруге  қолданылған.    Жеке  руна 

таңбаларын  не  олардың  тобын жазу  тұрмыстық  заттарды  өрнектеудің  тәсіліне  айналды  [2]. 


 

133 


Ұйғыр  мәтіндерінде  діни  трактаттар,  заңға  және  шаруашылыққа  қатысты  жазбалар 

болатындықтан оған материал ретінде қағаз пайдаланылды.  

Шыңғыс  тұқымдары  билікті  өз  қолдарында  ұстау  үшін  мемлекетті  басқаруға  белсене 

араласып жүргендерге де шартты түрде жер бөліп беріп отырған. Ел басқаруда ұлыстық жер, 

үлестік  жер  немесе  онда  өмір  сүріп  жатқан  халықты  ел,  жұрт  деп  атаған,  ал  ірі 

бірлестіктердің  өзі  ұлыс  деп  аталып,  ол  біртіндеп  мемлекеттік  дәрежеге  дейін  көтерілген. 

Яғни,  қоғамдық  топтар  біресе  бөлініп,  біресе  бірігіп  отыруының  нәтижесінде  таңбалар 

бастапқы тотемдік жебеуші немесе «киелі кітаптарындағы» әріп-таңбасы мәнінен айрылған. 

Енді  тайпалардың  туыстығына  емес,  аймақ  бойынша  орналасуына  байланысты  таңбаны 

белгілеп  «таңба  үлестіру»  дәстүрі  пайда  болған,  сондықтан  таңбалардың  нұсқалары  да 

көбейген.   

Зерттеушілер  түркі  әліпбилерінің  көріністерінің    ру-тайпалардың  таңбаларына 

ұқсастығын  ертеден  байқаған.  Мысалы  түркілер  өздері  өмір  сүрген  кеңістіктің  төрт 

бұрышын  біліп  «төрт  булуң»  деп  атаған,  сондықтан  дүниенің  төрт  бұрышын  төрт  арнайы 

әріп-таңбамен белгілеген.  

Сонымен  қатар  орта  ғасырларда  Ислам  дінімен  бірге  түркі  елдеріне  араб  графикасы 

енеді.  Араб  әліпбиінің  құрылымымен  танысып,  оны  зерттеген  Ислам  ғалымдары  АБЖәД 

есебін  дамытады.  Әрбір  таңба  әріптің  (дыбыстың)  және  санның  белгісін  білдірген.  АБЖәД 

сөзі  төрт  әріптен  тұрса,  ал  бұлардың  сандық  санаттары  1+2+3+4=10  киелі  аспан  саны. 

Алхимиктер он санын үш бұрышты формада алып, философиялық тас рәмізінде санаған. Ал 

бұл сан сутегі саны, яғни ол болмыстың ең бастау негізінің бірі [8].  

Осыған  байланысты  Исламдық  мемлекеттер  араб  графикасын  сауат  ашу  мақсатында 

қолданып,  көнеден  келе  жатқан  киелі  ата  түрік  бітік  таңбаларын  орналасу  ретіне 

сәйкестендіріп  мемлекеттің  әкімшілік-территориялық  бөлінісінде  қолдану  дәстүрін 

жалғастырған деп есептейміз. 

Ортағасырлық  түрік  мемлекеттерінде  оның  құрамына  енген  көптеген  ру-тайпалық 

құрылымдарында,  этносаяси  бірлестіктерінде  таңбалардың  қызметі  мен  мағынасы,  таңба 

қолданысы  аса  кең  болды,  әсіресе  әкімшілік  басқару  жүйесінде,  сыртқы  саяси  және  т.б. 

мемлекеттік маңызды істерде айрықша қызмет атқарды [ 3].                   

Түркі  халықтарының  күнтізбесінде  жаз  айларының  бірі  сарша-тамыз  деп  аталады. 

Тамыз  –  Бабылон-Ассирия  күнтізбесіндегі  ай  аты.  Демек,  түркілер  Бабылониямен, 

Ассириямен де байланыс жасаған. Мысалы жеті санының киелі саналуы. Бабылон абыздары 

ай орағы ұлғая отырып, жеті күнде ай табағының жартысына жететіндігін аңғарған [9]. Көзге 

көрінетін 5 ғаламшар, Күн мен Ай қасиетті жеті жарық болып саналған. 5 ғаламшар - күндік 

5+түндік 5 болып 10 жұп ай шығады. Бабылондықтар ғаламшарларды құдайлар деп түсінген.  

Адам  санасында  шындық  өмірдің  бейнеленуі  тілсіз  іске  асуы  мүмкін  емес.  Адам 

болмысында «сан» саналылықтың түп қазығы болған, себебі жыл мезгілдерінің қайталануы, 

күн  мен  түннің,  апта  мен  айдың  алмасуы  санау  арқылы  ажыратылып,  белгіленеді. 

Н.Базылханның  пікірінше,  түрік  бітіктің  таңба-әріптерінің  этномәдени  жеке  атауы  – 

«ықшамдалған  аталымы»  болғаны  анық.  Қазақ  ауыз  әдебиетінде  кездесетін:  «Бір  дегенім 

білеу, екі дегенім егеу, ...он дегенім оймақ, он бір қара жұмбақ» немесе «бірім – білеу, екім – 

егеу...» Бұл санамақ, есеп үйрену жаттығуларының бірлі – жарымы ғана.  

Түрік бітіктің әліпбилік жаттау, есте сақтау амалы дәл сондай «санамақ» тәрізді болды, 

сөйтіп он сан мен он сөзге түрік бітіктің таңба-әріптерін сыйғыза білді деп жорамалдаймыз[3 ].  

Демек,  түркілер  пайдаланған  сандар  санаудың  ондық  жүйесіне  жататындығы  көрініп 

тұр.  Түркі  тілдес  халықтардың  ертеде  қалыптасқан  ондық  жүйесі  моңғол  шапқыншылығы 

тұсында нығая түскен: Шыңғыс әскері ондық жүйе бойынша құрылған [9].                 

Түркі әліпбиі – ерекше графикалық жүйе. Дж.Клосонның айтуынша оны құрастырушы 

басқа  халықтар  түсінбейтіндей  жазу  ойлап  тауып,  оны  құпия  жазуға  жуықтатуды  өз 

міндетіне  алған.  Тағы  да  айта  кететін  жәйт,  рунаға,  әсіресе  германдық  рунаға  ерекше 

культтік  немесе  дүниетанымдық  мән  беріледі.  Мұның  өзі  негізсіз  емес,  өйткені  барлық 

белгілі жағдайда руника кәдімгі әліпбилік жазуды қайталайды [2].  



 

134 


Адамның  артықшылығы  –  оның  білімінде,  яғни  әлемдік  құрылысты,  жаратылыстың 

құпия сырын табуға ізденіс жасауында.  

Қола  дәуірінде  геометриялық  символиканың  қолданылу  аясы  соншалықты  кең  болды. 

Аркаимдықтар өздерінің қыш ыдыстарын да, қоладан жасаған қару-жарақтарын да, еңбекке, 

тұрмысқа қажетті заттардың бәрін, әшекейлік заттарын да геометриялық өрнектермен әрледі, 

олар  тіпті  өздерінің  қалаларын  және  жерлеу  кешендерін  геометриялық  пішінде 

тұрғызды[10].  Яғни,  геометриялық  бейнелердің  сандық  мәндерінде  терең  мағына  жатыр, 

геометриялық бейнелер – табиғатты тану әдісі болып табылады. 

Ертеде  шумерлер  одан  кейін  Бабыл  елінде,  т.б.  «сан»  деген  сөзді  құрылыстық  сан 

мағынасында  түсінген.  Үндестік  заңы,  музыка  күйі,  көркемдік  сәулет  түсінігі  –  бәрі  сандар 

мағынасымен байланысты [8].  

Ертедегі  шығыс  ғалымдары-  абыздары  бүкіл  ғаламның  біртұтас  қатты  тәртіппен 

құрылған  ғажайып  ғимарат  екенін  ежелден  айтып  келеді.  Ертеден  келе  жатқан  діни 

сенімдерде  «үшбұрыш»  -  мәңгілік  белгісі.  Мәселен  Бекет  ата  мешіттерін  картада 

нүктелермен  белгілеп,  түзу  сызықтар  арқылы  бірін-біріне  қоссақ,  тең  бүйірлі  екі  үшбұрыш 

шығар 


еді. 

Олар: 


«Байшағыр-Тобықты-Ақмешіт», 

«Байшағыр-Оғланды-Бейнеу»   

үшбұрыштарына  ортақ  нүкте  «Байшағыр»  болады.  Егер  мешіттердің  орналасуындағы 

фигураларды цифрлармен белгілесе «Құран Кәрімнің бірінші сүресінің «Барлық мадақ бүкіл 

ғаламды жаратушы Аллаға тән» деген бірінші аяты шығады [11.94]. 

әл-Фараби  заманында  осы  есеп  бойынша  көп  қайталанатын  кейбір  сөздерді, 

түсініктерді  сан  түрінде  беру  көп  қолданылған.  Мысалы:  «Бисми-  Аллаһи  Ар-рахман  ар-

рахим»  деген  сөйлемді  786  деп  жазады,  ал  оның  мәнісі  айтылған  сөйлемдегі  әріптердің 

сандық мәнінің жиынын береді[8.11].  

Шетел ғалымдардың тұжырымы бойынша Х ғасырда түркі тайпаларының кем дегенде 

80% мұсылмандықта болды. Исламдану негізінен сопылық бауырластықтың екпінді рухани-

ағартушылық қызметінің арқасында жүзеге асырылды. И.Шах: сопылар 33 санын немесе каф 

әріпін  пентаграмманың  ішіне,  ал  кейде  екі  үшбұрыштан  құралған  жұлдыз  ішіне  жазады. 

Басқа дәстүр бойынша бұл екі үшбұрыш ауа мен оттың рәмізі деп есептеледі. Сопылар үшін 

төменгі  үшбұрыш  арабтың  7  санын,  ал  жоғарғысы  8  санын  көрсетеді,  ал  енді  осы  екі 

үшбұрыштың алты жағынан 6 саны шығады. Сонымен бұл бейне 786 саны болып табылады,-

дейді[12.215].  

Біздің  түркі  нәсілдес  халықтар  Тәңірдің  бірлігіне  ерте  замандардан  мойын  ұсынған 

халық.  Әсілі,  «таңба»  ұғымының  бастапқы  мағынасы  «ойлап  табу,  тану»  дегенді  білдіріп, 

қоғамдық-әлеуметтік  астары  терең  қызмет  атқарған[13].  Демек,  руна  таңбаның  тіл  фактісі 

ретінде  атқарған  қызметі  орасан  зор  болған.  Келе-келе  түрлі  қалыптасқан  қоғамдық-саяси 

жағдайдың  ыңғайына  қарай  ілкі  «құпиясы»  ұмытылған  соң, орналасу  ретіне  сәйкестендіріп 

мемлекеттің әкімшілік-аймақтық бөлінісінде қолдану дәстүрін жалғастырған.    

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.  Аманжолов  А.С.  Материалы  и  исследования  по  истории  древнетюркской 

письменности. Автореф. Дис. д.филолог.н-Алма-Ата, 1975. 

2.  Щербак  А.М.  Тюркская  руника.  Происхождение  древнейшей  письменности  тюрок, 

границы ее распространения и особенности использования. СПб., 2001. 

3. Базылхан Н. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том. –Алматы: «Дайк-

Пресс», 2005. 

4. Бұлұтай М. Ата-баба діні ? Түркілер неге мұсылман болды? –Алматы: білім, 2000.  

5. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. –Алма-Ата, 1984. 

6.  Константинов  Н.А.  Черноморские  загадочные  знаки  и  глаголица.  Ученые  записки 

ЛГУ. № 197. Серия филологических наук. Вып.23. –Л.: Ленинград.университет, 1957. –С.286. 

7. Тревер Тревер К.В. Очерки по истории и культуре Кавказской Албании. 1Үв до н.э. –

ҮП в н.э. –М.-Л.: АН СССР, 1959. 


 

135 


8. Машани А. әл-Фараби және Ислам.//Зерде.-1993.-№ 11.-10-11 б. 

9. Ежелгі мәдениет куәлары. –Алматы: «Қазақстан», 1966. 

10. Нарымбаева А.К. Туран – колыбель древних цивилизаций. –Алматы, 2009. 

11.Қазақстанның жеті кереметі.- Алматы: 2006. 

12. Шах И. Суфизм.-М. Клышников, Комаров и К, 1994. 

13.  Мектептегі  А.  «Көктен  келген  қонақтың  хаты»  немесе  көне  түрік  руникасының 

құпиясы» атты монографияға этнолингвистикалық, тарихи пайымдама.//Зерде. 1998. № 5-6. 

 

Резюме



 

       В этой статье говорится об изменении функции рунических знаков после IX  века

 

Summary 

  Function change of runic symbols after 9

th

 century is discussed in this paper. 



 

 

 



 

 

 



ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ

 

БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 



 

Қожахметова Ж.

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 

Астана қ., Қазақстан 

 

Қазақстан Республикасының егемендікке қол жеткізіп, ұлттық-мәдени, саяси өркендеуі 



жағдайында қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін зерттеп, жас ұрпақты өз халқының ұлттық 

мәдениетімен, 

дәстүрлерімен 

таныстырып, 

ұлттық 

сана-сезімін, 



дүниетанымын 

қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр.  

Ағымдағы ғасыр білімді, жан-жақты дамыған және рухани бай адамдарды қажет етеді. 

Осыған сәйкес, жаһандану жағдайындағы ұлттық рухани құндылықтардың қалыптасуы мен 

дамуының  ерекшеліктерін  анықтап,  оны  қазіргі  күн  талабына  сай  дамыта  түсу  –  заман 

талабы. 


Жаһандану  үдерістері  отандық  және  шетелдік  авторлар  тарапынан  түрлі  кезеңде 

түрліше  қарастырылып  келді.  Өткен  ғасырдың  80-ші  жылдарының  жартысынан  бастап 

әлемде  ақпараттық  қоғамға  деген  қызығушылық  пайда  болды.  Осы  үдерістің  ерекше 

көрінісі жаһандану болып келеді. «Жаһандану» ұғымын пайымдауға арналған жалпы әдістер 

XX ғасырдың 90-шы жылдарына қарай қалыптаса бастады. 

Жаһандану  мәселесіне  деген  ғылыми  қызығушылық  кездейсоқ  орын  алып  отырған 

жоқ,  өйткені  ол  қазіргі  әлемнің  бастапқы  құндылықтарына  қауіп  келтіреді.  Өйткені 

жаһандану  маңызды  құндылықты-дүниетанымдық  ілгерілеулерге  әкелуі  мүмкін:  ұлттық 

мемлекеттердің  мәртебесін,  халықаралық  құқық  нормаларын,  демократия  мен  болашақ 

мәдени дәстүрлердің мазмұнын қайта пайымдау. 

Жаһанданудың  маңызын  түсінуде  түрліше  көзқарастар  бар  екендігін  ұмытпау  керек. 

Мұның  өзі  жағымды  және  жағымсыз  жақтарын  қоса  алғанда,  оның  барлық  аспектілеріне 

қатысты болып келеді. Сонымен қатар экономикалық, саяси, мәдени, діни және ақпараттық 

қатынастардың  туындауына  байланысты  осы  құбылыстың  маңызын  түсіну  үшін  жүйелі 

көзқарас қажет болып отыр. 

Жаһандану мәселесінің маңыздылығы ең алдымен ел ішіндегі және елдер арасындағы 

өзара  қатынастардың  өзгеруімен,  сонымен  қатар  жеке  және  қоғамдық  сананың  өзгеруімен 

де анықталады. 



 

136 


Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазіргі  дәуір  ―  жаһандану  дәуірі.  Мұны  жаһанды  жайпай 

жаздаған  дағдарыс  та  дәлелдей  түсті.  Демек,  жаһандану  "жұтқыншағына"  жұтылып,  оның 

алып  иірімдеріне  тартылып  кетпеу  үшін  бізге  оның  ақбас  толқындарын  бағындырып,  жүзе 

білуге үйрену қажет» деп атап көрсетеді [1].  

Жаһандану бір жағынан алғанда, жаңа мүмкіндіктердің маңызды көзі болып табылады, 

келесі  жағынан  алғанда,  жекелеген  елдердің  ішіндегі  және  елдер  арасындағы  қақтығыстар 

мен  қауіп-қатерлердің  қайнар  көзі  болып  келеді.  Қазіргі  әлемнің  ақиқат  болмысы  көрсетіп  

отырғандай,  жаһандану  үрдісі  осы  қайшылықтарды  жандандыра  түсетін  маңызды  фактор 

ретінде  көрінеді,  өйткені  ұлттық  мемлекеттер  өздерінің  саны  ұлғая  түскенімен,  бірақ 

біртіндеп  шеттеп  қала  береді.  Жаһандану  мемлекеттік  шекараларды  жою  үрдісіне  ие 

болғанымен,  көптеген  отандық  және  шетелдік  ғалымдар  «ұлттық  мемлекеттердің  күні 

бітіп бара жатқандығы туралы айта бастады» [53,79]. 

Жаһандану үдерісін талдауға арналған әдістер өте көптеп саналады, соған орай қазіргі 

ғылыми  әдебиетте  оның  анықтамалары  да  көп.  Жаһандану  үдерісімен  байланысты 

мәселелер  өте  аз  зерттелген,  тиісті  ұғымдар  мен  терминдер  жалпы  танымалдылыққа  ие 

бола  қойған  жоқ.  Көбіне  ғылымда  «жаһандану»  кеңістік  пен  уақыт  ішіндегі  институттар 

мен  әлеуметтік  байланыстардың  кеңеюі  мен тереңдеуі  ретінде түсіндіріледі.  Сонымен, бір 

жағынан алғанда, адамдардың күнделікті қызметіне жер шарының басқа бір бөлігінде болып 

жатқан  оқиғалар  әсер  етеді,  келесі  жағынан,  жергілікті  қауымдардың  әрекеті  маңызды 

жаһандық  салдарға  ие  болуы  мүмкін.  Егер  жаңа  қоғамның  ақпараттық  бөлігіне  назар 

аударатын  болсақ,  онда  мынадай  анықтама  беруге  болады:  жаһандану  –  көбіне 

компьютерлік,  жалпы  әлемдік  қаржы  –ақпараттық  негізінде  қарқынды  түрде  қалыптасады 

[2, 39]. 

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  біртіндеп  қалыптасқан  рухани  қазынасы  тоталитарлық 

жүйе  кезеңінде  орасан  зор  дағдарысқа  ұшырап,  тоқырап  қалғаны  баршаға  аян.  Ол  өз 

кезегінде  өскелең  ұрпақты  туған  халқының  рухани  құндылықтарынан  ажырап  қалуына 

әкеліп соқтырды. Міне, сондықтан жаһандану жағдайында болашақ ұрпақтың халқымыздың 

рухани  тамырынан  толық  қол  үзіп  қалмауы  жоғары  оқу  орындарында  этнопедагогикалық 

білім беруге ерекше мән беру керек. 

Орта  ғасыр  данышпаны  әл-Фараби  «Адамға  ең  бірінші  керегі  білім  емес,  тәрбие  беру 

керек.  Тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  өміріне  апат 

әкеледі»  деп  атап  өткендей,  ең  бірінші  студенттерге  тәрбие  беру  керек.  Тәрбиенің  қайнар 

көзі,  бастау  бұлағы  –  этникалық  тәрбие.  Сондықтан  да  жоғары  оқу  орындарында 

«Этнопедагогика» курсын өткізу, оны жүйелі  түрде студенттерге оқыту өте қажет және аса 

маңызды.    Этнопедагогика  пәні  әрбір  этностың  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеуде 

басшылыққа  алып,  қажетіне  айналдыратын  тарихи  түрде  қалыптасқан  халықтық 

педагогиканың  асыл  мұралары,  ұлттық  әдет-ғұрыптар  мен  дәстүрлердің,  мәдени  ойлау 

жүйесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы болып табылады. Студенттерге 

рухани-адамгершілік  тәрбие  беруде  «Этнопедагогика»  курсының  материалдарын  пайдалану 

бүгінгі  күнде  тәжірибеге  кеңінен  енгізіліп  отыр  және  оның  тәрбиелік  те,  білімділік  те, 

танымдық та мәні ұлан-ғайыр екендігі дәлелденіп, игі нәтижелерін беруде. Сондықтан да біз 

тәрбие  беру  процесінде  студенттердің  рухани-адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыруда 

«Этнопедагогика»  пәнінің  мүмкіндіктерін  айқындауды  жөн  көрдік.  Өйткені,  бұл  пәннің 

студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беруде маңызы зор. 

 «Этнопедагогика»  пәнін  оқытудың  мақсаты  этнопедагогика  ғылымының  маңызын 

айқындау  арқылы  студенттердің  педагогикалық  мәдениетін  қалыптастыру  табылады.  Осы 

мақсаттың шешімін табу үшін мынадай міндеттер қойылады:  

-  этникалық  тәрбие  ғылымы  ретінде  этнопедагогикасының  және  оның  әдіснамалық 

негізін анықтау арқылы түсінік беру;  

-  этнопедагогика  ғылымының  категориялы-түсінік  және  терминологиялық  аппаратын 

меңгеру  арқылы  «этникалық  тәрбие»,  «ұлттық  тәрбиелік  жүйе»,  «этнос  субьектісі» 

ұғымдарын қалыптастыру; 



 

137 


-  оқу-тәрбие  процессінде  педагогикалық  менеджмент  негізін  меңгеру  арқылы 

этнопедагогикалық идеяларды жүзеге асыруда арнайы дағдылар мен әдеттерді өңдеу; 

-  этнос  субьектісін  қалыптастыруда  педагогикалық  мониторингты  іске  асыру 

қабілеттіліктерін дамыту. 

Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екені белгілі. Осы 

кезге  дейінгі  дамуы  барысында  ол  өзінің  теориялық  ауқымын  кеңейтіп,  жаңа  мазмұнмен 

толықтырылуда  және  зерттеу  бағыттарының  күрделенуіне  байланысты  іштей  ғылыми 

жіктелу  үрдісі  жүруде.  Мұның  нәтижесінде  өзге  жеке  ғылыми  салалаларымен  қатар  оның 

этникалық педагогика деп аталатын білім саласы қарастырылады. 

Халық 


педагогикасы 

қоғам 


дамуының 

белгілі 


сатыларынан 

өтіп, 


ғылыми 

педагогикалық  дәрежеге  жеткенше    ұрпақ  тәрбиесінің  бастау  бұлағы,  педагогиканың 

алғашқы  құралы  және  тәрбие  жүйесі  қызметін  атқарып  келді.  Яғни,  осыдан  ғылыми 

педагогикамен  халық  педагогикасының  тәрбие  тәсілдеріндегі  сабақтастығы,  принциптік  – 

идеялық  үндестігі  туындайды.    Бүгінгі  әлемдік  аренаға  жеткен  ғылыми  педагогика  халық 

педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтың 

эмпирикалық  тәжірибесіне  негізделген  ұрпақ  тәрбиелеу  тағылымдары  –  халықтық 

педагогиканы ой-елегінен  өткізіп,  зерттеп  тәрбие  оқу-ісінің  өзекті  құралы  етудің  жолдарын 

және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын 

зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы  этнопедагогика осылай пайда болды.  

Этнопедагогика  дегеніміз  –  этникалық  қауым  педагогикасының  дамуын  зерттейтін 

педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі 

бар  дүниетанымдық,  тәрбиелік  мәдени  мұрасы.  Ол  халықтың  ұрпақ  тәрбиелеудегі  озат 

тәжірибесінің  мазмұны  мен  әдіс-тәсілдерін  зерттейтін  ғылыми  педагогиканың  құрамдас 

бөлігі ретінде қарастырылады. 

Халықтық  педагогика  –  белгілі  бір  халықтың  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  өзіндік 

ерекшелігі  бар  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  іс-тәжірибесі.  Осы  іс-тәжірибені  ғылыми 

тұрғыдан 

саралап, 

зерттейтін 

ғылым 

– 

этнопедагогика. 



Олай 

болатын 


болса 

этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым  ретінде қарастырамыз [4]. 

Этнопедагогиканың  бөлінбейтін  құрамдас  бөлігі  бола  отырып,  зерттеу  нүктелерін 

этнопедагогикалық 

тұрғыда 

жүргізеді. 

Этнопедагогика 

педагогикалық 

білімдердің 

интегративті 

саласы 

болғандықтан, 



ол 

этнографиямен, 

этнопсихологиямен, 

этнофилософиямен,  педагогикамен,  этномәдениетпен  және  т.б.  ғылыми  педагогика 

түрлерімен  тығыз  байланысты.  Этнологиялық  сөздікте  этнопедагогика  халықтың  рухани 

мәдениетінің 

ажырамас 

бөлігі 


ретінде 

көрсетілген, 

этнопсихология 

этникалық 

стереотиптердің  ұлттық  сана-сезімнің  қалыптастырудың  заңдылықтарын,  ұлттық  мінез-

құлық  адам  мінезінің  этникалық  ерекшеліктерін  зерттейтін  пәнаралық  білім  саласы.  Ал, 

этнология- тар мағынасында теоретикалық халыққа кіріспе оның объектісі- этнос және оның 

өмірлік 


іс-әрекеті. 

Этномәдениет 

этникалық 



ерекшелікті 

меңгеретін 

және 

этнодифференциалды  қызметті  атқаратын  мәдени  элементтер  мен  құрылымдардың 



жиынтығы.  Этномәдениет-  бұл  этнос  мәдениетінің  маңызды  компоненті.  Этнософия  -  әр 

халықтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің қайнар көзі және негізі.  

Демек,  осы  ғылымдар  өзара  бір-бірімен  қиылысып,  түп  негізі  педагогика  болып 

табылатын жаңа білім саласы этнопедагогиканы қалыптастырады.  

Этнопедагогика  дербес  ғылым  ретінде  этникалық  тәрбие  және  этнос  субьектісі  деген 

маңызды    ұғымдарды  қарастырады.  Этнос  субьектісін  қалыптастыру  мақсатты  үрдіс  болып 

каралатындықтан,  этникалық  тәрбие  контексіндегі  (мазмұнындағы)  беріліп  отырған 

ұғымдардың  мәнін  мүмкіндігінше  толығынан  айқындауға  болады.  Осы  үрдістің  

мақсаттылығына  назар  аударылу  тұтас  екі  процестің  қатысуымен  топшыланады,  нақтылап 

айтатын  болсақ,  олар:  мақсатты  қою  іс-әрекеті  және  мақсатты  жүзеге  асыру  іс-әрекеті. 

Бұндай  жағдайда  этникалық  тәрбиенің  мақсаты  -  этнос  субъектісін  қалыптастыру  деп 

түсінеміз. Егер іс-әрекеттің мақсатын оның болжалынған нәтижесі деп түсінетін болсақ, онда 

этнос  субъектісі  этникалық  тәрбие  үрдісінің  нәтижесі  ретінде  қарастырылады.  Мақсатты 


 

138 


жүзеге  асыру  үрдісі  мүмкіндігінше  толық  және  тиімді  болу  үшін,  мақсатты  іске  асыру 

үрдісіндегі  іс-әрекетке  бағытталуынан  алынған  нәтижелер  кескінін  нақты  көрсету  қажет. 

Яғни,  этнос  субъектісі  ұғымының  нақты  анықтамасы  этникалық  тәрбие  мазмұнын  дұрыс 

және адекватты саралау мүмкіндігін, сонымен қатар сарапталған мазмұнды көрсету әдістері, 

түрлері мен құралдарын қамтамасыз етеді.  

Сонымен,  этникалық  тәрбие  контексіндегі  этнос  субъектісі  берілген  үрдістің  мақсаты 

және нәтижесі болып табылады. 

Энопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, 

фактілік  материалдар  жинақтау,  терендеп  зерттеу  мен  тадцауды  қажет  ететін  жекелеген 

мәселелер  де  аз  емес.  Оның  аддында  шешілуі  ең  алдымен  педагогика  мен  этнографияға 

мәнді  жәрдемін  тигізетін  өзекті  міндеттер  түр.  Бұларды  төмендегідей  тақырьптармен 

белгілеуге болады:  

- мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін 

қамтамасыз етудегі ролі;  

- жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде;  

-  халық  ертегілері  халықтың  педагогикалық  кемеңгерлігінің  жарқын  талпыныстары 

ретінде;  

- халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі;  

- балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;  

- дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының,  

-  ана  мектебінің  және  педагогиканың  көрнекті  жетістіктері  ретіңде  халықгық 

педагогика  жегістіктерін  казіргі  төрбиеде  қолданудың  мақсатқа  сөйкестілігі  жөніндегі 

түжырымдармен  келіскенмен,  кәсіби  педагогикаға  бағытталғандыққа  қатысты  халықтық 

педагогика ролі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы өбден занды сияқты 

деген  пікірлермен  келісу  қиын.  Мұңдай  пікірлердің  кдтелігі,  ең  алдымен  халық 

даналыгының ешуақытта ескірмейтіндігімен анықталады.  

Адамзат  ғасырлар  бойы  жүзеге  асыру  үшін  күрескен  халық  педагогикасы  идеялары 

өзінің толық  іске  қосылу мүмкіндігін дәл осы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық 

мемлекет  ретінде  орнықтырып  жатқан  бетбұрыс  кезең  жағдайында  алуы  қажет.  Екіншіден, 

ғылыми  және  халықгық  педагогиканы  карсы  қоймау,  ал  салыстыру  қажет,  ол  -  ғылыми 

білімдер тұрғысынан педагогиканың халықтығын анықтап ашып керсету мүмкіндігін береді. 

Және,  керісінше,  балаларды  халықтық  тәрбиелеудің  бұқаралық  тәжірибесінің  жәрдемімен 

ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды [5].  

Этнопедагогика дамуының негізгі тенденцияларын мазмұндауда мұндай тұжырымдама 

аса  келешекті  болып  табылады.  Диалектикалық  ілімге  сүйене  отыра  этнопедагогика  ұдайы 

мұрагер  болу,  жаңару  және  жаңаны  тудыру  процесінде  өмір  сүретін  қозғалысты  жүйе  деп 

әбден  қарастыруға  болады.  Мұнымен  байланысты  этнопедагогикада  жаңа  құбылыстардың 

пайда  болуы  және  алға  басуы;  XX  ғасырдың  басына  дейінгі  және  одан  кейінгі  кезеңдерді 

этностық  педагогиканың  даму  тенденцияларын  ашып  көрсетуге  елеулі  орын  берілуі  қажет. 

Этностық педагогиканың кеңес өкіметінен кейінгі кезеңі бір мағыналы емес, оның жағымды 

ілгерілеулерімен  қатар,  халық  педагогикасының  әрекет  ету  аймағы  тарылған  және 

сонысымен  этностық  педагогика  бастауларын  қиратқан  және  бүліншілікке  ұшыратқан 

беттері  бар.  Қоғам  өміріндегі  өзгерістердің  этнопедагогикаға  ықпалы  көп  қырлы  және 

бірқатар өлшемдер бойынша бейнеледі:  

біріншіден, 



жүзеге 

асырылып 

жатқан 

демократияландыру 



педагогикалық 

шығармашылық үшін кең жол ашады; ұлттық педагогикалық мәдениеттің дамуына күш-қуат 

беретін жағдай қалыптастырады.  

-  екіншіден,  әлеуметтік  әділеттілікті  қалпына  келтіру;  адамгершілікті  қайта  жаңарту, 

алдау,  зорлық-зомбылық,  екі  жақты  ойлауды  жою  адамға  халықтық  моральмен  үндес  және 

онда этнопедагогикамен қалыптасқанды өмірде қолдану мүмкіндігін береді.  

Этнопедагогика  білімдерін  қолдану  рухсыздыққа,  ұлттық  жоққа  шығаруға,  тарихи 

ессіздікке нақты тоскауыл қояды, балалар мен жасөспірімдерге  халықтық құңдылықтар мен 



 

139 


дәстүрлер,  ұлттық  мәдениет  мұрагерлері  ретіндегі  азаматтық  борышын  жете  түсінуге, 

оларды өзінің ата-аналары, өткен ұрпақ, бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге кемектеседі.  

Отанға қызмет етудің тиімді жоддарының бірі – оның ұрпақ тәрбиесіне белсене араласу 

болуы  адамзаттың  қазіргі  әлеуметтік  дамуының  ерекшеліктеріне  айналып  отырғандығы 

кездейсоқтық  емес.  Патриоттар  мен  гуманистер,  ғылым  мен  мәдениеттік  шынайы  ұлы 

қайраткерлері  тұлға  қалыптастыруы  саласына  енжар  болады.  Жалпы  рухани  және  мәдени 

дамудың  басты  белгілерінің  бірі  педагогикалық  алға  басулар  болып  табылатындығы 

кездейсоқ емес. Мақсаты мен сипаты әр кезенде, әрбір қоғамда түрліше, тіпті қарама-қарсы 

болғанына қарамастан, тәрбие қашанда жалпыға бірдей құбылыс болды.  

Дүниежүзілік  тарихи  мәнге  не  өткен  кезендер  мен  түрлі  елдердің  педагогикалық 

тәжірибесі  педагогикалық  дамудың  заңдылықтары  жайлы  жалпы  белгілерінде  пікір  айтуға 

және әлемдегі мектептік-тәрбие  ісі  дамуы жағдайын елестете алуға мүмкіндік береді. Бұған 

халықтық және ұлттық тәрбие ерекшеліктерін оқып үйрену арқылы халықтық ішкі дүниесіне 

енуге жағдайлар туғызатын этнопедагогикалық зерттеулер өз үлесін қосады.  

Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне заңды 

ілесіп  отыруы,  яғни  мінез-құлықтың  табиғи  формасы  ретінде  алға  шығады.  Педагогикалық 

процесс  заңдарының  объективті  сипатын  көрсету  қиынырақ.  Бұқаралық  педагогикалық 

шығармашылықтан  өсіп  шққан  этнопедагогика  педагогика  ғылымын  халыққа  жақындатуға 

икемді.  Сонда  мектепті  өмірге  жақындату  проблемасы  ретінде  жалпы  нұсқада 

тұжырымдалатын педагогикалық міндет этнопедагогикалық түсіндіруде мектептің өмір мен 

идеялық, адамгершілік, рухани байланысын жан-жақты нығайту деп қисындап мазмұндалуы 

мүмкін.  Бүл  шын  мәнінде  мемлекеттік  моральдық-саяси  бірлігінің  педагогикалық  аспектісі. 

Халықтың  педагогикалық  процесті  терең  талдауға  мүмкіндіктері  болмады,  ол  жазудың 

болмауы  оларға  халықтың  педагогикалық  жетістіктерін  жинауға,  қорытындылауға  және 

жүйелеуге  жол  бермеді.  Соған  қарамастан  халық  бүкіл  қолайлы  шаралармен  жас  ұрпақты 

тәрбиелеу  бойынша  ұнамды  тәжірибені  таратуға  көмектесті  және  де  сонысымен 

педагогикалық білімдердің дамуына ықпал етті [6].  

Сонымен  этнопедагогика  зерттеудің  кең  көлеміне  ие,  оның  алдында  үлкен  өзекті 

міндеттер  тұр.  Оның  қалыптасуының  қазіргі  жағдайда  халықтың  педагогиканың  әрекет  ету 

аясын  анықтау  оның  бүгінгі  тәрбие  мен  өзара  байланысын  айқындау  аса  маңызды.  Халық 

даналығы қамқорлығының түйірлерін жинау, халықтың тәрбиенің негізгі категориялары мен 

заңдылықтарын  анықтау,  оларды  басқаратын  әлеуметтік-экономикалық  факторларды 

белгілеу,  халықтық  педагогикалық  дәстүрлердің  өмір  сүргіштігінің  себептерін  айқындау 

және олардың қоғамның қазіргі рухани өміріне енуі жүйесін белгілеу этнопедагогикалық аса 

маңызды міндеттері болып отыр.  

Этнопедагогика  –  оқу  мен  тәрбие  ұғымдарын  біріктіріп  отырған  тәрбие  жүйесінің 

қайнар  көзі.  Этнопедагогика  құралдары  арқылы  болашақ  ұрпақтың  адамгершілігін 

қалыптастырудың  педагогикалық  мәнінің  артуы  –  қоғамдық  салт-сана,  әлеуметтік-

экономикалық, мәдени өмірдегі саяси  көзқарас пен тарихи кезеңнің айғағы. Сондықтан, еңсе 

көтерген қазақ елінің жалпы тұрпатты халықтық тәрбие жүйесінде, ең алдымен, өз халқының 

ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және қастерлеп дамыта түсуі заңды 

құбылыс. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Назарбаев Н. Біз  бастапқыдан-ақ  дұрыс жолды таңдадық.  «Айқын» республикалық 

қоғамдық газеті. 23.12.2009 ж. 

2. Тарасов И.С. Закат нации-государства (Тезисы о проблемах афроазиатского региона) 

//Космополис, 1999, с.79. 

3.  Салин  П.  Б.  Взаимосвязь  экономических  и  политических  процессов  в  условиях 

глобализации  //  «Новая»  Россия:  национальные  интересы  в  глобальном  контексте. 

Материалы Российской межвузовской научной конференции «Новая» Россия: национальные 



 

140 


интересы в глобальном контексте: 7-8 декабря 2001 г. М.: РГГУ, 2001, с. 39. 

4.  Кожахметова  К.Ж.  Казахская  этнопедагогика:  методология,  теория,  практика. 

Алматы: Ғылым, 1998. – 316 с. 

5.  Әбiлова  З.  Этнопедагогика: оқу  құралы.  Алматы:  Қазақ  Әлем  Тiлдер  Университетi, 

1997. – 230 б. 

6. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 

Білім, 2003. – 280 б.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет