Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76

285

иған. Белбеулер көбінесе ою-өрнектер мен сурет салынған сүйек табақша- 

лармен безендірілетін болған. Самарканд түбіндегі обалы  қорымнан ғаж- 

айып екі айылбас-табақша табылды. Оларда көп мүсінді ұрыс және аңшы- 

лык композициясы әжептәуір шеберлікпен ойып  бейнеленген.  Кейіпкер- 

лерінін егжей-тегжейлі, тәптіштеп бейнеленгені сонша, біз кангюйлердің 

ертедегі әскери аксүйегінің бет-бейнесін көзге елестете аламызь .

Қоленер жүмысының әйелдер үшін дәстүрлі саласы жүн өңдеу болған. 

Қазба жұмыстары кезінде табылған нәрселердің ең дағдылысы алуан түрлі 

(керамика, тас) ұршыкбастар, тоқыма станоктарына арналған ауыртпақтар 

болып табылады. Жүннен иірілген жіптен жылы киім токылды. Қой жүнінен 

киіз басылды. Ши токылған. Сонымен катар еден төсеніштерінің қалдықт- 

арын әдетте археологгар өртеніп кеткен үйлердің жүртынан үшыратгы.

Сауда. Біздің заманымыздағы II—V ғасырлардағы кангюйлер шаруашы- 

лығының сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлык кажетті 

енімдермен, шикізатпен  және коленер  бүйымдарымен  өзін-өзі толык  ка- 

мтамасыз еткен деп қорытынды жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік береді. 

Ең дамыған аймақтарда ертедегі калалы орталықтар калыптасып, қоленер 

мен  сауда  орталықтарына  айналады.  Ішкі  базардың  дамуын  сол  кезеңде 

жергілікті теңгелердің түракты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді.

Қазіргі уақытта мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялык дәстүрі 

түрақты  1300-ден  астам  мыс  теңгелер  мәлім.  Негізгі  үлгісі  —  билеушінің 

портреті  қырынан  бейнеленген.  Иконографиялык нұсқалардың өзі де  әр 

түрлі  сериялы,  бірақ оларды таңбалардын  бір үлгіде  бейнеленуі мен  тең- 

генің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді36.

Мұндай тенгелер табылған  негізгі аймак — Ташкент алқабы.  Кангюйге 

кейіннен енген кангюйлердін, Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. 

Біздің заманымыздағы III ғасырда кангюйдің белшектенуі салдарынан бүл 

иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі тең- 

гелердін мерзімі дәстүр  бойынша біздің  заманымыздағы  III—IV ғасырлар 

деп белгіленеді.  Алайда кангюйлерде тенгенің неғүрлым  ертеректе қолд- 

анылғанына дәлелдер  бар.  В.  М.  Массон  Грек-Бактрия  билеушісі  Эвкра- 

тидтің кейіннен кангюйлер теңгелерінің сош луы на үксас танба соғылған 

күміс теңгесін атап өткен. Бүл теңгенің мерзімі б. з. б. II ғасырдеп белгіле- 

неді және  Сырдария аймагы мәдениеттерінін, кангюй тобына жатқызыла- 

ды37. Ташкент теңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы

I  ғасырдан  бастап  Хорезм  теңгелерінде  кімге  тиесілі  екендігінің  негізгі 

белгісі ретінде орнықтырылады38. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм 

мен Шаш билеушілерінің кангюйлердің калыптасып, ол  гүлденген кезең- 

де  ғана  орнығуы  мүмкін  болған  туыстык  байланыстары  туралы  мәселе 

қойып отыр39.

Сонымен  бір мезгілде дерлік кангюй  аумағында қытай теңгелері — У- 

шу пайда болады. Олар, атап айтқанда, Отырар алқабындағы Мардан қоры- 

мының қабірлерінен табылды40 ж әне алые жерлермен сауда байланыстары 

жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқы- 

лы келген. Ферғанадагы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп 

табылды41.  Олардың мерзімі б.  з.  б.  II ғасырдан басталады деп белгіленеді. 

Қабірлерден теңгелердің табылуы,  сөз  жоқ, товар-акдіа қатынастарынын 

дамығанын дәлелдейді.

Сонғы кезенде кангюйге кушандар мен сасанилердің күміс, мыс тенге-

286


лері келеді. Талас аңғарындағы Ш оң-Қ аңқа-1 қорымынан осындай екі тенге 

табылды. Олардың біреуі — сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған 

күміс теңге де,  екіншісі — Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.

Көбінесе  қабірлерден,  кейде  кала  орындарын  қазған  кезде  табылған- 

заттардың өздері де кангюйлердің алыс және жақын жерлермен сауда бай- 

ланыстарын жасағандығына дәлел бола алады. Төменгі және Орта Сырда- 

рияның,  Талас  пен  Қаратаудың  ескерткіштерінде  мүндай  шеттен  келген 

бүйымдар саны нак б. з. б. I мыңжылдықтың аяғынан бастап күрт көбейеді. 

Олардың пайда болуын зерттеушілердің құрлықаралық керуен жолдарын- 

да сауда байланыстарының жандануына орайластыруы негізсіз  емес.  Сол 

кезден бастап, кептеген зерттеушілердің есептеуінше, Евразияның аймак- 

тык керуен жолдары Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі елдерді бай- 

ланыстырып жаткан және ғылымда Үлы Жібек жолы деп аталған күрлық- 

аралық  керуен  жолдарының  жүйесі  болып  қалыптасады42.  Кангюй  Үлы 

Жібек жолының орталық бөлігінің бірін алып жатты және оның Сырдария 

өзенін бойлай солтүстік-батыс жақтағьгЖайык өңіріне, Еділ бойына және 

одан  әрі Солтүстік Кавказ бен  Қара теніз өңіріне беттейтін маңызды тар- 

мақтарын бақылап отырды43.

Кангюй  тұрғындарының  халыкаралық  саудаға  қосылғанын  алыстағы 

қолөнер  орталықтарында  дайындалған  заттардың  табылғаны  растайды. 

Мәселен, Сырдарияның томенгі және орта бойындағы әйелдер қабірлері- 

нде Қара теңіз калалары мен Сирияның шеберханаларынан шыккан түрлі- 

түсті шынылардан істелген моншақтар көп табылды. Үндістаннан кызғылт 

маржаннан тізілген моншақтар, піл сүйегі әкелініп, одан шаш түйреуіштер 

жасалды.  Жетіасар  мәдениеті  мен 

Отыр

ар алкабының  корымдарынан  та- 

былған янтарь моншактар, арнаулы зерттеулердің көрсеткеніндей, Балтык 

бойы янтарынан жасалған44.  Нақ сол кабірлерден сасанилік  геммалардың 

табылуы Иран орталықтарымен белсенді байланыс жасалғанын корсетеді43.

Қоладан жасалған ерекше қарсы ілгек-фибулалардың табылуы европа- 

лық колөнер орталықтарымен байланыс оонатылғанын аңғартады. Сырда- 

рияның  төменгі  бойының  корымдарынан  олардың  толын  жатқан  түрлі 

үлгідегі топтары46,  сондай-ак Ташкент түбіндегі  Жүн  қорымынан Aucissa 

үлгісіндегі фибула табылды47. Жетіасар, Отырар және Ташкент алкаптары 

қорымдарының  қабірлерінен  Мысырдың  көгілдір  фаянсынан  тізілген  ірі 

моншақтар кездесті. Бұл бұйымдардың Сырдария жағалауына кандай жол- 

дармен келгенін анықтау қиын.

Қытайдың Батыс елдеріне шығаратын экспортының дәстүрлі негізі жібек 

болғаны мәлім. Өкінішке қарай, ескерткіштерде жібек маталардың болуы 

туралы археологиялық мәліметтер өте аз. Лак жағылған бүйымдар сияқты, 

бүл органикалық материалдар да жер астында сақталмайды деуге болады. 

Қабірлерде  маталардың,  органикалардың  сақталуына  ерекше  жағдайлар 

ғана  жәрдемдеседі.  Ж ібек маталардың кесінділері  кангюйлерге  көршілес 

Давань  жеріндегі  Қарабұлақ қорымының  (б.  з.  б.  IV—II  ғғ.)  қабірлерінде 

жақсы  сақталған48.  Жетіасар  корымдарынан  табылған  олжаларда  жібек 

киімдердің  қалдықтары  бар49.  Мұнда  Қытайда  жасалған  басқа  да  заттар 

мәлім. Бұлар -  Отырар алқабындағы Қоңыртөбе қорымынан алынған неф­

рит бүйымдар, қытайдың қола айналары.

С ы рдария  бойы,  Арал  өңірі  айм актары ны ң  ескерткіш терінде  бір 

м езгіл д егі  кеш ендерде  Қ ар а  тең із  ө ң ір ін е н ,  И р а н н а н ,  Сириядан,



287

Ү ндістан  м ен  Қ ы тайдан  әкел ін ген   заттардың  кездесуі  ерекш е  назар 

аударарлық.

Сонымен,  қолда  бар  археологиялык  материалдар  кангюйлердің  кала 

тұрғындарының да, көшпеді малшыларының да Үлы Жібек жолы аркылы 

халыкаралық сауда жүйесіне тартылғанын дәлелдейді.

4.  ЕРТЕДЕП ТЕМІР ДӘУІРІМЕН БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ 

ШЕБІҢДЕГІ АНТРОПОЛОГИЯ

Бұл кезең бойынша палеоантропологиялык материалдар сақ жэне усун 

заманы  жөнінде  біркелкі  емес50.  Сақтардың  азын-аулак  краниологиядык 

белгілері  олардың  жалпы  антропологиялык  кескін-кейпін  елестетуге 

мүмкіндік береді. Олардың бас сүйегі шағын, ми кауашағының бітімі төмен, 

беті  едәуір  жалпак,  көзі  үялы,  қабак сүйегі  шығыңқы,  кеңсірігі дөңестеу 

болып келеді.  Бүл краниологиялық белгілер сақтардың дене пішінінін не- 

гізіне неғүрлым  алдыңғы  қола дәуірінің түрғындарына тән  болған андро­

новтык антропологиялық бітім жатқанын дәлелдейді.

Сонымен бірге, қола дәуірімен салыстырғанда сактардың біркатар кра- 

ниологиялық белгілерінде,  онша елеулі  болмаса да,  айрықша  ерекшелік- 

тер  аңғарылады.  Олар  ертедегі  темір  дәуірінде  сак, тайпаларының  жалпы 

европеоидтік келбетінің неғүрлым көмескіленуіне  келіп саяды.  Бас сүйек 

неғұрлым аласа болып, бас сүйек көрсеткіші біршама үлғаяды, бет-әлпетінін 

жалпақтығы  артып,  мандайының  тік  еңісі  өсе  түседі,  мұрын  сүйегінің 

дөңестігі  азайып,  к ез  үясы  шығынқы  бола  бастайды.  Бұл  өзгерістер 

тізбесінің  монғолоидтік  краниологиялық  сипаттама  жағына  ойысуы  сак

Бас сүйегі  бойынша кайта кұрастырылған сактың портреті. 

288


тайпаларының  кұрамында  аздап  монғолоидтік  қоспа  пайда  болған  деген 

қорытынды жасауға мумкіңдік береді.

Орталык, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы сақ бас сүйектері серия- 

ларының морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау, бір жағынан, олар­

дын арасыңдағы генетикалық тығыз жакыңдыкты көрсетеді. Сонымен бірге, 

монғолоидтік элементтер бас сүйектердің әрбір сериясы ішінде ғана емес, се- 

риялар арасында да біркелкі емес.

Мәселен, бүл белгілер ол Орталық Қазақстанды мекендеушілерге қараға- 

вда,  солтүстік және шығыс  аймакгардың  сақтарында жиірек кездеседі.  Бүл 

айтылғандар  араласу  үрдісінің  біршама  жақын  уақытта  басталғанын дәлел- 

дейді.  Оның үстіне  ертедегі темір дәуірінде жекелеген монғолоидтік  немесе 

сол  кезде-ақ белгілі  бір дәрежеде  араласқан  топтар  Қазақстан  далаларына 

монғолоидтар мекендеген Орталық Азияньщ тікелей түкпірінен ғана емес, со­

нымен қатар  Қазақстанның шығысына жапсарлас жаткан неғүрлым  жақын 

жерлерден — нәсілцік жағынан краниологиялық сериялары неғүрлым алдыңғы 

, кезеңдерде де белгілі Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірден келуі мүмкін. Сірә, 

сақтардың  Таулы  Алтай  тайпаларымен  неғұрлым  тығыз  қарым-катысына 

оңтүстік Қазақстаннан (Түгіскен, Үйғарақ, Молалы қорымдарынан) алынған 

краниологиялық материалдар дәлел болуы мүмкін. Антропологиялык түрғы- 

дан  алғанда,  бүл  ескерткіштерден табылған  сактар  заманындағы  бас  сүйек- 

терін жалпы морфологиялық ерекшеліктер біріктіреді. Олар мыналар болып 

табылады: бет-әлпеті өте биік, бұл орайда едәуір жалпақ, оньщ европеовдтер- 

мен  салыстырғанда  көлденеңінен,  әсіресе  бет-әлпетінің  жоғарғы  бөлігінде 

толықтығы 



айқынырак, 

көз үясы жоғары болып келеді, бүған ұйғарақ серия­

сы қосылмайды. Белгілердің суретгелген шамалары бас сүйектердің қаралып 

отырған сериялары кұрамында монғолоидтік элементгер үлесінің едәуір еле- 

улі екенін және Таулы Алтайдың сондай тұрғьшдарьшың морфологиялық белгі- 

лерімен ұқсастығы бар екенін дәледдейді51. Молалы сияқты, археологиялык 

ескерткіштердің бір тобына жататьш Шүбарат корымынан алынған бас сүйек- 

тердің краниологиялық сериясының физикалық бітімі  Қазақстан,  Оңтүстік 

Арал  еңірі  далаларының,  сондай-ак  Тянь-Ш анның  сақ  тайпаларының 

кепшілігіне тән тұрпатга екенін, бұл орайпэ монғоловдгік қоспа мейлінше әлсіз 

аңғарылатынын атап өтеміз. Нақ сол кезенде Қазақстанның батысында, архе- 

ологиялық деректерге карағаңца, аддындағы дәуірдін кимашылары мен  анд- 

роновтықтардың  өзара  әсері  негізінде  қалыптасқан  савроматтар  тайпалары 

мекендеген. Савроматтардың краниологиялық материалдарын зертгеу олар- 

Дьің Батыс Қазақстаннын кима халқьмен генетикалық сабақгастығьш көрсетгі, 

ал оның құрамында Еділ бойының қима халкына тән андроновтық пішіннің 

компоненттері ұштасьтжатқан. Ертедегітемірдәуірінде батыс аймақтұрғын- 

дарыньщ Кдзақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерімен карым- 

Қатынасы, тегіңце, бүрынғысынан да күшейе түссе керек. Бұл олардың дене 

бітіміне едәуір айқын  эсер еткен.  Батыс Қазақстанның қима тайпаларымен 

салысгырғанда, савроматгардың бас сүйектерінде бас сүйек көрсеткіші үлкен, 

мезокрания жағьша  ойыскан,  онша биік  емес  және неғүрлым  жалпақ,  бет- 

әлпетінің пішівделуі көлденеңінен карағанда онша айқын емес, мұрын сүйек- 

тері сәл ғана дөңестеу, кеңсірік үсті онша биік емес, кез үясы неғұрлым биік 

болады52. Бұл өзгерістер олардьщнәсілдіктұрпатьщпағьі андронов компонент- 

терінің  ұлғаюы  жағына  қарай  болғанын  ескерте  кеткен  жен.  Ол  былай 

тҮрсын, соңғы жылдардағы краниологиялық материалдар ішінде савромат- 

таРДың (б.  з.  б. V —III  ғасырлар,  Батыс  Қазақстан  облысындағы Солянка



Ю • Қазақстан тарихы, т.1 

289

ж эне  Володарка  корымдарынан  алынған)  бас  сүйек  сериялары  өзінің 

нәсілдік  түрпаты  жағынан  Жетісудағы  усундердің  кейбір  серияларына 

үқсайды деуге  болады.

Савроматтардың краниологиялык деректерін Қазақстанның батысымен, 

сондай-ақ Төменгі Еділ бойын Қазакстанның қалған аумағындағы сактар- 

мен салыстыру нәтижелері, кейбір айырмашылықтарына қарамастан, олар- 

дың морфологиялық жағынан өте жақын екендігі туралы тезисті растайды. 

Бүл жақындықты савроматтар мен сақтардың нәсілдік кұрамына енген арғы 

ата-тектерінің  ортактығымен  ғана  емес,  сонымен  катар  олардың  ертедегі 

темір дәуірінде нәсіл болып қалыптасу жолдарының да жалпы ортактығы- 

мен түсіндіруге болады.

Орталық  және Оңтүстік-Шығыс  Қазақстан тұрғындарының  өздерінің 

алдындағы сақ тайпаларымен мәдениет жағынан да, генетикалық жағынан 

да сабақтастығы усундер заманында (б. з. б. III ғ. -  б. з. III ғ.) едәуір айқын 

аңғарылады.  Усундерге  бас  сүйектің ұзындығы мен биіктігі орташа,  бірак 

ені үлкен, брахикарлы (мезокранияға жакын), маңдайының біршама тайкы- 

лығы, кеңсірігінің шығыңқы және қабақ доғасының орташа дөңес, мұрны- 

ның  кәлемі  орташа болуы тән.  Жетісудан  табылған  ер  адам  бас  сүйегінің 

М. М. Герасимов жасаған пластикалық реконструкциясы усундердің жал­

пы жинақталған кескінін көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен,  антропологиялық  тұрпаты  жағынан  усундердің  бас  сүйегі 

бірша\’а монғолоидтік қоспасы бар европеоидтік нәсілгг  жатады.  Сак за- 

манымен салыстырғанда, усундердің бас сүйектерінде, әсіресе әйелдер се- 

рияларында монғолоидтік элементтер біршама көбірек. Ал 



аумақты қ 

жағы- 


нан  алғанда,  Шығыс  Қазакстанның  краниологиялык серияларында  олар 

бас  сүйектерлін  баска  ауландармндағы  серияларындағыдан  гөрі  көбірек



Усуннің  мүсіндік портреті. Жетісу. 

290

кездеседі. Алайда бұл айырмашылықтардың онша көп еместігін атап өткен 

ж ен.  Бас  сүйектердің  усун  сериялары  Қазакстан  аумағында  ғана  емес, 

Қырғызстанда да бір-бірімен едәуір жақын53.Б. з. б. III ғасырдан бастап сар­

мат тайпаларының Батыс Қазақстан аумағында савроматтардың мирасқо- 

ры  болып,  олармен  бірге  савромат-сармат  этникалық-мәдени  қауымын 

құрғаны мәлім.

Олардың генетикалық сабақгастығын палеоантропологиялық материалдар да 

растайды. Савроматгардың дене бітімінің негізгі сипатгары қандай да болсын еле- 

улі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Савроматгардағы сияқгы сарматгарда да сол аймақ- 

тағы жалпы европеоидгік сарын сақгадды, оған андроновтық бітім компонентгері 

қосылып, ергедегі Жерорта теңізі нәсілінің белгілері әлсірей түсті.

Сонымен  бірге  олардың  антропологиялық  құрамында  монғолоидтік 

элементтер  ете аз,  бірақ ол біртіндеп кебейе берді.  Дықылтас қорымынан 

алынған ер адамның бас сүйегі бойынша жасалған пластикалық реконструк­

ция сарматтардың дене бітімі туралы жалпы түсінік береді.

Батыс Қазақстан ауқымында савромат-сармат дәуіріндегі дене сипаты- 

ның  өзгеруіндегі  белгілі  бір  әркелкілік  аңғарылады.  Мәселен,  Бубенцы 

қорымынан  (Батыс  Қазақстан  облысы)  алынған  б.  з.  б.  II  -   біздің  зама- 

нымыздағы IV ғасырлардағы саны жағынан аз краниологиялық серияда нақ 

сол  аймақтағы  кола  дәуірінің  қима  тұрғындарының  антропологиялық 

бітіміне  барып  тірелетін  морфологиялык  элементтер  сақталған.  Алайда 

Батыс  Қазақстанның  савромат-сармат  тайпаларының  антропологиялық



Сарматтың мүсіндік портреті.  Маңғыстау.

291

құрамындағы аса күрделі өзгерістердің қарқыны мен дәрежесіне неғұрлым 

негізделген  баға беру  үшін  саны  жағынан  әлдеқайда  қомақты  краниоло- 

гиялық материаддар керек.

Қазақстан аумағындағы сарматтар мен усундер бас сүйектерінің серияла- 

рьша салыстырмалы таддау жасаған кезде түтас алғанда олардың ертедегі жалпы 

европеоидтік негізге байланысты морфологиялық бірлігі, оған ертедегі темір 

дәуірінде және әсіресе, біздің заманымыз шебінде Орталық Азияның көшпелі- 

лері енгізген монголоид нәсілі элементтерінің қосылғаны айқындалады. Қара- 

стырылып  отырған кезендегі  Қазақстанды мекенде ушілердің бүдан кейінгі 

тағдыры тайпалардың біздің заманымыздағы III—IV ғасырлардағы ұлы қоныс 

аудару дәуірімен аса тыгаз түрде байланысты. Орталық Азиадағы ғүн тайпа- 

ларының Қазақстан аумагана басып кіруі жергілікгі тайпалардың этникалық- 

мәдени дамуына ықпал етіп кзна қоймай, сонымен қатар олардың дене ерек- 

шеліктерінің монғолоидтық элеменггер үлесінің кебеюі бағытында одан әрі 

өзгеруіне әкел іп соқканы да күмәнсіз. Қазақстанның ғұн-сармат заманындаш 

тайпаларыньщ антропологиялық құрамының серпінділігіне жасалған талдау- 

дан  араласу  үрдісінің  күшейгені  туралы  жалпы  қорытынды  туындайды. 

Өкінішке қарай,  Қазақстанды мекендеушілердін физикалық негізіне ғүңда- 

рдың нақгы қоскдн үлесі туралы мәселені шешу әзірше мүмкін болмай отыр. 

Мұндай зерттеу міндетін ең алдымен ғұндардың Қазақстан мен Кыргызстан 

аумағындағы  ескерткіштерін  бағалаудың археологиялық өлшемдерін таддап 

жасаудың қиындығы ғана емес, сонымен қатар ғұн белгілері бар қорымдардан 

немесе жекелеген қабірлерден табылған палеоантропологиялық маі ериалдар- 

дың мардымсыз  болуы да қиындатуда.  Бұл проблеманы шешудің қиындығы 

мұның үстіне,  зертгеушілердің  шамалауынша,  ғұн тайпалық одағы тіршілік 

еткен кездегі ескерткіштер мәлім болып отырған Байкаддың арғы жағы мен 

Монголия  далаларынан  келген  деп  жорамалданатын  ғүн  тайпаларының 

нәсілдік қүрамының күрделі әрі әр текті екендігінде  болып табылады. Олар 

өздерінің қоныс аударған жолында ертедегі европеоңд тектес түрғындардың 

жергілікті ұрпақгарымен араласуы әбден мүмкін, ал олардың ұрпақгарында 

да ез кезегінде сол кездің өзіңде гұндар шапқьшшылығыньщ алдьш ?,ағы дәуір- 

дегі монголоид топтармен кебінесе қан араластыру іздері болған54.

Бұрын ғұндарғателініп келген бас сүйекті әдейі бұзу жөніндегі мәде- 

ни дәстүрге  келетін  болсақ, қазіргі уақытта  Ф ерғана алқабындағы  б.  з.

б.  V —III ғасырлардағы қорымдардың материалдарынан әлгі күбылыстын 

ол жерге біздің заманымыз шебінде ғұн тайпаларының келуінен әлдеқ- 

айда  көп  уақыт  бүрын  пайда  болғаны  мөлім  болып  отыр55.  Демек  бас 

сүйекті әдейі бүзу ғұрпы ғұндардың қоныс аударуымен байланысты емес. 

Ол ғұрып б. 

з. 

б. алғашқы ғасырларда Қазақстан,  Орта Азия аумағында 

ғана  емес,  сонымен  қатар  Төменгі  Еділ  бойы  мен  Ж айы қ өңірінде  ор- 

таңғы  ж әне  соңғы  сарматтар  арасында  да  кең   таралған,  тіпті  Шығыс 

Европадағы қола дәуірінің ақымдап  жерлеу  мәдениетінің бас  сүйектер 

сериясында  да  атап  өтілген.  Қарастыры лып  оты рған  м әдениет  ерек- 

ш елігінің  шыққан  кезі туралы  мәселе  әзірш е  беймәлім  күйінде  қалып 

отыр.  Ертедегі темір дәуірінен алдыңғы орта ғасырларға дейін 



Евразия 

тұрғындары кеңінен ж әне едәуір үзак уақыт қабылдаған бас сүйегін әдейі 

бұзу  мәдени-эстетикалық  ж әне  бірқатар  жағдайларда әлеуметтік  мақ- 

сатта жасалған деп қана топшылауға болады, ал оның алдыңғы орта ғасы- 

рларға дейін  жеткенін  Орта Азиядағы  IX—XI ғасырлардағы 

М издахкан 

зиратынан алынған материалдар дәлелдейді56.



292

Ертедегі  темір дәуірі  мен біздің заманымыздың шегіндегі  палеоантро- 

пологиялық материалдарды  қарастырудьщ  қорытындысын  шығара келіп, 

бұл  кезде  Қазақстан тұрғындарының нәсілдік-генетикалық үрдістің ұзақ 

та ең күрделі кезеңінен өткенін, соның нәтижесінде европеоидтік-монғо- 

лоидтік  ф изикалы қ  негіз  қалыптасып,  оның  аралас  тураноид  нәсілінің 

қазақстандық нұсқасының қазіргі өкілдері үшін ертедегі ататегі болғанын 

атап өткіміз келеді.

Б е р н ш т а м   А .  Н. 



Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана. / /  

Изв. АН КазССР, № 67, сер. археологическая,  вып.  2, А.,  1950,59 және келесі бетгер; 

Байпаков  К .  М .



  Взаимодействие оседлого и кочевого населения как фактор развития 

этнических процессов. / /  Вестник АН КазССР,  1987,  № 8, 23-6.

2  Анализ  «кангюйской  проблемы»  на  разных  этапах.  Қараңыз: 

Б е р н ш т а м   А .  Н . 



Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана; 

К л я ш т о р н ы й   С.  Г.



  Древ­

нетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М.,  1964, 

165-179-6.; 

Л и твин с к и й   Б .  А .



 Кангюйско-Сарматский фарн. Душанбе,  1968,14-23-6.; 

Филанович  М .   И .



  Ташкент. Зарождение и развитие города и городской культуры. Таш­

кент,  1983; 

Буряков  Ю .   Ф .



 Генезис и этапы развития городской культуры Ташкентского 

оазиса. Ташкент,  1982,101-6.

3 Л е в ш а   Л .  М .



  Керамика нижней и средней Сыр-Дарьи в I тыс.  н. э. Тр. ХАЭЭ, т. 

VII, М.,  1971,6-6.

Заднепровский  Ю.  А .



 Рец., на Боровкову JI. А. Запад Центральной Азии в II в. до н.

э. — VII в.  н. э. М., «Наука»,  1989. / /  Восток,  1991, N° 3,155—159-6.

Бичурин  И.  Я .



 Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние 

времена. Т.  И, М.-Л.,  1950,150,152-6.

6 Бұл да сонда,  184-6.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет