Мысалдарды талдау



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі21,95 Kb.
#70149
1   2   3
Параграф құрылымы.

  1. пікір-түсіндіру-мысал-қорытынды

Академиялық жазылым дағдыларын терең меңгеру студенттер үшін маңызды болып табылады. Академиялық жазылым дағдысын меңгеру арқылы студенттер алдағы уақытта дипломдық жобаларды жазу шарттарын меңгерумен қатар, ЖОО оқу барысында берілетін жазбаша тапсырмаларды талапқа сай орындай алатын болады. Бұл алдағы уақытта маман ретінде кез келген мәліметтерді сыни тұрғыда, жүйелі және түсінікті мәнде жазуға дағдыландырады. Мысалы, болашақ маман ретінде түрлі есептер мен баяндамалар әзірлеуге септігін тигізері анық. Демек болашақ маман иелеріне академиялық жазылым дағдыларын меңгеру пайдалы болмақ.

Пікір – пікірді жазу, тақырыптық сөйлем.
Түсіндіру – пікірді түсіндіру, бірнеше сөйлем болуы мүмкін.
Мысал – пікірге дәлел немесе мысал беріледі. Ол дәйексөз, өзге автордың сөзін парафрейз арқылы қолдану немесе статистикалық деректер түрінде берілуі мүмікін.
Қорытынды – параграфты қорытындылау және келесі параграфпен байланыстыру үшін жазылады.

Тапсырма: Үлгіге қарай отырып, өз параграфыңызды жазыңыз.



2) пікір-мысал-техника-талдау-қорытынды

Ғ. Мүсірепов өз шығармаларында «қара» сөзін кейіпкерлердің түр-сипатын ашу мәнінде жиі қолданады. Мысалы, «Қара табақтай жалпақ бетті. Таңқиған саңырау танау, таңқы мұрт, бұйра қара сақалды». Бұл сөйлемдерде «қара» сөзі Оспан болыстың бетін, сақалын суреттеу үшін қолданылған. «Қара» сөзі аққа қарсы, яғни жағымсыз мәнде қолданылады. Оспан болыс «Тулаған толқында» повесіндегі ұнамсыз кейіпкерлердің бірі. Жазушы осы сөз арқылы жағымсыз кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, олардың ниеті дұрыс емес жандар жайында хабардар еткісі келеді. Осылайша, Мүсірепов өз оқырмандарына ұнамсыз кейікерлердің іс-әрекеттерінен аулақ болуға, олар сияқты болмауға шақырады.


Пікір – пікірді жазу, тақырыптық сөйлем.
Мысал – пікірге дәлел немесе мысал беріледі. Ол дәйексөз, өзге автордың сөзін парафрейз арқылы қолдану немесе статистикалық деректер түрінде берілуі мүмікін.
Техникасы- талданып отырған нысанның/мәтіннің таңдалғандығын, әдістерін, тілін немесе құрылымын қарастырады.
Талдау – пікірді түсіндіру, бірнеше сөйлем болуы мүмкін.
Қорытынды – параграфты қорытындылау және келесі параграфпен байланыстыру үшін жазылады.

Тапсырма: Үлгіге қарай отырып, өз параграфыңызды жазыңыз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет