Миссия деңгейі Ұжым деңгейіндегі миссия


-кезең. Миссияны тұжырымдау және таныстыру



бет7/7
Дата04.10.2024
өлшемі27,9 Kb.
#146852
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2.2-тапсырма

4-кезең. Миссияны тұжырымдау және таныстыру
Миссияны ресімдеу, біріншіден, миссияның мәтіні қарапайым, сонымен қатар миссияны тұтынатын адамдар үшін тұлғалық тұрғыдан маңызды болуын қарастырады. Екіншіден, мәтін түрлі түсті және тартымды безендірілген болуы керек.
Миссияны таныстыру әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, миссияны басып шығаруға және «тұтынушыларға» брошюра түрінде таратуға болады, қабырғаға орналастырылған плакат ретінде немесе жиналыста баяндау арқылы таныстыруға болады және т.б.
Миссияны таныстырудың міндетті шарты – білім беру мекемесінің қызметтерін тікелей немесе жанама тұтынушы болуы мүмкін тұлғалар білім беру ұйымының миссиясын білуі керек.
Бұл кезеңнің нәтижесінде миссия оны білуі керек адамдардың барлығына таныстырылуы тиіс.
Сонымен, білім беру ұйымының миссиясы:

  • болашақтағы мінсіз білім беру ұйымы бейнесіне негізделеді;

  • ұжымға ортақ құндылықтар мен көзқарастарды білдіреді;

  • білім беру ұйымы мәдениетімен байланысты;

  • білім беру процесіне жауапты барлық адамдардың қолдауына ие;

  • ұйымдастыру және оқыту стиліне белгілі дәрежеде әсер етеді;

  • шешім қабылдау процесі мен білім беру ұйымының жұмысына басшылық жасайды;

  • білім беру ұйымы мен байланысты барлық адамдар үшін білім беру ұйымының қаншалықты пайдалы екендігін бағалауға болатындай етіп тұжырымдалады.

Миссия бойынша жұмыс біраз уақытқа дейін ұжымның стратегиялық жоспарды әзірлеу қызметінің дербес бағытына айналуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі мәселелерді шешу маңызды:
білім беру ұйымының тарихы: оның жетістіктері мен сәтсіздіктері, тәжірибесі, дәстүрлі қызмет түрлері, бітірген түлектері, орналасқан орны, басшылары (көшбасшылар, құрылтайшылар) және олардың тарихы, өмірлік ұстанымы мен көзқарасы;
білім беру ұйымының құрылымы: оның ұйымдық негіздері, іскерлік байланыстары, функционалдық өзара әрекеттестік;
білім беру ұйымының ішкі мәдениеті: құндылықтар жүйесі, педагогтердің бір-бірімен, оқушылармен, сыртқы әлеммен қарым-қатынас сипаты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет