Миссияныәзірлеу процедурасы Білім беру ұйымының миссиясы бір күнде тұжырымдалмайды. Білім беру ұйымы басшысы бұл процеске барлық ұжым мүшелерін қатыстырғаны орынды.
Миссияны тұжырымдау барысында үш негізгі кезеңді ажыратуға болады: дайындық, тұжырымдау және жетілдіру (қайта қарау). Бұл кезеңдер тәжірибеде қолдануға немесе сыртқы өзгерістерге негізделген тапсырмаларды нақтылау қажет болған кезде мезгіл-мезгіл қайталанып отырады.
Дайындық кезеңі. Көп жағдайда дайындықты білім беру ұйымы басшылығы басқарады. Егер басшылықты бір адам өз мойнына алса, оны даярлауға бүкіл білім беру ұйымы әкімшілігінің қатысуы маңызды. Бұл жағдайларда миссияны даярлау үшін жұмыс тобын құру (оның құрамына мұғалімдерді қатыстыру) тиімді.
Сонымен қатар миссияны тұжырымдау процесі білім беру ұйымына әсер ететін көптеген сыртқы және ішкі факторларды ескеруді қажет етеді. Білім беру ұйымы үшін бұл келесі факторлар болуы мүмкін:
білім беру саласындағы мемлекеттік саясат:
білім беру ұйымы бітірушілерді даярлау сапасына қатысты нарық талаптары мен үміттері;
Сыртқы факторлардың басым көпшілігін өзгерту мүмкін емес, кейбіреулеріне ішінара әсер етуге болады (мысалы, ата-аналардың немесе білім беру ұйымы түлектері түсе алатын оқу орындарының күтетін үміттері). Ішкі факторларды күтілетін нәтижелерге сәйкес бағытта өзгертуге болады.