Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата21.02.2017
өлшемі7,26 Mb.
#4640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54

УДК 004:636.084.41 

 

Есікенова А.Е., Тұрмағамбетова Ф.Р., Алтыбаев А.Н 

 

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 

 

АҚПАРАТТЫҚ–ІЗДЕУ  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ 



 

Кіріспе 

Қазіргі  заман  талаптарына  сəйкес  өнеркəсіптерде,  мемлекеттік  жəне  жеке 

шаруашылық    мекемелерде,  оқу  орындарында  жəне  басқа  да  салаларда  ақпараттандыру 

жүйесін  кеңейту    жəне  ақпаратты  іздестіру  мəселелері  алға  қойылып  отыр.  Осыған 

байланысты ақпараттық–іздеу жүйесі – жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - 

қазіргі қоғамды ақпараттандыру процессінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.  

Ақпараттық–іздеу жүйесін əр түрлі  көзқарас тұрғысынан сипаттауға болады. Жалпы 

алып қарағанда ақпараттық–іздеу жүйесі дегеніміз басты міндеті интернет желісі арқылы 

ақпарат іздеу болып табылатын программалық жəне аппараттық құралдардың жиынтығы. 

Қарапайым қолданушыға іздеу жүйесі желіден қосымша əр түрлі деректер мен ресурстарды 

іздеу функциясы бар қарапайым веб-интерфейс ретінде көрсетіледі [1]. Оның іздеу жүйесі 

–  мəліметті  интернеттен  іздеу  мүмкіндігін  ұсынатын  веб-торап.  Іздеу  жүйесінің  басым 

бөлігі  мағлұматты  əлемдік  сайттардан  іздейді,  алайда  файлдарды ftp-серверлерден, 

тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мəліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей 

алатын жүйелер де бар.  

Негізінде  барлық  ақпараттық–іздеу  жүйелері  бір  бағытта  жұмыс  істейді,  бірақ  бір-

бірінен функциясы, іздеу алгоритмі жəне өзіндік даму стратегиясына қарай ерекшеленеді. 

Кейбір іздеу жүйелері ақпарат іздеуге, ал кейбірі нақты ресурс іздеуге негізделген. Кейбір 

іздеу  жүйелері ftp-серверлерде  файлдарды,  интернет-дүкендерде  тауарлық  орнын  жəне 

тағы  басқа  жүйелі  өңдеуге  арналған.  Дегенмен,  бүгінгі  күнде  барлық  іздеу  жүйесін 

құрастырушылардың  басты  міндеті  бір – іздеу,  жүйелі  өңдеу  жəне  нəтижелерді  түзету 

механизмдерін  іздеу–сұратуға  сəйкестендіріп  жақсарту [2]. Төмендегі  кестеде  қазіргі 

таңдағы  ең  танымал  ақпараттық–іздеу  жүйелері  жəне  олардың  ерекшеліктері  туралы 

жүйеге келтірілген мəліметтер көрсетілген. 

 

Кесте – Ақпараттық–іздеу жүйелерінің негізгі деректері 



 

Іздеу жүйелері 

(сайты) 

Құрылған 

жылы 

Орналасқан 

жері 

Ерекшеліктері 

Yahoo 


(www.yahoo.com) 

1995 


АҚШ 

Саннивейл 

Ақпаратты жеке сөздер 

бойынша немесе 

классификатор бойынша 

іздеуге мүмкіндік береді. 

Google 

(www.google.com) 



1997 

АҚШ 


Маунтин-

Вью 


Мəліметтер көлемін 510 млн 

индекстелген құжаттар 

құрайды. Сайтты индекстеу 

жылдамдығы 1-2 сағ. Негізгі 

беті қарапайым, іздеу 

қатарынан ғана тұрады. 



129

 

 



Baidu 

(www.baidu.com) 

2000 

ҚХР 


Пекин 

Қорында 100 млн. жуық сайт 

бар. Ақпарат іздеу 

жылдамды-ғымен жəне 

қытай иероглиф-терін аудару 

мүмкіндігімен ерекшеленеді. 

Rambler 

(www.rambler.ru) 

1996 

Ресей 


Мəскеу 

Мəліметтер көлемін 12 млн. 

астам индекстелген құжаттар 

құрайды. Мəлімет жаңарту 

күніне 2-3 рет орындалады. 

Яндекс 


(www.yandex.com) 

1997 


Ресей 

Мəскеу 


Мəліметтер көлемін 33 млн. 

индекстелген құжаттар 

құрайды. Сайтты индекстеу 

жылдамдығы 1апта. Блог 

іздеу жағынан дамыған. 

 

Ақпараттық-іздеу  жүйесін  талдау  нəтижесінде [5-10], ақпараттық  іздеу  жүйелерін 



қолданушылар арасында танымалдылығын бағалау көзқарасы бойынша талдау нəтижелері 

келесі түрде көрсетіледі (1 сурет): басым бөлігін бірнеше тілді Google (67%), одан кейін  

Baidu (17%), Bing (7%), Yahoo (6%) жəне орыс тілді іздеу жүйесі Yandex (1%) құрайды. 

Айта кету керек, келтірілген іздеу жүйелерімен қатар AltaVista, Апорт, HotBot, MSN 

Search  жəне  тағы  басқа  да  іздеу  жүйелері  белгілі,  бірақ  олар  интернет  пайдаланушылар 

арасында кең танымал емес. 

 

Сурет 1 – Пайдаланушылар арасындағы танымал іздеу жүйелері  



 

  Техникалық жəне технологиялық тұрғыдан жасалған шолу нəтежелеріне сүйенсек 

іздеу  жүйесінің  функционалдығын  қамтамасыз  ететін  программалар  кешені  іздеу 

қозғалтқышы немесе іздеу машинасы деп аталады. Іздеу машинасының жұмыс сапасының 

негізгі  белгісі  релеванттық  (сұрату  мен  табылған  деректің  сəйкестік  деңгейі,  яғни 

нəтиженің  қисындылығы),  базаның  толықтығы,  тіл  морфологиясын  есепке  алуы  болып 

табылады. Мəлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады [3]. 

Кез-келген  іздеу  қозғалтқышын  бағдарламалық  қамтамасыз  ету - бұл    əзірлеушінің 

коммерциялық құпиясы болып табылатын жабық бағдарламалық кешені. 

Əлемдік  желідегі  ақпараттарды  тез  тауып  алуда  іздеу  серверлерінің  көмегі  зор. 

Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың  адрестері сақталады. Көптеген іздеу 

серверлерінің  ішінде  кең  тараған  іздеу  каталогтары (directories) мен  машиналары (search 

engines) бар [4].  

Пайдаланушыларға  арналған  басым  қызығушылықты  тəжірибелік  сұрақтарды  іздеу 

нəтижелілігі  көрсетеді.  Біз  ең  танымал  ақпараттық  іздеу  жүйелерінің  көмегімен  іздеу 

жұмыстарының тиімділігіне эксперименттік бағалау жүргіздік: Google (бірнеше тілді) жəне 

Yandex (орыс тілді жүйе). Іздеу жұмыстарының тиімділігі іздеуге кеткен белгілі-бір уақыт 


130

 

 



аралығында  көрсетілген  ақпараттардың  пайдалы  жəне  керектісін  тауып  беруімен 

бағаланады.  Өңдеуге  ақпараттық  технологиялар  саласындағы  маман  біліктілігіне  ие  екі 

қатысушының тəжірибе жұмыстарының нəтижелері ұсынылды. Ауыл шаруашылығындағы 

(ИАЖ  «Етті  меринос»)  ғылыми  зерттеулерді  қолдауға  арналған  интеграцияланған 

ақпараттық жүйелерді өңдеу шеңберінде іздеу жүргізілді [11], сондықтан іздеудің мақсаты 

қой шаруашылығы саласында ақпараттық ресурстарды қалыптастыру болып табылды.  

2-ші  суретте  тəжірибеге  қатысушылардың  кездейсоқ  таңған 5 тақырыбы  бойынша 

іздеу нəтижелері көрсетілген. Іздеудің орташа ұзақтығы 3 сағатқа созылды, ал көрсетілген  

ақпараттық  ресурстардың  жалпы  көлемі  шамамен 300 дереккөздерді  құрады.  Берілген 

мəлімдемені  шешу  үшін  іздеу  жүйесімен  берілген  ақпараттардың  жалпы  көлемі  келесі 

түрде құрастырылған: пайдалы ақпарат; қайталаулар; пайдаланушыны қызықтырмайтын, 

яғни тақырыпқа сай емес ақпараттар. 

Деректерді  талдау  сұраныстың  барлық  нұсқаларында  пайдалы  ақпарат  көлемі 

айтарлықтай аз екенін көрсетеді. Алынған деректердің орташа статистикалық мəні жалпы 

көлемінен 8-9% аспайды.  Соған  қарамастан,  пайдалы  ақпараттардың  ең  көп  саны  іздеу 

жүйелерінің алдыңғы беттерінде көрсетілген. 

 

 

Сурет 2 – Іздеу жүйелері арқылы көрсетілген ақпараттың жалпы құрылымы 



 

Тəжірибелік  тұрғыдан  іздеу  жұмыстарының  тиімділігін  көтеретін  ең  қарапайым  əдіс 

кеңейтілген  іздеуді  ұйымдастыру  болып  табылады.  Оның  мəні  іздеу  қатарында 

тырнақшаның ішінде сөз тіркесі енгізіледі. Бұл іздеу машиналары пайдаланушы үшін ең 

пайдалы ақпаратты ұсыну тұрғысынан неғұрлым мақсатты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Төменде  оның  кеңейтілген  жəне  қалыпты  жүргізу  кезіндегі  «Қойлардың  өндірістік 

жіктелуі»  сұранысы  бойынша  іздеу  жұмыстарының  нəтижелері  берілген. 3-ші  сурет 

пайдалы ақпараттардың көлемі кеңейтілген іздеу нəтижесінде 23%-ға өскендігін, сонымен 

бірге сұранысқа сай емес деректердің 28%-ға төмендеуін көрсетеді. 

 


131

 

 



 

 

а) кеңейтілген іздеу;    б) қалыптасқан іздеу. 

Сурет 3 – Іздеу ұйымы түрінің тиімділігінің əсері  

 

Қорытынды 

  Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа 

сай келуіне көп адамдар мəн бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден 

қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мəліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Бұл 

жағдайда табысты жоспарлау мен іздеу жұмыстарын жүргізудің қажетті шарттары бүгінгі 

күні интернет ресурстарының барлық типтерін білу, ақпаратттық толтырулар мен оларға 

кіру ерекшеліктерінің техникалық жəне тематикалық қырларын түсіну, сонымен қатар іздеу 

стратегиясын  таңдау  кезінде  əр-түрлі  іздеу  машиналарының  мүмкіндіктерін  жан-жақты 

ескеру болып табылады. 

 

 

Əдебиеттер 

 

1.

 



Для чего нужны поисковые системы?: [Электронный ресурс]. URL: http://www.kak 

prosto.ru/kak-95149-dlya-chego-nuzhny-poiskovye-sistemy 

2.

 

Для чего нужны поисковые системы?: [Электронный ресурс]. URL: http://ooo63.ru/ 



prodvizhenie-saytov/dlya-chego-nuzhny-poiskovye-sistemy.html 

3.

 



[Электронный ресурс]. URL: http://kk.wikipedia.org/wiki/Іздеу_жүйесі 

4.

 



Информационный  портал  «Ресурс»: [Электронный]  ресурс.URL: http://referat. 

resurs.kz/ref/internet288/1/ 

5.

 

Материал из Википедии. Google: [Электронный] ресурс. URL: https://ru.wikipedia. 



org/wiki/Google 

6.

 



Материал из Википедии. Яндекс: [Электронный] ресурс. URL: https://ru.wikipedia. 

org/wiki/Яндекс 

7.

 

Материал из Википедии. Yahoo!: [Электронный] ресурс. URL: https://ru.wikipedia. 



org/wiki/Yahoo! 

8.

 



Материал  из  Википедии. Baidu: [Электронный]  ресурс. URL: https://ru.wikipedia. 

org/wiki/Baidu 

9.

 

Материал  из  Википедии. Bing: [Электронный]  ресурс. URL: https://ru.wikipedia. 



org/wiki/Bing 

10.


 

Bing  увеличивает  доходы  от  рекламы: http://www.analitika.kz/internet/bing-uveli-

chivaet-dohody-ot-reklamy-2010-g 

11.


 

Отчет  о  НИР  (заключительный) «Разработать  интегрированную  информацион-

ную  систему  для  поддержки  научных  исследований  в  сельском  хозяйстве».  Научный 

руководитель – Алтыбаев А.Н., д.т.н., № гос. регистрации  0101РК00311. – Алматы, 2014г. 

 


132

 

 



В этой статье рассмотрено общее описание основных характеристик иформационно–

поисковых систем, рассмотрены механизмы функционирования поисковых машин и даны 

практические рекомендации по рациональной организации  поиска через Интернет

Ключевые слова: 

информационно – поисковые системы, поисковые машины. 



 

This article describes a general description of the main characteristics of Informatics 

retrieval systems, the mechanisms of functioning of search engines and give practical 

recommendations for the rational organization of searching over the Internet. 



Keywords:

 Informatics retrieval systems, search engines. 

 

 

ƏОК 378.147:004 



 

Жұмашева Ж.Т. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 



ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Аңдатпа  

Мақалада  болашақ  оқытушылардың  ақпараттық-коммуникациялық  құзіреттілігін 

қалыптастыру 

мəселелері 

қарастырылған. «Құзіреттілік» 

ұғымының 

көптеген 

түсініктемелері  келтірілген.  Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартынан  бакалаврдың  құзіреттеріне  қойылатын  талаптар  келтірілген.  Мақала  оқу 

үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану - болашақ 

оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастырудың маңызды 

элементі болып табылатын өзекті мəселеге арналған. 

Кілт  сөздер:

  құзіреттілік,  құзіреттер,  ақпараттық-коммуникациялық  құзіреттілік, 

болашақ оқытушылар. 

Кіріспе 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  «Қазақстан  экономикалық, 

əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ 

ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың  жоғары 

технологиялық жəне ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз» 

деп атап көрсеткендей, əлемдік бəсекеге қабілетті жаңа əлемдегі жаңа Қазақстанның болашақ 

педагог кадрларын даярлау кезек күттірмейтін мəселе болып отыр. 

«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, 

ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне 

кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың 

жаңа  технологияларын,  кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 

ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  білім  беру  жүйесін  одан  əрі  дамыту 

міндеттері  көзделді.  Осындай  алға  қойған  басты  міндеттерді  шешу  үшін  дəстүрлі  оқыту 

жүйесінен  біртіндеп  қарқынды  даму  шеңберіне  жеткізе  алатын  жаңа  оқыту 

технологияларын  қолдану  қажеттілігі  туындады.  Осыған  байланысты,  бүгінгі  таңда 

ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды игеру əрбір жеке тұлға үшін қажетті 

шартқа айналуда. 

Тəуелсіз  мемлекетімізде  өз  кəсібін  терең  түсіне  білетін,  білімі  мен  іскерлігін  жан-

жақты  қолдана  білетін,  өзгермелі  əлеуметтік  жəне  экономикалық  жағдайда  өмір  сүруге 



133

 

 



дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатыса отырып, оны жақсартуға 

ықпал  ете  алатын,  бəсекеге  қабілетті  жəне  өз  ісінде  құзіретті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыратын жаңа формация мамандарды даярлау қажеттілігі туындауда. 

Бүгінгі  күні  елімізде  ақпараттық  қоғамға  өту  үдерісін  іске  асырудың  негізгі 

компоненттерінің  бірі,  яғни  ақпаратты  алу,  өңдеу,  тарату  мен  тасымалдау  əрекеттерін 

жүзеге  асыратын  бірден-бір  себеп,  ол  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолданудың күннен-күнге арта түсуі. 

Материалдар мен əдістер 

Ақпараттық  қоғам  құру,  онымен  байланысты  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың біздің өмірімізге етене енуі, білім беру жүйесін ұйымдастыруға жаңаша 

көзқарасты  талап  етіп,  ақпараттық  қоғам  талабына  сай  білімді,  құзырлы  маман  даярлау, 

яғни  өз  қызметінде  ғылыми-техниканың  соңғы  жетістіктерін  оңтайлы  пайдалана  білетін 

кəсіби  жəне  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлы  педагог  маман  дайындауды  қажет 

етеді.       

 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  «құзіреттер»  терминінің 



жалпы, əлеуметтік-этикалық, экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару, арнаулы жəне т.б. 

бірнеше түрлері белсенді қолданылады. 

Мысал  ретінде,  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында 

бакалаврдың құзіреттеріне қойылатын талаптарды келтірейік. 

Жоғары оқу орны бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, əлеуметтік-

этикалық құзыреттерге, экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы 

құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады. 

Жалпы білімділікке қойылатын талаптар: 

1)  ойлау  мəдениеті  жоғары  жəне  дүниетанымы  кең  жоғары  білімді  тұлғаның 

қалыптасуына  ықпал  ететін  жаратылыстану  ғылымдары  (əлеуметтік,  гуманитарлық, 

экономикалық) пəндері саласында базалық білімінің болуы; 

2)  заманауи  техниканы  қолдану  дағдысының  болуы,  кəсіптік  қызметте  ақпараттық 

технологияларды қолдана білуі; 

3)  күнделікті  кəсіптік  қызметке  жəне  магистратурада  білім  алуды  жалғастыруға 

қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы. 

Əлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар: 

1) қоғамдық пікірге, дəстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін əлеуметтік-

этикалық құндылықтарды білу жəне өзінің кəсіптік қызметінде оларға сүйену; 

2)  іскерлік  этика  нормаларын  сақтау,  мінез-құлықтың  этикалық  жəне  құқықтық 

нормаларын игеру; 

3) Қазақстан халықтарының дəстүрі мен мəдениетін білу; 

4) əлемнің басқа халықтарының дəстүрі мен мəдениетіне толерантты болу; 

5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу; 

6) қоғамның əлеуметтік даму үрдістерін білу; 

7) түрлі əлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу; 

8)  командада  жұмыс  істеуге  қабілетті  болу,  өзінің  көзқарасын  дəлелдей  алу,  жаңа 

шешімдер ұсына білу; 

9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу; 

10) кəсіби жəне тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу. 

Экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар: 

1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы жəне т.с.с. 

жөнінде ғылыми түсінігінің болуы; 

2)  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  мақсаттары  мен  əдістерін,  экономикадағы 

мемлекеттік сектордың рөлін білу жəне түсіну. 



134

 

 



Арнайы  құзыреттер  жоғары  білімнің  əр  мамандығы  бойынша  кəсіптік  стандарттар 

негізінде  жұмыс  берушілер  талаптары  мен  қоғамның  əлеуметтік  сұраныстарын  ескере 

отырып анықталады [1]. 

«Құзыр», «құзырлылық»  жəне  «құзырлы»  түсініктері  бұрынырақта  тұрмыста, 

əдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, «Шетел 

сөздерінің  қысқаша  сөздігінде» «құзырлы  (лат. competence, competentis қабілетті) – 

анықталған  аймақта  жетекші,  білуші;  өз  білімі  деңгейінде  бір  нəрсені  шешу  немесе 

талқылау статусы бар» деп анықтама берілген.   

Құзыреттер – студенттердің  оқыту  үдерісі  кезінде  алған  білім,  шеберлік  жəне 

дағдысын  кəсіптік  қызметте  практикалық  тұрғыдан  қолдана  білу  қабілеті.  Кəсіптік 

құзыреттілік – білім,  шеберлік  пен  дағды,  сондай-ақ  кəсіптік  қызметті  тиімді  жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  беретін  жеке  қасиеттер  негізінде  маманның  кəсіптік  міндеттер 

жиынтығын шешу қабілеттілігі. 

Құзіреттер деп – оқытудың жəне өздігінен білім алудың нəтижесінде қалыптасатын 

жəне  адамның  əлеуметтік  ұтқырлығын  анықтайтын,  білім  мен  тəжірибеге,  құндылықтар 

мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттерді айтады. Құзіреттер келесі түрлерден 

тұрады: 

-когнитивтік  құзіреттер,  теория  мен  ұғымдарды,  сонымен  қатар,  тəжірибе  жүзінде 

жинақталған білімді қолдануды болжайды; 

- функционалдық құзіреттер, адамның еңбек жолында, оқу немесе əлеуметтік қызмет 

саласында істей алуы тиіс іскерліктер; 

- жеке тұлғалық құзіреттер, нақты жағдайларда мінез-құлық іскерліктерін қолдануды 

болжайтын; 

- этикалық құзіреттер, қандай-да бір жеке тұлғалық жəне кəсіптік құндылықтардың 

бар  болуын  болжайтын.  Сонымен,  құзіреттер – білімнің,  іскерліктің  жəне  дағдылардың 

əртүрлі  элементтерін  белгілі  бір  жағдайда  адамның  өз  бетімен  қолдану  қабілеттіліктерін 

сипаттайды жəне интеграцияланған ұғым болып табылады.   

Құзіреттілік – 1) білімі  мен  дағдысы  арқылы  мəселені  өз  бетінше  шеше  алуға 

мүмкіндігі бар жеке тұлға; 2) теориялық, танымдық жəне тəжірибелік іскерлігін меңгеру 

дəрежесін анықтайтын тұлғаның білімділік деңгейі [2]. 

«Құзіреттілік»  ұғымының  көптеген  түсініктемелері  бар.  Ғылыми  əдебиеттерде 

құзіреттілік қайсібір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, бір аспапты немесе сұлбаны 

құрастыра алу, студенттің қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тəжірибесінің жиынтығы 

ретінде қарастырылады. Қазір құзіреттілікке – дербес жəне жауаптылықпен əрекет етуге, 

белгілі  бір  жұмысты  орындауға  қабілеттілік  пен  икемділікті  игеруге  жол  ашатын 

психологиялық ахуал, психикалық сапалардың жиынтығы ретінде түсініктеме беріліп жүр. 

Құзіреттілік – болашақ  қызметті  кəсіби  орындау  үшін  қажетті  білімдерді,  тəжірибелерді 

жəне іскерліктерді меңгеру.  

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  деп,  жергілікті,  аймақтық,  бүкіл 

əлемдік  желілерде  ақпарат  алмасуды  жүзеге  асыратын  қазіргі  заманғы  байланыс 

құралдарының  барлық  түрін,  бағдарламалық  жүйелер  мен  кешендерді,  мультимедиялық 

құрылғыларды, телекоммуникацияны, виртуалды ақпараттар жиынтығын айтамыз. 

Ақпараттық–əдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 

пайдалану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді  жəне  компьютерді  пайдалануға, 

модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте 

жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. 

 

Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық  технология  дегеніміз – оқу  жəне  оқу-



əдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі техникалық құралдар, олардың рөлі мен 

орны туралы ғылыми білімнің жүйесін жəне оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін 

оларды қолдану формалары мен əдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық 


135

 

 



технология – білім беру ұйымдары мамандарының жұмысын жүзеге асырушы əдістер мен 

формалар жəне студенттерге білім беруші құрал. 



Зерттеу нəтижелері 

Соңғы  кездегі  ғылыми-практикалық  зерттеулерде  ақпараттық - коммуникациялық 

технологиялар адамзат танымының əдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр. 

Адам 


қызметінің 

түрлі 


салаларында 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың  ендірілуінің  білім  беру  саласына  да  ықпал  етпеуі  мүмкін  емес. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  оқу  үдерісінің  техникалық  орталары  ғана 

емес,  оқытудың  алғашқы  қадамынан  бастап  адам  өзінің  дамуына,  педагогикалық 

тəжірибесінің  өсуіне  пайдалануға  тиісті  жаңа  интеллектуалдық  қорды  қалыптастыруға 

əкеледі. 

Оқу  үдерісін  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  арқылы  құру  болашақ 

оқытушылардың алдынан жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер ашып, одан жаңа білімдерді, 

жаңаша ойлауды, оқытудың жаңа принциптері мен формаларын талап етеді.    

Білім  беру  жүйесінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  білім  алудың 

нəтижесін  арттырады  жəне  мультимедиялық  жабдықтарды  қолдану  студенттердің 

қабылдау қабілеттерін дамытады, сондай-ақ, ақпараттық – коммуникациялық құзіреттілігін 

қалыптастырады.  

Ақпараттық – коммуникациялық  құзіреттілік – кəсіби  мəселелерді  шешу  кезінде 

ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  қолдану  үдерісінде  ақпараттық – 

коммуникациялық  құзырлылыққа  ие  болашақ  маманның  жеке-тұлғалық  қасиеттерінің 

қалыптасқан  кешені.  Қалыптасқан  құзіреттіліктер  болашақ  маманға  ақпараттық – 

коммуникациялық  технологияларды  табысты  қолдануға,  қоғамның  қазіргі  заманғы 

ақпараттану шартында кəсіби қызметінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.                




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет