Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ



бет6/15
Дата22.12.2023
өлшемі283 Kb.
#142677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ІІ – тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1 Етістіктің осы шағы

Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер – етістік.


Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты.
Етістіктің лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол семантика мен тек субектінің іс - әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын, табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық мағыналары да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше.
Етістіктің лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі –ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші ретінде қызмет етеді.
Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді. Осының бәрінде де етістік сай –салалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді. Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып (келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен ұштасып жатады.
Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе алмайды.
Етістіктің лексика –семантикалық, лексика граматикалық және граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін формалары бар.
Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат –түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және салттлық, категориялары бар.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым – қатынасқа түскенде айқындалады. Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымда анықталады.
Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал -әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып есептеледі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте –бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық категория.
Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай –күйдің, белгілі бір уақытта, мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады.
Шақ –іс –қимыл, жай –күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық категория.
Тіл –тілдің граматикасының бәрінде де етістікті үш шаққа бөлу –тіл тағылымы тарихында ерте заманнан бері бар нәрсе. Сондай – ақ әр тілдің ішкі даму ерекшеліктеріне сай әр шақта өз ішінде бөлу тағы бар. Шақ категориясы –белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың, жай –күйдің өзі белгілі бір уқытта, мерзімде болатыны, болғандығы ие болып жатқандығы сол етістік бойынан аңғарылады.
Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады. Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер.
Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты. Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен айтылады.
Граматикалық шақ категориясында осы шақ, өткен шақ және келер шақ бір–бірімен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады. Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр түрлң шақтардың тірілетін орталығы және оларды бір-бірінен ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы сөйлеу кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың формасы сөйлеу кезіне дейін болған қимыл, іс-әрекетті, келер шақтың формасы сөйлеу кезінен соң, яғни келешектеге болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді.
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар. Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен байланысты енгізілген терминдер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет