Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет93/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117
13.4. Тамақтану 
Ұтымды тамақтану – адамның жақсы хал-күйін сақтауға, қиындықтарды
жеңуге, ұзақ өмір сүруге және қалыпты денсаулықты сақтауға жағдай жасап, 
еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін өте маңызды фактор. Ересек адамда 
тамақтану дене салмағының тұрақты болуын, балалардың қалыпты өсуі мен 
дамуын қамтамасыз етеді. Тағамның немесе оның құрамындағы жеке 
қоректік заттардың жеткіліксіздігі дене салмағының төмендеуіне, тез 
шаршауға, әртүрлі ауруға соқтыруы мүмкін, ал балаларда – бойының өсуі 
мен ағзасының дамуы тежеледі. Ал тамақты шамадан көп пайдалану
асқорыту жүйесінде қолайсыз жағдайды сезінуге, ұйқышылдыққа, жұмыс 
қабілеттілігінің төмендеуіне, тіпті әртүрлі науқастың дамуына кетіреді. 
Соның ішінде, тағамның қалориясы жоғары болуы мен гиподинамия семіздік 
жағдайына келтіреді, бұл артериялық қан қысымын көтеріп (гипертония) 
ағзада қауыпты аурулар тудырады және өмір сүру ұзақтығын қысқартады. 
Теңдестірілген 
тамақтанудың негізгі физиологиялық принциптері 
мынадай болады:
1) адамның жынысы, жасы, физиологиялық жағдайы мен атқаратын қызметін 
ескере отырып, ішілген тағам организмді жеткілікті энергиямен қамтамасыз 
етуі тиіс; 
2) тағам құрамында организмдегі синтездеу үдерістеріне қажет жеткілікті 
санды және жиынтығы әртүрлі құрамбөліктері болуы керек (қоректік 
заттардың пластикалық ролі); 


Теңдестірілген тамақтану концепциясын алғашқы рет ұсынған Ресей 
ғалымы, академик А.А.Покровский болатын. Ал бұл теорияны әрі қарай 
дамытып, нақтылы әртүрлі жағдайларда еліміздің белгілі бір аймақтарында 
қалай пайдалану керек екенін, тамақтану академиясының президенті, МҒА 
академигі Т.Ш.Шарманов зерттеп ұсынған. 
Осы концепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін 
қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, май, көмірсу, 
витамин, минералды заттар, су болуы қажет. 
Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы мөлшері қазір баршаға белгілі, онда жас 
ерекшелігі, жыныс, знергия жұмсалу мөлшері т.б. көрсеткіштер есепке 
алынған. Ересек адамдар үшін қажетті белок мөлшері тәулігіне 80-120 г, май 
– 70-100 г (оның 50-60% жануар майы болу керек), көмірсу – 400-500 г дейін 
болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ 
құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін ұтымды 
тамақтанудағы белок, май, көмірсудың өзара қатынасы 1: 1,2 : 4,6 
(бұрынғысы 1:1:4) жақын болады. Тағам құрамында қоректік заттармен бірге 
витаминдер мен минералды заттар жеткілікті болу керек. 
Адам денсаулығын сақтауда ұтымды тамақтанумен қатар, тамақ ішу 
уақытын дұрыс белгілеу, тамақ ішуді ұйымдастыру жағдайы үлкен роль 
атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені 
анықталған. Оның ішінде: таңғы асқа тәуліктік рационның 25%, екінші асқа 
– 15%, түскі асқа – 45%, кешкі асқа – 15% бөлінеді. Тамақтану адамға үлкен 
қанағаттыратын сезім тудыру үшін ол әртүрлі тағамдардан құрастырылған, 
әрі дәмді болу керек, сонымен бірге тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған, 
адам тәбетін ашатындай ұйымдастырылған болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет