Миссия деңгейі Ұжым деңгейіндегі миссия



бет3/7
Дата04.10.2024
өлшемі27,9 Kb.
#146852
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2.2-тапсырма

Болашаққа бағдар (ағылш. visionкөзқарас, көрініс) – бұл біздің санамызда қалыптасқан өзіміз қалайтын болашақтың мінсіз бейнесі, оған қол жеткізу ең қолайлы ішкі және сыртқы жағдайлар болғанда ғана мүмкін болады; білім беру ұйымының жетілдірілген қалпының ең үздік бейнесі. Болашаққа бағдардың болмауы, айқын белгіленбеуі немесе оның шынайы мүмкіндіктерге сәйкес келмеуі білім беру ұйымының даму жолындағы кедергі болып табылады. Ал айқын, нақты негізделген, іс-әрекетке ынталандыратын болашаққа бағдардың болуы білім беру ұйымы қызметінің стратегиялық жоспарларын құруда жетістікке жетудің негізі және шарты ретінде қарастырылады.
Мысалы:
Біздің білім беру ұйым шағын ауданның әлеуметтік-мәдени белсенділігінің орталығына айналуы тиіс.
Біздің білім беру ұйым аймақтағы білім беру инновацияларының ресурстық орталығы бола алады.
Егер білім беру ұйымының болашаққа бағдары директордың көзқарасымен білім беру ұйымының мінсіз бейнесі болса, миссия бұл педагогикалық қоғамдастық мүшелерінің жалпы ұжымдық шешімінің нәтижесі, әлеуметтік тапсырыс талаптары мен ұжымның нақты мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескерілетін шешім болып табылады.
Миссияны тұжырымдауға қойылатын негізгі талаптары:

  • білім беру ұйымы ұжымының барлық мүшелерінің ортақ құндылықтары мен көзқарастарын білдіру, яғни ұйымның мәдениетімен байланысты болуы;

  • қызметкерлердің басым бөлігінің қолдауына ие болу;

  • ұйымдастыру мен қызмет стиліне белгілі бір дәрежеде әсер ете отырып, шешім қабылдау процесін бағыттау;

  • қызмет білім беру ұйымының жалпы құндылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға болатындай тұжырымдалуы.

Миссияның мақсаты оның функцияларымен тығыз байланысты.
Миссияның функциялары
Миссия сыртқы және ішкі функцияларды орындайды.
Ішкі функция – білім беру ұйымының қызметіне қатысты шешім қабылдауға болатын «шеңбер» қалыптастырудан тұрады. Бұл құрылым әр қызметкердің функционалдық міндеттеріне негізделген ортақ идеялар мен құндылықтарды анықтау үшін маңызды.
Миссия барлық білім беру ұйымы қызметкерлерінің жұмысын бағыттайды. Жақсы тұжырымдалған миссия арқылы білім беру ұйымында бағалау әдістері, білім беру технологияларын пайдалану және т.б. мәселелер бойынша елеулі келіспеушіліктердің алдын алуға болады.
Білім беруді модернизациялау жағдайында миссия білім беру ұйымы бейінін қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады, өйткені бәсекелестік артып келеді және сонымен бірге белгілі бір білім беру мекемесінің сипаттамалары мен ерекшеліктерін нақты түсіну қажеттілігі артады.
Миссияның сыртқы функциясы білім беру ұйымының мәртебесін, оның имиджін анықтауға мүмкіндік береді, өйткені жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының әртүрлі түрлері мен нұсқалары өздері қабылдаған миссияда бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Өз миссиясын жариялай отырып, білім беру ұйымы әлеуетті тапсырыс берушілерге, клиенттерге, серіктестерге өзін ресми түрде таныстырады, бұл келешекте әлеуметтік әріптестік қатынастар орнату үшін аса маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет