|
ше маңызды:
\
1)
Бундахишн. «Әлем» - зороастрашылдардың ғарышнама және Ғалам-
ның кұрылысы туралы түсініктері айтылған өте көлемді шығарма.
32
2) Денкарт. «Наным негіздері» — зороастралық діни ілімінің бізге дейін
жетпеген Авеста бөлімдері тізіп келтірілген және қайталап айтылған көп
томды энциклопедиялық баяндалуы.
3) Арда-Вираз-намак — Александр Македонский жаулап алғаннан кейін
кұлдырап кеткен зороастралык наным туралы дұрыс түсінік алу үшін Вираз
Әулиенің жұмақ пен тозаққа саяхаты жөніндегі шығарма. Тегінде, кейінгі
Сасанилер дәуіріндегі зороастризм реформацияларының бірін бейнелейтін
өте қызықты шығарма.
4) Панд-намак-и Зардушт — «даңқты Зороастра кітабы» — зороастралық
мектепте окытылған діни ілімнің негіздері.
5) Кар-намак-и Ардашир-и Панакан — Сасанилер әулетінің билік басы-
на келуінің аңызға айн^лған нұскасы айтылған ақсүйектік шығармаЗ
Ортағасырлық иран тілдеріндегі басқа текстер сияқты, ортаңғы парсы
текстеріне де Орта Азия мен Қазақстан тарихшылары зор ынта кояды,
өйткені онда дәуіріне сай, яғни алдыңғы орта ғасырдан XII—XIII ғасырларға
дейінгі түпнұсқалык жазба деректер келтірілген. Оларда түріктер, эфталит-
тер, осы аймақтағы басқа да халықтар мен окиғалар туралы деректер бар.
Алайда осы кезге дейін бұл деректер ете нашар тартылып келді, мүның өзі
бірінші кезекте иран тілдерінің фонотекасына оте нашар бейімделген ара
мей жазбасымен жазылған ортағасырлық текстердің қиындықтарына бай
ланысты?)
^Антик тарихнамасы неғұрлым мазмұнды. Қазақстанның тұрғындары
туралы мәліметтер ертедегі Грекияға Персия арқылы, сондай-ак Қара теңіз
өңіріндегі грек отарлары аркылы жетіп тұрды. Тегінде, бүл аймақтың тари
хи тағдырлары женінде бірсыпыра анық мәліметтер беретін «Тарих» деген
тамаша еңбекті жазған Геродот (б. з. б. 484—425 жж.) болар. Қазакстан ха-
лықтары туралы хабарлар ең көп дәрежеде төртінші кітапта шоғырланды-
рылған, онда көшпелі скиф тайпаларының орналасу географиясы, олардың
тарихы, рухани мәдениеті, әдет-ғүрыптары туралы баяңдалады. Геродот ха-
барларының негізіне деректі материалдар да, Қазақстан мен Орта Азияның
сақ (скиф)тайпаларына барып тірелетінауызша фольклорль, к дәст үр де алы-
нған.
Ктесийдің куәліктерінде ахеменид уакытынын тарихы жөнінде біркатар
құнды деректер бар, олар оның «Персия тарихы» деген шығармасында жи-
налған )Бұл еңбекті Диодор (б. з. б. I ғ.), Үлкен Плиний (б. з. I г.), Клавдий
Элиан (б. з. II—III ғғ.) сияқты авторлар деректеме ретінде пайдаланғаң)Неғұ-
рлым кейінгі авторлар Ктесийді «тарихи романның атасы» деп атайды. Кте-
сийдің әңгімелерінде кейде анахронизм сарыны сезіледі. Дегенме^/ежелгі
грек жазушысының ақпаратында ертедегі Қазақстан этностары, олардың
орналасқан жерлері, қоғамның саяси ұйымдастырылуы туралы анык дерек-
тердің жекелеген маңызды ұшыктары эр жерде шашырап жатыр. Ктесийдің
бірқатар қызықты новеллалары шын мәнінде жергілікті халық дәстүрінен
мәліметтер береді.
Қазақстан тарихын зерттеу үшін грек тарихшыларының Александр Ма-
кедонскийдің жорықтарын суретгейтін шығармаларының бірсыпыра маңы-
зы бар, олардыңарасында Диодорды, Помпей Троггы, Полибийді атап өткен
жөн. Олардың көшпелілер мен Парфия, Грекия мен Бактрия арасындағы
саяси қақтығыстар туралы жеткізген мәліметтері ерекше маңызды. Алайда
оларда Қазакстаннын ертедегі тайпалары туралы нақты ақпарат кеп емес.
2 - Қ азакстан тарихы, т.1
33
Оларда айтылатын этностарды басқа мәліметтермен үксастыру өте киын.
Ертедегі Қазакстан тарихы үшін географиялық антик әдебиеті маңызды де-
ректеме болып табылады. Страбонды (б. з. б. I ғ. — б. з. I ғ.) оның көрнекті
өкілдерінің бірі деп санау керек. Оның «Географиясында» Қазакстан мен
Орта Азияның табиғи жағдайлары мен халықтарының тұрмыс салты тура
лы мәліметтер олардың саяси тарихының әр түрлі оқиғаларымен үштасты-
рылды. Страбон географиялык әдебиетті үстірт бағдарға ала отырып, кейде
нағыз географиялык жағдайды онша біле бермеді. Мәселен, ол Каспий
теңізін тұйык бассейн емес, мұхит шығанағы деп санады және Арал теңізі
жөнінде ешнәрсе білмеді, мүның өзі, әлбетте, жалпы көріністің бұрмала-
нуына әкеп соқты. Птолемейдің (б. з. I ғасырдың аяғы — II ғ.) «География»
атты шығармасы күрделі болса да, бағалы деректеме болып табылады. Текс
те қалалардың, өзендердің, тау тізбектерінің, көлдердің географиялык ко
ординаторы беріліп, әр түрлі аймақтардың, соның ішінде Орта Азия мен
Қазақстанның шекаралары көрсетілген. Птолемей сақтар елімен (сірә,
Қазақстанның оңтүстігі, Сырдария алабының бойы болар) катар Скифия-
ны да біледі, ал Еділден Балқаш көліне дейінгі кең-байтак жер Скифия деп
карастырылды. Бұл мәліметтердің кұндылығы өте зор екені даусыз, алайда
оларды пайдаланғанда өте сак болу кажет, өйткені Птолемейдің түрлі де-
ректемелерден алынған деректерді сын кезбен байыптап тексеріп алмай коса
салатыны да кездеседіХ
Б. з. б. II ғасырдан оастап Казақстан тарихын зерттеуде қытай деректе-
мелері айтарлықтай рөл аткарады. Антик авторларына карағанда, кытай ав-
торлары жалпы алғанда Қазакстандағы жағдайды жақсырақ білетін еді.
Қытайдың экспансиясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы, Казак
стан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу кажеттігін туғызды. Бұл орайда
халыктар мен тайпалардың мінез-кұлкы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір сал
ты, саяси қүрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материал мақсатты түрде
жиналды. Бүл ақпарат әдетте барлауды мақсат ететін елшілердің, саудагер-
лердің, саясатшылар мен миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне сапарла-
рының нәтижесінде алынып, жеткізіліп отыратын. Сонымен бірге мәлімет-
тер жинау кытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге асырылды, сон-
дай жорықтардың ең ертедегі б. з. б. 104—102 жылдардағы Хань әскерлерінің
Ферғана алкабындағы Давань иелігіне жасаған жорыгы болатын. Қазақстан
халықтары туралы алғашқы анык мәліметтер император У-ди (б. з. б. 140-
86 жж.) батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай елшілігінің жетекшісі
Чжан Цяннан алынған. Чжан Цянь «батысқа» б. з. б. 138 жылы және б. з. б.
115 жылы екі саяхат жасады. Басқасын былай койғанда, оларда сюндарға
(ғұндарға) қарсы Орта Азия тұрғындары юэчжилермен және Жетісу усун-
дерімен одақтасуға қол жеткізу максаты көзделген еді. Чжан Цянь ез мис-
сиясы барысында жат жерліктер шаруашылығының жай-күйіне, олардың
әскерлері санына, қару-жарақтарына ерекше назар аударды, сондай-ақ олар-
дың әдет-ғүрпының, мінез-құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерінің
бәрін жазып алып отырды.
Әулеттік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы
ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б. з. б. 145—86 жж.) «Тари
хи жазбалар» («Шицзи») деген тарихи еңбегінде, атап айтканда, «Өмірбаян»
бөлімінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі та-
рауында, сондай-ак хань императорлары мен қолбасшыларының өмірбаян-
34
дық суреттемелерінде келтірілген. Мұнда Орталық Азия иеліктері, олардың
өзара және Қытаймен қатынастары туралы манызды мәлімеггер жиналған.
Сыма Цянның еңбегінде аңызға айналған кезден аса көрнекті тарихшы емір
сүрген кезге дейінгі көз жететін бүкіл тарихи кезең камтылады.
«Шицзиден» кейін «Ежелгі Хань тарихы» («Цянь Ханьшу») келеді, оны
негізінен біздің заманымыздың I ғасырында Бань Гу жазып, оның оқымыс-
ты қарындасы Бань Чжао аяктаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдык кон-
фуциандык еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа
жанрын - бір әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталык
Азияның б. з. б. II ғасырынан бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндала-
тын 26 әулет тарихы Кытайдың бірегей тарихи мұрасы болып табылады. Бань
Гудың шығармасында Орталык Азияның жат жерлік халықтары суреттелетін
мәліметтерге «Сиюй чжуань» («Батыс елке туралы хикая») деген арнаулы
тарау бөлінген. Осы тарихи-географиялық жағынан жаңа аймақты бөліп
көрсету қытайлардың географиялық білімінің кеңейгенін ғана емес, соны-
мен қатар Кытайдын сыртқы саясаты мен геосаясатында оған стратегиялык
мән берілгенін де дәлелдейді. Хроникада Хань империясынан Орта Азияға
апаратын негізгі жолдар керсетіліп, оның этникалықтоптары, олардың айна-
лысатын жұмыс түрі, экономикалык ж әне әскери жағдайы, Шығыс
Түркістанның полистері, олардың арасындағы соғыстар мен сауда, саяси
одақтар суреттелген. Онда Қытайдың Батыс өлкедегі дипломатиясы да си-
патта іган. Тарихшының туған бауыры, Қытайдың аса корнекті дипломаты
Сиюйге жіберіліп, онда Хань әулетінің саясатын ойдағыдай жүзеге асырға-
ны мәлім. Бань Гудың еңбегі 200 жылдай кезенді камтиды, онда Давань, Усун,
Кангюй, сондай-ақ Сюнну иеліктері туралы, оның ішінде сюнну билеушісі
(шаньюй) Чжичжидің Солтүстік-Батыс Тянь-Шандағы иеліктері туралы
мәліметгер бар. Алайда Бань Гу өзінің еңбегінде өз кезіндегі оқиғалар тура
лы жазбаған, сондыктан да оның еңбегі «Ертедегі Хань әулетінің тарихы»
деп аталады. Бұл жөнінде осы еңбекке косымшаны V ғасырдағы ғалым Фань
Е жазған. Фань Е «Цянь Ханьшу» мәліметтерін толыктьгоа келіп, Бань Гудың
еңбелне баға берген, Бань Гудың бауыры Бань Чжао ж^-мьгс істеген Сиюй-
дегі қызмет пен жағдайларды бірінші рет жазған. Фань Е Қытайдың сырткы
саясаты мен Орталык Азиядағы дипломатиясына, Қытзйдың дәстүрлі «ба
тыс» саясатының саяси тұжырымдамаларына неғүрлым егжей-тегжейлі ток-
тал ған. Бүл фактінің зор маңызы бар, өйткені ол Орталық Азия халыктары
туралы материалдар іріктеп алуға және олардың Қытай тарихнамасында
көрсетілуі мен бағалануына ыкпал жасады. Қытайдың феодалдык тарихын-
да кершілес халыктардын тарихын баяндау ұлыхандық шовинизм мен қыт-
айлық центризм түрғысынан жүргізілген.
Хань әулеті билік еткен кезенде (б. з. б. II ғ. — б. з. II ғ.) Жібек жолының
негізі салынып, Қытай мен Орталык Азия мемлекетінің сауда және саяси
байланыстары, Орталык Азия халықтарының мәдениеттері мен кытай мәде-
ниетінің өзара әсері мен өзара ықпалы жанданды. Қытайға және Қытайдан
үлкен сауда керуендерін ілестірген бірнеше елшілік аттандырылды, Қыт-
аймен саудаға Орта Азия көпестері дәнекер болды.
Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен ке-
зеңге (618-907) тұстас келеді. Орталык Азия халықтары, олардың тарихы
туралы мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хрони
када бар. «Тан әулетінің ескі тарихын» («Цзю Таншу») Қытайдын белшек-
35
тенуі кезеңінде — авторлар тобы, ал «Тан әулетінің жаңа тарихын» («Синь
Таншу») да Сун дәуірінде (1043-60) Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі акы
ны Суян Сю (1007-72) бастаған авторлар ұжымы жазған. Тан әулетінің та
рихы жвніндегі екінші еңбек біріншісінен жаңсактықтар мен қателер көп
табылуына байланысты жазылған. Хроникаларда батыс түріктер, түргеш-
тер, олардың этногенезі, Батыс түрік кағанатының, Түргеш кағанатының
құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық
мәліметтер берілген. Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның
оңтүстігінде, сондай-ақ казіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай ма-
териалдары өте кұнды. Ертедегі дәуір мен б. з. VIII ғасырына дейінгі Орта-
лық Азия тайпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихының
негізгі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық жасауға
болады, бұл әсіресе усундердін, кангюйлердің, ежелгі түріктердің, түргеш-
тердін, карлұқтардың саяси тарихына байланысты.
Орталық Азияға саясатшылардың жазбалар жанры Тан әулеті билеген
кезенде де, XIII ғасырда да ең басты деректеме болып кала береді. «Синь
Таншу» мен «Цзю Таншуда» Жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы
жүріпөткен қытай саяхатшыларының маршруттары: ШуДалас өзендерінің
аңғарлары, Ыстықкөл суреттелген. Алайда олардың ішінде буддаға тауап
етуші Сюань Цзан (шамамен 596-664) қалдырған жазбалар мейлінше то-
лык болып табылады. Ол жазған шығарма «Үлы Тан әулеті кезіндегі Батыс
өлкесі туралы жазбалар» («Да Тан Сиюйцзи») деп аталады жэне Сюань Цзан-
ның Орта Азия арқылы Үндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб,
Невакет, Талас аркылы жүріп еткен. Ол қаһан сарайын, түрік тайпалары
мен баска да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген.
Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры монгол дәуірінде то-
лыға түсті, бұл кезде қытайлардың география мен этнография бойынша
түсініктері едәуір кеңейді. Бұл — «Сопы Чан Чунның Батыска саяхаты тура
лы жазбалар» («Чжан Чунь чжэнь жэне Си юцзи»), Чан Чунь Солтүстік
Қытайдан Орта Азияға 1220—1224 жж. Шыңғыс-хан жорықтары кезінде са
яхат жасаіан, ол Жетісу, Шу жэне Талас аңғарларымен жүріп өтіп, саяхат-
шы жергілікті тайпалардың мал шаруашылығымен және егіншілікпен айна-
лысуын суреттеген. Баска бір «Батысқа саяхат суретгемесін» билік етуші
Ляо (квдань әулеті) үйінің үрпағы Елюй Чуцай жазған, ол Шыңғыс-хан Орта
Азияға жорықтар жасағанда оған еріп жүрген еді. Елюй Чуцай монгол ханы
жаулап алған халыктардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқымен жақсы
таныс болған.
Ертедегі жэне орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сынаржақ болға-
нына карамастан, Қазакстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше
күнды.
>
У
Біздің заманымыздағы I мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес
тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазбаша ескерткі-
штерінің күны баға жеткізсіз. Түрік авторлар жазғаТГбүл жазбаша деректе-
мелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар — автохтондылығымен,
яғни жергілікті сипатта болуымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленеді
— автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпе-
ген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол аркы
лы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындағы этникалык, әлеуметтік
және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байкаушылар жазған мәліметтер-
36
ге карағанда неғұрлым дәл түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше күнды
ежелгі түр^. текстері табылды. Деректеметануда Енисей мен Таластан ашы-
лған ескергкіштердін зор маңызы бар.
Ең алдымен түрік хандары Күл-тегін (732) мен Білге-қаған (735) құрме-
тіне қойылған ескерткіштер — Кошоцайдам қүлпытастарын атап ету керек.
Бүл жазбалардың авторы, баска да көпшілігіндегі сиякты, каған әулетінен
шыккан Йолығ-тегін болған, ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі
түңғыш жазушы. Осы екі ескерткіш баска да руна жазбаларының бәрі дерлік
салыстырылатын өзінше бір елшемдерге айналды. Тоникөк ескерткіші (ша-
мамен 716), Күлшора қүрметіне орнатылған ескерткіш (722), Онгин жазба-
сы косылатын Кошоцайдамның мәнерлі тексі негізінен Шығыс түрік каг
анаты жөнінде мәліметтер береді. Сонымен бірге оларда Қазакстан мен Орта
Азияның батыс түріктері тарихынын оқиғаларына катысты маңызды естелік-
тер бар, оларға талдау жасау тарихи-географиялык, тарихи-саяси және эт-
нографиялық проблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге
мүмкіндік береді.!Ең кұндысы — «он ок» (он жебе) халқы, түргештер, кар-
лүктар, оғыздар, кенгерестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер.
Елетміш Білге-каған (747—759) қүрметіне жазылған эпитафия болып та-
былатын Селенга тасы (яғни Шине Усу ескерткіші) орхон ескерткіштеріне
жатады. Бұл жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне
билік еткен қыпшактар уакыты жағынан бірінші рет ауызға алынады.
Елетміш-кағанныңтүріктермен, түргештермен, карлұқтармен және басмыл-
дармен езара қатынастарының тарихы да баяндалады.
Терхин күлпытасы да (756 ж.) Елетміш-кағанға арналған және көп жағы-
нан мазмүны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол
сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай-Тарбағатай карлұктарынын Жетісуға
коныстану уақытына қатысты мезгілі көрсетілген маңызды тарихи окиға
айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштерінде кейіннен Қарлұк
және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рөл аткарған ягма тайпасынын уакыты
жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердін бірі болып табылады.
VII—X ғасырлар деп белгіленггн Енисей аңғарының жазбалары мен Суд-
жа кұлпытастарынан тұратын Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі
бір ынта-ыкылас туғызады. Енисейдің екі тексінен Қазакстаннын алдыңғы
ортағасырлық тарихына қатысты материалдар табылды. Бір эпитафияда
қырғыздар жерінде өлген түргеш бегі туралы айтылады. Баска бір жазбада
түргештердің Қара ханына елші болып кетіп, кайтып оралмаған атакты
қырғызды жоқтау тексінің үзінділері бар. Бүл окиғалар 744 және 756 жыл-
дарға жатады.
Батыс-түрік кағанатының Жетісудан (Талас оңірінен) табылған ескерткі-
штері елеулі мәдени-тарихи казына болып табылады, оған кабірлерге қойы-
лған құлпытастарға, тенгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға
жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердін жоғарғы мерзімі едәуір
айқын — VIII ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі, тегінде, VI—VII ғасы-
рлар шебі болуы ықтимал. Талас эпитафиялары «кара рудан» шыккан түргеш
кағандары - Сүлық Шабыт-шора мен оның үлы билік еткен кезге (716—740
жж.) жатады.
Ежелгі түрік ескерткіштерінін алдыңғы ортағасырлык Қазақстанның
тарихи географиясы мәселелерін талдап шешуге айкын жарык беретін де-
ректеме ретіндегі манызын бағалау киын.
37
Деректеметануда IX -X V II ғасырлардағы араб, парсы жэне түрік әдеб-
иеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы
бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір кұнды материалдар
бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкрети-
калык мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ыкпал өрісін кеңейту ісіндегі
белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жаткан алыс
аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азия-
ның көршілес елдерімен және алыстағы халыктар мен тайпалар туралы акпа-
рат жинауға кұлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы тарихнама-
сының Қазақстан аймағына ерекше ден коюы олардың Орта Азиядағы жау
лап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпа-
ларынан сыртқы кауіпсіздікті камтамасыз ету кажеттігімен де байланысты
болды.
ГҚазакстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың клас-
сикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен
ат-Табаридің (IX ғ.) туындыларьвда^П—УН! ғасырлардың орта шенінде
араб шапкыншылығына карсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі кәмек
көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның түркі халыктары туралы
маңызды мәліметтер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына
арабтардың баскыншылык жорықтары туралы деректер келтірілген. Араб-
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|