Миссия деңгейі Ұжым деңгейіндегі миссия


Миссияны тұжырымдау кезеңі



бет5/7
Дата04.10.2024
өлшемі27,9 Kb.
#146852
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2.2-тапсырма

Миссияны тұжырымдау кезеңі. Білім беру ұйымының басқару командасы маңызды ішкі және сыртқы факторлар ескерілетін миссияның алдын ала тұжырымдамасын құрастыра білуі керек, дегенмен бұл үрдіске білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқа бөлігін де қатыстыру аса маңызды. Тағы бір қолдануға болатын шешімнің бірі – сауалнама жүргізу. Мүдделі тараптардың арасында (педагогтер, басқа білім беру ұйымы қызметкерлері, білім беру ұйымы кеңесі, оқушылар) сауалнама жүргізуге және оларға келесі сұрақтарды қоюға болады:

  • Сіздің ойыңызша, білім беру ұйымының күшті және әлсіз жақтары қандай, білім беру ұйымының жетістігіне қандай факторлар көбірек ықпал етеді, қандай факторлар аз ықпал етеді?

  • Білім беру ұйымының мінсіз бейнесін сипаттаңыз, бес жылдан кейін ол қандай болуы қажет?

  • Ата-аналар мен қоғам білім беру ұйымынан не күте алатыны туралы ойланыңыз?

  • Білім беру ұйымында ең маңызды нәрсе не деп ойлайсыз және Сізді барлығынан бұрын не толғандырады?

Сондай-ақ білім беру ұйымының жалпы мақсаттарының тізімін таратуға және оларды іске асыру мүмкіндігіне қарай саралауды ұсынуға болады. Мұндай сауалнама қалыптасқан жағдай мен қалаулы жағдайдың сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді, білім беру ұйымының мақсаттарына қатысты келісімнің бар-жоқтығын және көзқарастарда қандай айырмашылықтар бар екендігін көрсете алады.
Миссияны дамыту кезеңі. Миссияны әрі қарай дамыту және қайта қарастыру – бұл бірнеше мәрте қайталанатын әрекет. Миссияның алдын ала тұжырымдамасын талқылауға ұсынуға болады, осылайша әр адам өзінің рөлін көреді және оның нақты бағыт-бағдарын талқылай алады. Алайда мұның бәрі миссияны тұжырымдау үрдісінің бір бөлігі. Даму дегеніміз – қозғалыс, ал даму барысында адамдар әрдайым миссияға жүгінеді, сондықтан бұл кезең рефлексиялық кезең ретінде сипатталуы мүмкін. Білім беру ұйымының дамуын миссиямен сәйкестендіріп тексеру аса маңызды. Іс-әрекет барысында миссияға үнемі оралып отыру арқылы миссия өзектілігін сақтай ма, әлде оны өзгерген жағдайға бейімдеу қажет пе, соны көруге болады.
Миссияны әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыра отырып, басшы осы процестің дәйекті дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда миссияны дамытудың үш кезеңін белгілі бір ұйымдастыру алгоритмі түрінде ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет