Әртүрлі эмоциялар кезінде энергия шығыны, негізгі алмасу дейгейінің,
40-90%-ын құрады және бұл бұлшықеттердің
фазалық және тонустық
жиырылуымен байланысты.
Ұйқы кезіндегі зат алмасу деңгейі, сергектік жағдайымен салыстырғанда,
10-15% төмен болады, себебі бұл кезде бұлшықеттер босаңсыйды,
симпатикалық жүйке жүйесінің
белсенділігі төмен, қалқанша безі мен
бүйрекүсті бездерінің гормондарының түзілуі аз болады.
Тағамның өзіндік-динамикалық қуаттық әсері. Тамақтанудан кейін,
тағам өнімдерінің қанға сіңуі кезінде, зат алмасуы қарқыны күшейіп, энергия
әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсалады. Мұны тағамның өзіндік-динамикалық
қауттық әсері деп атайды. Ол астың құрамына байланысты,
тағамда белок
басым болса, энергия әдеттегіден 30%, ал тағамда көмірсу басым болса тек
15% көбірек жұмсалады.
Жалпы алмасу НА-дан едәуір жоғары болуы қаңқа бұлшықеттерінің
қызметіне байланысты.
Дененің қимыл-қозғалыстарына, олардың ауыр-
жеңілдігіне қарай энергия бірде көп, бірде аз шығындалады. Мысалы, адам
жеңіл жұмыс істегенде (кеңсе
қызметкерлері, мұғалімдер, тігіншілер) 1 кг
салмаққа 1,8-2,5 ккал (7,5-10,5 кДж) энергия жұмсайды. Баяу жүріп қызмет
атқаратындар (лаборанттар, дәрігерлер, кітапхана қызметкерлері) 2,8-3,2 ккал
(11,8-13,4 кДж) энергия шығындайды. Сөйтіп, адам денесіне түсетін
ауырпалық өскен сайын, оның салмағына қарай энергия шығыны да көбейіп
отырады. Қазіргі кезде ересек адамның энергия
шығыны оның атқаратын
кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: