Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет19/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76

140

Т р у ш н и к о во   мен  М ал о -К р асн о яр к а   қоны стары нда  ко й -еш кі 

сүйегінін  басым  болуы,  жылқы  сүйектерінің  көбеюі,  сондай-ақ  бүйірі 

шығыңқы, ернеуі тік немесе аздап сыртка қайырылған, жапсырып соғы- 

лған  белдіктермен  өрнектелген  немесе  ерн ексіз  ыдыстардың  жаңа 

түрлерінің,  сондай-ақ түбі дөңгелек  келетін  ыдыстардың шығуы соңғы 

қола  дәуірі  тайпаларының  экономикасында  өзгерістер  болды  деуге 

мүмкіндік  береді.

Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдің шектес аймактарындағы сиякты, мүнда 

да шаруашылық нысандарының өзгеру үрдісі жүріп жатты.

6.  ОҢТҮСТШ ҚАЗАКСТАН М ЕН ЖЕТІСУ ТАЙПАЛАРЫ

Қазақстанның басқа аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазакстан 

мен  Жетісуда кола дәуірінің  ескерткіштері  анағұрлым  аз  зертгелген.  Көп 

жылғы  ізденістер  нәтижесінде  бірен-саран  қорымдар  мен  коныстар  ғана 

табылып, зерттелді.

Мәселен,  Оңтүстік  Қазақстанда  Таутары  корымы,  эр  жерден  табы- 

лған бірнеше қабір мен кездейсоқтабылған заттар мәлім. Жетісудан та- 

былған ескерткіштер көбірек. Бұлар — Алакөл ойпатындағы Қарақұдык 

қорымы, бірен-саран бейіттер мен коныс жұрттары.  Қапал және Биғаш 

селолары маңынан тас жәшіктер мен коршаулар, сондай-ақ Алматы қал- 

асының тұрған жері мен  оның төңірегінен  едәуір  кездейсоқ заттар  мен 

қола  еңбек  қүралдары,  кару-жарақтар  және  тұрмыстық  заттар  көмбе- 

лері табылды.

Оңтүстік  Қазакстан мен  Жетісудың кола дәуірінің ескерткіштері  жер­

леу құрылыстары көлемінің шағындығымен және салынуының қарапайы- 

мдылығымен ерекшеленеді. Мұвда, Орталык Қазакстандағы сиякты, жүзде- 

ген қоршаулары мен обалары бар мазарлар жоқ, ал қорымдарда кеп дегенде 

он  шақты,  жиырма  шақты  қабір  бар.  Жерлеу  мүлкі  де  жұпыны:  қоладан 

істеген  бұйымдар  аз  ұшырасады,  қыш  ыдыстарға кебіне  ою-ернек салын- 

баған.


80-жылдары Жетісу аумағын жоспарлы түрде зерттеу Алматы, Таддықо- 

рған, Жамбыл облыстарында едәуір мөлшерде қорымдар мен коныстар та- 

буға мүмкіндік берді. Жамбыл облысының аумағындағы корымдар Аңрақай 

жотасы мен Шу-Іле тауларыньщ арасындағы кең жазыкта, Қордай бекетінін 

маңында, Шоқпар және Алайғыр станцияларының маңында, Шу-Іле таула­

рыньщ  тау  жоталарында,  Ойжайлау  алқабы  мен  Масаншы  поселкесінің 

маңында орналаскан. Алматы облысында ескерткіштер Майбұлақ аңғары- 

нан,  Фабричный селосы мен Ақсай селосының маңынан және биік тауда, 

Көлсай ауданы маңынан табылды. Талдықорған облысының аумағында Биғ- 

аш селосы  маңында,  Талапты  селосының түбінде,  Қүйған  аңғарында, Ле­

нин  селосы  маңында  және  басқаларында  осындай  ескерткіштер  бар.  Іле 

Алатауы  мен  Күнгей  Алатаудан,  Аңрақай  таулары  мен  Жоңғар  Алатауы- 

ның тау беткейлерінен 5-10 қоршаудан түратын шағын корымдар табылды.

Сонымен, Жетісуда кола дәуірі тайпаларының далалық, тау бөктеріндегі 

және биік таулы өңірлерді мекендегені анықталды. Сонымен бірге ірі коры­

мдар  орналаскан  ауданнан  коныстар  мен  петроглиф  сакталған  орындар 

ашылды82.

«

141



Солтүстік-Шығыс Жетісу аумағында дамыған (Қапал, Мыңшүңкыр-3, - 

4, Талапты-1, -2, Құйған-2, Қарақұдык) және соңғы (Биғаш, Аксай, Сағын- 

ды) кезендері мен кола дәуірінен ерте темір ғасырына өту уакытына (Ара- 

сан, Биен-13 және Биен қонысы) жататын біркатар корымдар зерттелді83.

Аралдың  шығыс  төңірегіндегі  қола  дәуірінін  ескерткіштері  жақсырақ 

зерттелген. КСРО F 



ылым

 академиясы Хорезм экспедициясының Сырдария 

өзенінің көне атырауы аймағындағы көп жылдық жұмыстары нәтижесінде 

дамыған қола кезеңінің бірнеше тұрақтары ашылды.  Олардың көпшілігі  -  

Сырдарияның  ескі  арнасы  -   Іңкәрдарияда,  атап  айтқанда  Үйғарақ адыры 

маңындағы  Егіскөк және  Кексеңгір атырабындағы тұрақтар.  Бұлардан та- 

былған қыш ыдыстардың сынықтарында оюлы және тарактәрізді калыппен 

салынған өрнектер бар. Өрнек мәнерлерінің арасында сынык сызықтардын, 

меандрлардың катарлары, тұйықталмаған үш бұрыштар, «шырша», «жалау- 

шалар», тамшы іздер және т. б. таралған.

Іңкәрдарияның төменгі  бойында,  оның салалары Әмударияның Акша- 

дария атырауы салаларымен косылатын жерінде  басқаша жағдай байкала- 

ды. Мұнда андронов керамикасынан баска  Ақшадарияда, әсіресе оңтүстік 

атырауда  б.  з.б.  II  мыңжылдықтың  екінші  жартысының  ортасында  басым 

болған  тазабагьяб  керамикасы  кездеседі84.  Тегінде,  тазабагьяб  мәдениеті 

тайпаларының жылжуы  оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  Ақшадария  бойы- 

мен жүргенге  ұксайды, ал солтүстіктен және шығыстан Сырдария салала- 

рының бойымен андронов мәдениетінің тайпалары тараған.

Осы екі  мәдениет  ареалдарының бір-бірімен тоғысуы  кейініректе,  б.  з.

б.  IX—VIII  ғасырларда да  байкалады.  Бүл  кезде  оңтүстік  Ақшадария  аты- 

рауына  тараған  мәдениет  енді  тазабагьяб  мәдениеті  емес,  солтүстік  Аты- 

раудың  көптеген  жерлерінде,  Солтүстік  Түгіскеннің  үқсас  кешенінде, 

Іңкәрдариядағы сол кезендегі бытыраңқы түрақтардың көбінде кездесетін 

әмірабад мәдениеті85;  бұл мәдениетке тазабагьяб және андронов формала- 

рынан  бүтіндей  айырмасы  бар,  айнадай жылтыратылған,  бүйірі  шығыңқы 

ьщыстар тән болып келеді. Бұл керамика түгіскендік үлгідегі кейінгі андро- 

новтык керамикамен және замараевтік үлгідегі, ернеуі жағатәріздес кайы- 

рылған және жапсырма белдік салынған керамикамен бірге Іңкәрдария ке- 

шендерінде ұшырасады.

Соңғы кола дәуірінің неғұрлым кернекті ескерткіші — Іңкәрдария жағ- 

асындағы (Қызылорда қаласынан  оңтүстік-шығысқа таман) Түгіскен ады- 

рына  орналасқан  Солтүстік  Түгіскен  мазары.  Бүл  тікбұрышты  шикі 

кірпіштен  қаланған  жерлеу  кұрылыстарының  кешенінде,  сәулет  әнерінің 

еңселілігіне  және  жерлеу  мүлкінің  байлығына  қарағанда,  тайпалардың 

көсемдері  жерленген.  Сөз  жок,  кесенелер  бір  мәдениетке  жатады,  бірақ 

олардың арасынан неғүрлым ертедегілері мен неғүрлым кейінгілерін бөліп 

көрсетуге болады.

Оңтүстік  Қазақстан  тайпаларының  мәдениегі.  Қола дәуірінің  ортаңғы 

кезеңінен мүнда Қаратаудың солтүстік баурайына орналасқан Таутары коры- 

мы бар86. Мұндағы қабір үстіндегі ескерткіштер — жер үстіне қырынан қазы- 

лып орнатылған тақта тастармен немесе жерге қазылмай қойылған тастар- 

мен  белгіленген,  тікбүрышты,  шаршы,  сопакша  келген,  шеңбер түріндегі 

коршаулар.

Өліктер қайсыбірі тақта тастармен жабылған жерден қазылған шұңқыр- 

ларға  қойылған.  Өлікті  өртеу  ғұрпы  басым  болған.  Өртелген  сүйектердін



142

калдықтары көбінесе бір немесе бірнеше жерге шүнкырдын батыс жағына 

үйілген немесе бүкіл  батыс бөлігіне  шашылып тасталған.  Қабірдің шығыс 

немесе батыс бөлігіне тағам салынған бірден  беске дейін қыш ыдыс қойы- 

лып  отырған.  Ыдыстардың түбі  жайпак,  бітімдері  екі түрлі:  көзелер  және 

иіні дөңгелетіліп шығарылған немесе мойны мен бүйірі ойыкталып жалға- 

сатын кұмыралар түрінде болып келеді. Құмыралардың біразы биік, жіңішке, 

енді біразы бүйірлі, жатаған.  Олар негізінен тарак тәрізді калыппен өрнек- 

телген. Әдетте өрнек ыдыстың мойнына, бүйірінің жоғарғы бөлігіне, кейде 

түбіне  жақын  жеріне  және түбіне  салынады.  Тең бүйірлі шимақталған үш 

бүрыштар,  сынық сызықтар,  меандр,  ойык үш  бұрыштар түріндегі,  ыдыс- 

тың мойнынан бүйіріне қарай каннелюр түріндегі ою-өрнек салу кең тарағ- 

ан.  Көзе ыдыстар ою-ернексіз болады немесе тең бүйірлі шимақталған үш 

бүрыштармен әрнектеледі.  Кейбір қүмыра тәріздес  ыдыстарда күйген тағ- 

амның қалдықтары  сақталған,  бұлар  басқадан  гөрі тары  немесе  бидай  бо- 

тқасының  қалдықтары деуге  кобірек  келеді.  Қола  мен  алтыннан  істелген 

үсақ бұйымдар,  әшекейлі заттар болған.  Олардьщ арасында тесігі бар «тар- 

мақты» және сопақша салпыншактар, шығыршықтар, сақиналар, тізбелер, 

моншақтар, сымнан иілген, алтынмен апталған самай сырғалары, ұнтактан, 

шыны тектес заттан және сүрмеден істелген моншақтар, киімге қадауға ар- 

налған кола қаптырмалар бар.

Таутарының  материалдык  мәдениеті  Қазақстанның,  Жайық  өңірінің, 

Оңтүстік Сібірдің андронов мәдениетіне жақын.

Жамантоғай  атырабындағы  оба  үйіндісінің  астындағы  үш  кабір  соңғы 

қола дәуіріне жатады87. Мүнда жерленгендердің жанынан кыш ыдыстардан 

баска қола пышақ және торт кырлы біз шықты.

Жетісу  тайпаларынын  мәдениеті.  Жетісудағы  ең  ірі  ескерткіш  Шу-Іле 

тауларының  солтүстік-шығыс  беткейінің  етегіне  орналаскан  Қаракұдық 

қорымы болып табылады88.  Такта тастармен жабылған тас жәшіктерде ба- 

лалар мен жасөспірімдер жерленген. Цисталарда — бір-бірімен беттесіп, ішке 

карай үмсындыра каланған такта тастардан түратын және такта тастармен 

жабылған  лақыттарда ересек адамдар жерленген.  Балалар,  сондай-ак  ере- 

сектер жерленген кейбір жәшіктер шеңберлей, сопақшаланып немесе тік- 

бүрышталып  коршалған.  Балалардың  қабірлері  корымның  онтүстік 

бөлігінде, ортада кабірден бос алаң калдырып, айналдырыла орналастыры- 

лған.  Барлык  қаңқа  сүйектер  кол-аяктары  кусырылған  күйінде,  бастары 

батыс,  солтүстік-батысқа  қаратылып  жатыр.  Балалар  кабірінде  (олардын 

кейбіреулері такта тастармен жабылған) бас жағына тостаған, текше немесе 

кұмыра тәріздес, өрнек салынбаған бір-бірден шағын кыш ыдыс койылған.

Ересектер қабірлерінен күмыра тәрізді үлкен ыдыстардың сыныктары, 

қола моншақтар мен сырт жағында ілмек сабы бар кола айна табылды. Қабі- 

рлерден табылған қой сүйектері, ыдыс сыныктарынан күйген тағам калдық- 

тарының  табылуы  өліктердің  жанына  сүт,  өсімдік  және  ет  тағамдары 

қойылғандығын көрсетеді.

Алакөл ойпатында, Онағаш атырабында әйел қабірінен әшекейлерді тағу- 

дың  салтын  қалпына  келтіруге  мүмкіндік  берген  заттар  табылды.  Әйел 

күлағына  бір  ұшында  салпыншағы  бар  үлкен  сырға  таққан,  қолына  қола 

білезіктер  салған.  Киіміне  көптеген  қола  каптырмалар  мен  моншактар 

тігілген.  Осында,  Онағаш атырабында қабірдің маңынан қоныс жұрты та­

былды.  Үйлер жартылай жертөле үлгісіндегі  тікбүрыш тәрізді, екі белімді

143


құрылымнан  түрады.  Есіктері  көл  жағынан  шығарылған.  Тұрғын  жаймен 

іргелес орналаскан күлсалғыш орыннан астан қалған көп калдыктар — кой- 

ешкі мен ірі кара сүйектері, кыш ьщыстардың сынықтары жэне ромб тәріздес 

қола тоға табылды.

Соңғы кола дәуіріндегі  Жетісудың кола  кұю өндірісі  мен тұтас  алғанда 

материалдык мәдениетініңдаму деңгейін кола заттардың көмбесі мен табы- 

лған кейбір заттар сипаггайды90. Олардын арасында еңбек кұраддары — орак- 

тар, дүмі шығыңқы үңғылы балталар,  шапашоттар,  ұңғылы, сопакша және 

найза тәріздес қашаулар, пышактар, мінсіз  жасалған тас дәнүккіштер мен 

келсаптар бар.

Арал  еңірі  тайпаларының  мәдениеті.  Б.  з.  б.  II  мыңжылдықтын  екінші 

жартысында -   I мыңжылдықтың бас  кезінде  Сырдарияның төменгі  бойы- 

ның тұрғындары, сірә, Батыс жэне Орталык Қазақстанның далалық тайпа- 

ларымен неғүрлым тығыз байланысты болса керек, өйткені мүнда дамудың 

жергілікті  бағыты  андронов  мәдениеті  болып  келеді.  Аралдың  оңтүстік 

өңірімен  б.  з.  б.  II  мыңжылдыктың  екінші  жартысында  өзара  жакындасу 

шығысқатаман емес, тек кана Іңкәрдария мен Ақшадария арналары еңірінде 

болды. Б. з. б. I мыңжылдықтың бас кезінде хорезмдік әмірабад керамика- 

сы бүкіл Іңкәрдария бойында дерлік ұшырасады және Солтүстік Түгіскен 

кешендерінде көрнекті орын алады.

Тегінде, одан да гөрі оңтүстік аймақтардан Түгіскенге оңтүстік өркени- 

етінің  ыикі  кірпіш  пен  шеңберлі  керамика сиякты  элементтері  әкелінген 

болса керек.  Алайда мұның бәрі жергілікті, негізінен андронов мәдениеті- 

не үстеме  болып кана косылады,  бұл мәдениет керамика үлгілерінде, жер­

леу кұрылыстарының күрылымында, жерлеу ғүрпынын кейбір элементтерін- 

де дәстүрлі түрде сакталады. Дамыған және соңғы қола кезендеріне тән оты- 

рықшылық коныстар Сырдария бойында жок. Осы жағдай, сондай-ак Сыр- 

дария атырабының  жер  бедері-климат жағдайларынын езіндік  ерекшелігі 

жергілікті түрғындардың шаруашылығындағы негізгі бағыт мал шаруашы- 

лығы болған деп топшылауға итермелейді. Алайда оңтүстікпен екі арадағы, 

Солтүстік Түгіскеннің материалдарында айкын керінетін мәдени байланыс- 

тар,  сондай-ақ  шағын  алкаптарда  суармалы  егіншіліктің  болу  мүмкіндігі 

Сырдарияның төменгі бойында соңғы кола дәуірінің шаруашылығы кешенді, 

жартылай отырықшы мал шаруашылығы мен егіншілік болды деген қоры- 

тындыға келтіреді.

Қазақстанның соңғы  қола дәуірінің  аса  көрнекті  ескерткіштері  болып 

табылатын Түгіскен кесенелері Аралдың шығыс өңірінің ежелгі малшыла- 

рының діни кұрылыстар архитектурасы мен құрылыс техникасының барын­

ша дамығандығын көрсетеді.

Тікбұрышты,  сарғыш  түсті  шикі  кірпіштен  салынған  кесенелердің бір 

тобы әте  ерте  заман кұрылыстары болып табылады.  Олар шикі кірпіш пен 

ағаштан түрғызылған дөңгеленген-үшкіл кұрылыстар түрінде болып келеді. 

Төрт бүрышты етіп салынған құрылыс сыртқы қабырғалардың бұрыштары- 

на  орнатылған кірпіш  бағандар арқылы  үстіңгі  барабанға жалғасады.  Бұл 

әдіс, сірә, тромптардың пайда болуына негіз болса керек. Төрт бұрыш түрінде 

болып  келетін  сыртқы  қабырға  төбені  тірейтін  конструкция  болған.  Бүл 

құрылыстарды жобалаудың негізі әлемнің төрт жағына бағдарланған сыр- 

ткы  қабырғалардың  шаршысы  ішіндегі  шеңбер  болып табылады.  Сыртқы 

қабырғалардан  сәл  ішке  қарай  шеңбер  бойымен  сегіз  немесе  он  екі  тік-

144


бұрышты кірпіш бағандар түрғызылған, сақталған бағандардың биіктігі екі 

метрге жуық.

Одан  әрі  шеқберден  ортаға таман  осындай төрт немесе  сегіз  бағаннан 

түратын,  негізінде  тікбүрыш  жасайтын  екінші  қатар  келеді.  Қүрылыстың 

төрт  бүрышының  әрқайсысында  бір-бірден  баған  бар.  Бірінші  катардағы 

бағандардың  арасына  жүка  кірпіш  қаланып  немесе  шарбақ тоқылып,  екі 

жағы  сыланған.  Кесенелердің біреуінде  ішкі  жактан  осы қабырғаға  қатар 

түрған екі бағанның арасын жапсарластыра орындыктар орнатылған, сөйтіп 

жұқа қабырға осы орындықтардың аркалығы сияқты.

Екінші, ішкі қатардың бағандары бір-бірімен қосылмаған.  Сөйтіп, жер­

леу құрылысы бағандар жүйесі арқылы сыртқы дәлізге, одан кейінгі, бұл да 

шеңбер  тәріздес,  ішкі  дәлізге  және  ең  сонында,  ортада  орналасқан  тік- 

бұрышты жайға бөлінеді. Кесененің кіретін есігі шығыс қабырғасында және 

ол тура ішкі дәлізге апарады.

Сол кездегі жердің беті болған қүм еденде, бағандардың ішкі және сыр- 

тқы жағында, сондай-ақ кесенелер қабырғаларының ішкі жағында да бірне- 

ше катар шеңберлей орнатылған ағаш тіреулердің шұкырша орындары бар. 

Бұлар  қажет  бола  қоймаған,  өйткені  кірпіш  бағандар  төбеге  мықты  тірек 

бола алатын еді. Бәлкім, тіреулі кұрылымдардың сақталуы мазардың түрғын 

үй күрылымын қайталайтындығынан болса керек.

Орталық бөлікте және ішкі дәлізде жерлеу мүліктері: керамика, қолдан 

істелген  қүралдар,  кола  және  алтын  әшекейлер  және  басқалары  тұрған. 

Өлгендермен бірге қабірге мүшелеп бөлінген мал етін салу ғұрпы болған.

Түгіскенде өлікті өртеу ғұрпы басым болған. Осы ғұрыпты атқару кезін- 

де бүкіл ғимарат өртелген.  Ғимараттың бұдан әрі калай сақталғаны  әзірге 

белгісіз.  Мәселе  мынада:  кесенелер  көсемдерді  жерлейтін  орын  болған, 

соның өзінде олардың әрқайсысының маңына отбасы мүшелері мен жақы- 

ндарының көлемі жағынан неғұрлым жүпыны бейіттері топтастырылған. Бұл 

қабірлер негізгісімен түтас бір кешен болып,  оған жапсарлас  орналасқан. 

Бұл  орайда ғимарат  қираған  күйінде тұра берді деу  киын.  Ғұрып  атқары- 

лғаннан кейін кесене қайтадан жабылуы мүмкін, ал бұл жағдайда оның тебесі 

кірпіш бағандардың үстіне орнатылған.

Неғұрлым кейін,  негізгісіне жапсарластыра салынған бейіттер көкшіл- 

ақ  шикі  кірпіштен  өрілген  тікбұрышты  қоршаулар  болып  келеді.  Мола 

шұңқыры жер бетінен  60-80 см терендетіліп қазылды.  Қоршаулардың ау- 

мағы 35 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін жетеді, оларды салу кезінде 

кесененің  қабырғасы  жиі  пайдаланылған.  Бұларға  көсемнің  туысқандары 

мен дос-жарандары жерленген. Мүндай үлгідегі қүрылыстардың арасында 

ірі кесенелердің  бірінің солтүстік  қабырғасына  жапсарластыра  салынған, 

бірақ  құрылымы  жағынан  онымен  байланыспайтын  кешен  ерекше  орын 

алады.  Оның  орталық  бөлігіне,  тегінде,  әйел  жерленген  болу  керек,  онда 

ыдыстар мен әшекейлер жиынтығы (алтыннан және ақықтан жасалған мон- 

шақтар, салмакты алтын сырға, қола түйреуіш) қойылған. Бүл бөліктен ба- 

тысқа таман тағы бір бөлме бар, оның жер ошағының төңірегінде сан алуан 

және көлемі әр түрлі қырыққа жуық ыдыс табылды.

Құрылыстардың енді бір тобы жапсарлас қоршаулармен бір уакытта са- 

лынған. Олар да сол  көкшіл-ақ кірпіштен салынған, өзінің жоспары жағы- 

нан ежелгі кесенелерден неғұрлым қарапайым, бірақ олардың құрылымы- 

ның барлықнегізгі принциптерін сақгаған. Кесене жобасында сырткы шар-

145


шы пішіні сакталмаған, сырткы қабырғасы дөңгелек болып келеді, ал кабы- 

рға мен тікбүрышты бөлік аралығында дөңгелек дәліз бар. Кіретін есік бүры- 

нғысынша шығыс  жағында,  тіреулер  орнатылған  шүнкыршалар  жүйесі де 

сол  тектес,  бірақ  бағандар  жок  және  тіреулер  енді  күрылымның  негізіне 

кіреді.  Өлікті  өртейтін  жер  айнала  ойып  казылған,  сондыктан  оның  түрі 

жерден жасалған үстел сияқты.

Сірә, диаметрі 25 метрге жуык дөңгеленіп келген жерлеу құрылысының 

калдықтары  түріндегі  кесене  Түгіскеннің  жерлеу  күрылысының  ішіндегі 

неғұрлым кейінгі кезде салынған кұрылыс болса керек. Ол диаметрі 15 метрге 

жуык,  шикі  кірпіштен  қаланған,  ішінде төрт бүрышты бөлігі  бар  цилиндр 

тәрізді көлемді орталық жайдан түрады. Кесене сыртқы кабырғамен айнал- 

дыра қоршалған, осылайша ені 2 метр айналма дәліз жасалған. Сыртқы және 

ішкі қабырғалардан шығыс жағынан шамамен ені бір метрдей есік ойылған.

Жерлеу лақыты әлемнің төрт жағына карай бағдарланған, оның аумағы 

7,8x6,9 м.  Ол сол кездегі жер  бетінің денгейінен  1,3  м  казылып терендетіл- 

ген. Қабырғаларына қалың етіп қамыс пен бұта үсталған, сірә, бұл сырғауы- 

лдармен және бағандармен ұстатылған бір шарбақ болуы керек.  Едені бал- 

шықпен  жұқалап сыланған  оның  үстіне  жұқа жоңқадан  немесе  кабықган 

тоқылған тесеніш төселген. Бөлікті айнала ені 60—70 см арық казылған, ол 

еденнің деңгейінен 30 см төмен.

Өлік  жерлеу  бөлігінде  өртелген.  Оның  бұрыш-бұрышына  белгілі  бір 

максатка  арналған  ыдыстар  қойылған.  Мұнан  баска,  орак  тәріздес  кола 

пышақтар, қола инелер, алтыннан істелген ұсақ бұйымдар табылды. Осын- 

да табылған жүзден астам қола шеге назар аудартады, сірә, бұлармен кабы- 

рғаларға кілемдер немесе  киіздер  ілінген  болу керек.  Сак заманына жата- 

тын екінші және бесінші Пазырық обаларының91 жерлеу болігінің кабырғ- 

аларына киіздер осындай шегелермен ілінген.

Түгіскен  кесенелерінің  бірінен  60-тан  астам  ыдыстың  мол  жиынтығы 

табылды. Олардың біразы кұмыра жасайтын ұршықшада істелген, қалғанд- 

ары колмен жапсыру арқылы жасалған.

Кесене мен қоршаулардың ежелгі дәуірінің өзінде-ақ тоналғанына кар- 

амастан, табылған заттар көп. Мұнда әр түрлі екі жүзден астам бүтін ыдыс- 

тың табылғанын айтсақ та жеткілікті.

Түгіскен  керамикалық  кешеніне  тән  ерекшелік  —  оның  мейлінше 

алуан түрлі болуы.  Қолмен жапсырып жасалған ыдыста жергілікті анд- 

роновтық  дәстүрлер  ерекше  айқын  аңғарылады.  Бүлар  аузы  жайпак 

құмыралар немесе тегене тәрізді ыдыстар болып келеді.  Олардын қабы- 

рғалары түгелдей өрнектелген; кейде иінінен бүйіріне дейін тарақ тәрізді 

қалыппен түсірілген таға сияқты өрнекпен өрнектелген ыдыстар да кез- 

деседі.  Бүл  жағдайда мойнына бөлек  бір  белдеу  өрнек  салынған  ыдыс­

тар  өте  жиі  ұшырасады.  Негізгі  ою -ернек  мәнерлері:  тең  бүйірлі  ши- 

мақталған үш бұрыштар, ромбылар, меандр, тұйықталмаған үш бұрыш- 

тар,  каннелюрлер,  неғұрлым  ұсақ  суреттер  көм кере  салынатын  үш 

бұрышты ірі фестондар ж әне т.  б.

Бүйірінің  бітімі  және  кейбіреулерінде  ернеулерінің  бүріліп  жасалуы 

жағынан  бүл  ыдыстарды  соңғы  андронов  заманына  жатқызуға  болады, 

мүндай белгілер сол заманға тән.

Жоғары жағынан бедерлі белдікпен әшекейленген түбі жалпақ құмы- 

ралар  мен тегенелер тобының сырты  сұрғылт,  қара және қоңыр түспен

146


жылтыратылған. Мүндай үлгідегі ыдыстар б. з. б. IX -V III ғасырлардағы 

Хорезмнің әмірабад кешендерінде неғұрлым  кеңінен таралған.

Кысқа  тік  мойынды,  бүйірі  жарты  шар  тәрізді  шығыңқы  және  шағын 

жайпақ түбі  бар кейде түбі дөңгелек, жылтыратылған  ыдыстар назар  ауда- 

рады. Ою-өрнек мәнерлерінің түрі мен сан алуан болып келуі жағынан олар 

кайсыбір ретте дәндібай-бегазы және карасук мәдениеттерімен (Бұғылы-2, 

Дәндібай қорымдары,  Бегазы-2, -3 тақта тас қоршаулары және басқалары) 

үксас келеді92.

Күмырашы ұршықшасында жасалған ьщыстардың бүйірі шығыңқы және 

түбі шағын жайпак,  мойыны қысқа, сұрғылт, жылтыр  болып келеді, тұтас- 

тай  немесе  бүйірін  белдеулей  бұдырлап  көмкеріледі.  Әсіресе  Түгіскеннің 

соңғы кезендегі кешендерінде ернеуі бүрілген, жылтыр, түткасы жок, бүйірі 

өте-мөте  шығыңқы,  белдеулей бедерлеумен  немесе  ақ  ұнтақ  салып,  неше 

түрлі  геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген кұмыралар кең тарағ- 

ан. Ең соңында, кесенелердің бірінен екі үлкен кыш кеспек табылды, бұлар 

түрі мен жасау техникасына карай Хорезмнің ертедегі, атап айтқанда Қойқы- 

рылған-қала,  Діңгілже  маңындағы  ежелгі  коныстардан,  Көзеліден  және 

баскаларынан табылған ірі кыш ыдыстарға өте ұқсас93.

Табылған  заттардын  керамикалық кешені  жэне  баска  заттар,  мәселен, 

жебенін жалпак кола ұштары, Солтүстік Түгіскен кесенелерінің салынған 

уақытын б.  з. б.  IX-VIII ғасырлар деп анықтауға мүмкіндік береді.

Өте  сирек  үшырасатын  осы  ескерткіштің  кай  мәдениетке  жататынын 

аныкгау — принципті маңызы бар мәселе. Ең алдымен, мұнда андронов мәде- 

ниетінің  басым  дәстүрлері  айкын  аңғарылады.  Олар  кесенелер  мен  оған 

жапсарлас  салынған  қоршаулардьщ  орналасуынан,  барлык  кесенелердің 

кіретін  есіктері  шығыска  каратылғандыктан,  өлікті  қабірге  шартты  түрде 

басын батысқа қаратып коюдан  (мұнда өлік өртелген), жерлеу қүрылымд- 

арында  шаршы  және  шеңбер  сиякты  элементтердің  косарласа  келуінен 

көрінеді. Ең ақырында, ыдыстардың дәстүрлі андроновтык үлгілері, оларды 

ернектеудің әдістері мен мәнерлері — міне, осының бәрі байырғы тұрғын- 

дардың андронов мәдениетін ұстаған тайпалар екендігіне көз жеткізді. Алай­

да, бұл куатты андронов компоненті, Орталык Қазақстандағы сияқты, окшау 

түрінде емес, дәндібай-бегазы мәдениетіне тән  бірқатар жаңа белгілермен 

аралас  ұшырасады.  Мүның  жоғарьща  айтылып  өткен  керамикадан  баска 

жерлеу құрылыстарынын сипатына жэне  баска ерекшеліктерге де катысы 

бар.


Көлемді қабырғалары, ортасында бөлігі, айналма дәліздері бар Түгіскен 

кесенелері  Орталық Қазақстандағы осы тектес  қүрылыстарға ұксас,  бірак 

ондағы құрылыстар орасан ірі тастардан каланса, мұндагалар шикі кірпіштен 

қаланған. Бұл жағдайдың мәні өте зор.  Орта Азиядағы далалык кола мәде- 

ниеттері тараған аумактағы сияқты, соңғы қола дәуірі  үшін  Қазакстан  ау- 

мағында  да  шикі  кірпіштің  пайдаланылуы  белгісіз.  Онда  қүрылыстар 

жергілікті материалдан — тастан салынған.

Оңтүстік Түрікменстанның егіншілік мәдениеттерінде кұрылысты шикі 

кірпіштен салу ежелгі заманнан бар, сондықтан Түгіскен кесенелерін салу- 

шылар  өздерінің оңтүстіктегі  кершілерінің  күрылыс  тәжірибелерімен та- 

ныс болған деп топшылау керек.  Кене  кесенелер салу кезінде пайдаланы- 

лған 42-45x22-24x10 см стандартты тікбүрышты кірпіш оңтүстікте  Нама- 

зға-5  кезеңінде  (б.  з.  б.  III мыңжыддыктың  аяғында  -   II  мыңжылдыктың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет