Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ


Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі



бет4/15
Дата22.12.2023
өлшемі283 Kb.
#142677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.

30 – 40 жылдардан бастап түркі тілдерінің граматикалары бірінен соң бірі үздіксіз жариялана бастады. 1935 жылы А.Доровковтың «Учебник уйгурского языка», 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған «Граматика якутского языка», 1940 жылы Н.К.Дмитриевтің «Граматика башкирсого языка», 1941 жылы А.Н.Кононовтың «Граматика турецкого языка», 1948 жылы «Граматика узбекского языка», атты еңбектері жарияланды.


А.Н.Кононовтың «Очерк истории изучения турецкого языка» деген 1973 жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада, Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады.
1845 жылы М.А.Казембектің «Общая граматика турецкого - татарского языка» деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі «де» етістігінің көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың сөйлеміндегі орны туралы: «Глаголы в турецком языке вообще пологаются на конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка» (Казембек, 1893 493 - бет) – дейді (2 (493 бет)).
Мұны ғалым Н.Длисенова: «Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында және ортасында келеді», - деп толықтытрады.
Казамбек (1802-1870)-Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы, Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан, араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.
Филолгия саласында Казамбек «Араб тілі граматикасының тәжірибесі», - «Түрік – татар тілінің граматикасы», «Түрік тілінің оқу құралы» атты еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу, жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің «Түркі–татар тілінің граматикасы» атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары бағаланды. Бұл – Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым «Общая граматика турецкого – татарскаого языка» деп аталады. Осы басылым 1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері материалдары бір–біріне салыстыра баяндалған.
Етістіктер туралы «Алтай тілінің граматикасында» да айтылады. Онда «жатыр, тұр, отыр, жүр» етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында тоқталады.
Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы «материалы к изучению киргизского наречие» деген еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан «Краткая граматика татарского языка» кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан «Сравнительный словарь турецкого – татарский наречие» атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар тілдеріндегі «де» етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869 жылғы «Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі» еңбегінде тува, урянхай тіліндегі «де» етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса, З.А.Алексеев 1884 жылы Ташкентте басылып шыққан «Самоучитель сартовского языка» еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.
В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» деген еңбегінде «де» етістігі туралы: «В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт и кончается глаголом «та». Иногда такая речь кончается словами «так айтты».
...Часто глагол айт словом пропускается», - деп түсіндіреді. (3 ()).
Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы салыстырмалы – тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық граматикалық категориялардың түп – негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды. Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп мәселелер қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер мен етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар. Бұл теорияны қолданушылар – Ж.Дени, К.Гриебек, К.Броккелман, кеңес ғалымдарынан Э.В.Севартен, Н.А.Баскалов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев т.б. Етістік катергорияларының салыстырмалы – тарихи зерттеулерде ең көп сөз болатын мәселе – шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл жоқ. Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей емес.
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын болмаған. Сондықтан да К.Фай, В.Баиг, А.П.Поцелуевский, М.Н.Хогдров, т.б.оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ – ХІV ғасырларда ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А.Н.Кононов осы шарттың бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее – будущее) түрін ғана атаса (4) 53, (186 - 187), Ғ.айдаорв екі түрі (ностоящее – конкретное, ностоящее - переходное) бар деген пікір айтады. А.М.Щербак Х–ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне сүйекне отырып нақ өткен шақ [ -ды//-ді, - дук//-дүк], келер шақ [ -ғай//-гей, - ға//-ге]; ауыспалы осы шақ (ностоящее–будущее), белгісіз келер шақ [будущее неоределенное: -ар//-ар], ежелгі өткен шақ (давнопррошедшое: -мым//- міме), нәтижелі өткен шақ (прошедшое результативное) бар деп көрсеткен (57) (150 - 152). Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді – кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі –ады//-еді қосымшалардың –а турур//-е турур аналиткалық формасынан –ыпты//-іпті қосымшасының –ып турур//-іп турур аналитикалық формасынан -атын//-етін қоысмшасының а тұрған//е тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығын ғылымда дәлелденген. Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына- өткелдігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану жолын, сөзден – қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи – салыстырмалы әдіске тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет