Жылу реттеу механизмдерінің
даму дәрежесіне байланысты, барлық
жанаурларды
пойкилотермді, гетеротермді және
гомойотермді деп 3 топқа
бөледі.
Пойкилотермді (салқын қанды)
организмдер (грек. poikilos – өзгермелі)
дене температурасын тұрақты қалыпта ұстай алмайды, өйткені олар жылуды
аз өндіреді. Бұл жануарлардың
дене температурасы құбылмалы, сыртқы
ортаның температурасына тәуелді. Мысалы, қыс пен жаз аралығында
олардың температурасы 10º-тан 40-50º-қа дейін өзгереді.
Кейбір
физиологтардың айтуы бойынша, табиғатта нағыз пойкилотермді жануарлар
жоқ: кез келген пойкилотермді жануардың дене қызуы сырттағы
температурадан 1-2 градус жоғары.
Гомойотермді (жылы қанды)
организмдер (грек. homeo – ұқсас, бірдей),
оған адамдар да жатады, дене температурасы салыстырмалы тұрақты, себебі
олар жылуды көп мөлшерде өндіре алады, сыртқы ортаның температурасына
тәуелсіз болады. Бұлардың жылуды реттеу механизмдері өте жақсы дамыған.
Дене
температурасының тұрақтылығы, қоршаған орта температурасына
тәуелсіз болып, белгілі дәрежеде жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз етеді.
Бірақ адам денесінің тек ішкі бөлімдерінің (ол «ядро» деп те аталады)
температурасы тұрақты, 37ºС шамасында. Қоршаған ортаның комфортты
жағдайында жалаңаш адам терісінің температурасы 33-34ºС, қолтық астында
– 36-36,9ºС болады.
Гетеротермді организмдер (грек. heteros – өзге, басқа) жылықанды және
салқын қанды жануарлар арасында орын алады.
Олардың дене
температурасының тербелістері бірталай болады. Көбіне бұл қыста
ұйықтайтын жануарларға тән қасиет (аю, бурундук).
Достарыңызбен бөлісу: