Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет85/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90

Түйін

 

Мақалада  мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  алдына  қойған  қатысымдық  мақсаттарына 

қажетті 

электронды 

қатынас 

түрінің 


әртүрлі 

әлеуметтік 

лингвистикалық 

және 


психолингвистикалық қырлары қарастырылады. 

 

Резюме



 

В 

статье 



рассматриваются 

разные 


формы 

процессов 

общение 

социально 

лингвистической  и  психолингвистической  аспектов  ввиде  электронного  общения,  которые 

необходимы для поставленных целей, каждого гражданина нашей страны. 

 

                                                                        Summary 

In  this  article  are  considered  different  forms  of  process’s  talking  of  social  linguistic  and 

phyco-linguistic aspects such as an electronical talkind, which  are nessesary to objects  in view of 

our contry’s every human. 

 

 

ҒЫЛЫМИ



-ІЗДЕНІСТІК  ЖОБАЛАР  ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ  

 

610 


АМАЛ

-ТӘСІЛДЕРІ («ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША) 

 

Сатбекова А.А. п.ғ.д., профессор

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан 

satbekova@mail.ru 

 

Бүгінгі  таңдағы  Қазақстанның  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  деген  мүдделілігі  осы 



салада  халықаралық  әлеуметтік  және  экономикалық  тұрғыдан  озық  деп  танылған  оқыту 

модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық  отандық 

білім  беру  стратегиясы  мен  тактикасын  жаңалаудың  қажеттілігін  арттырып  отыр.  Өйткені 

«ұлттың  бәсекелестік  қабілеті,  бірінші  кезекте,  оның  білімділік  деңгейімен  айқындалады. 

Әлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен  кірігу  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге 

көтеруді  талап  ететіні  сөзсіз»[1].  Бұл  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  аса  бір  маңызды  буыны 

болып саналатын жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісін де түбегейлі жетілдіруді қажет 

етеді. Себебі жоғары білім дамуының негізгі қозғаушы күші болса, білімді де білікті маман – 

еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар. 

Кәсіби  білім  берудің  басты  мақсаты  –  жас  толқынның  қабілеті  мен  қызығушылығына 

қарай  кәсіби  әрекетті  игеруіне,  белгілі  бір  мамандықтың  иесі  болуына  жағдай  жасау, 

мүмкіндік  беру.  Ал  өз  кезегінде  сол    білім  әр  адамның  өзін-өзі  тануының,  маман  ретінде 

қалыптасуының,  өзін-өзі  көрсете  білуінің,  яғни  ішкі  мүмкіншілігі  мен  тұлғалық 

қабілеттерінің    ашылуының  құралы  болып  табылады.  Отандық  тәжірибеге  зер  сала 

қарағанда,  студенттерге  шынайы  білім  беру  бағытындағы  ең  мәнді  қадам  деп  олардың 

өздігінен  ізденуіне,  алған  білімін  нақты  тәжірибеде  қолдануына  жол  ашатын  кредиттік  оқу 

жүйесіне көшу барысында осы жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа технологиялардың 

да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады. Сондықтан да соңғы жылдарда  жоғары 

оқу  орындарында  гуманистік  бағдардағы  «субъект-субъект»  қатынасына  негізделген    білім 

беру    жүйесіне  басымдылық  берілуі  инновациялық  технологияларды  кең  түрде  зерттеп,  

оларды оқыту үдерісіне біліктілікпен батыл енгізудің қажеттігін  талап етуде. Бұл Қазақстан 

Республикасының  азаматы  ретінде  студенттердің  жеке  тұлғалық  мәдениеті  мен  танымдық-

практикалық  қабілеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  осы  бағыттағы  ізденістерді 

кеңейтудің  және  сол  технологияларды    ғылыми  тұрғыдан  жан-жақты  зерделеп  зерттеудің 

көкейкестілігін  дәлелдейді.  Ал  студенттің  тұлғалық  мәдениетінің  бір  арнасын  олардың 

мемлекеттік  тілді  білу  деңгейі  құрайтындықтан,  бұл  пәнді  оқытуда  инновациялық 

технологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие 

болып отыр. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне 

дейінгі  аралықтағы  оқытудың  әдістемелік  жүйесіне  енетін  барлық  компоненттің  біртұтас 

ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады. 

Жобалай  оқыту  технологиясына  қатысты  ғылыми  ізденістер  уақыт  өткен  сайын 

жаңарып,  жаңғырып,  толығып,  дамып  келеді.  Зерттелген  сайын  оның  жаңа  өрістерінің  де 

кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады. 

Жобалай  оқыту  технологиясы  –  өнімді  (продуктивті)  оқыту  идеясын  практикалық 

тұрғыдан  жүзеге  асыратын    оқытудың  бір  бағыты,  нұсқасы,  әдісі,  тәсілі.  Оның  басты 

ерекшелігі    маманның  біліктілік  құзыреттілігі  өзінің  өнімді  әрекетінің,  тәжірибесінің, 

ізденуінің  негізінде қалыптасуы. 

Білім  алушы  өзінің  оқу  әрекетінің  субъектісі  болады,  танымдық  мүмкіншілігі  мен 

қажеттілігін қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасалады. Оның басты мақсаты – бағдарлама 

көлемінде  ғана  білім  жинау  емес,  игерген  білімін  өзінің  жан-жақты  дамуына,  кәсіби  маман 

ретінде қалыптасуына, адами көзқарасының қалыптасуына пайдалану. 

Жобалай  оқыту  технологиясы  әлеуметтік  немесе  кәсіби  мамандығына  байланысты 

маңызды  проблемалардың  туындап  отыруын  талап  етеді.  Ондай  проблемалар  болашақ 


 

611 


маманның  танымдық,  рухани  ой-өрісін  дамытуға,  өмірдің  әр  түрлі  жағдайына 

(мамандығында) икемделуіне мүмкіндік жасауы қажет. 

Жобалау  технологиясы  арқылы  орындалатын  жұмыстарды  өз  деңгейінде  дұрыс 

ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу басты мәселе 

Ол үшін олардың мынадай белгілеріне мән беру қажет: 

1.  Жобалау  технологиясындағы  басым  әрекет  түрі  -  зерттеушілік,  шығармашылық, 

рөлдік, қолданбалы болатыны. 

2. Пәндік-мазмұндық сипаты бойынша: 

-  моножоба; 

-  пәнаралық жоба болып бөлінетіні. 

3. Жобалау әрекеті үрдісіндегі қарым-қатынас тәсілінің сипатына қарай: 

-  тікелей қарым-қатынас; 

-  коммуникациялық технология арқылы деп ажыратылатыны. 

4. Жобаны үйлестіру сипатына қарай: тікелей, елеусіз деп жіктелетіні. 

5. Байланыстың сипатына қарай : 

-  аймақтық жоба; 

-  оқу орнының өзінде орындалатын жоба; 

- халықаралық жоба деп саланатыны. 

6.Жобаға қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық деп бөлінетіні. 

7.Жобаның  ұзақтығына:  қысқа  мерзімдік,  орташа  мерзімдік,  ұзақ  мерзімдік  деп  іштей 

топтастырылатыны. 

Жобалай  оқыту  технологиясындағы  басым  әрекет  түрлеріне  қарай  жобаның  мынадай 

типтері бөлінеді:зерттеу жобалары; шығармашылық жобалар; ойын жобалары;  қолданбалы-

практикалық  жобалар;  пәнаралық  жобалар;    моножобалар;  ақпараттық  жобалар;  рөлдік 

жобалар,  т.б.  Бұл жобалар  сипаты жағынан  іштей  екі  үлкен  топқа:  ғылыми-ізденімдік  және 

қолданбалы практикалық болып сараланады. 

Ғылыми-ізденістік  жобалардың  түрлеріне  зерттеу,  шығармашылық,  пәнаралық,  т.б. 

жобалар жатады. Оларды аралас жоба типтеріне жатқызуға да болады. Өйткені жобаның бұл 

түрлерінде  жалпы  жобаға  тән  барлық  элементтер  қатар  қамтылатындай  мүмкіндік  мол. 

Жобаның қандай типімен жұмыс істелсе де, онда әр түрлі әдістер, әсіресе, зерттеушілік әдіс 

міндетті  түрде  қолданылып,  негізгі  орынды  иемденеді.  Бұл  әдіс  тілді  меңгерту  үдерісінде 

дербес  те,  жобалай  оқыту  технологиясының  құрамында  да  қолданылады.  Өйткені 

зерттеушілік  әдіс  жалпы  білім  берудің  басты  міндеттерін  орындауға  қолайлы  әдістің  бірі  

және  ол  жалпығылыми  әдіснамалық  тұрғыдан  қарастырылады.  Жобалай  оқыту 

технологиясының  ауқымында  алынатын  ғылыми-ізденістік  бағыттағы    басты  мәселелердің 

мәні: 


-

 

студенттің зерттеушілік әрекетінің мақсатын айқындаудан; 



-

 

зерттелетін проблеманы ұсынудан; 



-

 

проблеманы шешудің тиімді жолдарын көрсететін болжамдар жасаудан; 



-

 

ақпараттар  жинауда,  оларды  өңдеуде,  проблеманы  бөлуде,талдауда  толық  қатысып, 



жан-жақтылықта қамтылудан көрінеді. 

Ғылыми-ізденіс  жұмыстарында,  негізінен,  студенттердің  танымдық  әлеуетін  көтеруге, 

олардың лингвоелтанымдық мәдениетін дамытуға теориялық тұжырымдар мен қағидаларды 

орынды қолдана алу дағдыларын дамытуға басымдылық беріледі. 

Енді осы топтағы жобалай оқытудың ішкі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. 

Қазақ  тілін  меңгерту  үрдісінде  ұйымдастырылатын  зерттеу  жобаларының  өзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Мұндай  жобаларды  студенттерге  ұсынар  алдында  оқытушы  мына 

мәселелерді анықтап, өзара сабақтастыққа негізделген жүйесін белгілеп алады: 





 

 жобаның мақсатын; 





 

 зерттеу тақырыбының жеке студент үшін немесе оны орындауға қатысатын студент 

тобы үшін өзектілігін; 



 

 тақырыптың құрылымын; 



 

612 




 

 тақырыптың әлеуметтік маңызын; 





 

 сәйкес әдістер мен тәсілдер жүйесін; 





 

 қол жеткен нәтижені өңдеу әдістерін. 

Зерттеу  жобалары  зерттеу  логикасына  толық  бағынады  және  оның  шын  ғылыми 

зерттеулермен  толық  сәйкес  келетін  құрылымы  болады.  Мәселен,  онда  сол  тақырыптың 

өзектілігі  дәйектеледі,  зерттеу  проблемасы  анықталады,  зерттеу  міндеттері  қойылады, 

зерттеу  әдістері  белгіленеді,  зерттеудің  қайнар  көздері  көрсетіледі,  зерттеу  болжамы 

ұсынылады, оны шешудің жолдары қарастырылады, алынған қорытындылар мен нәтижелер 

талқыланады және одан туындаған жаңа проблемалар анықталады. 



Шығармашылық  жобалардың  өзінің  ерекшеліктері  бар.  Ғалым  Е.С.Полат  пен 

М.Ю.Бухаркина  жобалардың  түрлерін  саралай  келе,  «жалпы  жобаның  бәріне  де 

шығармашылық  пен  зерттеушіліктің  тән  екенін  айтады.  Олар,  дегенмен,  осы  жобаның 

ерекшелігі  ретінде  мыналарды  атап  көрсетеді:  шығармашылық  жобалардың  нәтижелері 

ерекше  болады,  олардың  даралығы  оны  орындаушылардың  ойлау  даралығынан,  бір-біріне 

ұқсамайтын ерекшелігінен туындайды»[2]. Бұл жобада оны орындаудың әр бөлігі алдын ала 

жоспарланбайды. Оның өрістеуі оны орындаушылардың еркіне көбірек бағынады. Мұнда тек 

түпкі нәтиже мен оның формалары (газет, шығарма, бейнефильм, драмалық қойылым, рөлдік 

ойын,  т.б.)  белгіленеді.Бірақ  жобаның  нәтижесін  рәсімдеу  сол  ойластырылған  жобаның 

сценарийінде толық көрініс табуы тиіс. 



Пәнаралық  жобалар    -  қалай  болғанда  да  дәрісханадағы  сабақтан  тыс  уақытта 

орындатылатын  жобалар.  Бұл  жоба  түрін  орындауда  екі-үш  пәннің    түйісер  нүктесіндегі 

тақырып таңдалынады. 

Бұл жоба түрін орындауда студенттер тобы іштей бірнеше шығармашыл кіші топтарға 

бөлінуі мүмкін. 

Оқытушы  тарапынан  жүргізілетін  басқарушы  және  нұсқаушы  міндеттер  ұйымдастыру 

шеберлігін  аса  қажет  етеді.  Зерттеу  жобасымен  де  ұқсас  келетін  мұндай  жоба  түрінің 

нәтижесі де аумақты мәселені қарастыратын болғандықтан, ауқымды және жан-жақты болып 

келуі заңды. 

Жобалай оқыту жүйесінің тиімділікпен қолданылуы үшін және түпкі нәтижесі сапалы 

болуы  үшін  осы  оқыту  жүйесіне  қатысатын  барлық  құраушы  бөлшектердің  сипаты  мен 

қызметін тану және бірізді тәртіпке келтіруі маңызды болады. Соның өзінде  бір ғана оқыту 

технологиясын  бірнеше  адам  қолдануы  барысында  түрліше  нәтижелерге  қол  жеткізіп 

жатады. Бірақ  әрбір оқытушының жеке қабілетін қоса есептейтін болсақ, бәрібір, қазақ тілін 

гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  жобалай  оқыту  арқылы  меңгерту  жүйесінің  белгілі  бір 

орта шамадағы индексі болуы  қажет, яғни бұл технологияны қолдануда студенттердің дара 

қасиеті ескеріледі, бірақ бұл бір ғана басты ұстаным екен деп қабылдауға болмайды. 

Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үдерісінде  ғылыми-ізденіс  жобаларын  қолданудың 

өзіндік  ерекшеліктері  мен  ішкі  тәртіптері  болатыны  белгілі.  Солардың  кейбіріне  тоқталып 

өтеміз. 


Жалпы  алғанда,  қазақ  тілін    гуманитарлық  бөлім    студенттеріне  жобалай  оқыту 

технологиясы  арқылы  меңгертудегі  негізгі  бағыт  –  студенттің  білімді  өз  бетімен  ізденіп 

игеру  болып  табылады.  Жобалай  оқытудың    амал-тәсілдерін  қолдана  отырып  оқу  арқылы 

студент  әрдайым  сабақ  тақырыбына  байланысты  алдына  қойылған  мәселелердің    шешілу 

жолдарын  өзіндік  жоба  түрінде  ұсынады,  дәйекті  түрде    дәлелдейді.  Осы  жобаны  орындау 

және оның шешімін көрнекілеу кезінде,  жобаны шешім түрінде дәлелдеу барысында студент 

өз бетімен білім алу  әдістері мен амалдарын меңгереді. 

Қазақ  тілін  гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  ғылыми-ізденіс  жобалар  арқылы  

оқытуда оқытушы орындауы тиіс  басты мәселелердің бірі – жобалау  жұмысының топтама  

тақырыптарын  анықтау  және  бекіту.  Бұл  бағыттағы  жобалай  оқыту  жұмысының  топтама 

тақырыптары  теориялық  мәселелерге  арналады.  Бірақ  пәніміздің  өзі  практикалық 

болғандықтан оның тек ғылыми тұжырымдармен шектелуі тиімсіз саналады. Онда алынған 



 

613 


мәселенің  теориясын  студент  өзі  бағамдағанмен,  оның  қорғалу  үдерісі  шынайы  ғылыми 

жұмыс тәртібімен жүргізілгенмен, оның практикалық маңызы да есте болады. 

Жоғары  оқу  орны  қабырғасында  қазақ  тілін  сапалы  оқытудың  дидактикалық  мақсат-

міндеттерін  дұрыс  орындау  үшін,  студенттерге  жоба  әдісі  арқылы  қазақ  тілінен  өз  бетімен 

білім  алудың  тиімді  амал-тәсілдерін  жете  үйрету  көзделеді.  Жобалай  оқыту  технологиясы 

студентке  өз  бетімен  білім  іздеу  барысында  оқу-танымдық  амалдардың  жиынтығын 

меңгеруіне оң ықпал етеді. 

Көзделген  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  студенттің  өз  бетімен  білім  алуы  аса  қажет. 

Жоғары білім беру саласы модернизациялау, жаңа оқыту технологияларын қарқындылықпен 

практикаға енгізу үшін  дәстүрлі лекция мен семинар сабақтарды, практикалық сабақтардың 

болмысына жаңа леп енгізу керек. 

Қазақ  тілі  бойынша  студентке  берілген  жоба  түрлері  мен  тақырыптары  –  студенттің 

білімдік  және  оның  толыққандылығын  қамтамасыз  ететін  жан-жақты  ақпаратты  өз  бетімен 

іздеп табуына лайықталып іріктелінеді, жүйеленеді. 

Қазақ  тілін  ғылыми-ізденіс  арқылы  меңгертудегі  амал-тәсілдердің  бірі  -    студентті 

ақпаратты  жинау  амалдарымен  таныстыру.  Онда  әдебиетпен  жұмыстың  жолдары 

түсіндіріледі.  Мәселен,  бірінші  тәсіл  –  сөздік  минимумды  анықтау.  Жоғарыдағы  заң 

терминдерін  меңгеруде  мынадай  амалдар  қолданылады:  студент  алдымен  орысша-қазақша 

сөздіктерден,  сосын  түсіндірме  сөздіктермен  жұмыс  жасай  отырып  өзіне  қажет  сөздерді 

таңдап  алады.  Келесі  тәсіл  –  өзі  жинаған  сөздерді  актив  және  пассив  сөздерге  бөлу.  Сөздік 

қордағы  сөздерді  актив  және  пассив  деп  бөлу  тілді  үйрену  барысында  қандай  сөздерге 

айрықша көңіл бөлу керектігін және тапсырманы орындауда алдымен қай лексикадан бастау 

керектігін, сөздердің жиілігі мен тіркесу қабілетінде қайсысы негізгі екендігін, т.б. анықтауға 

мүмкіндік  береді.    Келесі  орындалатын  жұмыс  –    сөз  тіркестерін  құру.  Бұл  заңдық 

ұғымдарды  кең  түсінуге  көмектеседі.  Тілдік  жағынан  тиісті  грамматикалық  норма  арқылы 

бұл  тұлғалардың  айтар  ойға  сәйкес  бір-бірімен  тіркесу,  байланысу  қабілеттерін  меңгеру. 

Келесі  тәсіл  –  мағыналық  тіркестерден  сөйлем  құрау.  Одан  кейінгі  кезеңде  өздері  таңдаған 

жағдаяттарға сай сол сөйлемдерді пайдаланып мәтін құрау. Өз ойын жеткізуде фонетикалық 

нормаларды  сақтай  отырып,  қатысымдық  тұлғаларды  орынды  пайдалануға  төселу  –  осы 

жұмыстың  тілді  қолдану  тұрғысындағы  нәтижесі  деп  саналады.  Ал  жоғарыдағы  амал-

тәсілдер сөйлесімді жүзеге асырудың базалық негізін қалайды. 

Ал жобалау технологиясын қолдануда студенттер өздерінің алдына қойылған қазақ тілі 

бойынша жобаларды шешудің жолын, әдісін оқытушының басшылығымен, бірақ, негізінен, 

практикалық  жолдан  өздері  орындап    «өтіп  шығуы»  қажет  болады.  Өйткені  жеке  бастың 

тәжірибесі    адамның  өзінің  жолын  талдауының,  салыстыруының,  ұтымды  тұстарын 

жинақтай білуінің нәтижесінде жинақталатыны аян. 

Бұл  жерде  әрбір  жеке  студенттің  өзін-өзі,  яғни  өзінің  білім  алу,  дүниетану 

мүмкіншіліктерін танып-білуіне қажетті р е ф л е к с и я л ы қ  әдістерді игеру қажеттілігі де 

туындап тұрғанын айқын көреміз. Осы жұмысты жүзеге асыруда топтық, жұптық жұмыстар 

ұйымдастырылады.  Ол  үшін  білімді  өзектендіру  амалы  қолданылады.  Өзектендіру  – 

тақырыптың  өз  өмірлеріне  байланысты  мүмкіндіктерді  танумен  байланысты  жүргізіледі. 

Осы  тұста  студенттің  тапсырманы  орындауға  және  білімді  саналы  игеруіне    жол  ашатын 

мотивациялық  тәсілдерді  қолдану  тиімді  болып  табылады.  Мысалы,  оны  берілген 

тапсырмалардың түрлендірілуі арқылы, топтар мен жұптарды кездейсоқтық амалымен құру 

арқылы, бір-бірімен топтық жарыстар ұйымдастыру арқылы жүргізудің пайдасы мол. 

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мәселесін 

ескеру  оқу  нәтижесін  арттырары  хақ.  Мысалы,  студенттің  таным  үдерісінде  де 

рефлексияның  алатын  орны  зор.  Қазіргі  таңда  оқушының  рефлексиялық  мүмкіншіліктерін 

тану,  жекелеген  пәндерді  оқыту  арқылы  оны  дамыту  мәселесі  қарастырылып  жүр.  Атап 

айтқанда,  жобаны  орындау  барысындағы  студенттердің  тақырыпты  талқылауы  мен  есеп 

беруі    рефлексиялық  қабілеттің  дамуына,  қалыптасуына  тірек  болып  табылады.  Жобаны 


 

614 


студенттер  жеке  түрде  немесе  топ  болып  орындайды.  Жобаны  орындаудың  кезеңдері 

анықталған соң, әр кезеңнің соңында: 

-

 

«не тындырдық?» 



-

 

«әлі қандай мәселе бар?» 



-

 

«қандай мүмкіндіктер бар?» 



-

 

«біздің мүмкіндігіміз қандай?» 



-

 

«менің мүмкіндігім қандай?» 



- «жобаны жақсы орындап шығудың тиімді жолдарын қалай болжауға  болады?»  деген 

сияқты  топтық  немесе  жеке  рефлексиялық  сәттер  өткізіледі.  Бұл  тәсілдің  өзі  студент  үшін 

өмірлік құндылық  болып табылады. Өйткені Абайдың қара сөзінде айтылғандай, адам өзіне 

күн сайын, апта сайын, болмаса ай сайын есеп беріп үйренуі керек. 

Проблеманы  анықтай  білу,  оны  шешуге  кірісу,  қажетті  әдістер  мен  тәсілдер  жүйесін 

алдын ала жүйелей алу – студенттен талап етілетін міндеттер. Оқытушының айтуымен ғана 

емес, өзінің осыған дейінгі білімі мен өмірлік тәжірибесінің негізінде осындай кезеңді қалап 

алған соң, студент проблемалық жағдайдың «ішіне ене алатын болады». 

Ғылыми-ізденімдік  жобаларды  жүзеге  асыру  оқытушымен  бірлесе  отырып  жасалған 

жұмыс жүйесінің нақты кезеңдері мен сол кезеңдерге сай келетін тапсырмалардың алдын-ала 

нақты берілуін талап етеді. Онда қолданылатын әдістер мен амал-тәсілдер сондықтан қадам 

сайын белгілі болып отырады. 

Қалай болғанда да студент жобаны орындау  барысында коммуникацияның мақсатына 

байланысты  түрлі  позицияда  жұмыс  жасайды,  бір-бірімен  қазақша  қарым-қатынас  жасауда 

интеракцияның  (студенттердің  өзара  қарым-қатынасы),  өзара  перцепцияның  (студенттердің 

өзара түсіністігі) дағдыларын меңгереді. 

Қазақ  тілін  жобалай  оқыту  технологиясында  коммуникативтік  бағдар  негізгі  орын 

алатыны  белгілі.  Ал  бұл  бағыттың  студенттердің  қазақша  сөйлеуіне  қажетті  материалды 

жүйелеуге, жоба әдісін модельдеуде қандай лексикалық және грамматикалық тақырыптарды 

іріктеуде әдіснамалық орын алатыны анық. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

 1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2008. – 56 б. 

2.  Полат  Е.С.,  Бухаркина  М.Ю.  Современные  педагогические  и  информационные 

технологии в системе образования / Учебное пособие, – М.: Академия, 2007. – 368 с. 

Түйін

 

Мақалада жобалай оқыту технологиясындағы басым әрекет түрлеріне қарай қазақ тілін 

меңгерту  үрдісінде  ұйымдастырылатын  ғылыми-ізденістік  жобалар  және  оны  іске  асыру 

амал-тәсілдері туралы кеңінен сөз болады. 



 

Резюме

 

В данной статье речь идет об эффективных приемах и методах реализации технологии 

проективного обучения в усвоении казахского языка 

 

Summary 

This article deals with the problem of effective methods and realization of project technology  

in teaching Kazakh language

 

 

 

ЖОО БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН 

ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

 


 

615 


Суатай С.Қ., Тәттібаева А.Е.

 

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,  

Алматы қаласы, Қазақстан 

sabitk@mail.ru 



 

Бүкіл  дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде  Қазақстанда 

білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үрдіс  оқу-тәрбие  үрдісіне  нақты  өзгерістер  енгізумен 

қатар,  елімізде  болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол 

жеткен  табыстарды  сын  көзбен  бағалай  отырып  саралауды,  жастардың  шығармашылық 

әлеуетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. 

Сондықтан  де,  келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 

оқытушылардың  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру  - 

маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі кезде Қазақстанда бірқатар ғалымдардың зерттеулерінде 

оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.  

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 

«Біздің  жас  мемлекетіміз  өсіп,  жетіліп,  кемелденеді,  біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз 

онымен  бірге  ер  жетеді.  Олар  өз  ұрпағының  жауапты  да  жігерлі,  білім  өрісі  биік, 

денсаулықтары  мықты  өкілдері  болады.  Олар бабаларының  игі  дәстүрлерін  сақтай  отырып, 

қазіргі  заманғы  нарықтық  экономика  жағдайында    жұмыс    істеуге  даяр.  Олар  қазақ,  орыс, 

ағылшын  тілдерін  еркін  меңгереді,  олар  бейбіт,  абат,  жылдам  өркендету  үстіндегі,  күллі 

әлемге  әйгілі,  әрі  сыйлы  өз  елінің  патриоттары  болады»  [1,  3]  деп  көрсетілгендей,  ертеңгі 

келер  күннің  бүгінгіден  гөрі  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамы  алға  апаратын 

құдіретті  күш  –  білімге  тән.    ЖОО-рында  білім  беру  барысында  жаңа  технологияларды 

пайдалану арқылы жұмыс жүргізу бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі болып отыр. Сол 

үшін  білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-

тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті  –  ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 

жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»- делінген [2, 9].  

Осыған  орай  бүгінгі  ұстаздардың  алдында  білім  алушыларға  білім,  білік,  дағдыларын 

игертіп  қана  қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын,  сезімдерін,  ерік-жігерлерін,  яғни  жан-

жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны 

дамыту міндеттері де тұр. 

Жалпы  білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін 

бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  дамытудағы  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді 

қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 

негізделген,  ақпаратты  технологияны  терең  меңгерген,  жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі 

заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 

Оқыту  технологиясы  мен  әдістеме  ғылымы  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Әдістеме 

ғылымы  «Нені  оқыту  керек?»,  «Не  үшін  оқыту  керек?»,  «Қалай  оқыту  керек»?  деген 

сұрақтарға  жауап  іздесе,  оқыту  технологиясы  «Қалай  нәтижелі  оқытуға  болады?»  деген 

мәселенің  шешімін  іздейді.  Олардың  мақсаты  бір,  яғни  оқытудың  тиімді  жолдарын 

қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. 

Өзге  тілді  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тілін  үйренуде  грамматикалық  тапсырмаларды 

меңгеруі  материалда    дұрыс  түсініп,  меңгеріп,  орынды  қолдана  білу  дағдыларын  дамыту 

мақсатында  ақпаратты  технологиялардың    көмегі  зор  деп  айтуға  болады.  Бұл  бағыт  жаңа 

ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту 

мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен 

сапасын  жоғарылатуды  көздейді.    Қазіргі    таңда  студент  -  ақпаратпен    қаруланған,  жан-



 

616 


жақты  дамыған  тұлға.  Оның    білімдік    қабілеттерін    дамыту  үшін  біздер,    оқытушылар 

қауымы  жан-жақты  қаруланған  болуымыз  керек.  «Балаға  білім  бергенде,  алыстан  жақынға, 

таныстан  жатқа  көшіп,      жаңа  білімді    ескі    білімге    байлап    беру  керек»,-  деп  Мағжан 

Жұмабаев  айтқандай,  оқыту    процесіне  жаңа  көзқараспен    қарау    керек.  Жазу,  баспасөз, 

электронды  пошта,  радио,  теледидар  мен  компьютер  күнделікті  өмірде  қарым-қатынасты 

жақсартуға  және  тілдік  қарым-қатынастың  төрт  психологиялық  әрекеттерін  (тыңдалым, 

оқылым,  сөйлесім,  жазылым)  дамытуда  көмекші  болып  табылатыны  да  аян  [3,  21].  

Оқытушы  мен  тіл  үйренуші  оқушы  материалды  көрсету  компьютер  арқылы  басқарылады. 

Мысалы,  белгілі  бір  сөздің  фонемалық  символының  айтылуын  тексереді,  аудармасыз  сурет 

арқылы  лексикалық  қорды  байыту  жұмысын  іске  асыруға  болады.  Тест  жұмыстарын 

нәтижелі  өткізуге  көмегі  мол  және  тағы  сол  сияқты  толып  жатқан  оң  мақсаттарға  қол 

жеткізуге 

болады. 

Қазақ 


тілі 

сабақтарында 

интерактивті 

тақтаны 


қолданудың 

артықшылықтары:  сабақтағы  уақыттың  үнемделуі,  сабақ  материалының  мейлінше  тығыз 

ұсынылуы, аз  уақытта көп ақпарат  көзіне  қол жеткізе білу. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде 

өте маңызды бағыт: мультимедиалық презентациялар. Мультимедиа алуан түрлі ақпараттық 

объектілердің  бірлігінен,  мысалы,  мәтін,  графика,  бейне  (video)  анимация  және  дыбыстан 

тұрады.  Қазақ  тілінде  презентациялар  дайындағанда  оқушылар  жоспарлау,  жобалау  жасау 

үрдісінде  жаңа  білім  мен  білікке  ие  болады.  Осы  жұмыстың  нәтижесінде  сан  алуан  амал-

тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады. Олар:  

 

 

 



Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл  студенттерге  өз  бетімен 

немесе  бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге,  өз  жұмысының 

нәтижесін  көріп,  өз  өзіне  сын  көзбен  қарауына  және  жеткен  жетістігінен  ләззат  алуға 

мүмкіндік береді.  

Қазақ  тілі  пәнін  орыс  аудиториясында  оқытуда  да  ақпараттық  технологияларды 

қолданудың  мүмкіндіктері  өте  мол.  Мәселен,  С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ-нде  І 

жарты  жылдықта  танымдық  мәтіндер  бойынша  грамматика  және  лексикалық  тақырыптар 

қамтылса,  ІІ  жарты  жылдықта  «Медициналық  мәтіндер»  бойынша  жұмыстар  жасалады. 

Грамматикамен  байланыстырыла  отырып  оқытылатын  танымдық  және  кәсіби  мәтіндермен 

жұмыс жасау барысында студенттердің сабақты толық түсінуі мен есте сақтауын қамтамасыз 

ету  мақсатында    жаңа  технологияларға  негізделген  құрал-жабдықтардың  көмегі  зор. 

Тәжірибелік  сабақ  барысында  қолда  бар  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  компьютерді 

пайдалану  арқылы  білімді  бекіту  сабағында  электронды  оқулық  бойынша  тест  және  т.б. 

бақылау түрлерін өткізу, студенттермен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде 

шығармашылық топ құрып, соларға арнайы мәтіндер негізінде қосымша мәліметтерді тауып, 

өз  ойларын  жеткізуге  мүмкіндік  жасауға  болады.  Берілген  тақырыпқа  байланысты 

презентациялар жасату студенттің қызығушылығын  арттырары сөзсіз.  

Танымдық мәтіндерге байланысты сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс 

түрінде  де  қолданысын  табады.  Бұл  студенттердің  шығармашылығын  талап  ететін  жоба 

жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде студенттер техникалық құралдарды қолдану арқылы 

жобасын  дайындайды.  Мәселен,  сабақта  ақын-жазушының  шығармашылығымен  танысу 

үшін  арнайы  топ  құрылып,  тақырып  бойынша  терең  мағлұмат  жинап,  онымен  бүкіл 

аудиторияны  таныстыру  мақсатында  олар  мұражай  қызметшілеріне,  белгілі  әдебиетші, 

тарихшыларға  барып  сұхбат  алып,  тақырыпқа  байланысты  материалдарды  суретке  түсіріп, 



 

617 


жалпы  толық  бейнематериал  жинақтайды.  Жиналған  мағлұматтарды  компьютер  арқылы 

өңдеп ұсынуға болады.   

Қазақ тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы 

өтілген  тақырыптардан  қайталау,  пысықтау,  мәтінді  оқыту  барысында  талдау  сияқты 

тапсырмаларды  орындатуға  болады.  Әр  сабаққа  байланысты  тапсырмаларды  оқытуда 

компьютерді  пайдаланудың  өз  реті  болады.  Мысалы,    1.  Қазақ  тілі  фонетикасын  оқыту 

барысында  сөздегі  не  сөйлемдегі  дауысты,  дауыссыз  дыбыстар  санын  анықтаудың  арнайы 

бағдарламасын  іздеп  табады.  2.  Сөз  құрамында  керекті  әріпті  табу  бағдарламасын  құр  деп 

тапсырма беруге болады. 3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы 

студент білімін бағалауға болады [4, 61]. 

ЖОО-рындарында  басқа  да  жаңа  технологиялардың  бірі  интербелсенді  тәсіл,  әсіресе 

сабақты  пысықтап,  қорытындылауға  бірден-бір  көмегін  тигізетін  тәсілдердің  бірі.  Қазіргі 

кездегі  тіл  үйретудегі  мақсат  –  жан-жақты,  білімді,  өмір  сүруге  бейім,  өзіндік  ой-толғамы 

бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай жағдайда оқытушы білім берумен қатар, 

студенттің,  үйренушінің  өзінің  тілді  үйренуіне,  қызығушылығын  арттыруға,  тілді  үйренуге 

деген  ынтасын  күшейтуге  бар  күшін  жұмсауы  керек.  Міне  осы  арада  жаңаша  жаңғыртып 

оқыту жүйесімен байланыстыру қажеттігі келіп шығады.  

Қазіргі  кезде  ғалымдар  оқыту  үрдісінде  дидактикалық  мақсатты  шешуде  оқытудың 

белсенді  формаларына  бет  бұруда.  Оқытушының  студенттермен  педагогикалық  қатынасты 

ұйымдастыра  алу  қабілеті  бүгінгі  таңдағы  қазақ  тілін  оқытуда  оқу  үрдісінің  тиімділігін 

арттырады,  сондай-ақ,  ол  студенттің  жеке  тұлға  ретінде  ерекшеліктерін  ашуға,  қазақ  тілін 

меңгеру  арқылы  мәдениетаралық  қарым-қатынас  құралы  ретінде  меңгеруіне  бағытталады. 

Аталған  мәселені  шешу  үшін  педагогтар  мен  әдіскерлер  оқыту  үрдісінде  белсенді 

формаларын  қолдану  керектігіне  тоқталады.  Осыған  орай  студенттердің  белсенді  өзіндік 

жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  студенттердің  бір  мәселені  бірігіп  шешуде  өз  бетінше 

белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интербелсенді тәсілге назар 

аударуда. Сонымен қатар, интербелсенді әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды 

да,  олар алған білім, білік дағдылары боынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі бақылау, жұптық 

өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.  

Бұл бақылауды төмендегі бағалау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болады. 

 

 

Бұл  бақылаулар  студенттерді  өздеріне  және  өзгеге  сын  тұрғысында  қарауға    үйретеді. 



Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. 

Бұл  бағыттау  мен  бағалау  студенттердің  бойында  мына  қасиеттерді  қалыптастырады: 

еріктілік,  еңбексүйгіштік,  өз  біліміне  сенімділігі,  қабілеттілігі,  жауапкершілікті  сезінуі, 

адамдық,  жолдастық  қасиеттер,  сөз  қоры,  ғылыми  ақпараттарды  ақтаруы,  өзінше  түйін 

жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.  


 

618 


Жалпы  қазақ  тілі  сабағында  қолданылып  жүрген  рөлдік  ойындар,  іскерлік  ойындар, 

пікірталас,  студенттердің  баяндамалары  мен  ақпараттық  хабарлары,  дәріс-диалог,  тренинг, 

дөңгелек  үстелдер,  ұжымдық-танымдық  оқу,  иммитация  әдістері  осы  жоғары  белсенділікті 

дамыту  әдісінің  интербелсенді  әдіс  белгілері  болып  табылады.  Сабақты  ұйымдастырудың 

топтық-үлестірме 

түрлерін 

қолдану 

арқылы 


әс-әрекетті 

талқылау, 

қарама-қарсы 

қайшылықты  мәліметтер  беру  арқылы  пікірталасын  тудыру  студенттің  пәнге  деген 

ықыласын, ынтасын арттырады.  Ж.Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік 

емес,  ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»,-  деген  екен.  Жаңаны  танып,  жаңашыл 

технологияларды  оқып  үйрену  –  ұстаз  қауымына  үлкен  жауапкершілікті  жүктейді.  Қазіргі 

заман оқытушыларының алдында тұрған ең басты міндет студенттерді сабаққа ынталандыра 

білу, сол арқылы әр тақырыпты жата түсіндіру» деп ғалымдар еңбегінде қазақ тілін өзгетілді 

аудиторияда  оқытудың  маңыздылығын  атап  көрсетеді.  Өзге  тілді  аудиторияларда  сабақты 

түрлендіріп,  тіл  үйренушілердің  қызығушылығын  аттыру  арқылы  тақырыптарды  беруге 

болады. Мысалы, тапсырма:  



«Тәуелсіз  Қазақстан»  сөзі  тудыратын  ассоциациялық  ұғымдарды  топтастырып 

сөйлемдер құрастырыңыздар. 

 

 

  Осындай  кесте  арқылы  тапсырманы  үйренушіге  түрлі  сұрақтар  қоюға,  сөйлемдер 

құратуға  және  т.б.  түрлендіріп  өткізуге  болса,  әр  сабақтың  соңында  студенттің  сабақты 

қорытындылауы негізінде сабақтан алған білімін төмендегіше қорытындылауға болады. 



Қорытынды бақылау:

  

«Түртіп алу» стратегиясы 

           Білемін 

 

Білдім

 

           Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді  оқыту  оқу  үрдісінің  тиімділігі  мен  нәтижелігін  үйренушілердің  есте 



сақтау  дәрежесімен  өлшемей,  олардың  әрекеттерімен  бағалайды,  тек  әрекет  арқылы  ғана 

үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. Интербелсенді оқыту студенттің өз тәжірибесі және 

өзге де студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. 

Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары 

мен  идеялары,  тұжырымдары  мен  қорытындылары,    дәлелдері  мен  уәждері  деп  айтуға 

тұрарлық.  



 

619 


Ақпараттық  технологияның  оқытушы  жұмысына  ең  тиімдісі  –  оқушылардың  білім 

олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. 

Қазіргі заманның даму қарқыны оқытушылардың шығармашылығын жаңаша, ғылыми-

зерттеу  бағытында  құруды  талап  етеді.  Сондықтан,  ақпараттандыру  технологиясы  дамыған 

заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты 

дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. 

Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру, яғни 

«үш  тұғырлы  тіл»  бағдарламасына  сай  білім  бере  отырып,  өркениет  көшінен  қалмай,  соған 

сәйкес  қадам  жасауға,  толыққанды  білім  алуға  қол  жеткізуге  үлесімізді  қосуымыз  керек. 

Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Н.Назарбаев. Қазақстан Халқына Жолдауы. 2010. 

2.

 



Білім заңы. -Алматы, -2007. 

3.

 



С.Т.Мұхаметжанова,  Ж.Ә.  Жартынова.  Интерактивті  жабдықтармен                    жұмыс 

жасаудың әдіс-тәсілдері. -Алматы, 2008. 

4.

 

Н.Түндебаева.  Орыс  тілді  аудиторияларда  қазақ  тілін  коммуникативтік  оқыту 



технологиясы. Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде 2007. № 10 

 

Резюме



 

В статье были рассмотрены возможности внедрения новых технологий для улучшения 

качества знаний в ВУЗ-ах.  

 

Summary 

This  article  focuses  on  improving  education  in  schools  and  training  opportunities  for 

emerging technologies. 

 

 

 



 

 

ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ЯЗЫК И ИННОВАЦИОННАЯ ТЕХНОЛОГИЯ 



 

В ОБУЧЕНИИ

 

 

Сулейманова Светлана Айнадиновна

 

КазНУ имени Аль-Фараби 

Кафедра иностранных языков и общего языкознания 

г. Алматы, Казахстан 



 

В последние годы всё чаще поднимается вопрос о применении новых информационных 

технологий в ВУЗе. Это не только новые технические средства, но и новые формы и методы 

преподавания, новый подход к процессу обучения. Основной целью обучения иностранным 

языкам является формирование и развитие коммуникативной культуры студентов, обучение 

практическому овладению иностранным языком.  

Задача  преподавателя  состоит  в  том,  чтобы  создать  условия  практического  овладения 

языком  для  каждого  студента,  выбрать  такие  методы  обучения,  которые  позволили  бы 

каждому студенту проявить свою активность, своё творчество.    

Формы  работы  с  компьютерными обучающими  программами на  уроках  иностранного 

языка включают: 

-

 



изучение лексики; 

-

 



отработку произношения; 

 

620 


-

 

обучение диалогической и монологической речи; 



-

 

обучение письму; 



-

 

отработку грамматических явлений. 



Возможности использования Интернет - ресурсов огромны. Глобальная сеть Интернет 

создаёт  условия  для  получения  любой  необходимой  студентам  и  преподавателям 

информации, находящейся в любой точке земного шара: страноведческий материал, новости 

из жизни молодёжи, статьи из газет и журналов, необходимую литературу и т.д.  

 На  уроках  английского  языка  с  помощью  Интернета  можно  решать  целый  ряд 

дидактических  задач:  формировать  навыки  и  умения  чтения,  используя  материалы 

глобальной  сети;  совершенствовать  умения  письменной  речи  студентов;  пополнять 

словарный запас; формировать у студентов устойчивую мотивацию к изучению английского 

языка; расширять кругозор студентов, налаживать и поддерживать деловые связи и контакты 

со своими сверстниками в англоязычных странах. 

Студенты  могут  принимать  участие  в  тестировании,  в  викторинах,  конкурсах, 

олимпиадах,  проводимых  по  сети  Интернет,  переписываться  со  сверстниками  из  других 

стран,  участвовать  в  чатах,  видеоконференциях  и      могут  получать  информацию  по 

проблеме, над которой работают в данный момент в рамках проекта. Р. Вильямс и К. Макли 

в своей статье "Компьютеры в школе” пишут: “Есть одна особенность компьютера, которая 

раскрывается при использовании его как устройства для обучения других, и как помощника 

в приобретении знаний, это его неодушевленность. Машина может “дружелюбно” общаться 

с пользователем и в какие-то моменты “поддерживать” его, однако она никогда не проявит 

признаков раздражительности и не даст почувствовать, что ей стало скучно. В этом смысле 

применение  компьютеров  является,  возможно,  наиболее  полезным  при  индивидуализации 

определенных аспектов преподавания”. 

Основная 

цель 

изучения 



иностранного 

языка 


в 

ВУЗах 


формирование 

коммуникативной  компетенции,  все  остальные  цели  (образовательная,  воспитательная, 

развивающая) реализуются в процессе осуществления этой главной цели.    

Компьютер  лоялен  к  разнообразию  студенческих  ответов: он  не  сопровождает  работу 

студентов 

хвалебными 

или 


порицательными 

комментариями, 

что 

развивает 



их 

самостоятельность  и  создает  благоприятную  социально-психологическую  атмосферу  на 

уроке, придавая им уверенность в себе, что является немаловажным фактором для развития 

их индивидуальности.  

Развитие  образования  в  наши  дни  органично  связано  с  повышением  уровня  его 

информационного потенциала. Эта характерная черта во многом определяет как направление 

эволюции самого образования, так и будущее всего общества.   

Как 


информационная 

система, 

Интернет 

предлагает 

своим 

пользователям 



многообразие информации и ресурсов. Базовый набор услуг может включать в себя:  

- электронную почту (e-mail); 

- телеконференции (usenet); 

- видеоконференции; 

- возможность публикации собственной информации, создание собственной домашней 

странички (homepage) и размещение ее на Web-сервере; 

- доступ к информационным ресурсам:  

- справочные каталоги (Yahoo!, InfoSeek/UltraSmart, LookSmart, Galaxy); 

- поисковые системы (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite);  

- разговор в сети (Chat). 

Эти ресурсы могут быть активно использованы на занятиях. 

Обучение аудированию.

 

Интернет - превосходное средство для получения информации о последних событиях в 



мире;  с  помощью  Интернет  можно  превратить  аудиторию  в  агентство  новостей,  а  своих 

студентов - в первоклассных репортеров.    



 

621 


Можно  предложить  студентам  работать  по  двое  или  по  трое,  исследовать  статьи, 

охватывающие  все  стороны  жизни:  передовицы,  спорт,  погоду,  культуру...  Преимущество 

такой  работы  заключается  в  полной  вовлеченности  всех  студентов  в  сочетании  с 

дифференциацией заданий: сильные студенты могут заняться исследованием более трудных 

статей,  в  то  время  как  более  слабым  можно  поручить  отчет  о  погодных  условиях  или  что-

нибудь из области культуры.  

В дополнение к работе над навыками чтения и говорения, можно пополнять словарный 

запас.  Для  этого  надо  предложить  студентам  составить  словарные  статьи,  опираясь  на 

прочитанную  информацию.  Возможно  приобретение  новых  грамматических  навыков, 

примеры которых встретились в статьях.  

Интернет может и должен использоваться не только пассивно, но и активно. Студенты 

могут  попробовать  себя  в  роли  не  потребителей,  а  поставщиков  информации.  Сайт  THE 

YOUNG  VOICES  OF  THE  WORLD  (



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет