Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ



бет9/15
Дата22.12.2023
өлшемі283 Kb.
#142677
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
ІІ.3 Етістіктің өткен шағы

Өткен шақ деп сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғам я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтады. Әдетте өткен шақ жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді (27, 198-199).


«Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» атты оқулықта етістіктің өткен шағы істің болып өткен мерзімі мен сөйлеушінің баяндау уақытының алыс-жақындығына қарай: а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
а) Жедел өткен шақ іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түрлеріне – ты//ті, ды //ді, жұрнақтарының қосымды арқылы жасалады, олар адам әрі бірінші жақта –ле, қ//к, екінші жақта ң, -ңыз//іңіз, -ңдар//ідер, -ңыздар//ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы, айт-тым, бар-дық, кел-дің-дер, көр-медің-із т.б.
ә) Бұрынғы өткен шақ –іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ бірнеше жолмен жасалады:
а) болымды және болымсыз етістік түбірлеріне -қан//кен, ған//-ген тұлғалы өткен шаө есімшелер бар –ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.
ә) Болымды және болымсыз етістіктер –ып, //іп, -п тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады.
Қызықтан қашып бұл жерге,
Көңіліңіз суып келіпсіз (Абай).
б) –қан //-кен және ып//іп, п тұлғалары мен-ұшы аффиксті етістіктер –е етістігінің жіктелуімен күрделене айтылып бұрынғы өткен шақ жасалады. Мысалы: бар-ған ем, көріп-ең, айт-ушы еді т.б.
Бұрынғы өткен шақтың бұлардан басқа да синтаксистік тәсілмен берілетін түрлері бар. Олар өткен шақ есімшелерге екен етістігі мен шығар, сияқты, секілді, тәрізді, білем, көрінеді (ған, екен, ған шығар, ған сияқты т.б) сөздерінің, етістіктің шартты рай формасына керек (са керек) және жедел өткен шаққа білем (..ді білем) модаль сөздерінің тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.
Ауыспалы өткен шақ. Өткен шақтың бұл түрі есімшенің – тын//тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып, мұраға білу үшін оқытыңыз (Бұлқышев). (28, 198-199)
А.Ысқақов бірнеше семантикалық сипаттарын ескере отыры, өткен шақты анық (айғақты) өткен шақ, толық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп үш салаға бөлуге болады деп көрсетеді. 29 (328).
1. Анық (айғақты) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы –қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды мындай өткен шақ формалары жасалады.
1) –ды, /-ді, ты, -ті) жұрнағы (алды, келді)
2) –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы (жайған, есейген, көшкен).
3) –атын, (-етін,-йтын, йтін) формалты (көтеріп еді; сынап еді, ішіп еді)
4) –ып еді (іп еді, п еді) форманты (көтеріп еді, сынап еді, ішіп еді).
5) –ған еді, қан еді, -кен еді) форманты еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді) форманты (қалаған еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді).
6) – ушы еді (-уші еді) форманты (барушы еді, келуші еді);
7) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді көмекші етістігі тіркеседі. (жүр еді, отыр еді, жатыр еді, отыр еді).
2. Толық (айғақсыз) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа (біреудің айтуынша, хабарлауына) сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп... білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз. Толық өткен шақ көрсеткіштері мыналар.
1) –ып (-іп, -п) жұрнағы (алыпты, көріпті).
2) –ған екен (-ген екен, -қан екенғ –кен екен) форманты (алынған екен, кешіккен екен, сасқан екен).
3) –а, +ды екен (-е + ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңеесіп жүреді екен).
3. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары арқылы жасалады.
1) –шақ еді (-мек еді, бақ еді, пақ еді, пек еді) форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді) 30 (328-329).
Ә. Төлеуов өткен шақты мағынасына, жасалуына қарай өткен шақты беске бөледі: олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, тиянақсыз өткен шақ, ауыспалы өткен шақ (31, 305-306).
Жедел өткен шақ. Істің істелгендігін үзілді-кесілді кесіп, оның таяу уақытта болғандығын көрсетеді. Мысалы, Ай құлақтанып көтерілді. Кісендерімізді сылдырлатып, булыға тұрып, қарағанның бұтасына сындыруға кірістік. Жедел өткен шақ етістіктің негізгі ие туынды түбіріне –ты (-ті, ды, ді) жұрнағын қосып, одан соң жіктік-жоқ жалғауы қосылуы арқылы жасалады:
Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл жебені көрдім.
Бұрынғы өтекен шақ. Істің сөйлеп тұрған уақыттан, кезден әлдеқашан бұрын істелгенін көрсететін етістіктің түрі. Жазғы демалыста Тұрар Қырғызбайдың қолына барған. Ауылдары жақын балалар кеше кешке үйлеріне тарап кеткен.
Етістіктің бұрынғы өткен шағы есімшенің – қан (-кен, ған, -ген) қосымшасынан кейін жіктік жақ жалғауы арқылы жасалады: Мұндай өткен шақтың түрі - сөйлеуші істің істелетіндігіне анық көзі жеткендігін, ол істе өзінің болғанын ақиқатиап, тұжырымдайды. Ол студент кезінде қалада болған, мен колхозда болғанмын.
Ежелгі өткен шақ. Көсемшенің (-ып, іп, -п) жіктелуі арқылы жасалады. әйел кәрі де емес, бірақ жасына жетпей боржып, бет-әлпеті бұзылып болыпты.
Тек баланы сақтасам-ау деген аналық сезім барлық ар-ұяттан аттанып, алақан жайдырып қойыпты. Мұнда сөйлеуші өткен істің өзі басы-қасында болмай, ол туралы басқа сырт біреуден, не екінші бір мәлімет арқылы білдіргендігін көрсетеді. Істің бұрын болғандығын білдірумен бірге, ол істің ақиқат болғандығы, дүдамалдығы да бар тәрізді.
Тиянақсыз өткен шақ (имперфект).
Есімшенің (-ған) мен көсемшенің (-ып) түрінен соң жіктеліп келген я көмекшісі тіркесу арқылы тиянақсыз өткен шақтың күрделі түрі жасалады. «О, Қызыл Жебе» - деген дауыс Шолақ Шабдардың үстінде отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді. Мұндай тұлғалы сөздерден іс бұрын болғанымен, ол істер қазіргі мезгілмн де ұштасып жатады. Іс желісі үздіксіз бір-біріне қатысты болады.
Шартты райы керек сөзі тіркесу арқыла да тиянақсыз өткен шақ жасасуға болады: кетсе керек, айтса керек, болса керек, көрсе керек т.б. Мұндай тиянақсыз өткен шақ бұрын болып өткен істің қазіргі уақытпен қатысын көрсетеді.
Сонымен, бұрын болып өткен істің осы уақыттағы іспен ұштасуын көрсетсе (танысқан едім, көрген едің), екінші түрі жақында болған, не болып жатқан істің осы уақыттағы басқа бір іспен ұштасуын көрсетеді: танысып еді, көріп еді, көріп едің т.б.
Ауыспалы өткен шақ жасау үшін етістікке есімшенің атын (-етін, -йтім, йтын) жұрнағын қосып, онан соң жіктік жалғауы жалғанса, ондай тұлғада құралған сөйлемнің мағынасы шақ жағынан ауысып отырады: Тұқымбай да сезіктенулі болатын. Ай үлкен сәске тұсына жетіп толықсып тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен.
Синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалатын ауыспалы өткен шақ формаларының тұлғалануы әртүрлі. Стильдік жағынан айырмасы болғанымен, «...сезіндіруші едім, айтушы едім, білуші едім» формаларын сездіретін айтатын, білетін деп өзгертсек, адам бұлардың мағыналарына ешқандай өзгеріс енбейді. (31, 104-105).
Ал «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты оқулықта қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақтың бірнеше формалары бар екендігін атап көрсетеді. Өткен шақ формалры мағыналарына қарай 4 бөлінеді. 1) Жедел өткен шақ. 2) Бұрынғы өткен шақ. 3) Ежелгі өткен шақ 4) Дағдылы өткен шақ (32, 51-52).
Жедел өткен шақ формасының грамматикалық көрсеткіші – ды, -ді, ты, ті жұрнақтары жалғанған етістіктің жіктеліп қолданылуы. Мысалы: оқы-ды-м, оқы-ды-ң, оқы-ды-қ, оқы-дың-дар, оқы-ды. Көбінесе –ды, -ді –ты, -ті жұрнағы жалғанған етістік қимыл-әрекеттің жуық арада өткенін білдіреді. Біз киноға бардық. Саяхатшылар жолға шықты. Сондықтан бұл форма жедел өткен шақ деп аталады. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған сөз тек жуық арада ғана өткен қимыл-әрекетті білдіруі мүмкін. Мысалы, 1917ж ұлы Қазан революциясы болды.
А.Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады дегенде іс-қимылдың жуық арада болғанын көрсетіп тұрған жоқ.
Бұрынғы өткен шақтың морфологиялық көрсеткіші – есімшенің – ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары. Бұрынғы өткен шақ формалары жедел өткен шақ формасымен синонимдес қолданыла беруі мүмкін. Мысалы: Біз киноны кеше көрдік. Біз киноны кеше көргенбіз. Дегенмен бұл екі форманың мағыналарында өзгешіліктер де бар. Олар мыналар:
1. –ған, -ген (қан, -кен) жалғанған формалар ешқашан сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқан қимылды білдіре алмайды. Мысалы, Білдім, білдім, сен жасырып тұрсың. Мұның не, зәремді ұшырдың сөздерін білгенмін. Ұшырғансың деп айтуға болмайды.
2. Жедел өткен шақ та, бұрынғы өткен шақ та қимыл-қозғалыстың болып өткенін аңғартқанымен –ды, -ді, -ты, -ті формалары сөз нақтылықты аңғартса, -ған форомалы сөзде ондай нақтылық болмайды. Мысалы, мына сөйлемдерді салыстырамыз: Ол үйге кетті (анық білемін, көрдім). Ол үйге кеткен (әйтпесе көрініп қалар еді) –ған, -ген, -қан, -кен форманы өткен шақ формасы еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады. Мысалы, барған едім, барған едің, барған еді.
Ежелгі өткен шақтың морфологиялық көрсіткіші –ы (п), -і (п) жұрнағы арқылы жасалған көсемшенің жіктелген түрі. Ежелгі өткен шақ формасы ертеде өткен іс-қимылды аңғартуда жиі қолданылады. Масылы, ертеде бір кемпір мен шал боыпты. Сондықтан да бұл форма ежелгі өткен шақ деп аталған. Бірақ өткен шақтың бұл формасы қимыл-әрекеттің ерте кезде, не жуықта болғанын ажыратпай қолданыла беретін кезі де болады. Масылы, сен бүгін ерте келіп қалыпсың, бізге ескертпепсіз.
Ежелгі өткен шақ формасының негізінен мағыналық өзгешелігі мынадай: 1) әс-әрекеттің орындалу кезінде сөйлемнің басы-қасында болмағанын білдіреді. Мысалы: ол Алматыда оқыпты. 2) Сөйлеуші тарапынан іс-қимылдың саналы түрде орындалмағанын, білудің, ұмытудың нәтижесінде орындалғанын білдіреді. Мысалы: ерте келіппін, (уақытын білмегендітен), кілтті тастап кетіппін (Ұмытқандықтан), түс көріппін, қате көріппін т.б.
Ежелгі өткен шақтың жіктелуі
Жекеше Көпше
Мен көріппін Біз көріппіз
Сен көріпсің Сендар көріспіңдер
Сіз көріпсіз Сіздер көріпсіздер
Ол көріпті Олар көріпті.
Сонымен, ежелгі өткен шақ формасы қимыл- әрекеттің болып өткен кезде сөйлеушінің көзбен көрмеген, көрсе білмегенімен, жаңасақтықтан байқалатыны аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет