Ґмірге ќажетті тілдіѕ функционалды жїйелерін сай сґз саптауєа машыќтандыру їстінде ќазаќ тілініѕ грамматикалыќ негіздері тур


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет18/69
Дата16.05.2022
өлшемі1,22 Mb.
#34592
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Байланысты:
¥ì³ðãå àæåòò³ ò³ëä³¾ ôóíêöèîíàëäû æ¿éåëåð³í ñàé ñ´ç ñàïòàóºà ìà

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

16. 11-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 102 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 90 сағат, шығармашылық жұмыстарға -8 сағат, сыныптан тыс оқуға – 4 сағат.

17. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет жалпы шолу−1 сағат (ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. 1905-1907 жж. революция мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қоғамдық санаға әсері, әдебиет пен мәдениеттің дамуына ықпалы. ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және олардың елдің рухани дамуына әсері. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті. Оларда әдеби туындылар мен әдеби сын еңбектердің жарияланып тұруы. Еуропалық үлгідегі жаңа жанрлардың пайда бола бастауы. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби бағыттардың пайда болуы);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы;

2) Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі3 сағат (Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. Аудармалары. «Қырық мысал». «Әдебиет танытқыш» – қазақ тіліндегі әдебиет теориясын ғылыми негізде жүйелеген алғашқы еңбек екендігі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінде әдебиеттану терминдерін қалыптастырудағы рөлі. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық құрылымның жан-жақты қарастырылуы. Аталған еңбектің сөз өнерін танып, пайымдауымыздағы тарихи қызметі);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: А.Байтұрсынов (мұражайлық телесабақ, 2009);

өзіндік ізденіс жұмыстары: Әдебиеттану терминдер сөздігі (Құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбай) – Алматы;

3) Міржақып Дулатұлы «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы −3 сағат (Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі азаттық идеясы. «Бақытсыз Жамал» – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелдерінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау және адам психологиясын суреттеу шеберлігі);

әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» повесі;

4) Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы −3 сағат

(Өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы. Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі. «Шернияз» пьесасы. Пьесаның тақырыбы – қазақ жастарының қоғам өміріне араласуы);

әдебиет теориясы: мінездеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж.Аймауытов пьесалары;



  1. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары −3 сағат (С. Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. «Қамар сұлу» романындағы әйел теңсіздігі және оның эпикалық шығармаға көркем жинақталуы. Көркемдік ерекшеліктері. Отбасылық тәрбие мәселесі. Қамар – типтік образ. «Кім жазықты» романы. Романдағы әлеуметтік, отбасылық, адамгершілік проблемалар. Әжібай мен Байбол образдары. Эпикалық шығармадағы әйелдер бейнесінің көркем жинақталуы. Әке мен бала арасындағы психологиялық қайшылық. Романның көркемдік сипаты. Мінез сомдау ерекшелігі. Авторлық идея);

әдебиет теориясы: авторлық және объективті идея;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Т.Жомартбаев «Қыз көрелік» романы;


  1. Мағжан Жұмабаев «Туған жерім Сасықкөл», «Туған жер», «Сен сұлу», «Күміс нұрлы ай», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Шолпы», «Сырдағы Алашқа» өлеңдері, «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары −3 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. Ақын поэзиясының романтикалық, реалистік сипаты);

әдебиет теориясы: лирика жанры;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қасым Аманжолов өлеңдерімен салыстыра талдау;

8) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет, ұлт-азаттық көтеріліс және оның қазақ тарихындағы орны −1 сағат (Көтеріліске байланысты туған әдебиеттің демократтық дәстүрлермен байланысы. Омар Шипин («Аманкелді батыр» дастаны), Иса Дәукебаев («Бекболат» поэмасы), Б.Берденов («1916 жыл»), Жамбыл Жабаев («Зілді бұйрық») шығармаларының көтерген тақырыптары, идеясы, көркемдік деңгейі)

әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: жоңғар шапқыншылығы кезінде туған өлең-жырлармен салыстыру;


  1. 1930-1960 жылдардағы әдебиет, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу −1 сағат (Кеңес дәуірінде әдебиетті таптық, партиялық деп бөлудің себептері. Әдебиет және цензура. Ел тарихындағы іргелі оқиғалар. Әдеби-мәдени даму бағыттары. Жаңа тақырыптардың пайда болуы. Өндіріс тақырыбы. Қазақ әдебиеті екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Тың игеру. Жеке басқа табынушылық зардаптары. Поэзияның дамуы. Проза мен драматургиядағы соны бетбұрыстар. Жаңа бағыт пен бет);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;



  1. Сәкен Сейфуллин «Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлеңдері, «Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары −2 сағат (Өмір жолы, шығармашылығы, жеке тұлғасы (шығармасына сүйене отырып). Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Суреткерлік шеберлігі. «Көкшетау» поэмасының тақырыбы, композициялық құрылымы. Ертегі, аңыздарға негізделген оқиғалар жүйесі. Тұтқын қыз, Адақ образдары. Поэмадағы Абылайхан бейнесі. Табиғат суреті. «Аққудың айрылуы» - романтикалық поэма екендігі. Тазалық пен сұлулықтың символы аққудың бейнесі. Поэмадағы аллегориялық тәсіл. Қаламгердің суреткерлік шеберлігі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны);

әдебиет теориясы: аллегория;

пәнаралық байланыс: қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» өмірбаяндық романы;


  1. Бейімбет Майлин «Азат әйел», «Көңіл айту» өлеңдері, «Майдан» пьесасы −2 сағат (Жазушының өмірі. Лирикасы мен поэмалары. Ақын поэзиясының тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Б.Майлин – драматург. Роман, хикаяттарына жалпы шолу);

әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Б. Майлиннің әңгімелері (мұғалімнің ұсынуы бойынша);

11) Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдері, «Құлагер» поэмасы −2 сағат (Өмірі мен әдеби-шығармашылық қызметі. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сюжеті, көркемдігі, тіл айшығы. Поэмадағы Ақан мен Құлагер бейнесі. Күреңбай сыншы мен Батыраш образы. Ақынның мінез сомдау шеберлігі. Поэманың композициялық құрылымы. Идеясы. Автордың көркемдік шешімі);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, «Ақан сері» фильмі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ақан серінің «Құлагер» өлеңі;

12) Жамбыл Жабаев «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» жырлары −1 сағат (Жамбылдың өмір жолы. Жамбылдың эпикалық жырларының тақырыбы мен идеясы. Жамбылдың дастандарындағы жаңашылдық пен дәстүр жалғастығы. Батырлар жырына ұқсастығы мен ерекшеліктері. Сұраншы, Өтеген батырлардың өмірде болған тарихи тұлғалар екендігі, Сұраншы батырдың ХІХ ғасырдың орта тұсында Қоқан хандығына қарсы күрестегі ерлігі туралы. Өтеген батырдың Жоңғар шапқыншылығында көрсеткен ерлігін шынайы суреттеуі); әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық: Ж.Жабаев (телесабақ);

өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбылдың сатиралық өлеңдері;

13) Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үзінді, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары −8 сағат (Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. Жазушының әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Көксерек», т.б. Тақырыптық және идеялық ерекшелігі. Адам мінезін ашудағы психологиялық ізденістері. Пьесаларындағы тартыс пен мінез. Монолог пен диалог. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. Абай образының өсу, даму динамикасы. Абай жолындағы әйелдер бейнесі. Сөз өнерінде сәтті сомдалған образдың бірі - Құнанбай образы екендігі. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Романның композициясы. Сюжет пен характер. Кейіпкер тілінің даралануы. Шешендік сөз үлгісі. М.Әуезов бейнелеген пейзаж бен портрет, әдебиет теориясы: образ туралы түсінік, «классика» ұғымы);

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, география, электрондық оқулық (Бөрілі мұражайы);

өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Әуезов Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) (Монография) Жиырма томдық шығармалар жинағы –Алматы: Жазушы, 1985. Т.20. 3-245 бб.

14) Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романы үзінді−3 сағат (С.Мұқановтың өмірбаяны, шығармашылығы (ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі. «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман, ақынның шоқтығы биік шығармасы екендігі. Романның кейіпкерлері, автордың көркемдік ізденістері. «Аққан жұлдыз» романының көркемдік, композициялық ерекшеліктері, кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі. «Аққан жұлдыз» - тарихи роман. Шоқан образы. Айғаным мен Шыңғыс бейнелері. Тіл көркемдігі);

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география, электрондық оқулық (С.Мұқанов мұражайы);

15) Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы үзінді, «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы −3 сағат (Ғ. Мүсірепов – көркемсөз зергері. Ана туралы әңгімелеріне шолу. «Қазақ солдаты» - екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма. Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері)

әдебиет теориясы: әдебиеттің ұлттық ерекшелігі;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы);

16) Ғабиден Мұстафин «Шығанақ», «Дауылдан кейін» романдары −2 сағат (Ғ. Мұстафиннің жазушылық қызметі туралы. Тарихи тақырыптағы және өндіріс тақырыбындағы шығармаларын шолу. Романдарындағы еңбек адамының образы. Шығанақ бейнесі. «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуы. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);

әдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;

17) Қасым Аманжолов «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байқал», «Орал», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Елге хат» өлеңдері −2 сағат (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы) әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету;

18) 1960-1990 жылдардағы әдебиетке жалпы шолу 60-жылдар – қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі −1 сағат (Оның себептері мен салдары. Поэзиядағы тың ізденістер. Жаңа толқын ақындардың өлеңдеріндегі нәзік лиризм, жаңа ойлар мен соны тақырыптардың игеріле бастауы. Өлең өріміндегі жаңалықтар. Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындардың алғашқы қадамдары. Проза мен драматургиядағы жаңалықтар. Шағын әңгіме мен повестерде революционер коммунистің образын сомдаудан алшақтап, жеке адамның психологиялық болмысын танытуға ұмтылуы. Тарихи тақырыптың игеріле бастауы. Ұлттық құндылықтарға мән беруі. Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов, Д.Исабеков, О.Бөкей, І.Есенберлин, т.б.);

әдебиет теориясы: сентиментализм;

19) Әбділда Тәжібаев «Портреттер» толғау-эссесі, «Монологтар» поэмасы −1 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. Комедия жанрындағы ізденістері: «Дубай Шубаевич» комедиясы. Әдебиеттану саласындағы зерттеу еңбегі: «Өмір және поэзия»)

әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;

20) Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы −1 сағат (Өмірбаяны мен шығармашылығы. «Ақ Жайық» романы – ХХ ғасыр басындағы қоғам өміріндегі аласапыранды кезеңнің жанды суреттелген шежіресі. Романның реалистік сипаты. Шығармадағы тарихи тұлғалар. Жазушының пейзаж, портрет жасау шеберлігі. Жүніс қажы бейнесі. Хәкім образы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романдағы диалог пен монолог)

әдебиет теориясы: трилогия, дилогия;

21) Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі1 сағат (М. Иманжановтың өмірі мен қызметі. Повестің тақырыбы мен сюжеттік даму ерекшелігі. «Алғашқы айлар» повесіндегі жас ұстаз Жақыпбектің және оның оқушы-шәкірттері Сапар, Сейтен, Жарқын образдарының көркем жинақталуы. Шығармадағы мектеп өмірі, бала тәрбиелеу жұмысының қиыншылықтары мен қуаныштары, өзіндік ерекшеліктері. Жазушының балалар мінез-құлқын суреттеудегі ізденістері мен жетістіктері. Шығарманың идеялық мұраты) Әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;

22) Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын», «Қыран дала» поэмалары −1 сағат (Ақынның шығармашылық өмірі. Ж.Молдағалиев – эпик ақын. Поэмадағы халық тарихы, ұлт болмысы. «Мен - қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты. «Қыран дала» поэмасының тақырыбы мен идеясы, өлең өлшемдерінің алмасып келіп отыру себептері. Ақын көксеген елге, жерге қатысты ойлардың бүгінгі күнмен сәйкестігі. Дастанның көркемдік жүйесі)

әдебиет теориясы: екпін;

23) Сырбай Мәуленов «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері −1 сағат. (Өмірі мен шығармашылық жолы. Кеңес дәуірі әдебиетіндегі С.Мәуленовтің орны. С.Мәуленов – лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі)

әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;

24) Тахауи Ахтанов «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары −2 сағат (Жазушының өмірі, шығармашылығы. «Боран» романындағы адам тағдыры, өмір сүйгіштік рух. Кейіпкерлердің психологиялық жай-күйі. Жазушының тілі. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Нәзира бейнесі. Кейіпкердің ұлттық болмысы. Шығарманың реалистік сипаты. Соғыс адамзат баласына не берді, ол туралы авторлық көзқарас);

әдебиет теориясы: тақырып пен идея;

25) Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер» трилогиясы2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Қан мен тер» трилогиясының көтерген тақырыбы – ХХ ғасыр басындағы Арал балықшыларының өмірі, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерістер. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Судыр Ахмет образдары - типтік бейне. Романдағы тартыс. Жазушының мінез сомдау шеберлігі);

әдебиет теориясы: сарказм, ирония;

26) Зейін Шашкин. «Доктор Дарханов» романы −2 сағат (З. Шашкиннің өмірі мен қызметі. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлер өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Романда сол кезеңнің қоғамдық, психологиялық құбылыстарын, замандастар өмірі мен санасындағы сапалық өзгерістердің бейнеленуі. Дәрігер Дархан образы. Тақырып пен идея, көркемдік ерекшелігі);

әдебиет теориясы: роман туралы;

27) Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы −2 сағат (Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы. Ә.Нұршайықовтың очерк жанрының шебері екендігі. «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы, оның жанрлық ерекшелігі. Романның жазылу тарихы. Шығармадағы Б.Момышұлының азаматтық бейнесі. Жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігі. Шығарманың көркемдік сипаты);

әдебиет теориясы: монолог пен диалог;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, кино («Москва үшін шайқас» кинофильмі), электрондық оқулық (мұражайлық телесабақ) ;



28) Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім» роман-эссе үзінді −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Роман-эссенің заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі, ұстаздығы мен шығармашылығы туралы жазылған көркем шығарма екендігі. Романның көтерген тақырыбы, идеясы. Сюжеті мен композициялық құрылымындағы ерекшеліктер. Шығармадағы қаламгердің кейіпкер монологы мен диалогын берудегі шеберлігі. Шығармада сомдалған М.Әуезовтің әдеби-көркем бейнесі. Автордың ұстазына деген сүйіспеншілігі, інілік ізеті мен шәкірттік адал пейілі. Шығарманың жанрлық сипаты. Авторлық позиция және объективті идея); Әдебиет теориясы: роман-эссе туралы түсінік;

29) Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай» лирикасы, «Дариға, жүрек» поэмасы −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Поэмаларының тақырыптары. «Дариға, жүрек» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы. Лирикасындағы ақындық «мен». Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі, т.б.)

әдебиет теориясы: баллада, сонет;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық («Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ) ;

30) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романы −2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Драмалық шығармалары мен аудармалары жөнінде мәлімет. «Қызыл жебе» романының тақырыбы мен идеясы. Романдағы Рысқұл мен Тұрар образдары. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтардың көркем шығармада реалистікпен бейнеленуі. Тұрардың азамат болып өсіп, саяси қайраткер дәрежесіне көтерілуінің көркем жинақталуы. Тип және прототип мәселесі);

Әдебиет теориясы: тип және прототип;

31) Мұхтар Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық қызметі. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мәселелері. Мұхтар поэзиясындағы сюжеттілік. Шығармаларында тартыстың оқиға соңында ерекше шешімін табу сипаты. Шаханов лирикасындағы көне дәстүр мен жаңашылдық. «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты);

Әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

32) Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі −2 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншіліктің суреттелуі. Немересін ата мекенге жеткізуді мұрат тұтқан Балзияның өткен өмірі, тағдыры. Заманай мен Аманай образдары. Повестегі сәукеле тау туралы аңыз бен оның шығарма сюжетіне қатысы. Шығарманың тілі, көркемдігі. Өмір шындығы мен көркемдік шешім);

әдебиет теориясы: Сюжет пен композиция.

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, «Заманай» көркем фильмі;

33) Қадыр Мырза Әли «Домбыра» өлеңі −1 сағат (Оның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілі екендігі. Қадыр – балалар ақыны. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні. «Домбыра» өлеңінің көркемдік сипаты, идеялық мұраты. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты) әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні;

34) Тұманбай Молдағалиев «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің» өлеңдері1 сағат (Ақынның шығармашылығы туралы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы)

әдебиет теориясы: теңеу;

35) Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. «Тағдыр» романында көтерілген ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері. Бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп, бөлінуі. Демежан бейнесі. Оның тарихта болған тарихи тұлға екендігі. Жазушының тіл көркемдігі. Кейіпкер, портрет, пейзаж жасау ерекшелігі. Шығармада суреттелген ұлттық этнографиялық әрекеттер мен бояулар айшығы)

әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет;

36) Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдары2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы туралы. «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары. Тақырыбы, идеясы. Композициясы. Тарихи негізі. Романдағы халықтық бейнелер. Әбілқайыр тұлғасы, тарихи шындық және көркемдік шешім. Жазушының тіліндегі тың теңеулер, метафоралық қолданыстар, айшықты бояулар мен соны тіркестер. Адам мінезін сомдаудағы суреткерлік шеберлігі);

әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

37) Мұхтар Мағауин «Аласапыран» роман-дилогиясы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. Әдебиеттану ғылымы саласындағы зерттеулері. Зерттеушілік еңбегі мен жазушылық шығармашылығы арасындағы байланыс. «Аласапыран» романындағы XV ғасыр­дың аяғы мен XVII ғасыр­дың бас кезіндегі қазақ қоғамы­ның тұрмыс-тіршілігі, алғашқы орыс-қазақ қаты­нас­та­ры. Тарихи роман екендігі, оның жанрлық сипаты. Романдағы тарихи оқиғалар желісі және көркемдік шешім. Тарихи тұлғалардың көркем бейнелену амалдары. Ораз-Мұхамед, Тәуке хан, Қадырғали Жалайри, Б.Годунов, т.б. образдары. Шығарманың көркем тілі және ондағы архаизмдер мен историзмдердің қолданылу ерекшеліктері. Романның сюжеті мен композициясы)

әдебиет теориясы: тарихи роман туралы түсінікті кеңейту;

38) Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі −2 сағат (О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Қар қызы» повесінің тақырыптық ерекшелігі, мазмұнында реализм мен романтизмнің араласып келуі. Повестің образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Повестің тіл көркемдігіне қатысты ой-пікірлер. Әдеби сында бағалануы. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы. «Қар қызы» повесінің жазушының басқа шығармаларымен сабақтастығы. Тіл көркемдігі)

әдебиет теориясы: суреткер қиялы;

пәнаралық байланыс: театр. «Кербұғы» (балет-спектакль) ;

39) Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы −2 сағат (Қ.Мұхамеджановтың шығармашылық өмірбаяны. Пьесаларының тақырыптық сипаты, жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, көркемдік ізденістері. Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасындағы образдар жүйесі, тартыс табиғаты. Адамның мансапқорлық, пенделік қасиеттері. Адамзатқа ортақ мәселелер. Адамның қандай жағдайда да адам боп қалу мәселесінің көтерілуі. Көктөбедегі достар. Олардың қуанышы мен қайғысы. Драманың кейіпкерлері – Досберген, Исабек, Өсіпбай. Олардың шындық жолындағы айтыстары. Айша апайдың өз шәкірттері туралы толғаныстары, өмір, адамгершілік, ар-ұят туралы көзқарасы);

әдебиет теориясы: драма, пьеса;

40) Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет, поэзия −4 сағат (Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары. Ұлттық рухани жаңаруы және сөз бостандығы. Ұшқыр жанр лирикадағы ел егемендігінің жырлануы. Қазақ қаламгерлерінің елдің тәуелсіздігін, халықтың арман-мүддесін жырлауы. Поэзиядағы тың тақырып, жаңа идеялар мен соны теңеулер. Эпикалық жанрдағы тың ізденістер, қол жеткен табыстар. Поэзияда дәуір шындығының көркем жинақталуы. А.Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасы. Ақын лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуы. «Наурыз» жырының көркемдік ерекшелігі, ұйқас пен ырғақ мәселелері. Жарасқан Әбдіраш поэзиясының көркемдік сипаты. Иранбек Оразбай поэзиясындағы шеберлік үрдістер. Лирикалық пафос, интонациялық қызулық. Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Рафаэль Ниязбек, Несіпбек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелілік. Темірхан Медетбек лирикасының тақырыптары, жанрлық ерекшеліктері. «Мінез», «Бір уыс топырақ» лирикаларындағы отаншылдық рух. Ақын поэзиясындағы көне түркілік сарын. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы уақыт пен кеңістік. Жұматай Жақыпбаев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахимов, Исрайыл Сапарбаев, Ғалым Жайлыбай, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Гүлнар Салықбаева, т.б. ақындардың өлең-жырларындағы ел тәуелсіздігі, азаттық, бостандық сияқты ұғымдардың көркем жинақталуы, отаншылдық рух. Адам бойындағы нәзік сезім иірімдерінің сөзбен кестеленуі);

41) Проза 4 сағат (Кеңес дәуірінде жабық тақырып болып келген қазақ халқының басынан өткерген ашаршылық С. Елубаевтың «Ақ боз үй» трилогиясы, саяси қуғын-сүргін Д. Досжановтың «Алыптың азабы» романы, тоталитарлық дәуірдің шындығын Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К. Оразалиннің «Абайдан соңғы арыстар», З.Қабдолов «Менің Әуезовім», Ә.Таразидің «Жаза», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесі, шет ел өмірін Т. Нұрмағамбетовтің «Айқай» повесі суреттейтін шығармалардың дүниеге келуі. Барлық әдеби жанрларда егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен жеңістерінің суреттеле бастауы. Ұлттық құндылықтардың негізгі тақырып ретінде алға шығуы М. Сәрсекеевтің «Сәтбаев», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б. Нұржекеұлы «Жау жағадан алғанда» романдары. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысы А. Кемелбаева. Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. Ойшылдық пен философияның көркем шығармашылықта алдыңғы планға шығуы. М. Мағауиннің «Жармақ», Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» туындылары. Тарихи тақырыптың қайта сарапталып, өмір шындығының нақты материалдармен толығып, көркем жинақталуы Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Т.Жұртбайдың «Дулыға» романдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы және әдебиет);

42) Қазіргі драматургия 2 сағат (Драма жанрының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ драматургиясының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қысқаша шолу. 60-90-жылдарға дейін драматургия саласында қалам тартып келген қаламгерлер (Қ.Мұхамеджанов, Қ.Шаңғытбаев, О.Бөкеев, А.Сүлейменов, т.б.). Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының жай-күйі. Драматургияда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын пьесалар Ә.Кекілбаев «Абылай хан», И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?». Тәуелсіздік жылдарында жазылған драмалық шығармалардың тақырыптық ерекшеліктері (Д.Исабеков, О.Бодықов, Н.Оразалин, И.Сапарбаев, Б.Мұқаи, Р.Мұқанова, Е.Аманшаев). Комедиялық жанрда жазылған драмалық шығармалар. С. Балғабаев («Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар»). Көркемдік-идеялық деңгейі. Трагедия табиғаты. Конфликт пен характер мәселесі. Драма жанрының қазақ әдебиеттануында зерттелуі);

Әдебиет теориясы: элегия, сонет, трагедия, комедия;

43) Әдебиеттану мәселелері −2 сағат (Әдебиеттанудың сөз өнерін, тарихи – әдеби үрдісті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын зерттейтін ғылым екендігі.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сынның әдебиет тарихы және теориясымен байланысы);

44) Қорытынды, әдеби-теориялық ұғымдар – 1 сағат.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет