Шығармашылық тапсырмалар.
Сабақты қорытындылау.
Күні: 24.01.2015ж
Сыныбы: 1
Пәні: математика (факультатив)
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар сыр шертеді
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар геометриялық фугаларды бір-бірінен ажыратуға, салыстыруға дағдыландыру.
1 – тапсырма
Текше дөңгелей алмайды. Өйткені оның бұрыштары болады. Ойлан текшенің неше бұрышы бар? Текше неге ұқсайды?
2– тапсырма
Конус деген сөз «шырша жаңғағы» деп аударылады екен. Оның да домаланған пішіні бар. Конустың суретін және шыршаның суретін сал. Оларды салыстыр.
Шығармашылық тапсырмалар.
Сабақты қорытындылау.
Күні: 31.01.2015ж
Сыныбы: 1
Пәні: математика (факультатив)
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды жұмбақ есептерді шығаруға жағдыландыру
«Жұмбақ есептер»
1 – тапсырма
Апам, атама бөрік берді,
Атам, апама өрік берді.
Апам, атама шай берді,
Атам, апама май берді.
Бөрік – біреу,
Өрік – бесеу.
Жиыны нешеу?
Шай – екеу,
Май – екеу
Жиыны нешеу?
2 – тапсырма
Бір иттің 9 күшігі бар,
Екеуі мойнында жатыр.
Үшеуі қойнында жатыр.
Біреуі басында тұр,
Нешеуі қасында жүр?
Шығармашылық тапсырмалар.
Сабақты қорытындылау.
Күні: 14.02.2015ж
Сыныбы: 1
Пәні: математика (факультатив)
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды жұмбақ есептерді шығаруға дағдыландыру
1– тапсырма Мамандық
Ақан ақын болды,
Жекен жыршы болды.
Секен сыншы болды,
Бекен биші болды,
Кәкен күйші болды.
Тәкен тілші болды.
Кәне қанша есімдер,
Санап оны шешіңдер?
2 – тапсырма
Атам мал бақты,
Апам от жақты.
Ағам отын үйді,
Жеңгем тары түйді.
Әкем жүк түсірді,
Анам ас пісірді.
Әпкем суға кетті,
Қанша адам еңбек етті?
Достарыңызбен бөлісу: |