Резюме
В данной статье, исследуя метафоризацию медицинских номинаций, всесторонне
анализируется их мотивационная степень и внутренняя смысловая структура.
Summary
In this article, exploring the medical metaphorizing nominations, comprehensively analyzed
their motivational level and the internal semantic structure.
ГРАДУАЛДЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ
Түсіпқалиева Р.Қ.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы қ., Қазақстан
Үлкенді-кішілі сөздіктерді жасауда атқарылатын қызметтің, істелетін істің біртекті
болмайтындығына әліге дейін жеткілікті назар аударылмай келеді. Мысалы, сөздікті түзудегі
атқарылатын қызметтің бірі – таза филологиялық қызмет. Мұнда әртүрлі атаулық
бірліктерге анықтама беріліп, талдау жасалады. Екінші қызмет – осы филологиялық
деректердің түрлі қасиеттерін мақсатты түрде тұтас жүйеге айналдырып, ашып көрсету
арқылы жаңа сапада қайта ұсынуды қамтиды. Бұл жерде сөздікшінің тек қана тілші емес,
оған қосымша құрастырма жұмыстарының маманы, сөздікші-инженер болуына тура келеді.
Сөздікті құрастыруға байланысты жұмыстар лексикографиялық құрастырма деп аталады.
Бұл жерде құрастырманың үш түрі сөз болып отыр. Оның бірінші түрі – белгілі бір сөздік
көлеміндегі, сөзтізбе мен сөздік мақаланың құрылымына қатысты, ал екінші түрі – бірті-
бірте күрделеніп жасалатын, бірнеше кітаптан тұратын сөздіктер сериясын құрастыруға
қатысты. Үшінші түрі – белгілі бір тілдің құрамы мен құрылымын толық ашып көрсету
мақсатында немесе тілді жан-жақты меңгерту мақсатында әртүрлі сөздіктерден құралатын
сөздіктер жүйесін жасауға қатысты.
Сөздікті жасар алдында оның кімдерге арналатыны, олардың психологиялық, кәсіби
және басқа да ерекшеліктері жайында айқын түсінік болуы керек. Адресатқа байланысты
жасалатын минималды жүйедегі сөздіктер қатарына, мәселен, қазақ емес студенттерге
бағдарланған: а) тілдік компетенцияның пайда болуын қамтамасыз ету мақсатымен жалпы
әдеби лексика бойынша жасалатын негізгі (базалық) көпаспектілі сөздік ә) ғылым тіліндегі
коммуникативтік компетенцияны қамтамасыз ету мақсатымен тиесілі ғылым саласы
бойынша түзілетін түсіндірмелі-тіркесімді терминологиялық сөздік жасауға болады.
Сериялы сөздіктер тілімізде аз жасалып отырған жоқ. Бұл, әсіресе, терминология саласында
айқын байқалады. Соңғы кездің өзінде қазақша-орысша, орысша-қазақша жасалған отыз
томдық салалық терминдер сөздігі жарық көрді. Сериялық сөздіктерді түрлі жобалар
негізінде, алуан түрлі тақырыптар бойынша біріктіріп жасауға болады. Мысалы, Қазақстан
туралы энциклопедиялық, елтанымдық сөздіктерді біріктіруге болады.
Біздің сөз еткелі отырған сөздігіміз тілді үйренудің деңгейіне байланысты бірте-бірте
күрделеніп жаслатын, бірнеше кітаптан тұратын сөздіктер сериясын құрастыруға қатысты.
Мұндай сөздіктер оқытудағы сатылық (градуалдылық) ұстанымына негізделіп түзіледі.
Лексикографиялық құрастырманың мазмұнын айқындайтын негізгі ұстанымдар ретінде
тиімділік, қарапайымдылық және әсемдік ұстанымдарын атауға болады. Тиімділік
ұстанымына бағдар ұстау сөзтізбенің тиімді құрамын анықтау, сөздікті пайдалануды
жеңілдететін арнаулы лексикографиялық әдіс-тәсілдерді, шартты белгілерді, қаріптік және
түр-түстік ерекшелеу тәсілдерін жасау және қолдану тәрізді шараларды жүзеге асыруды
талап етеді. Қарапайымдылық ұстанымына сәйкес белгілі бір лингвистикалық мазмұнды
353
бейнелеудің барлық мүмкін болған әдіс-тәсілдерінің ішінен әрқашан да күрделілігі ең аз,
қарапайым және ең көрнекісін таңдау қажет. Әсемдік ұстанымының талаптары бойынша,
сөздікті құрағанда оның архитектурасы, құрылымдық логикасы, құрамдас бөліктерінің
үйлесімді орналасуы мен өзара байланыстылығы оқырманға эстетикалық ләззат беретіндей
болу керек [1, 46 б].
Аталған ұстанымдарды жүзеге асыру үшін, біріншіден, сөзтізбеге тілдік жүйенің шағын
моделін туындатарлықтай қабілеті бар бірліктерді алу қажет. Яғни, сөзтізбеге алынған
сөздік бірліктер тұтас ансамбль құрай отырып, тілдік жүйені туындатуы керек. Екіншіден,
тілдегі сөздіктерді бұрынғыдай даралық сипатта, өзге сөздіктермен құрылымдық тұрғыдан
байланыспайтын жеке туынды ретінде жасау тәжірибесінен бір-бірімен байланысты, бірінен
бірі туындап отыратын жүйелі сөздіктер кешені түрінде жасау тәжірибесіне көшу қажет. Сол
кезде шағын сөздер тізбесінен, шағын минимум сөздіктерден бастап жалпылама қолданымға
арналған үлкен сөздіктерге дейін тұтас жүйе құрауға болады. Сөздік жүйелері максималды
және минималды болады. Сөздіктердің максималды жүйесіне бір тілді түрлі аспектілерден
қарастыратын сөздіктер жүйесі кіреді де, минималды жүйеге компоненттері адресаттың тілді
үйренімдік тұрғыда мамандануынан туындайтын талаптарын қанағаттандыратын сөздіктер
кіреді.
Қазақ лексикографиясының теориялық мәселелерін сөз еткен мамандардың пікірі бойынша,
XX ғасырдың екінші жартысында филологиялық мәліметтерді өңдеу‚ оларды тілді жүйелі түрде
үйрету мақсаттарына сай белгілі бір ерекшеліктері бар тұтас жүйеге қайта құру (жаңадан жасау)‚
лексикографиялық құрастырма жасау бағыты қарқын ала бастады. Сөздік жүйесі деп тілдік
бірліктердің әртүрлі аспектілер тұрғысынан сипатталуын қамтамасыз ету мақсатымен әр түрлі
жанрлы сөздіктерден белгілі бір лексикографиялық концепция бойынша құралған топтаманы
айтады. Мәселен‚ түсіндірме‚ идеографиялық‚ грамматикалық сөздіктер бір жүйеге біріге алады.
Сөздік жүйені құрайтын сөздіктердің түрі әрқилы болуы мүмкін. Осы тұрғыдан В.В. Морковкин
сөздік жүйелерді екі топқа: максималды және минималды сөздік жүйелеріне бөледі. Ғалым
максималды сөздік жүйесіне тілдің түрлі аспектілерін толық бейнелеуге ұмтылатын жүйені
жатқызады. Ғалымның ойынша‚ максималды сөздік жүйесін: түсіндірме‚ идеографиялық‚
синонимдік‚ фразеологиялық‚ грамматикалық т.б. сөздіктер‚ яғни тілдің лексикалық ядросына
бағдар ұстаған сөздіктер құрауға тиісті. Ғалым минималды (шағын) сөздік жүйесі деп құрамдас
сөздіктері адресаттың үйренімдік бағдарына сәйкес талаптарды қамтамасыз етуге арналған жүйені
атайды. Мұндай сөздік жүйесі әдетте тілді үйренушілерге‚ оқушыларға арналып түзіледі.
Тілдің лексикалық жүйесіне сипаттама жасаудың түрлі жолдары мен тәсілдері бар.
Олар сөздік түрінде жасалатын туындының типіне, құрылымына, көлеміне, жасалу
мақсатына, адресатына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, шағын сөздікшелерді жасау
ісі, ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардан басталады. Жас
балалардың мінез-құлықтық ерекшеліктерін, зейін ерекшеліктерін, қабылдау ерекшеліктерін
ескере отырып жасалатын суретті сөздіктерді түзу жұмыстары әлемдегі лексикографиясы
озық дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Лексикографиялық құрастырма ісі минимум
деректерді, алайда аса қажетті деректерді құрайтын осындай шағын сөздікшелерді жасаудан
басталып, жоғарыда аталғандай, көптомдық сөздіктердің жүйелерін түзуге дейін жалғасады.
Тілдің лексикалық жүйесін, сондай-ақ, сөздік сериялары түрінде де құрастыру
тәжірибесі бар. Сөздік сериясы – жанры мен сипаты жағынан бірдей лексикографиялық
сөздіктердің жиынтығы. Олар бір-бірінен сипатталатын бірліктердің массиві тұрғысынан,
немесе адресат тұрғысынан ерекшеленеді. Сөздік сериялары алдын ала әзірленген типтік
жобалар негізінде жасалады.
Лексикографиялық құрастырма кезінде ескерілуі қажет маңызды мәселелердің бірі –
бір сөздік ішіндегі басқы бірліктерге берілетін баламалы немесе сипаттамалы, не
түсіндірмелі анықтамалардың әртүрлі болуы. Себебі, оқу сөздігінде берілетін тілдің сөздік
құрамы сандық жағынан да сапалық жағынан да әртүрлі болатын 4 түрлі сөз тобына
бөлінеді: а) продуктивті түрде меңгерілуі керек сөздер; ә) рецептивті меңгерілуі тиіс сөздер;
б) потенциалды қор құрайтын сөздер, яғни рецептелуші сөздер, және в) қазіргі кезеңде
354
меңгерілуі міндетті емес, бірақ қажетті сөздер. Осы сөз топтарының тілді үйрету мақсатында
жасалатын сөздікшелер мен сөздіктерде қамтылу деңгейі әртүрлі болмақ. Тілді жаңадан
үйренушілерге арналып түзілетін бастауыш кезең сөздікшелері, әрине, продуктивті түрде,
пәрменді меңгеруге қажетті лексика қамтылады. Тілді үйрету деңгейі жоғарылаған сайын сөз
топтарының басқа түрлерін қамту ісі мақсатты түрде, рет-ретімен жүргізіліп отырады.
Қандай құрастырма жұмысы болса да, ол жұмыстың әуелі шағын бөлшектерді
құрастырудан бүкіл үлкен құрылымға негіз, өзек , іргетас болып қаланатын алғашқы
бірліктерді құраудан басталатыны белгілі. Сол алғашқы іргетастық элементтердің негізінде
кейін ірі құрылым өсіп шығады. Сондықтан, сол іргетастың берік болуы үшін, оның жақсы
есептеліп, ғылыми негізде қаланғаны жөн. Лексикаға қатысты алғанда, бұл тілді үйрету
процесінің бастауыш кезеңін, алғашқы басқышын құрайтын сөздікшелерге, әсіресе шағын
минимум сөздіктерде қамтылатын лексиканың құрамына байланысты. Тілді меңгеру
процесін жоспарлау, лексикалық материалды оқыту ісі ғылыми негізде, жүйелі, сатылы
түрде жүргізіледі. Осы мақсатқа сай түзілетін лексикографиялық туындылар да талапқа сай
құрастырылып отырады.
Лексикографиялық құрастырмаға негізделіп жасалатын сипаттамалардың бір түрі –
градуалды сипаттама. Қазіргі кезде жақсы негізделген градуалданған сөздіктік
сипаттаманың (яғни, бірте-бірте кеңейе беретін концентрациялы сипаттаманың) әдістемелік
тұрғыдан тиімділігі өте жоғары. Градуалданған сөздіктік сипаттама бір-біріне кіретін, бірін-
бірі қамтитын қатынастағы сөздіктер сериясы түрінде жүзеге асырылады. Градуалданған
сөздік серияларындағы сандық тұрғыдан бірте-бірте көбейту мен сапалық тұрғыдан бірте-
бірте күрделендіру осы тілді үйретуге орай жасалады. Градуалды сөздiктер бiртұтас жоспар
бойынша құрылады. Әрбiр келесi сөздiктiң сөздерi өзiнiң алдындағы сөздiктен жай ғана көп
болып қоймастан, ол сөздердi толықтай өз iшiне қамтиды да. Келесi сөздiктiң сөздiк
мақаласы мазмұны жағынан алдыңғы сөздiктегi өзiне сәйкес мақаладан бай болып ғана
қоймай, ол мақаланы өзiнiң ядросы етiп алады. Тақырыптық сөздердi ерекшелендiрiп
берудiң, мағыналарды орналастырудың, мысалдарды, грамматикалық формаларды,
синонимдердi, этимологияларды берудiң әдiстерi сөздiктен сөздiкке қарай жетiлдiрiле әрi
күрделендiрiле отырып, жүйенiң барлық сөздiктерi үшiн негiзiнен бiртұтас болып қала
бередi. Сонымен, оқу лексикографиясындағы градуалдылық – бұл бiрте-бiртелiлiк пен
сабақтастықтың үйлесiмдiлiгi. Градуалдылық оқу сөздiктерiнiң жүйесi пайда болғанда ғана
келiп
шығады.
Сондықтан
градуалдылық
идеясын
жүзеге
асыру
–
бұл
оқу
лексикографиясының жоғары дамуының көрсеткiшi деп айтуға болады.
Шетелдiк лексикографияның тәжiрибесi градуалды, жүйелi сөздiктердiң дара-дара
сөздiктерден әлдеқайда тиiмдi екендiгiн көрсетедi. Тек жүйе iшiнде, жас ерекшелiктерiне
(немесе оқыту деңгейiне) бағытталғанда ғана осындай қасиеттерi мейлiнше анық байқалмақ
Ағылшын лексикографиясындағы оқу сөздіктері «мектепке дейінгі балаларға арналған,
бастауыш мектептегі балаларға арналған, орта мектеп оқушыларына арналған, студенттерге
арналған, отбасы қолдануға арналған, жұмыс бабында қолдануға арналған, жол-жөнекей
қолдануға арналған («жол ашар», «қалта сөздіктері») дегендей түрлі дәреже-деңгейлерде
жасалып отырған. Сөздіктердің осындай алуан түрлерін жасауға негіз болатын ұстаным –
градуалдылық. Оқу сөздiгi оқушының дәл сол кездегi оқу кезеңiне сәйкес келгенде ғана, яғни
ол оқушының жас ерекшелiгi мен бiлiм деңгейi ескерiлiп құрылса, тiлдi үйретудiң тиiмдi
құралы бола алады. Демек, сөздiктердi оқу процесiнде табысты пайдалану үшiн бiр сөздiк
емес, оқыту кезеңдерiне сәйкес бiрнеше сөздiк құрастыруды алдын – ала ойластырған жөн.
Бұл қарапайым пiкiр бiздi оқу лексикографиясындағы градуалдылық ұғымына алып келедi.
Латын тіліндегі qradus сөзі «адым, қадам» мағынасын береді, яғни градуалдылық
негізінде тілді үйрену процесін сатылы түрде, үздіксіз жүргізу, оны бірте-бірте күрделендіру
ұстанымы жатыр. Лексикографиядағы градуалдылықты арнайы зерттеген ағылшын
лексикографиясының маманы Л.В. Малаховский болды. Ғалым градуалдылықтың қалай
бейнеленетінін байыптау үшін сөздіктерді өзара салыстырады. Мәселен, 8-10 жасар балалар
үшін жасалған түсіндірмелі оқу сөздігіндегі сөздік мақалалар саны – 26140, 10-14 жасар
355
балалар сөздігіндегі сөздік мақалалар саны – 56700, жоғарғы сыныптағы балаларға арналған
сөздіктегі мақалалар саны – 95000 болып сөздіктердің көлемі балалардың қабілетіне қарай
өсіп отырады.
Градуалдылық – жекелеген бiр сөздiкке емес, толықтай лексикографиялық жүйеге тән
қасиет. Градуалдылық бiр типтес сөздiктер жүйесiнiң оқытудың әртүрлi кезеңдерiне
лайықталған бiрнеше сөздiкке бөлшектелiп, сөздiкте хабарланатын лингвистикалық
мәлiметтiң көлемi бiрте-бiрте артуын және оның сипаты мен берiлу пiшiнiнiң күрделене
түсуiн бiлдiредi [2, 49 б.].
Градуалдылық идеясы тек ХХ ғасырда ғана күн тәртібіне қойылды. Сол себепті
алғашқы градуалды сөздіктер де ХХ ғасырдың 30-40 жылдары жарыққа шықты (Торндайк).
Кейінірек бір тілді Торндайк-Барнхард, Уэбстер сөздіктерінің жүйелері және ана тілінен
басқа тілге аударма сөздіктердің жүйелері (Хорнби) дүниеге келді. Оқу лексикографиясының
алғашқы теоретиктерінің бірі, көптеген сөздіктердің авторы, американдық ұлы педагог әрі
психолог Э.Л.Торндайк сөздікті тілді оқытудың айрықша маңызды құралы санаған.
Автордың пікірі бойынша, оқу сөздігі, оқушылар мен студенттерге ғылымдағы бүкіл өткен
білімді ашып көрсету арқылы қаншама уақыт пен күш-жігерді үнемдеумен қатар мұның
бәрін дидактиканың ең маңызды екі талабына сай жүргізуімен құнды. Біріншіден, ол
оқырманға дәл қазіргі кезеңде қажеттіні үйретеді, екіншіден, оқырманның алдағы өміріне
қажетті дағдыларды қалыптастырады. Оқу сөздігі оқушының дәл сол кездегi оқу кезеңiне
сәйкес келгенде ғана, яғни ол оқырманның жас ерекшелiгi мен бiлiм деңгейi ескерiлiп
құрылса, тiлдi үйретудiң тиiмдi құралы бола алады. Демек, сөздiктердi оқу процесiнде
табысты пайдалану үшiн бiр сөздiк емес, оқыту кезеңдерiне сәйкес бiрнеше сөздiк
құрастыруды алдын-ала ойластырған жөн.
Сонымен, градуалды лексикалық минимумдардың басты ерекшелігі, олардың тілді
меңгерудің түрлі деңгейлері мен сатыларының ерекшеліктерін, тілді үйренуші топтың ана
тілінің ерекшеліктерін, ұлтына байланысты, жасына, білім дәрежесіне байланысты
ерекшеліктерді ескере отырып жасалатындығында. Бір жағынан, тілді меңгерудің деңгейлері
мен сатылары жоғарылаған сайын алдыңғы деңгейдегі лексиканың мәнді құрамы келесі
деңгей сөздігіне көшіп отыратын болса, екінші жағынан лексиканың сандық құрамы да,
сапалық құрамы да күрделеніп, өзгеріп отырады. Градуалды сөздіктер түзу ісіндегі алғашқы
басқыштардың бірі – бастауыш деңгейге арналған градуалды лексикалық минимумдарды
түзу болмақ. Градуалды сөздіктер жүйелерін жасау, бірінші кезекте қазақ тілінің градуалды
лексикалық минимумдарын жасау – қазақ лексикографиясының кейінге қалдыруға
болмайтын міндеті болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Морковкин В.В. Основы теории учебной лексикографии. //Доклад доктора
филологических наук. – М., 1990. – 160 с.
2. Малаховский Л.В. Принцип градуальности в учебной лексикографии // Проблемы
учебной лексикографии и обучения лексике. Сб. статей/ Под ред. П.Н.Денисова. –М: Русс.
яз. 1978. 192с.
Резюме
В этой статий рассказывается о вопросах лексикографического составления и
важности роли градуальных словарей обучений языку.
Summaru
This article deals with the problems of lexicographic formation and importance of the role of
gradual dictionaries in teaching language.
356
ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚАЙЫМ
МҰХАМЕДХАНОВ МАҚАЛАЛАРЫ
Шагимолдина М. Ө., Еспенбетов А. С.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет
Семей қаласы, Қазақстан
marzhas@yandex.ru
Қайым Мұхамедханов туралы айтарға сөз жетпес асыл мұра, өмір бойы туған
халқының кешегі, бүгінгі және ертеңгі тіршілігін ойлаған, өз елінің мақтан тұтар ұлы
тұлғалардың бірі ретінде таныс. Қазақ халқының демін тарлатпайтын бостандық жолдарын
іздеп, халқына тән тілінің, мідениетінің, тарихының ақиқатын сақтап, осы жолда еңбек еткен
ел ерлерінің есімі тарих беттерінде қалу мақсатында күрескен, яғни тәуелсіздік үшін еңбек
еткен. Қазіргі таңда жастарға бұл сезіле қоймас күрес, дегенмен де есімдерін және қасық
қанын аямай, көздеген жолынан таймаған қазақ халқының ерлерінің ерліктерінмен де таныс
болуы керек. Қайым Мұхамедханов «Парасат» журналының, №7, 1992 жылғы санында «Өзім
туралы бірер дерек» деген мақаласында: « Шаһкәрім, Көкбай ақындар Семейге келген
кездерінде біздің үйде жатып та жүрген. Жас шағымда Шаһкәрімді де, Көкбайды да көрдім.
Семей семинариясында оқып жүрген кезінен бастап Мұхтар (Әуезов) әкеммен жақсы таныс
болып, туған інісіндей боп кеткен. Мұхтармен бірге: Жүсіпбек Айтауытов, Иса ақын, Әміре,
Әлмахамбет әншілер де біздің үйде талай болған (1, 12)». Бұл үзіндіден байқағанымыздай
Қайым Мұхамедханов ортасы халқының ұмытылмас қайраткерлері болғандығын және
оларды көзбе –көз көргендігін білдік. Шәкәрімнің шығармашылығын зерттеуде Қайым
Мұхамедханов оның текстологиясына, шежіресіне, шығармашылығы мен өмірбаянына
қатысты көптеген зерттеу еңбектер мен мақалалар жазған. Қайым Мұхамедхановтың
Шәкәрім туралы мақалалары ХХ ғасырдың 40–70 жылдар аралығында жазылып,
студенттерге арналған әртүрлі дәрістерде қолданылып жүрді. Баспаға мақалаларын шығару
80-жылдардың соңына таман мүмкін болды, өйткенә Шәкәрімнің аты мен шығармашылығы
ақталды, бұл жолында Қайым Мұхамедханов өмір бойы еңбек етті. Қайымның мақалаларын
ең алғашқылары болып баспаға шығарған « Семей таңы» болса, кейінірек «Қазақ әдебиеті»
өз үлесін қосты. Қайымның «Из мрака забвения» мақаласында Шәкәрім Құдайбердіұлының
өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндалған. Мұнда Шәкәрімді қызықтырған ғылым
салалары, яғни әдебиет, тарих, философия, гоеграфия, жаратылыстану ғылымдары, физика,
риторика, әуен екендігін атап көрсеткен. «Дубровский» деген еңбегінде Шәкәрім өзінің
орыс, Шыңыс елінің ғұламаларын ұстаздары ретінде танитындығын атаған және Қайым
Мұхмедханов, сондай- ақ Шәкәрім Огюст Канттың, Артур Шопенгауэрдың және басқа да
батыстың философтарын меңгергендігін баяндаған. Шәкәрімнің Түркияда, Арабия,
Францияда болып, Стамбул, Париж кітапханаларының архив қорларында жұмыс істегендігін
көрсетеді. Шәкәрімді Абай сияқты ақын - реалист деп атаған. Ақынның орыс мәдениетіне оң
көзді болғандығын және А. С. Пушкинді өлеңінде күнге теңеген, Л. Толстоймен хат алысқан.
Қазақтың бас ақыны Абайдың дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім ретінде танымал.
Қайым Мұхамедханов Шәкәрімнің шығармалар жинағының шыққаны туралы мәлімет
берген. Қазан көтерілісінен соң Шәкәрім шығармашылығы совет мектептерінде оқу құралы
ретінде және поэмалары жарық көрген. Елден бөлек Саятқораға аттанғаны және
жазықсыздан жазықсыз атылғанын баяндап, 1962 жылы Абай райком партиясымен құрылған
комиссия төрт ай аясында 300 адамнан Шәкәрімнің ешбір қылмыстық іс жасамағандығы
туралы сұрастырды, соның ішінде 21 адам жазба түрінде берсе, 300 адам түгелдей бір
ауыздан Шәкәрімнің бұл іске қатысты еместігін айтқандығын көрсеткен. Мақаланың
соңында
Шәкәрімнің
«Мұтылғаның
өмірі»
атты
шығармасынан
үзінді
келтіріп
қорытындалаған.
«Шаһкәрім» атты мақаласында Қайым Мұхамедханов: «Абай шәкірттерінің ішінде көп
жасағаны да, көп жазғаны да – Шаһкәрім. Ол әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол
357
композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын
таныстырған шебер аудармашы, ол терең ойшыл, әрі бармағынан бал тамған сегіз қырлы
өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері»- деп Шәкәрім тұлғасының қыр сырын ашып айтқан.
Абай ұстазының ізін жалғастырғанын және үлгілі шәкірттерінің болып, Абайдың қазасынан
соң Шәкәрімді екінші Абайымыз деп халық таныған. Шәкәрім туралы Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлеңінен үзінді келтірген және Сабыржан Ғаббасовтың 1915 жылы «Айқап»
журналында жарияланған «Тарих қазақ жайында» деген мақаласында Абай мен Шәкәрім
туралы жазғандығын атаған. Шәкәрімнің «Мұтылғанның өмірі» шығармасын талдап,
өмірбаянына сай мәліметтер келтірген.
Қайым Мұхамедханов мәлімдеуінше Абайдың тапсырысымен Шәкәрім он тоғыз
жасынан бастап қазақ шежіресін жинай бастаған, соның нәтижесінде «Шежіре» еңбегін
жазып, поэмаларының сюжеті осы еңбегімен байланыстылығын және басқа ғалымдардың
деректерімен сәйкестілігін, өз заманында дұрыс бағаланып, ескерілмегендігін айтады.
«Мұтылғанның өмірі»шығармасында Шәкәрім өзінің жастық шағы, яғни жиырма жылдық
өмірі, еш меңгерместен өтіп, жүрегіне қанды ірің болды дейді. Оқырманды өзінің сырласы
мен мұңдасы болуға шақырады. «Қазақ айнасын» оқыған қалың жұрт Шәкәрімнің сол кездегі
халыққа айтар әртүрлі адам бойындағы міндерін өткір бейнелеген, оның көздеген мақсаты
қандастарының көзі ашық, көкірегі кең болуы, білім мен ғылым жолына көз бұруы болсын
деген. Қайым Мұхамедханов жоғарыда аталған еңбегі және басқа да еңбектерінің баспаға
шығуы жайлы құнды мәліметтер келтіріп өткен.
Абайдың әдеби мұрасын зерттеуге аса мол еңбек сiңiрген бiрегей ғалым – Қайым
Мұхамедханов десек, оның ұлы ақын өлеңдерi мен дастандарына текстологиялық сараптау
жүргiзгенi абайтанушылардың әлi талай буынына ғылыми бағдар, iзденiс жолы болады. Ол
Абай шәкiрттерiнiң шығармаларын, әсiресе Шәкәрiм туындыларын түп-түгел тәптiштеп,
тарихи
тұлғалардың
асыл
мұрасын
зерттеудiң,
тынымсыз
iзденiмпаздықтың,
бiлiмдарлықтың, ұқыптылықтың, табандылықтың өнегесiн көрсеттi.
Қ.Мұхамедханұлы 1958 жылы “Абай төңiрегiндегi ақындар” деген тақырыпта екiншi
рет кандидаттық диссертация қорғайды. Осы кезде “Абай шығармаларының текстологиясы
жайында” (1959), “Мағауия Абайұлы Құнанбаев” (1959) атты еңбектерi жарық көрдi.
Семей педагогикалық институтында оқытушы 1955 жылы қайта жалғастырған
Қ.Мұхамедханов Абай шығармаларының текстологиясы жайында ғылыми еңбек жазуға
кiрiседi. 1959 жылы басылып шыққан “Абай шығармаларының текстологиясы” еңбегi күнi
бүгiн абайтанудағы сирек кiтаптардың бiрi болып саналады.
Текстолог аталған зерттеуiнде нысанаға алған 1954 жылғы жинақ пен 1909 жылы
жарық көрген жинақты, Мүрсейiт, О.Уақбаев, Р.Жандыбаевтардың қолжазбаларымен
салыстырып, соңғы басылымда ақын шығармаларына енген, бұрмаланған “бөтен сөздердi”
нақты деректер арқылы дәлелдейдi.
Негiзгi мазмұны, көркемдiгi астасып жатқан ақын шығармаларының әр түрлi нұсқада
басылуы – оны мазмұн жағынан да, өлеңдiк қисын жағынан да ойсыратып тұрғанын
дәлелдейдi. Қ.Мұхамедхановтың ақын шығармаларындағы текстологиялық мәселелерге
арналған зерттеуi абайтанудағы күнi бүгiнге дейiн құнын жоймаған еңбек болып табылады.
Ғалым деректерiмен Абай өлеңдерiнiң бұрмаланып берiлген тұстарын, арасына енгiзiлген
сөздерiн осылай айқындап бердi. Абай мұрасы жөнiнде табылған тың деректердiң бiрi –
ақынның жаңадан табылған өлеңдерi. Бұл өлеңдер Абай мұрасын толықтыруда, кей
жақтарын тереңiрек танып-бiлуге сүбелi мәнi бар құнды деректер. Қ.Мұхамедханов
тарапынан табылған 80 жол өлеңi немесе 1961 жылы шыққан Абайдың бiр томдығына
тыңнан тағы да алты өлеңі қосылуы, ақын шығармаларын толықтырып, ақын өмiрiнiң кей
жақтарын айқындауға жаңа мүмкiндiк бердi.
Абайдың әдеби мұрасын зерттеуге аса мол еңбек сiңiрген бiрегей ғалым – Қайым
Мұхамедханов десек, оның ұлы ақын өлеңдерi мен дастандарына текстологиялық сараптау
жүргiзгенi абайтанушылардың әлi талай буынына ғылыми бағдар, iзденiс жолы болады. Ол
Абай шәкiрттерiнiң шығармаларын, әсiресе Шәкәрiм туындыларын түп-түгел тәптiштеп,
358
тарихи
тұлғалардың
асыл
мұрасын
құрметтеудiң,
тынымсыз
iзденiмпаздықтың,
бiлiмдарлықтың, ұқыптылықтың, табандылықтың өнегесiн көрсеттi [5, 7 б].
Қайым Мұхамедханов «Шәкәрім ақынның өтініші» деген редакцияға жазған хатында
Шәкәрімнің «Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш» деген қолтумасымен бастаған,
Шәкәрім бұл мақаласын «Қазақ тілі» газетінің 1924 жылдың №13-де баспаға шығарған.
Бұл еңбегімен қысқаша таныстыратын болсақ, Фзулидің өлеңіндегі үш тірлі
антұрғаннан сақтанғаны туралы мәлімет келтіре отырып, өз шығармаларына да сондай
қатынас орнатуын сұрайды. Сондағы үшінші антұрғаны, қате жазушыдан сақта, оның себебі:
менің «көз» деп жазғанымды «көр» деп жазады, ашық көзімді соқыр көрсетеді»,-деген.
Шәкәрім сөзін жалғастыра келе: «Ташкенттегі «Шолпан» журналы менің өлең қылған
«Ләйлә-Мәжнүн» әңгімесін соншалық көп қате қылып басыпты. Оны түзету қайтадан бір
кітап жазғаннан қиын. Кей өлең мүлде жоқ, кейіннің жартысы жоқ, әріп қатесі есепсіз көп.
Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің
кемшілігім емесін білер».
Мысалы ретінде «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған өлеңдерін келтіреді, сонымен
қатар осы баспасөз беттерінде Шәкәрімнің тоғыз өлеңі жарияланған оны дайындаған
филология ғылымдарының кандидаты Сәрсенбі Дәуітов деген мәлімет келтіреді [1, 145 б.].
Қайым Мұхамедханов Шәкәрімнің «Жуандар» өлеңінің текстологиялық қателіктерін
атап көрсетеді. Шәкәрімнің «Жуандар» өлеңі 1912 жылы «Қазақ айнасы» атты кітабының
5-6-беттерінен алынғандығын мәлімдейді. Осы өлеңнің бастапқы екінші шумағының соңғы
жолы газетте: «Қайраты мол екіншісі ант шашқан пара»,- деп басылған (тыныс белгісі
қойылмаған). Дұрысы: «Қайраты мол, ішкені ант, шашқаны пара» (Қазақ айнасы», 5-бет).
Үшінші шумақтың екінші жолы газетте: «Еріксіз кісісі жоқ жерде де онікі» ,- деп
басылған. Дұрысы: «Ерегесер кісі жоқ, жер де онікі» (Қазақ айнасы», 5-бет). Содан кейін осы
өлеңнің бесінші, он бірінші, он үшінші щумағында табылған қателерді «Қазақ айнасы»
еңбегін негізге ала отырып салыстырмалы түрде түзетулер енгізген. Осы қалыпта
Шәкәрімнің « Піскен мен шикі» өлеңінің бастапқы шумақтың екі жолы жоқ болғандықтан,
өлеңнің ұйқасы өрескел бұзылып, уақиға желісі үзіліп қалғандығын «Қазақ айнасында»
берілген түпнұсқасымен дәлелдей түседі. Сонымен қатар, Қайым Мұхамедханов Шәкәрім
өлеңдерінің аты өзгертіліп келгендігін атап өтеді. Мысалы, «Насихат» өлеңі «Нәсихат»
делінсе, «Қош» өлеңі «Хош» екендігін ескерте кетеді. «Қош» өлеңінде өлең құрлысы дұрыс
сақталмаған, бірнеше сөзі қате басылған, екі жол өлең мүлдем жоқтығын және дұрыс
нұсқасы «Шежіре» еңбегінде берілгендігін ескерте отырып, «Лениншіл жас» газетінде 1988
жылы 15 маусымда өлеңнің түпнұсқасы сақталынып, тек «Жас өтті» деген ат қойылған, тек
үш сөз дәл берілмепті. Өлеңді дайындаған – Мұхтар Мағауин.
Шәкәрімнің сан алуан салалы көп шығармалары әлі басылмаған, қолжазба күйінде
жатыр. Оларды баспаға әзірлеу жұмысы – аса күрделі мәселе» - деген мәліметтер келтіреді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің 1988 жылғы 24 маусымында шыққан мақалада газет ұжымы
Қайым Мұхамедхановқа жауап жазады: «Жіберілген қателіктерді мойындай отырып,
әдебиеттің, оның ішінде осынау асыл мұрамыздың шын жанашыры Қайым Мұхамедхановқа
аталмыш сын- ескертпесі үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз»,- деп өз лебіздерін
білдіреді[1, 156 б.].
Текстология мәселесіне байланысты Қайым Мұхамедхановтың екі еңбегі бар, яғни
жоғарыда аталған «Шәкәрім ақынның өтініші» және «Қазақ әдебиеті» газетінің 1989 жылғы
17 наурыздағы санында « «Құдай» деген сөзден құдай сақтасын...» деген мақаласы
ықшамдалып жарияланған. Бұл зерттеу еңбегінде Қайым Мұхамедханов «Жазушы»
баспасынан шығарылған Шәкәрімнің «Шәкәрім. Шығармалары (Өлеңдер, дастандар, қара
сөздер)» кітабы мен «Жазушы» баспасынан шығарылған «Жолсыз жаза. Өлеңдер мен
поэмалар» деген кітаптарын салыстыра отырып зерттеген. «Жазушы», «Жалын»
баспаларында шыққан Шәкәрімнің өлең кітаптарының көлемін, жазылған уақыты жайлы,
текстологиялық жақтан көптеген қателерді атап өткен. «Жазушы» баспасынан шыққан
шығармаларын 1912 жылы Семейдегі «Ярдам» деп аталатын татар баспасынан шыққан
359
«Қазақ айнасы» атты өлеңдер жинағымен салыстыра отырып зерттеген, бірақ татар
баспаханасынан араб әрпімен басылып шыққан кітапта қазақтың төл сөзі дәлме- дәл беріле
бермейтінін де ескеруіміз керектігін айтқан. «Қазақ айнасынан» алынған: «Қайтқан шал»,
«Піскен мен шикі», «Бай мен кедей», «Қулар» өлеңдеріндегі қате басылған он төрт сөзді
тізіп жатпаймыз. «Партия адамдары» атты ұзақ өлеңнің екінші шумағының бірінші жолы
«Қазақ айнасында»: «Ауыз дәмін кіргізер нәрі бар ма (16-бет) деп басылса, «Жазушыда»:
«Ауыз дәмін кіргізер дәмі бар ма (80-бет). «Қазақ айнасындағы» жетінші шумағы кірмей
қалған, себебі өлеңде «кәпір», «құран» деген сөз болған соң, өлеңнің тоғызыншы
шумағының бірінші жолындағы «құдай» деген сөздің орнына «қазақ» деген сөз салыныпты.
Шәкәрім: «Құдая, бәрі бірдей құтырған ба?»- десе, «Жазушыда»: «Қазақтың бәрі бірдей
құтырған ба?»- деген. Осыдан кейін келетін өлеңнің төртінші жолындағы «мұсылман» деген
сөзді «ағайын» деген сөзбен ауыстырып: «Мұсылманға ұқсайды қай арасы?»-дегенді
«Ағайынға ұқсайды қай арасы?»-деп берген. Жиырма екінші шумақтың екінші жолындағы
«құдайым» деген сөзді өзгертіп, «құлағым» деген. Одан кейінгі келетін төрт жол өлеңді
мүлдем алып тастаған. Жиырма алтыншы шумақтың төртінші жолы «Қазақ айнасында»:
«Сонда тура Құдайға жол табасын» деп басылса (17-бет). «Жазушыда»: «Сонда тура
шындыққа жол табасын» деп берілгендігін мәлімдейді. Содан кейін Шәкәрім өлеңдерін
салыстырмалы түрде қарастырып, жіберілген қателіктерді ашып айтқан. Мысалыға
«Мұтылғанның өмірі» өлең жырында жиырма төрт қате, жиырма сегіз жол өлең кіргізілмей
қалғандығын, «Еңлік-Кебек» дастанында әртүрлі енгізілген өзгертулерді атап өткен. Сөз
соңында Қайым Мұхамедханов: «Шәкәрімнің асыл мұрасын мүлтіксіз жариялап, халыққа
кіршіксіз жарқыратып жеткізу – біздің аса жауапты әрі құрметті борышымыз» - деген.
Шәкәрім шығармаларын келер ұрпаққа түпнұсқасын сақтай отырып мұра болып қалуға
Қайым Мұхамедханов ескерген зерттеу еңбектерін пайдаланып, түзу жолмен жүруді мақсат
етіп, өткеннің үнін таза естуге тырысу керектігін мойындауымыз керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
«Шәкәрім мен Қайым. Тағдырлас».- Астана: Фолиант, 2009- 336 б.
2.
«Әдебиеттануға кіріспе. Терминологиялық сөздік», Семей-Новосибирск, 2005, 286 б.
3.
Рейсер С. А. Палеография и текстология нового времени.М.,1970, 169б.
4.
Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларына ғылыми түсiнiктер. (ғылыми басылым).–
Алматы, – 2009. – 232 б.
5.
Қайым туралы сөз.- Астана: Фолиант, 2006.- 376 б.
Достарыңызбен бөлісу: |