59
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО ҚАЗАҚ ТІЛІН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ
Шаханова Р.Ә.
п.ғ.д., профессор, Магистратура және PhD докторантура
институты, филология мамандықтары кафедрасының меңгерушісі
Техникалық жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесінде мемлекеттік
талапқа сай көптеген бағыттар бар. Соның, ішінде ұлттық құндылықтарды оқу үрдісінде
басқа ұлт өкілдеріне және де біздің орыс тілді мектептерді бітірген студенттерімізге қазақ
тілі арқылы меңгерту-қазіргі заманның көкейкесті мәселесі болып отыр.
«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстардың адами, әлеуметтік, мәдени
мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Тұлға мәдениетінің ұлттық құндылығы, ол-
қоршаған табиғат ерекшеліктеріне сай өмір салты негізінде ғасырлар бойы жинақтаған
тұрмыстық және рухани мұрасы. Өйткені ұлт сипатына жүгінген жалпы адамзаттық
мәдениеттің негізі бір құрамды бөлігі болғандықтан, адамзат қоғамы тарихында ғасырлар
бойы жинақталған, оның қазіргі заман мәдениетіне араласуда субъект болуына көмектеседі
[1. 75 б.].
Қазақ халқы түрлі қоғамдық сатыларды басынан өткеріп өзіне тән ұлттық
құндылықтардың алтын қорын жасап келген. Ол құндылықтар ауыз әдебиеттерінің сан алуан
жанрлар мазмұнында, ақын-жыраулар толғауларында, халықтың және ғұламалардың
қанатты сөздерінде теңдесі жоқ тарихи-әлеуметтік ескерткіштерінде, әдет-ғұрыпта, салт-
дәстүрлерде сақталған.
Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін меңгертуде әсіресе мәтіндердің білімдік, танымдық
мәнімен қатар тәрбиелік рөліне де ерекше көңіл бөлінеді. Әл-Фарабидің «Адамға тәрбие
бермей тұрып, ғылым мен білім берсеңіз, ол жүрген ортасына апат алып келеді»-деген
сөздері осыған дәлел.
Соңғы уақытта қоғамда қазақ тілін меңгерту мәселесінде үлкен пікірталас жүріп
жатыр. Осы тұрғыдан келгенде техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ
тіліне деген құштарлығын қазақ мемлекетінің негізін қалаушы – қазақ халқының ұлттық
құндылықтарын жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштастыра отырып бағдарламаны
нақтылау үрдісі қолға алынғаны қуантады. Егер оқытушы қазақ халқының ұлттық
құндылықтарын сабақ үстінде студенттердің бойына сіңіруге талпынса, онда ана тілінен қол
үзген немесе кейбір менсінбеген студенттердің қазақ тіліне деген құрметтеушілік сезімін
тәрбиелеуге болады деп ойлаймыз.
Ұлы Абайдың: «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында
зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болады. Қашан бір бала
ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады... - деген
пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру жолындағы білім саясатының тілге қатысты кейбір бағыт-
бағдарын көрсетеді. Ендеше, бұл ұлттық құндылықтарды пайдаланып, қазақ тілін оқыту
барысында да студенттерді қызықтырып оқыта отырып, ұлттық дүниетанымдық білім беруге
бағдарлауды негізге алғанымыз жөн. Және де бүгінгі заманның студенттерін жалықтырып
60
алмай, керісінше қызығып және тыңдап оқитындай материалдарды қамту жағын
қарастырғанымыз дұрыс.
Атап айтсақ, қазақ халқының ауыз әдебиеті халықтың арман-тілегін, мақсаты мен
мүддесін білдіріп, студенттерге ізгілік, эстетикалық тәлім-тәрбие беруде үлкен роль
атқарады. Оларда бейнеленген педагогикалық идеялар студенттерге моральдық-этикалық
тәрбие беруге және олардың көзқарастарын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Онда қазақ тілі
шұрайлы да, бай екені тайға таңба басқандай өне бойынан көрініп тұрады. Ұлттың ыдырамас
тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілімен тығыз байланысты. Бұл жерде
студенттерге тіл туралы, ана тілі туралы Абай, Л.Толстой, Ғ. Мүсірепов және де басқа
ғұламалардың тіл туралы қанатты сөздерін, «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп ұлағатты
көрегенділік танытқан ата-бабамыздың «елді сақтар – оның тілі мен ұлттық болмысы» деп
санағанын ұрпақ тәрбиесі мен болашағына қажетті рухани байлық болмысын дамытуды
өзіне міндет еткенін оқытушы салыстырма түрінде СӨЖ, СӨЖО жұмыстарында пайдалану
тиімді болар еді.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің басқада жанрлары сияқты халықтың сан
ғасырлық даналығын, ақыл-өсиетін, балалар мен жастарды тәрбиелеу тәжірибесін, қазақтың
халық педагогикасының аса маңызды идеяларын өз бойына жинақтап қорытқан. Қазақ
халқының мақал-мәтелдері халқымыздың бүкіл тыныс-тіршілігінің барлық жақтарын қамти
отырып адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбиелердің
мазмұнын, тәрбие мақсатын, әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын ашып көрсете алған.
Халық мақал-мәтелдері мінез құлықтың барлық астарына, атап айтқанда тіл
мәдениетіне, өлең-жырға, ән-күйге, қолданбалы өнерге және тағы басқаға еніп келгені
белгілі. Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуда тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді дұрыс
іріктеу ең алдымен оқытушының шеберлігін аңғартса, екіншіден, оны меңгерген білім
алушының ойын образды, көркем, нақты жеткізуіне жол ашады. Мысалы, «Отбасы»
тақырыбын өтуде ұрпақ тәрбиесіне қазақ халқы қашанда балаға, ұрпаққа үлкен мән бергенін
айта отырып, осыған байланысты «Балалы үйдің еңсесі биік», «Балалы үй – базар, баласыз үй
– мазар» сияқты мақал-мәтелдерді үйретіп, қазақ халқы үшін қашанда бала-бақыт, бала-
қуаныш, бала-сүйеу, тірек, бала-болашақ екенін байқатуға болады.
Сонымен ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке,
ұлжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана баланы дұрыс тәрбиелегенің. Осы ойды
студенттерге жеткізе отырып, оқытушы студенттерге сөз мәдениетін меңгеруге, оны
қадірлей білуге, оған жауапкершілікпен қарауға, орынды, әсерлі, бейнелі сөйлеуге, өзінің
қасындағыларға ізетті болуға, яғни жақсы мен жаманды, қас пен досты, сұлулықты, халық
өнерінің інжу-маржанын бағалай білуге шақырады. Қазақ «Өнер алды – қызыл тіл» деп тіл
өнерін жоғары бағалаумен бірге «Өнер-бұлақ, білім-шырақ» деп өнер мен білімді әрқашан
қатар қойған. Мақал-мәтелдің артықшылығы – ойды сығымдап, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі
әсерлі етіп жеткізуінде. Халық өзінің тәлімгерлік нақылдарын мақал-мәтелдерге шебер
сыйғыза білген. Мақал-мәтелдерге зер салсақ, қазақ даналығының қаншалықты бай екені
айқын білінеді. Сондықтан, мақал-мәтелдермен жүйелі жұмысты оқу жылы бойы әрбір
сабақта жүргізуге болады.
Сәлемдесу тақырыбы қазақ тілін меңгертуде барлық бағдарламаларда белгіленеді. Ал
осы тақырыпқа ерекше назар аудару керек. Өйткені сәлемдесу әдебі қазақ халқында
ғасырлар бойы қалыптасқан. Мысалы: үлкен адам мен жасы кіші адамның сәлемдесуі,
аттылы мен жаяудың сәлемі, ер мен әйелдің сәлемі т.б. 1). Сәлем беру – имандылық,
инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе,
оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол - әдептіліктің бір
белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр... Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы
ауыл ақсақалдарына, белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем берген. Кейде «алыстан алты
жасар бала келсе, алпыстығы шал сәлем береді» деп жөн білетін үлкендердің өзі барып
сәлемдесетін де жол бар. Егер сәлем ер адамға қатысты болса «сәлем берді» деп айтылады.
2). Келіндердің сәлем етуі. Сыйлы ата, ене, қайнағаларына кездескенде, көріп қалғанда келіні
61
оларға иіліп сәлем қылады. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде
қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса онда оны «сәлем етті» дейді. 3). Құрдас
қатарлас ер кісілердің сәлемдесуі бір-бірін көріп қалғанда қол беріп, ал көптен көріспеген достар
құшақтасып, төс қағыстырып сәлемдеседі. Жасы үлкен адаммен сәлемдескенде жасы кішілер
жағы аттан, көліктен түсіп барып және әрқашан қос қолын беріп сәлемдеседі [2. 25 б.].
Осындай ерекшеліктерді орыс аудиториядағы студенттерге жеткізсе, сөзсіз, бұл
тақырыпта халықтың бір қырын көрсетеді де, сол халыққа сый-сияпат сезімін оятады деп
есептейміз. Бұл тақырыпқа байланысты да жұмыстың неше түрін жүргізуге болады.
Қазақ халқының бай ұлттық дәстүрін қазақ тілін оқыту үрдісіне қалай енгізуге болады?
Бұл сұраққа жауапты нақты мысалдармен дәйектеп көрейік:
«Шілдехана тойы»тақырыбына:
Бала өмірге келген алғашқы үш күн, үш түн «Шілдехана тойы» деп аталған. Бұл
күндерде үлкен үйге құтты болсын айтып келген адамдардан бөлек, ауыл жастары
шаұыттусыз-ақ отауға жиналып, баланы үш түн бойы ұйықтамай күзеткен [3. 72 б.];
«Баланы қырқынан шығару» тақырыбына:
Шілдехана кешінен кейінгі қуаныш кеші – баланы қырқынан шығару.
«Қырқынан шығару» тойын сөзге ете отырып кең кезде онша мәнін біле бермейтін
«қырық» деген сөзде де «жете» сияқты бір қасиет барын аңғаруға болады. Мысалы, сәбиді
қырқынан шығарып, оны тазалау. О дүниелік болып кеткен адамдардың қырқын беріп, енді
оның келмесіне көз жеткізіп, қоштасу. «Қырық» көп мәтелде айтылады [3.74 б.];
1.
Қырықтың бірі – қыдыр.
2.
Қыз – қырық шырақты.
3.
Үйден қырық қадам алыстаған адам мүсәпір.
«Бесікке салу» тақырыбына:
Бесік деген сөз Отан деген сөздің алғашқы ұғымы. Отан қауіп-қатерден аулақ,
тыныштықта болса, онда сүрген халық та алаңсыз, қорқынышсыз өмір сүреді. Сол сияқты
бесікте жайбарақат қауіпсіз жатады [3. 80 б.].
«Тұсау кесу» тақырыбына:
Нәресте қаз-қаз тұрып, тарпақтай аяқ баса бастағанда оның тұсауын кеседі және «Тұсау
кесер» тойын жасайды [3. 86 б.] сияқты ұлттық дәстүр туралы сыр шертетін және дәріптейтін
мәліметтерді қысқаша немесе толық түрде кеңінен пайдалануға болады.
Келесі бір орыс тілді аудиторияға оқу мәтіндерін іріктеуде ескеретін мәселе-
республикамыздың тарихи маңызды орындары туралы әңгімеленген сюжетті таңдау.
Мысалы, қазіргі дамыған Қазақстанда Елордамыз Астана қаласында бой көтерген жаңа
ғимараттарды мысалға ала отырып, студент танымын арттыруда тәрбиелік те, білімдік те
пайдасы мол жағынан қарастырудың маңызы зор. «Ақорды», «Астана триумфы»,
«Пирамида», «Тәуелсіздік сарайы», «Хан шатыры», «Бәйтерек», «Қазақ елі» және тағы
басқалар ХХІ ғасырдағы мәдениет пен сәулет өнерінің ең озық үлгілері болып саналады.
Елордамыздың символы саналатын «Бәйтерек» көкке ұмтылған мәңгілік пен
шексіздікті білдіретін, төрткүл дүниені құшағына сыйғызып тұрған алып ағашты елестетеді.
Ол отаншылдық, ынтымақ сезімін білдіреді. Барша халықтың мақтанышы болғын
«Бәйтеректің» идеясын Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында жазады: «Ежелгі
аңызда былай дейді: Көк теңізінде жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. Жыл
сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын
жұмыртқа салынады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен...
Аңыз бойынша, Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алп
қалады... Разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш
туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының
көрінісі» [2. 97 б.].
Қазақ тілі сабақтарында осындай орыс тілді студенттің қабылдауына жеңіл, қызықты,
әрі танымдық мәні жоғары, ұлттық құндылықтардан бастау алған мәтіндерді оқыту арқылы
ұлттық рухы жоғары, көкірегі ояу азамат тұлғасын қалыптастырып,дамытуға болады деп
ойлаймыз.
62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі: Оқу құралы – Алматы: Абай
атындағы ҚазҰПУ, 2011. – 158 бет.
2.
Пірәлиев С.Ж., Нұриев М.А., Якупова А.Н., Сейсенбаева Ж.А., Аганина Қ.Ж. Ұлт
тәрбие (ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері): Оқу құралы – Алматы: Абай
атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 224 бет.
3.
Пірәлиев С.Ж., Нұриев М.А., Сейсенбаева Ж.А., Оразымбетқызы Ә. Ұлт тәрбие
(салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде): Оқу құралы – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. –
164 бет.
ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН
ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ
Оразбаева Ф.Ш.
Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі теориясы және әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор,
Алматы, Қазақстан
Тіл – адамның ойын жарыққа шығарудың, адамдардың бір-бірімен түсінісуінің,
пікірлесуінің құралы, бірлескен әрекеттің нәтижесі. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі – көпұлтты еліміздің тынысын, өмірін бейнелейтін әлеуметтік мәні зор
қатынас құралы.
Қазақ тілінің әлеуметтік мәртебесі тілді үйренудің жаңа тәсілдерін ғана емес, жаңа
бағыттарын да іздестіруді қажет етеді. Соңғы жылдарда оқу үдерісіне енген осы бағыттағы
ізденістердің бірі – қазақ тілін деңгейлік оқыту тәжірибесі .
Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі Қазақстан Республикасының әлеуметтік,
көпұлттық ерекшелігі мен сипатын ескере отырып, тілдік білімді бағалаудың халықаралық,
Европалық стандарттары негізінде, TOEFL, DALF, DELF, AYTE , IELTS сияқты бағалау
жүйелерін қарастыра келіп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде
2006 жылы әзірленіп, тұңғыш рет 2007 жылы оқу-әдістемелік кешен түрінде баспадан
шықты.
Қазақ тілін деңгейлеп оқыту әдістемесі оның басты тұжырымдары мен ұстанымдарын
анықтап алуды қажет етеді.
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың мақсаты – қазақ тілін игерудің әртүрлі
деңгейін жүзеге асыратын, тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияның озық үлгілерін
қамтитын бір-бірімен сабақтас тақырыптар жүйесін коммуникативтік тұрғыдан ұсына
отырып, тіл үйренушілерге қазақша тілдік қатынасты игерту.
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту міндеттері
:
халықаралық стандарттарға сәйкес қазақ тілін әртүрлі деңгейде игеруді қамтамасыз ету;
қарапайым, негізгі, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлер бойынша қазақ тілін
игерудің басты бағыттарын айқындау, лексика-грамматикалық минимумдарды анықтау, тіл
үйренудің ұтымды әдістемесі мен технологиясын белгілеу;
тіл үйренушінің білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, ұлттық, өркениеттік тұрғыдан
тереңдетіп, қазақ тілін жедел, ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
қазақ тілін барлық деңгейде коммуникативтік тұрғыдан меңгертуді іске асыру;
студенттердің қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;
барлық деңгейлердегі тілдік материалдарды өзара сабақтастықта, жүйелі, ұлттық-
мәдени аспектіде ұсына отырып, жеңілден қиынға, қиыннан күрделіге қарай дамытып отыру;
оқу-әдістемелік кешен арқылы тіл үйренушінің коммуникативтік, ақпараттық, тілдік
құзіреттілігін жетілдіру және бекіту.
Қазақ тілін деңгейлік үйренуге арналған СТАНДАРТ КӨРСЕТКІШТЕРІ
төмендегідей:
63
Қ
Қ
а
а
р
р
а
а
п
п
а
а
й
й
ы
ы
м
м
д
д
е
е
ң
ң
г
г
е
е
й
й
А
А
1
1
Б
Б
а
а
с
с
т
т
а
а
п
п
қ
қ
ы
ы
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
Н
Н
е
е
г
г
і
і
з
з
г
г
і
і
д
д
е
е
ң
ң
г
г
е
е
й
й
А
А
2
2
Қ
Қ
а
а
л
л
ы
ы
п
п
т
т
а
а
с
с
у
у
қ
қ
а
а
р
р
с
с
а
а
ң
ң
ы
ы
н
н
д
д
а
а
ғ
ғ
ы
ы
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
О
О
р
р
т
т
а
а
д
д
е
е
ң
ң
г
г
е
е
й
й
В
В
1
1
Қ
Қ
а
а
л
л
ы
ы
п
п
т
т
а
а
с
с
қ
қ
а
а
н
н
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
О
О
р
р
т
т
а
а
д
д
а
а
н
н
ж
ж
о
о
ғ
ғ
а
а
р
р
ы
ы
д
д
е
е
ң
ң
г
г
е
е
й
й
В
В
1
1
+
+
Т
Т
е
е
р
р
е
е
ң
ң
д
д
е
е
т
т
і
і
л
л
е
е
қ
қ
а
а
л
л
ы
ы
п
п
т
т
а
а
с
с
қ
қ
а
а
н
н
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
Ж
Ж
о
о
ғ
ғ
а
а
р
р
ы
ы
д
д
е
е
ң
ң
г
г
е
е
й
й
В
В
2
2
І
І
л
л
г
г
е
е
р
р
і
і
л
л
е
е
й
й
қ
қ
а
а
л
л
ы
ы
п
п
т
т
а
а
с
с
қ
қ
а
а
н
н
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
Ж
Ж
е
е
т
т
і
і
к
к
д
д
е
е
ң
ң
г
г
е
е
й
й
В
В
2
2
+
+
Т
Т
е
е
р
р
е
е
ң
ң
д
д
е
е
т
т
і
і
л
л
е
е
,
,
і
і
л
л
г
г
е
е
р
р
і
і
л
л
е
е
й
й
қ
қ
а
а
л
л
ы
ы
п
п
т
т
а
а
с
с
қ
қ
а
а
н
н
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
С
С
1
1
К
К
ә
ә
с
с
і
і
б
б
и
и
и
и
г
г
е
е
р
р
і
і
м
м
Қазіргі
кезеңде
Достарыңызбен бөлісу: |